Көнек – мал саууға арналған ыдыстың жалпылама атауы. Ол ертеде ағаштан және көннен жасалуына байланысты ертеректе оны ағаш көнек, сондай-ақ, тері көнек деп аталғандығы ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы зерттеушілер (С.М. Дудин және т.б.) еңбегінде айтылады.
Жасалуы
Орман-тоғай жерлерде өсетін көнек ағаштан ойылып жасалады. Оның беріктігін арттыру үшін сыртынан көнмен қапталады. Көшпелі ортаның талаптарынан өскен мал саууға қолданатын ыдыс түрі көн теріден жасауына байланысты көнек деп атау қалыптасқан. Көнек қолданысына қарай әртүрлі етіп жасалады: қой-ешкі саууға арналғанының шарасы (аузы) кішілеу, әрі аласа болады. Ал, бие саууға арналған көнекке арнайы шүмек орнатылады.
Көбінесе тігісі аз болу үшін, түйенің мойнағынан немесе жылқының сауыр терісінен тігіледі. Жүні жидітілген теріні тобарсытып алып, биіктігі мен диаметрі шамалас етіп, цилиндр формасында пішіледі. Жанынан шүмек орнатылады. Тігістері тарамыспен қайып тігу, оның сртынан білте салып жөрмеу сияқты тәсілдермен тығыздалып тігіледі.
Көнектің аузына келетін жағының терісін сыртына қарай қайырып, оған жас тобылғыдан иіліген шеңбер тәрізді ернеу салынады.
Сонан соң көнектің ішіне және шүмегіне нығыздап құм толтырып, цилиндр пішінге келтіреді. Сәл тобарсыған соң мүйіз батырғымен бүйіріне өрнек салынады. Көнектің ернеуіне екі шығыршық орнатылып, білекке асуға арналған бау тағылады. Ол көбінесе қайыстан өріліп немесе таспаланып жасалады.
Осылай пошымға келген көнек жел қағатын көлеңке жерде кептіріледі. Бабымен ұзақ уақыт кепкеннен кейін ішіндегі құмын төгіп, жас тобылғы немесе аршаның түтініне ысталады.
Осылайша дайын болған көнектен шикі терінің иісі шығып тұрады деседі. Ел арасындағы шеберлердің айтуына қарағанда, көнектің мұндай жағымсыз иісі сауылған сүтке сіңіп кетпеуі оны аздап өңдеген дұрыс. Ол үшін жаңа көнекке әбден ашыған айран құйып, бірнеше күн тұрған соң жылы тұзды сумен жуады. Ең соңында, жылқының майын сіңіре жаққан соң пайдалануға дайын болады.
Пайдалану барысы
Көнекті пайдаланудың жолы қарапайым: биенің мінер жағынан бір тізерлеп отырған адам ыдыстың түбін сол жақ тізесіне қояды. Көнектің бауын қолдың қарына іліп, биенің санының екі жағынан екі қолын желінге қарай жіберіп, қаусыра «құшақтай» отырып сауады.
Көнектің мәні сауын малы үшін өте үлкен: ол малдың денесіне тисе тітіркендірмейді, яғни, малды үркітпейтін, әрі сауылған сүттің дәмін алмайтын тек қана көшпелі ортаға тән бірден бір әмбебап ыдыстың түрі.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Қасиманов С. Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы: Қайнар, 1977;
- Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
- Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Алматы: Жазушы, 1979;
- Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
- Райымханова К.Н. Ата кәсіп: этнографиялық зерттеу. Алматы: Қазақстан, 2001;
- Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007:
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Konek degen betti karanyz Konek mal sauuga arnalgan ydystyn zhalpylama atauy Ol ertede agashtan zhәne konnen zhasaluyna bajlanysty erterekte ony agash konek sondaj ak teri konek dep atalgandygy HIH g sony HH g basyndagy zertteushiler S M Dudin zhәne t b enbeginde ajtylady Konek shelek Қazakstan Respublikasynyn ulttyk murazhajynyn korme zalynan ZhasaluyOrman togaj zherlerde osetin konek agashtan ojylyp zhasalady Onyn beriktigin arttyru үshin syrtynan konmen kaptalady Koshpeli ortanyn talaptarynan osken mal sauuga koldanatyn ydys tүri kon teriden zhasauyna bajlanysty konek dep atau kalyptaskan Konek koldanysyna karaj әrtүrli etip zhasalady koj eshki sauuga arnalganynyn sharasy auzy kishileu әri alasa bolady Al bie sauuga arnalgan konekke arnajy shүmek ornatylady Kobinese tigisi az bolu үshin tүjenin mojnagynan nemese zhylkynyn sauyr terisinen tigiledi Zhүni zhiditilgen terini tobarsytyp alyp biiktigi men diametri shamalas etip cilindr formasynda pishiledi Zhanynan shүmek ornatylady Tigisteri taramyspen kajyp tigu onyn srtynan bilte salyp zhormeu siyakty tәsildermen tygyzdalyp tigiledi Konektin auzyna keletin zhagynyn terisin syrtyna karaj kajyryp ogan zhas tobylgydan iiligen shenber tәrizdi erneu salynady Sonan son konektin ishine zhәne shүmegine nygyzdap kum toltyryp cilindr pishinge keltiredi Sәl tobarsygan son mүjiz batyrgymen bүjirine ornek salynady Konektin erneuine eki shygyrshyk ornatylyp bilekke asuga arnalgan bau tagylady Ol kobinese kajystan orilip nemese taspalanyp zhasalady Osylaj poshymga kelgen konek zhel kagatyn kolenke zherde keptiriledi Babymen uzak uakyt kepkennen kejin ishindegi kumyn togip zhas tobylgy nemese arshanyn tүtinine ystalady Osylajsha dajyn bolgan konekten shiki terinin iisi shygyp turady desedi El arasyndagy sheberlerdin ajtuyna karaganda konektin mundaj zhagymsyz iisi sauylgan sүtke sinip ketpeui ony azdap ondegen durys Ol үshin zhana konekke әbden ashygan ajran kujyp birneshe kүn turgan son zhyly tuzdy sumen zhuady En sonynda zhylkynyn majyn sinire zhakkan son pajdalanuga dajyn bolady Pajdalanu barysyKonekti pajdalanudyn zholy karapajym bienin miner zhagynan bir tizerlep otyrgan adam ydystyn tүbin sol zhak tizesine koyady Konektin bauyn koldyn karyna ilip bienin sanynyn eki zhagynan eki kolyn zhelinge karaj zhiberip kausyra kushaktaj otyryp sauady Konektin mәni sauyn maly үshin ote үlken ol maldyn denesine tise titirkendirmejdi yagni maldy үrkitpejtin әri sauylgan sүttin dәmin almajtyn tek kana koshpeli ortaga tәn birden bir әmbebap ydystyn tүri DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterҚasimanov S Қazaktyn ulttyk tagamdary Almaty Қajnar 1977 Tәzhimuratov Ә Sheberdin koly ortak Almaty Қazakstan 1977 Mukanov S Halyk murasy tarihi etnografiyalyk sholu Almaty Zhazushy 1979 Argynbaev H Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987 Rajymhanova K N Ata kәsip etnografiyalyk zertteu Almaty Қazakstan 2001 Shokparuly D Dәrkembajuly D Қazaktyn koldanbaly oneri Almaty Almatykitap 2007 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan