Жәмеңке Мәмбетұлы (1838, бұрынғы Жетісу облысы, Жаркент уезі — 10 тамыз 1916, Қырғызстан, Қаракол қ.) — батыр.
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Жастайынан өткірлігімен, шешендігімен көзге түсіп, 18 жасынан билікке араласып, әділдігімен елге танылған. 19 жасында Қарқара өңірінің игі-жақсыларымен бірге Тезек төремен кездеседі. Жәмеңке Қарқара қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының ақылгөй ағасы атанған. Туысқан екі елдің татулығы мен достығын, бірлігі мен бейбітшілігін сақтап, нығайтуға көп еңбек сіңірген. Жәмеңкенің ұйымдастырушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында айқын байқалды. Патша үкіметінің 1916 жылы 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-Шарын өңіріндегі Албан тайпасының 16 болысының өкілдері Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жиналып мәжіліс өткізеді. Мәжілісті Жәмеңке бастап ашып, ол патшаның жарлығына қарсы шығып: “...Бізден бала сұрайды. Қара жұмыс істетеміз деп жақақтады. Елден бір кеткен соң не қылса, өзі біледі. Қолдан шыққан соң соғысқа айдап салмай не қылады. ... бала өлгенше, шал өлсін, патшаның жарлығын орындамаймыз” - деп сөз сөйледі. Осы мәжілістен кейін халық бұқарасы патша үкіметінің билік орындарына бағынудан бас тартты. 11 шілде күні Қарқара жәрмеңкесінде жиналған халықтың алдында Жәмеңке Нарынқол-Шарын бөлімшесінің бастығы Подворковке қазақ халқы ресми түрде патша жарлығын орындамайтынын мәлімдеді. Жәмеңкеге өзақ Саурықұлы, Жаңабай Құдайбергенұлы, т.б. ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырушылар қолдау көрсетті. 22 шілде күні бөлімше бастығы Подворков Жәмеңке мен өзақ Саурықұлын, 10 күннен кейін 11 шілде күні жәрмеңкедегі жиынға қатысып, белсенділік көрсеткен бір топ адамды тұтқынға алып, Қарақол түрмесіне айдатады. Түрмеге түскеннен кейін уезд бастығы полк. Иванов олардан патша жарлығын орындауды талап етеді, Жәмеңке бастаған қозғалыс жетекшілері бұл шарттан бас тартады. Патша жендеттері 9 тамыз күні Жәмеңкенің тамағына у қосып береді де, 10 тамыз күні Жәмеңке қайтыс болады. Саурықұлы қайтыс болған Жәмеңкені құшақтап отырып: “Жан жолдасым Жәмеңке”, деп басталатын жоқтау айтады. Ұлы: Жәменкеұлы Сағындық
Дереккөздер
- Алмабеков Т. Албан ата энциклопедиялық шежіре. // [1] — Алматы, 2003. — 1352 б. — ISBN 9965-00-838-8.
- Әдеб.: Әуезов М.О., Қилы заман, Қ.-о., 1928; Жұртбаев Т., Бейуақ, А., 1990; Қарқара айбаты (Құжаттар мен материалдар жинағы), А., 1991; Тәнекеев С., 1916. Ереуілтөбе әсерлері, А., 1994.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhәmenke Mәmbetuly 1838 buryngy Zhetisu oblysy Zharkent uezi 10 tamyz 1916 Қyrgyzstan Қarakol k batyr Ұly zhүzdin Alban tajpasynan shykkan Zhetisudagy 1916 zhylgy Қarkara koterilisi zhetekshilerinin biri Zhastajynan otkirligimen sheshendigimen kozge tүsip 18 zhasynan bilikke aralasyp әdildigimen elge tanylgan 19 zhasynda Қarkara onirinin igi zhaksylarymen birge Tezek toremen kezdesedi Zhәmenke Қarkara kazaktary men Ystykkol kyrgyzdarynyn akylgoj agasy atangan Tuyskan eki eldin tatulygy men dostygyn birligi men bejbitshiligin saktap nygajtuga kop enbek sinirgen Zhәmenkenin ujymdastyrushylyk daryny 1916 zhylgy ult azattyk kozgalys tusynda ajkyn bajkaldy Patsha үkimetinin 1916 zhyly 25 mausymdagy zharlygyna oraj tuyndagan zhagdajga bajlanysty Narynkol Sharyn onirindegi Alban tajpasynyn 16 bolysynyn okilderi Қarkara zhәrmenkesinin shygys zhagyndagy tobenin үstine zhinalyp mәzhilis otkizedi Mәzhilisti Zhәmenke bastap ashyp ol patshanyn zharlygyna karsy shygyp Bizden bala surajdy Қara zhumys istetemiz dep zhakaktady Elden bir ketken son ne kylsa ozi biledi Қoldan shykkan son sogyska ajdap salmaj ne kylady bala olgenshe shal olsin patshanyn zharlygyn oryndamajmyz dep soz sojledi Osy mәzhilisten kejin halyk bukarasy patsha үkimetinin bilik oryndaryna bagynudan bas tartty 11 shilde kүni Қarkara zhәrmenkesinde zhinalgan halyktyn aldynda Zhәmenke Narynkol Sharyn bolimshesinin bastygy Podvorkovke kazak halky resmi tүrde patsha zharlygyn oryndamajtynyn mәlimdedi Zhәmenkege ozak Saurykuly Zhanabaj Қudajbergenuly t b ult azattyk kozgalysty ujymdastyrushylar koldau korsetti 22 shilde kүni bolimshe bastygy Podvorkov Zhәmenke men ozak Saurykulyn 10 kүnnen kejin 11 shilde kүni zhәrmenkedegi zhiynga katysyp belsendilik korsetken bir top adamdy tutkynga alyp Қarakol tүrmesine ajdatady Tүrmege tүskennen kejin uezd bastygy polk Ivanov olardan patsha zharlygyn oryndaudy talap etedi Zhәmenke bastagan kozgalys zhetekshileri bul sharttan bas tartady Patsha zhendetteri 9 tamyz kүni Zhәmenkenin tamagyna u kosyp beredi de 10 tamyz kүni Zhәmenke kajtys bolady Saurykuly kajtys bolgan Zhәmenkeni kushaktap otyryp Zhan zholdasym Zhәmenke dep bastalatyn zhoktau ajtady Ұly Zhәmenkeuly SagyndykDerekkozderAlmabekov T Alban ata enciklopediyalyk shezhire 1 Almaty 2003 1352 b ISBN 9965 00 838 8 Әdeb Әuezov M O Қily zaman Қ o 1928 Zhurtbaev T Bejuak A 1990 Қarkara ajbaty Қuzhattar men materialdar zhinagy A 1991 Tәnekeev S 1916 Ereuiltobe әserleri A 1994 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz