Келі – дәнді дақылдар мен науат, шақпақ қант тәрізді түйір-түйір заттарды түйгіштеп уататын, ұнтақтайтын, қатты ағаштан, тас, темір, шойын сияқты материалдардан жасалған іші қуыс құрал, тұрмыстық бұйым. Бидай, тары, арпа т.б. дәнді дақылдарды түюге арналған ағаш келі қатты ағаштың жуан діңінен ортасын 30-35 см тереңдікте ұңғуырмен ою, қашау арқылы жасалады. Келі жасайтын ағаш кесіндісінің биіктігі 50-60 см, кей жерлерде 70-80 см, ал диаметрі 30-35 см болады.
Келі жасауға ағаш таңдау
Келі қазақ дастарқанының шырайын келтіретін ақталған тары, қуырған бидай, түйілген жарма, құрт, ірімшік, жент сияқты тағамдарды дайындауға қажетті басты тұрмыстық бұйым болған. Сондықтан шеберлер төзімді, сапалы келі жасау үшін жұмысты ағаш таңдаудан бастайды. Өйткені сазда, сортаң немесе сулы жерде өскен ағаштар келі жасауға лайықсыз: сазда өскен сары ағашты кептіру қиын, әрі ол кепкенде жарылып кетеді; сортаң жер ағашының сүрегі тығыз болғанмен, кепкенде қақ айырылады. Қазақтың «диқаншы құдайдан су сұраса, келіші қу сұрайды» деген мақалы келіге ағаш таңдаудың осындай қыр-сырын меңзейді.
Келі жасауға Шығыс Қазақстанда – еменді, Оңтүстік Қазақстанда – тұт ағашын, Жетісуда – қарағаш пен жидені, Қызылордада – тораңғыны таңдап алған.
Келі жасауға ағаш таңдайтын, таңдап алынған ағашты өңдеп, затты түйіп ұнтақтайтын құрал жасайтын шеберді халық "келіші" деп атаған. Келішілер жаз бен күз жаңбырсыз болған құрғақшылық жылдары келі жасайтын ағаш кеспегін мол етіп жинайды. Кеспектерді шөлді жерде өскен немесе сусыз қаңсып жұмырланып өскен жерінен жинайды. Ондай ағашты қысқа қарай түбірімен қазып алады. Оның діңін екі жағынан аралап, болашақ келінің кеспегін дайындайды. Одан әрі кеспектерді кептіруге кіріседі.
Ел арасында келі жасайтын кеспекті кептірудің әдіс-тәсілдері көп болған. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда кеспектің қабығын аршымай, құмға көміп, Жетісу өлкесінде қабығы аршылмаған кеспектің арамен кесілген екі жағына сиырдың жапасын шаптап, қара көлеңкеге қойып кептірген. Сыр өңірінде кеспектің екі шетінен 1 қарыс мөлшерінде қабығын қалдырып, қалған жерін аршып тастап, екі шетіне саз балшық жағып көлеңкеде кептірген. Шеберлер ұңғуыр, тышуыр, шаппашот, қашау сияқты құралдарды алма-кезек қолдана отырып, келі жасайтын кеспектің ішін ойып алып тастайды. Келі оюда әр өңірдің шеберлері қалыптастырған тәсілдері бар.
Келі жасау үрдісі
Қызылорда өңірінің келішілері алдымен кеспектің ортасын бір рет ұзын бұрғымен бұрғылап алады. Одан әрі бұрғыланға жер мен оның айналасын қыздырылған үшкір темірмен қариды. Шебер ағашты ыстық темірмен қайта-қайта қарып отырып, келі оймасының нобайын келтіріп алған соң қуысқұлақ немесе имекбас қашаумен түгел ойып шығады.
Қарақалпақстанда тұратын қазақ шеберлері кеспек ортасын аздап шұңқырлап ойып алып, сол жерге көмір шоғын салып, сол шоқпен қарып ояды, кейде кеспек ішін аспаппен үңгіп алып, қайнап тұрған қазанға қақпақ сияқты төңкеріп жауып, ыстық бумен ағаш ішін жібітіп алып та ояды.
Келішілер келінің түбін екі түрлі тәсілмен ояды. Тары, бидай, жүгері тәрізді дәнді дақылдарды түюге, жармалауға қолданатын келінің түбін тегіс етіп ояды. Оны "түбі тегіс келі" деп атайды. Тары ақтауға қолданатын келі түбін шұңғылдап ояды. Мұндай келіні "түбі шұңғыл келі" деп атайды. Келінің іші ойылып болған соң оны өңдеу, дайындау жұмысы одан әрі жалғасады. Кейбір шеберлер ойылған келінің ішіне топырақ толтырып, жерге бір жұмадай уақыт көміп тастайды. Келі ішіндегі, сыртындағы құрғақ топырақ ағаш бойындағы ылғал мен тұзды өзіне сорып алады. Топырақтан шығарып алған келіні бірқалыпты температурада жылы жерде әбден кептіреді. Кейбір шеберлер іші ойылған келіні қызған тандыр ішінде ыстық қозға қақтап алып, оның іші-сыртын қойдың құйрық майымен, түйе қомының майымен сіңіріп майлайды. Қатты құрғақта келі жарылып кетпес үшін оның иіні мен тағанын айналдыра түйенің иленбеген шикі терісімен қаптап тастайды. Шикі тері кепкен кезде тарылып, келіні сыртынан құрсаулап, қатты қысып қалады. Келінің терімен қапталмаған жерін былғарымен ысқылап өңдейді. Ауқатты адамдар келінің сыртын күмістелген ою-өрнекпен, келсабының бас жағын күміс шытыралармен әшекейлеп жасатқан.
Келі түрлері мен атаулары
Ел арасында келінің ондаған түрі мен атаулары кездеседі: кейде топырағы берік, қатты жерден ойылған, келі орнына уақытша пайдаланатын шұңқырды – "жер келі", келәсін тастан, ал келсабының ағаштан жасалған түрін – "тас келі", қандай да бір ағаш түрінен жасалған келіні – "ағаш келі", оның кептірген темекі жапырағын ұнтақтау үшін қолданатын кішкентай түрін – "насыбай келі", тек науат, шақпақ қант, сәукеле қант, құрт, ірімшік түюге қолданатын шағындау аппақ келіні – "бәйбіше келі" деп атайды. Бәйбіше келінің тағаны темір қаңылтырмен қапталып, бетіне күміс шайылады. Екі иініне мүйізден тұтқа орнатылып, ернеуі сүйекпен әшекейленеді. Мұндай келіні, әдетте, ауқатты отбасының бәйбішесі ұстаған.
Қазақ жерінің кейбір өңірінде ағаш аз өсетін болғандықтан шеберлер келіні екі-үш ағаш кесіндісінен қиюластырып та жасаған. Мұндай келі "құрама келі" деп аталады. Құрама келінің сырты тез жарылмау үшін түйе терісімен қаптап, тартып тастаған. Келінің ең үлкенін "нар келі" деп атайды. Нар келіні ертеде, әдетте, тары сөгінен жарма, жент дайындап сататын саудагерлер арнайы тапсырыспен жасатқан. Мұндай келінің ішіне бірден 4-5 шелек дән кеткен. Осындай келінің ішіндегі дәнді екі жігіт бір-біріне қарама-қарсы тұрып екі жақтан екі келсаппен түйген.
Қуырған бидай, тары, жүгері түюге арналған орташа келіні "тоқал келі" дейді. Ел ішінде келі жасайтын шеберлер сиреп кеткен соң, ағаш келінің орнына темірден жасалған шағын келілер де пайда болды. Ондай келіні жасалған материалына қарай халық "темір келі" деп атайды.
Келі мен келсап ертеден егіншілікті кәсіп еткен Жетісу аймағында ұзатылатын қыз жасауының құрамына енген. Жаңа түскен келіннің іске икемділігіне, ептілігіне оның келімен тары түюіне қарап баға берген.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы: Рауан, 1994;
- Сейдiмбек А. Қазақ әлемi. Этномәдени пайымдау. Алматы: Санат, 1997;
- Хлудов Н.Г. Шығармалар каталогы: кескіндеме және графика (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Жобаның жетекшісі, кіріспе сөзінің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: Эффект, 2003;
- Қармышева Д. Қазақтардың егіншілікке байланысты әдет-ғұрыптары. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. I том. Алматы: Арыс, 2005. 94-б.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Keli dәndi dakyldar men nauat shakpak kant tәrizdi tүjir tүjir zattardy tүjgishtep uatatyn untaktajtyn katty agashtan tas temir shojyn siyakty materialdardan zhasalgan ishi kuys kural turmystyk bujym Bidaj tary arpa t b dәndi dakyldardy tүyuge arnalgan agash keli katty agashtyn zhuan dininen ortasyn 30 35 sm terendikte unguyrmen oyu kashau arkyly zhasalady Keli zhasajtyn agash kesindisinin biiktigi 50 60 sm kej zherlerde 70 80 sm al diametri 30 35 sm bolady Kelide tary tүyu N G Hludov ҚR ҰM korynan Keli zhasauga agash tandauKeli kazak dastarkanynyn shyrajyn keltiretin aktalgan tary kuyrgan bidaj tүjilgen zharma kurt irimshik zhent siyakty tagamdardy dajyndauga kazhetti basty turmystyk bujym bolgan Sondyktan sheberler tozimdi sapaly keli zhasau үshin zhumysty agash tandaudan bastajdy Өjtkeni sazda sortan nemese suly zherde osken agashtar keli zhasauga lajyksyz sazda osken sary agashty keptiru kiyn әri ol kepkende zharylyp ketedi sortan zher agashynyn sүregi tygyz bolganmen kepkende kak ajyrylady Қazaktyn dikanshy kudajdan su surasa kelishi ku surajdy degen makaly kelige agash tandaudyn osyndaj kyr syryn menzejdi Keli zhasauga Shygys Қazakstanda emendi Ontүstik Қazakstanda tut agashyn Zhetisuda karagash pen zhideni Қyzylordada torangyny tandap algan Keli zhasauga agash tandajtyn tandap alyngan agashty ondep zatty tүjip untaktajtyn kural zhasajtyn sheberdi halyk kelishi dep atagan Kelishiler zhaz ben kүz zhanbyrsyz bolgan kurgakshylyk zhyldary keli zhasajtyn agash kespegin mol etip zhinajdy Kespekterdi sholdi zherde osken nemese susyz kansyp zhumyrlanyp osken zherinen zhinajdy Ondaj agashty kyska karaj tүbirimen kazyp alady Onyn dinin eki zhagynan aralap bolashak kelinin kespegin dajyndajdy Odan әri kespekterdi keptiruge kirisedi El arasynda keli zhasajtyn kespekti keptirudin әdis tәsilderi kop bolgan Mәselen Ontүstik Қazakstanda kespektin kabygyn arshymaj kumga komip Zhetisu olkesinde kabygy arshylmagan kespektin aramen kesilgen eki zhagyna siyrdyn zhapasyn shaptap kara kolenkege kojyp keptirgen Syr onirinde kespektin eki shetinen 1 karys molsherinde kabygyn kaldyryp kalgan zherin arshyp tastap eki shetine saz balshyk zhagyp kolenkede keptirgen Sheberler unguyr tyshuyr shappashot kashau siyakty kuraldardy alma kezek koldana otyryp keli zhasajtyn kespektin ishin ojyp alyp tastajdy Keli oyuda әr onirdin sheberleri kalyptastyrgan tәsilderi bar Keli zhasau үrdisiKeli zhasalu үrdisi ҚR ҰM materialdary bojynsha suretin salgan Zh Shәjken Қyzylorda onirinin kelishileri aldymen kespektin ortasyn bir ret uzyn burgymen burgylap alady Odan әri burgylanga zher men onyn ajnalasyn kyzdyrylgan үshkir temirmen karidy Sheber agashty ystyk temirmen kajta kajta karyp otyryp keli ojmasynyn nobajyn keltirip algan son kuyskulak nemese imekbas kashaumen tүgel ojyp shygady Қarakalpakstanda turatyn kazak sheberleri kespek ortasyn