Өсімдік тіршілігіне қажетті құбылыстың бірі – суды буландыру. Өсімдіктер суды жапырақтары арқылы буландырады. Неғұрлым жапырақ тақтасы үлкен болса, соғұрлым су көп буланады. Су – жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы буланады. Егер, су жеткіліксіз болса, саңылау жабылып, булану тоқтайды. Өсімдікке су жетіспеген жағдайда, өсімдіктің өсуі баяулайды, солып, қурайды. Су өсімдік бойымен минералды тұздардың ерітіндісінің қозғалуы үшін қажет. Яғни, судың қатысуымен жапырақта органикалық заттар түзіледі.
Су булануының маңызы
Булану процесі ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетіден сақтайды. Ауық – ауық суды буландырып тұратындықтан жапырақтар ыстық күндері жап – жасыл қалпында сақталады. Жапырақтың суды буландыруы фотосинтез процесімен тығыз байланысты. Жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы жапыраққа көмірқышқыл газы енеді, су буланады. Жапырақта қант түзілу үшін күн сәулесі керек. Күн сәулесі жапырақты қыздырады, ал булану процесі арқылы жапырақ өз температурасын бірқалыпты сақтайды.
Жапырақтардың ылғалды және құрғақ климатқа бейімделуі
Ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ірі, қою жасыл түсті болып келеді. Және жанаспалы жасушалары да көп болады. Топырақтың, ауаның ылғалды болуы жапырақтардың үлкен болып өсуіне ықпал етеді. Ал, шөл, шөлейтті жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ұсақ, түкті болғандықтан суды аз буландырады. Кейбіреулері қабыршаққа айналып, түрін өзгерткен, бозғылт сұр түсті. Мысалға, Қазақстанда өсетін сексеуілдің жапырақтары өте майда қабыршаққа айналған. Жанаспалы жасушалыры тек жас өркендерінде болады. Фотосинтез процесі де жас өркендерінде жүреді. Сиырқұйрық өсімдігін түгелдей ұзын, киіздей тұтасып кеткен қалың түк басқан. Ұйысқан түктер судың булануынан сақтайды. Сортаңдау, құмды жерлерде өсетін құм қарағаны (қоянсүйек) мен шеңгел бұталарының жапырақтары майда. Күмістей жылтыр түктер болғандықтан суды аз буландырады. Егер, су жеткілікті болса жанаспалы жасушаларының арасындағы саңылаулары ашылып артық су буланады.
Дереккөздер
- Биология:Адам. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық / Жүнісқызы К., Әлімқұлова Р., Жұмағұлова Қ., – Алматы: "Атамұра" баспасы, 2006. — 208 бет, суретті.. ISBN 9965-34-406-Х
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өsimdik tirshiligine kazhetti kubylystyn biri sudy bulandyru Өsimdikter sudy zhapyraktary arkyly bulandyrady Negurlym zhapyrak taktasy үlken bolsa sogurlym su kop bulanady Su zhapyrak onindegi zhanaspaly zhasushalardyn sanylaulary arkyly bulanady Eger su zhetkiliksiz bolsa sanylau zhabylyp bulanu toktajdy Өsimdikke su zhetispegen zhagdajda osimdiktin osui bayaulajdy solyp kurajdy Su osimdik bojymen mineraldy tuzdardyn eritindisinin kozgaluy үshin kazhet Yagni sudyn katysuymen zhapyrakta organikalyk zattar tүziledi Su bulanuynyn manyzyBulanu procesi ystyk kүnderi zhapyrakty kүn sәulesinen kyzyp ketiden saktajdy Auyk auyk sudy bulandyryp turatyndyktan zhapyraktar ystyk kүnderi zhap zhasyl kalpynda saktalady Zhapyraktyn sudy bulandyruy fotosintez procesimen tygyz bajlanysty Zhanaspaly zhasushalardyn sanylaulary arkyly zhapyrakka komirkyshkyl gazy enedi su bulanady Zhapyrakta kant tүzilu үshin kүn sәulesi kerek Kүn sәulesi zhapyrakty kyzdyrady al bulanu procesi arkyly zhapyrak oz temperaturasyn birkalypty saktajdy Sekseuil agashy Zhapyraktardyn ylgaldy zhәne kurgak klimatka bejimdeluiYlgaly mol zherlerde osetin osimdikterdin zhapyraktary iri koyu zhasyl tүsti bolyp keledi Zhәne zhanaspaly zhasushalary da kop bolady Topyraktyn auanyn ylgaldy boluy zhapyraktardyn үlken bolyp osuine ykpal etedi Al shol sholejtti zherlerde osetin osimdikterdin zhapyraktary usak tүkti bolgandyktan sudy az bulandyrady Kejbireuleri kabyrshakka ajnalyp tүrin ozgertken bozgylt sur tүsti Mysalga Қazakstanda osetin sekseuildin zhapyraktary ote majda kabyrshakka ajnalgan Zhanaspaly zhasushalyry tek zhas orkenderinde bolady Fotosintez procesi de zhas orkenderinde zhүredi Siyrkujryk osimdigin tүgeldej uzyn kiizdej tutasyp ketken kalyn tүk baskan Ұjyskan tүkter sudyn bulanuynan saktajdy Sortandau kumdy zherlerde osetin kum karagany koyansүjek men shengel butalarynyn zhapyraktary majda Kүmistej zhyltyr tүkter bolgandyktan sudy az bulandyrady Eger su zhetkilikti bolsa zhanaspaly zhasushalarynyn arasyndagy sanylaulary ashylyp artyk su bulanady DerekkozderBiologiya Adam Zhalpy bilim beretin mekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Zhүniskyzy K Әlimkulova R Zhumagulova Қ Almaty Atamura baspasy 2006 208 bet suretti ISBN 9965 34 406 H