Жәмішбай Бегенұлы (1830, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жанболды ауылы — Торайғыр қыстауы, Мұсайын ауылы) — әнші, сері, ақын, композитор.
Ж. жас кезінде ауыл молдасынан оқып, хадимше хат таныған. Әкесі Едіге би ауылындағы медресеге беріп, оны да жақсы оқып бітіреді. Ж. жас кезінен ән салып, домбыра тартып, өлең шығарып көзге түседі. Ол —Сегіз серінің тәрбиесін көрген, батасын алған шәкірттерінің бірі. Ж. 1856 ж. Торайғыр өңіріне көшіп келіп, сонда тұрақтайды. 1855 ж. Керей жайлауында Сегіз серіге арнап ас берілгенде Ж. “Сегіз сері баҺадүр” дастанын шығарып, ас беруші Қожамжар мырза Дауылұлынан мол сыйлық алған. Сегіз серіге арнап жоқтау да шығарған. Сегіз сері асы өткен соң, батыр ақынның қанды көйлек жолдасы Нияз серіден, БаҺрамұлының туыстарынан рұхсат сұрап, олардың ризашылығын алып, баянауылдық әнші ақындар Жапар, Жаяу Мұсамен бірге туған жерге оралған. 1856 ж. құрғақшылықта қайта Торайғыр өлкесіне (қазіргі Новосибирск қ. орналасқан жер) көшіп барып, Ресей отаршылары 1893 ж. күштеп көшіргенше сонда отырған. Ж-дың көптеген әндері халық әндері санатында жүр. Ол “Ер Құлжабай”, “Шотана сардар”, “Боранбай батыр”, “Дәстем сал”, “Асқап баҺадүр”, “Жасыбай батыр”, “Сегіз баҺадүр” атты тарихи дастандар шығарған. Ж. айтыс ақыны ретінде өзінен жасы үлкен Әбутәліп, Әлеке, Асылбай, Арыстанбай, Орынбай (Қарауыл), Шөже, Қожабек, өзімен қатар Балтекей, Тезекбай, Кемпірбай, Сұртай, Жылтыр, Қарқабай, Есенбай, Нұркей, Майлықожа, Майкөт, Сарыбас, Әзілкеш, Құлмамбет сияқты ақындармен сайысқа түскен. Ж-дың Шөжемен, Кемпірбаймен айтыстары 1965 ж. жарық көрген “Айтыс” жинағының 1-томынан орын алды. Ж-дың өмірбаяны оны көзі көрген Ә.Жақауұлы, Д.Нұрпейісұлы, Ү.Құлжанұлы, Б.Жүнісұлы, С.Жүнісұлы, М.Ахметұлы, Темірғали Әлкөншекұлы (С.Қонақбаевтың нағашы атасы) сияқты ақсақалдардан жазып алынды. .
Дереккөздер
- “Айтыс” жинағы, І-том, А., 1965
- Сүлейменов Т., Сегіз сері, А., 1991
- Әбуталиев Н., Сегіз сері, 1991
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhәmishbaj Begenuly 1830 Pavlodar oblysy Bayanauyl audany Zhanboldy auyly Torajgyr kystauy Musajyn auyly әnshi seri akyn kompozitor Zh zhas kezinde auyl moldasynan okyp hadimshe hat tanygan Әkesi Edige bi auylyndagy medresege berip ony da zhaksy okyp bitiredi Zh zhas kezinen әn salyp dombyra tartyp olen shygaryp kozge tүsedi Ol Segiz serinin tәrbiesin korgen batasyn algan shәkirtterinin biri Zh 1856 zh Torajgyr onirine koship kelip sonda turaktajdy 1855 zh Kerej zhajlauynda Segiz serige arnap as berilgende Zh Segiz seri baҺadүr dastanyn shygaryp as berushi Қozhamzhar myrza Dauylulynan mol syjlyk algan Segiz serige arnap zhoktau da shygargan Segiz seri asy otken son batyr akynnyn kandy kojlek zholdasy Niyaz seriden BaҺramulynyn tuystarynan ruhsat surap olardyn rizashylygyn alyp bayanauyldyk әnshi akyndar Zhapar Zhayau Musamen birge tugan zherge oralgan 1856 zh kurgakshylykta kajta Torajgyr olkesine kazirgi Novosibirsk k ornalaskan zher koship baryp Resej otarshylary 1893 zh kүshtep koshirgenshe sonda otyrgan Zh dyn koptegen әnderi halyk әnderi sanatynda zhүr Ol Er Қulzhabaj Shotana sardar Boranbaj batyr Dәstem sal Askap baҺadүr Zhasybaj batyr Segiz baҺadүr atty tarihi dastandar shygargan Zh ajtys akyny retinde ozinen zhasy үlken Әbutәlip Әleke Asylbaj Arystanbaj Orynbaj Қarauyl Shozhe Қozhabek ozimen katar Baltekej Tezekbaj Kempirbaj Surtaj Zhyltyr Қarkabaj Esenbaj Nurkej Majlykozha Majkot Sarybas Әzilkesh Қulmambet siyakty akyndarmen sajyska tүsken Zh dyn Shozhemen Kempirbajmen ajtystary 1965 zh zharyk korgen Ajtys zhinagynyn 1 tomynan oryn aldy Zh dyn omirbayany ony kozi korgen Ә Zhakauuly D Nurpejisuly Ү Қulzhanuly B Zhүnisuly S Zhүnisuly M Ahmetuly Temirgali Әlkonshekuly S Қonakbaevtyn nagashy atasy siyakty aksakaldardan zhazyp alyndy Derekkozder Ajtys zhinagy I tom A 1965 Sүlejmenov T Segiz seri A 1991 Әbutaliev N Segiz seri 1991