azdap shunkyrlap ojyp alyp sol zherge komir shogyn salyp sol shokpen karyp oyady kejde kespek ishin aspappen үngip alyp kajnap turgan kazanga kakpak siyakty tonkerip zhauyp ystyk bumen agash ishin zhibitip alyp ta oyady Kelishiler kelinin tүbin eki tүrli tәsilmen oyady Tary bidaj zhүgeri tәrizdi dәndi dakyldardy tүyuge zharmalauga koldanatyn kelinin tүbin tegis etip oyady Ony tүbi tegis keli dep atajdy Tary aktauga koldanatyn keli tүbin shungyldap oyady Mundaj kelini tүbi shungyl keli dep atajdy Kelinin ishi ojylyp bolgan son ony ondeu dajyndau zhumysy odan әri zhalgasady Kejbir sheberler ojylgan kelinin ishine topyrak toltyryp zherge bir zhumadaj uakyt komip tastajdy Keli ishindegi syrtyndagy kurgak topyrak agash bojyndagy ylgal men tuzdy ozine soryp alady Topyraktan shygaryp algan kelini birkalypty temperaturada zhyly zherde әbden keptiredi Kejbir sheberler ishi ojylgan kelini kyzgan tandyr ishinde ystyk kozga kaktap alyp onyn ishi syrtyn kojdyn kujryk majymen tүje komynyn majymen sinirip majlajdy Қatty kurgakta keli zharylyp ketpes үshin onyn iini men taganyn ajnaldyra tүjenin ilenbegen shiki terisimen kaptap tastajdy Shiki teri kepken kezde tarylyp kelini syrtynan kursaulap katty kysyp kalady Kelinin terimen kaptalmagan zherin bylgarymen yskylap ondejdi Aukatty adamdar kelinin syrtyn kүmistelgen oyu ornekpen kelsabynyn bas zhagyn kүmis shytyralarmen әshekejlep zhasatkan Keli tүrleri men ataularyEl arasynda kelinin ondagan tүri men ataulary kezdesedi kejde topyragy berik katty zherden ojylgan keli ornyna uakytsha pajdalanatyn shunkyrdy zher keli kelәsin tastan al kelsabynyn agashtan zhasalgan tүrin tas keli kandaj da bir agash tүrinen zhasalgan kelini agash keli onyn keptirgen temeki zhapyragyn untaktau үshin koldanatyn kishkentaj tүrin nasybaj keli tek nauat shakpak kant sәukele kant kurt irimshik tүyuge koldanatyn shagyndau appak kelini bәjbishe keli dep atajdy Bәjbishe kelinin tagany temir kanyltyrmen kaptalyp betine kүmis shajylady Eki iinine mүjizden tutka ornatylyp erneui sүjekpen әshekejlenedi Mundaj kelini әdette aukatty otbasynyn bәjbishesi ustagan Қazak zherinin kejbir onirinde agash az osetin bolgandyktan sheberler kelini eki үsh agash kesindisinen kiyulastyryp ta zhasagan Mundaj keli kurama keli dep atalady Қurama kelinin syrty tez zharylmau үshin tүje terisimen kaptap tartyp tastagan Kelinin en үlkenin nar keli dep atajdy Nar kelini ertede әdette tary soginen zharma zhent dajyndap satatyn saudagerler arnajy tapsyryspen zhasatkan Mundaj kelinin ishine birden 4 5 shelek dәn ketken Osyndaj kelinin ishindegi dәndi eki zhigit bir birine karama karsy turyp eki zhaktan eki kelsappen tүjgen Қuyrgan bidaj tary zhүgeri tүyuge arnalgan ortasha kelini tokal keli dejdi El ishinde keli zhasajtyn sheberler sirep ketken son agash kelinin ornyna temirden zhasalgan shagyn keliler de pajda boldy Ondaj kelini zhasalgan materialyna karaj halyk temir keli dep atajdy Keli men kelsap erteden eginshilikti kәsip etken Zhetisu ajmagynda uzatylatyn kyz zhasauynyn kuramyna engen Zhana tүsken kelinnin iske ikemdiligine eptiligine onyn kelimen tary tүyuine karap baga bergen DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterҚaliev S Orazaev M Smajylova M Қazak halkynyn salt dәstүrleri Almaty Rauan 1994 Sejdimbek A Қazak әlemi Etnomәdeni pajymdau Almaty Sanat 1997 Hludov N G Shygarmalar katalogy keskindeme zhәne grafika kazak orys agylshyn tilderinde Zhobanyn zhetekshisi kirispe sozinin avtory Nursan Әlimbaj Almaty Effekt 2003 Қarmysheva D Қazaktardyn eginshilikke bajlanysty әdet guryptary Қazak halkynyn dәstүrleri men әdet guryptary I tom Almaty Arys 2005 94 b