Кереге – жас қайың мен талдан тор көздеп жасалған киіз үйдің жиналмалы қабырғасы, туырлық жабылатын бөлігінің қаңқасы.
Жасалу барысы
Керегені көбінесе сәмбі талдан жасайды, себебі ол қатты және жеңіл, оңай иіледі және оңай түзетіледі. Таңдап алынған керегелік ағаштар алдымен екі тұтқалы аталғының көмегімен қабығынан аршылады. Керегеге арналған әбден кепкен ағаштардың бірнешеуін алдымен суға, содан соң салып жұмсартады. Қозға салар алдында суға батырып алған мұндай ағаштың сырты күймейді. Үйші қозда жатқан ағаштарды тезге салып, қисық жерлерін түзетіп, сағанақ ұзындықтарын бірдей етіп алып, бас және аяқ жақтарын шапашотпен шабады. Шапқаннан кейін сағанақтардың бас жағы шалқақ, мойын тұсы аздап ішке еніңкі, бүйірі сыртқа қарай шығыңқы, төменгі ұшы тік болып шығады. Сағанақтың басы мен төменгі ұшы бір түзу бойында орналастындай тік болуы қажет. Киіз үй керегесі осындай қалыпқа келтірілген соң оның тор немесе жел көзді болуына байланысты көк өткізілетін көздері тесіледі. Кереге басы қанша болса, сонша көз тесіледі, бірақ іс жүзінде оның екеуі тесілмеуі қажет, тесілмей қалған көз орнын азат деп атайды. Мұндай азат орындардың керегенің жиналып-жазылуында ерекше мәні болған. Егер азат қалдырмай барлық көздерін тесіп тастаса, керегені жинап-жазу қиынға соғады. Керегенің көз аралықтары бірдей болуы керек. Кереге басы көбейген сайын көзі де артады, көзі артқан сайын азат орындар да көбірек болады және азат қалдырылған орындар саны барлық қанатында бірдей болуы керек.
Көктелуі
Кереге көздері тесіліп болғаннан кейін көктеу ісіне кіріседі. Көктелетін кереге сағанақтарын орын-орнымен жастық ағашқа орналастырып реттейді. Керге көзі алдын ала кесіліп дайындалған түйе терісінен жасалған таспалармен көктеледі. Көктеу барысында таспаның бір ұшына мүйізден жасалған ине өткізіледі, ал таспаның екінші ұшы арнайы тесіледі. Таспаның екінші ұшындағы тесіктен мүйізді ине өткізілген бас жағын тұтас өткізгенде түйін пайда болады. Екінші ұшы түйінделген таспаны мүйізді ине арқылы екі қабатталған кереге көзінен өткізгеннен соң таспаны тартып тұрып керегеге жақын жерінен тағы бір тесік жасап және сол тесік арқылы иненің басын қайта өткізіп алған соң, таспаны қырқып алады. Осындай тәсілмен екі жағы мықты түйілген түйе терісінен жасалған көк өте берік болады. Көбінесе ауқатты адамдар керегелер көктеліп, өңделгеннен кейін сырмен сырлатады, ал қайың ағашынан жасалған киіз үй сүйегіне өсімдік майын сіңіріп жағады. Мұндай киіз үй өз құндылығын көпке дейін сақтайды.
Ә. Марғұланның еңбектерінде Шоқанға әкесі Шыңғыстың сыйлаған қайыңнан жасалған он қанатты киіз үйін көрген генерал А.К. Гейнстің таң қалғандығы туралы дерек бар.
Көздері
Бір кереге бір қанат болып саналады. Киіз үйдің көлемінің үлкен-кішілігіне қарай 6, 8, 10 қанат етіп дайындалады. Кереге биіктігі 1,5 м, ені жазылғанда 2-2,5 м, жиналғанда 70-80 см болады. Кереге, негізінен, тор көзді, жел көзді деп аталатын екі түрге бөлінеді. Тор көзді керегелердің ағашы жиі орнатылып, көздері жұдырық сиятындай тар болады. Бір қанатында 20-22 керегебас (уықтың байланатын жері) болады. Киіз үйдің шаңырағы осы кереге басына сәйкестендіріліп жасалады. Жел көзді керегелердің ағашы сирек орнатылады, бір қанатында 15-18 бас болады. Жел көз керегенің көзіне қос жұдырық сиятындай кең болады. Әдеттегі керегелердің енінен екі-үш есе кіші, бірақ биіктігі бірдей – шолақ кереге аталатын түрі де кездеседі. Әр керегеде ең ұзын сағанақтар саны 20 данадан жасалып, олар оннан қиғаш орналасады. Олардың ұзындығы 210-нан 260 см аралығында болады. Сағанақтың осындай ең үлкендерін ерісі, есіктен бастап санағанда киіз үйдің кереге желісіне байланысты оң және сол босағадан 5-11-ші жерге тимей тұратын сағанақ жетім сағанақ деп аталады. Жетім сағанақтың басына ешқандай әбзел, құрал, киім-кешек ілмейді.
Кереге құрамдарының атаулары
Керегенің жерге тірелетін жағын аяғы, кереге ағаштарын көзелген жерінен бір-біріне кіріктіріп бекітетін түйенің мойын немесе өгіз терісінен дайындалған таспасын көк, көктелген керегенің тор-тор болып көрінетін тесігін көз, кереге желісінің жоғарғы, уық байлайтын жерін бас, құлақ деп атайды. Есік таңылатын керегелердің көктері ұзын болады, сондықтан есік орнатылып, таңылатын кереге көгінен белгілі болып тұрады. Керегені құраушы әрбір ағаш – керегелік желі, керегелік желінің ең кішісі – сағанақ, керегелік желінің ең ұзыны – керегелік желінің ерісі, керегелік желінің қысқалауы – балашық дейді.
Керегенің жасалуына байланысты атаулары
Кереге қанатының сағанағы өзінен кесіліп салынса – қырықпа кереге, керегелік желінің ағаштары жіңішке болса – кәукеншек кереге, керегенің ағашы жуан болса – сүйекті кереге, керегенің балашығы өз алдына кесіліп жасалған болса балашықты кереге деп аталады. Үй тіккенде екі керегенің арасын ызылған жіңішке жіптермен бірдей жалпақтықта және ұзындықта тігілген құр, таңғыш баулармен ұстатады. Кереге сағанақтары кереге таңғыштары арқылы бір-біріне қабыстырылып бекітіледі. Кереге бастары киімілгіш ретінде де пайдаланылады. Кереге мен уықтың біріккен тұсын керегенің қасы деп атайды.
Сөз морфологиясы
Кереге. Қазақ тілінде бұл сөздің мағынасы — киіз үйдің ағаштан жасалған қабырғасы екені белгілі. «...Біз- ге жаңа уық, кереге керек» (Дала қырандары). Сөздің алғашқы мағынасы — «тор» екендігін сарыкөл тілінің дерегінен білеміз. Онда керган — тор (решетка) (Т. Пах.,-pyc. сл., 1971, 88). Бұл тілде осы сөзден пайда болды дерліктей, киіз үй мағынасында қолданылатын «хирги» тұлғасын да ұшыратамыз (сол сөздік, 204). Кейде бір зат атауы екінші нәрсеге ауысып отыратын жағдай тіл заңдылығында жиі ұшырасатынын жоғарыда жазылған жолдардан кездестірдіңіздер, сондай-ақ ілгеріде де сөз болмақ. Осыны дәлелдейтін тағы бір дерек киіз үйдің негізгі жабдығының бірі — тор көз, моңғол, қалмақ тілдерінде киіз үй атауына айналған. Айырмашылық тек соңғы екі-үш дыбыстың түсіріліп «гэр» не «гер» тұлғаларында көрінуі (Мон.-қаз. сөздік, 1954-, 69; Рус.-кал. сл., 1964, 794). Ал қазақ тілінде -еге жұрнағын сақтай отырып, киіз үй жабдығының бірі болып қала берген.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
- Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Әдебиеттер
- ҚСЭ. 5-том. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы, 1974;
- Муканов М.С. Казахская юрта. Алма-Ата: Қайнар, 1981;
- Арғынбаев Х.Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
- Оқа А. Киіз үйге қатысты атаулардың ономасиологиялық жүйесі. Канд. дисс.авторефераты. Алматы, 2005;
- Исаева Г.С. Киіз үйге қатысты атаулардың этномәдени негізі (қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдерінің материалдары бойынша). Канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2008;
- ҚР ҰМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kerege zhas kajyn men taldan tor kozdep zhasalgan kiiz үjdin zhinalmaly kabyrgasy tuyrlyk zhabylatyn boliginin kankasy Kerege ҚR ҰM korynan Zhasalu barysyKerege zhasau ҚR ҰM korynan Keregeni kobinese sәmbi taldan zhasajdy sebebi ol katty zhәne zhenil onaj iiledi zhәne onaj tүzetiledi Tandap alyngan keregelik agashtar aldymen eki tutkaly atalgynyn komegimen kabygynan arshylady Keregege arnalgan әbden kepken agashtardyn birnesheuin aldymen suga sodan son salyp zhumsartady Қozga salar aldynda suga batyryp algan mundaj agashtyn syrty kүjmejdi Үjshi kozda zhatkan agashtardy tezge salyp kisyk zherlerin tүzetip saganak uzyndyktaryn birdej etip alyp bas zhәne ayak zhaktaryn shapashotpen shabady Shapkannan kejin saganaktardyn bas zhagy shalkak mojyn tusy azdap ishke eninki bүjiri syrtka karaj shygynky tomengi ushy tik bolyp shygady Saganaktyn basy men tomengi ushy bir tүzu bojynda ornalastyndaj tik boluy kazhet Kiiz үj keregesi osyndaj kalypka keltirilgen son onyn tor nemese zhel kozdi boluyna bajlanysty kok otkiziletin kozderi tesiledi Kerege basy kansha bolsa sonsha koz tesiledi birak is zhүzinde onyn ekeui tesilmeui kazhet tesilmej kalgan koz ornyn azat dep atajdy Mundaj azat oryndardyn keregenin zhinalyp zhazyluynda erekshe mәni bolgan Eger azat kaldyrmaj barlyk kozderin tesip tastasa keregeni zhinap zhazu kiynga sogady Keregenin koz aralyktary birdej boluy kerek Kerege basy kobejgen sajyn kozi de artady kozi artkan sajyn azat oryndar da kobirek bolady zhәne azat kaldyrylgan oryndar sany barlyk kanatynda birdej boluy kerek Koktelui Kerege kozderi tesilip bolgannan kejin kokteu isine kirisedi Kokteletin kerege saganaktaryn oryn ornymen zhastyk agashka ornalastyryp rettejdi Kerge kozi aldyn ala kesilip dajyndalgan tүje terisinen zhasalgan taspalarmen kokteledi Kokteu barysynda taspanyn bir ushyna mүjizden zhasalgan ine otkiziledi al taspanyn ekinshi ushy arnajy tesiledi Taspanyn ekinshi ushyndagy tesikten mүjizdi ine otkizilgen bas zhagyn tutas otkizgende tүjin pajda bolady Ekinshi ushy tүjindelgen taspany mүjizdi ine arkyly eki kabattalgan kerege kozinen otkizgennen son taspany tartyp turyp keregege zhakyn zherinen tagy bir tesik zhasap zhәne sol tesik arkyly inenin basyn kajta otkizip algan son taspany kyrkyp alady Osyndaj tәsilmen eki zhagy mykty tүjilgen tүje terisinen zhasalgan kok ote berik bolady Kobinese aukatty adamdar keregeler koktelip ondelgennen kejin syrmen syrlatady al kajyn agashynan zhasalgan kiiz үj sүjegine osimdik majyn sinirip zhagady Mundaj kiiz үj oz kundylygyn kopke dejin saktajdy Ә Margulannyn enbekterinde Shokanga әkesi Shyngystyn syjlagan kajynnan zhasalgan on kanatty kiiz үjin korgen general A K Gejnstin tan kalgandygy turaly derek bar Kozderi Zhel koz kerege men tor koz kerege Suretin salgan Zh Shәjken Bir kerege bir kanat bolyp sanalady Kiiz үjdin koleminin үlken kishiligine karaj 6 8 10 kanat etip dajyndalady Kerege biiktigi 1 5 m eni zhazylganda 2 2 5 m zhinalganda 70 80 sm bolady Kerege negizinen tor kozdi zhel kozdi dep atalatyn eki tүrge bolinedi Tor kozdi keregelerdin agashy zhii ornatylyp kozderi zhudyryk siyatyndaj tar bolady Bir kanatynda 20 22 keregebas uyktyn bajlanatyn zheri bolady Kiiz үjdin shanyragy osy kerege basyna sәjkestendirilip zhasalady Zhel kozdi keregelerdin agashy sirek ornatylady bir kanatynda 15 18 bas bolady Zhel koz keregenin kozine kos zhudyryk siyatyndaj ken bolady Әdettegi keregelerdin eninen eki үsh ese kishi birak biiktigi birdej sholak kerege atalatyn tүri de kezdesedi Әr keregede en uzyn saganaktar sany 20 danadan zhasalyp olar onnan kigash ornalasady Olardyn uzyndygy 210 nan 260 sm aralygynda bolady Saganaktyn osyndaj en үlkenderin erisi esikten bastap sanaganda kiiz үjdin kerege zhelisine bajlanysty on zhәne sol bosagadan 5 11 shi zherge timej turatyn saganak zhetim saganak dep atalady Zhetim saganaktyn basyna eshkandaj әbzel kural kiim keshek ilmejdi Kerege kuramdarynyn ataularyKeregenin zherge tireletin zhagyn ayagy kerege agashtaryn kozelgen zherinen bir birine kiriktirip bekitetin tүjenin mojyn nemese ogiz terisinen dajyndalgan taspasyn kok koktelgen keregenin tor tor bolyp korinetin tesigin koz kerege zhelisinin zhogargy uyk bajlajtyn zherin bas kulak dep atajdy Esik tanylatyn keregelerdin kokteri uzyn bolady sondyktan esik ornatylyp tanylatyn kerege koginen belgili bolyp turady Keregeni kuraushy әrbir agash keregelik zheli keregelik zhelinin en kishisi saganak keregelik zhelinin en uzyny keregelik zhelinin erisi keregelik zhelinin kyskalauy balashyk dejdi Keregenin zhasaluyna bajlanysty ataularyKerege kanatynyn saganagy ozinen kesilip salynsa kyrykpa kerege keregelik zhelinin agashtary zhinishke bolsa kәukenshek kerege keregenin agashy zhuan bolsa sүjekti kerege keregenin balashygy oz aldyna kesilip zhasalgan bolsa balashykty kerege dep atalady Үj tikkende eki keregenin arasyn yzylgan zhinishke zhiptermen birdej zhalpaktykta zhәne uzyndykta tigilgen kur tangysh baularmen ustatady Kerege saganaktary kerege tangyshtary arkyly bir birine kabystyrylyp bekitiledi Kerege bastary kiimilgish retinde de pajdalanylady Kerege men uyktyn birikken tusyn keregenin kasy dep atajdy Soz morfologiyasyKerege Қazak tilinde bul sozdin magynasy kiiz үjdin agashtan zhasalgan kabyrgasy ekeni belgili Biz ge zhana uyk kerege kerek Dala kyrandary Sozdin algashky magynasy tor ekendigin sarykol tilinin dereginen bilemiz Onda kergan tor reshetka T Pah pyc sl 1971 88 Bul tilde osy sozden pajda boldy derliktej kiiz үj magynasynda koldanylatyn hirgi tulgasyn da ushyratamyz sol sozdik 204 Kejde bir zat atauy ekinshi nәrsege auysyp otyratyn zhagdaj til zandylygynda zhii ushyrasatynyn zhogaryda zhazylgan zholdardan kezdestirdinizder sondaj ak ilgeride de soz bolmak Osyny dәleldejtin tagy bir derek kiiz үjdin negizgi zhabdygynyn biri tor koz mongol kalmak tilderinde kiiz үj atauyna ajnalgan Ajyrmashylyk tek songy eki үsh dybystyn tүsirilip ger ne ger tulgalarynda korinui Mon kaz sozdik 1954 69 Rus kal sl 1964 794 Al kazak tilinde ege zhurnagyn saktaj otyryp kiiz үj zhabdygynyn biri bolyp kala bergen DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9 Bes zhүz bes soz Almaty Rauan 1994 zhyl ISBN 5 625 02459 6ӘdebietterҚSE 5 tom Almaty Қazak sovet enciklopediyasy 1974 Mukanov M S Kazahskaya yurta Alma Ata Қajnar 1981 Argynbaev H Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987 Oka A Kiiz үjge katysty ataulardyn onomasiologiyalyk zhүjesi Kand diss avtoreferaty Almaty 2005 Isaeva G S Kiiz үjge katysty ataulardyn etnomәdeni negizi kazak karakalpak kyrgyz tilderinin materialdary bojynsha Kand diss avtoreferaty Almaty 2008 ҚR ҰM materialdarynan OMEE materialdarynan