Етік – былғарыдан тiгiлетiн қонышты, өкшелі аяқкиiм түрі. Етіктің түр-түсіне, жасалған материалына, безендірілуіне, өрнектелуіне, маусымдық түрлеріне қарай қалыптасқан атаулары бар.
Етік бөліктері
Етік бөліктерден: етіктің басы – аяқтың башпайлары мен мойнын қауып ұстап тұратын бөлігі; қоныш – етіктің балтырды жауып тұратын бөлігі; белтір – етіктің басы мен қонышының арасы; керсен – етіктің желкесі; ойма – етіктің қонышы мен басы қосылатын үстіңгі беті; өкше – аяқкиімнің артқы төменгі бөлігі; табан – жер басатын бөлігі; шажамай – басы мен табанының қиысқан аралығына салынатын көмкерме қиынды.
Бұл бөліктер қалыпқа кигізіліп, құрастырылып тігіледі; тұрқы – етіктің өкшесі мен тұмсығының арасы; бауырдақ – етіктің өкшесіне салатын темір; нәл – етіктің өкшесіне, тұмсығына қағылатын темір, осыған байланысты ел аузында "Ерді құдай сақтайды, етікті нәл сақтайды", – деген нақыл сөз бар. Пішпек – етіктің өкшесінің ішіне салатын көн; таға немесе тақа – өкшеге қағылатын доғалана иілген темір; үшкіл – етіктің сірісі; сіртақа – сір өкше (өкшеге қағылатын қатты былғары); тойнақ – металмен қапталған өкше; сыздық – етіктің тігістерінің арасына салынған таспа т.б.
Ұлтан мен ұлтарақ арасына қайыңның қабығы астар ретінде салынады.
Аяқкиім табанына салынатын қалың әрі қатты былғары ұлтан деп аталады. Оның түрлері: жетім ұлтан – аяқкиімге екінші рет қағылған ұлтан; жіпсе – ұлтанның астындағы екінші ұлтан, сыздық; бұру ұлтан – етіктің ішкі ұлтаны, бұл бүрме ұлтан деп те айтылады; ақмұрт – етіктің ішкі өзге түсті ұлтаны, ішкі табаны; шолақ ұлтан – етіктің қос ұлтаны, ішкі ұлтанды ішкілік деп те атайды; жұлық – ұлтан мен бастың ұштасқан тұсы. "Жұлық жамаған жарымайды" деген мақалға қарағанда оны тігу ақысы мардымсыз болғанға ұқсайды.
Ыста ұсталған, көн болып қатып қалған қасаң, шылғи теріні қазақ сірі дейді. Одан жасалған өкшенің ең ішкі астары – сір астар, өкшенің ішін қалыңдата қойған қалың көн – сіріөкше деп аталады. Етікшілер етік тіккенде өкшесі мыжылмасын деп оған қатты көннен немесе қайыңның тозынан (қабығынан) кепіл салады. Оны да сіріөкше деп атайды. Қазақта өте шыдамды, төзімді адам туралы айтылатын «жаны сірі» деген тұрақты тіркес осыдан қалыптасса керек.
Етіктердің тігілу түріне қарай жіктелуі
Етіктер тiгiлу түрiне қарай: басы мен қонышы тұтас келген бiтеу бас етiк, айнала жұлығын басқа былғарыдан келтiрген құймалы етiк, басы мен қонышын жаңа ұлтан салып, өкшесiн түзеп жаңғыртып тiккен ұлтарған етiк деп аталатын түрлерге жіктеледі. Етікті бітеубас етіп тігу тәсілінде етіктің бас пен қоныш бөлігі тұтас пішіліп, ұлтарылады.
Етіктердің материалына, пішіні мен әсемдігіне байланысты түрлері
- Етіктің тігілу материалына қарай: көн етік, сырма киіз, киіз етік, әміркен етік (әміркен деп ХХ ғасырда пайда болған американдық технологиямен жасалған сырлы (лакталған) бағалы былғарыны айтқан), бұғы терісінен тігілген етік, былғары етік, қызыл түсті былғарыдан тігілген қызыл етік, аң, тай терісінен тігілген жарғақ мәсі, ешкі терісінен тігілген көзел етік (орыстың козел сөзінен), қонышы жібектен тігіліп, көгеріспен кестеленген жібек етік, жылқының сауыр терісінен жақсы өңделіп, иленген, өте сапалы былғарыдан тігілетін көксауыр етік деген түрлері бар.
- Етіктің жалпы сұлбасы, пошымына қарай: біз тұмсық етік, үшкір тұмсық етік, жекей табан, құмырсқа бел деген түрлері де бар.
- Етіктің әсемдеп сәнделуіне қарай: кестелі етік, сырма етік, жібек (кестелі) етік, өкшесі қоңыраушылармен әшекейленген – қоңыраулы етік, қонышына, тұмсығына қайыс немесе ызылған бау тағылған ақмұртты етік деген түрлері болған.
Етіктің бөліктерінің ерекшеліктеріне байланысты түрлері
- Етіктің табаны: түзу табан және қисық табан деп бөлінеді. Түзу және қисық табан деп аталу себебі – етіктің оң және сол жағы бірдей етіп пішілген, яғни, етік пішкенде оң аяқ қалыбы сол аяққа да қолданылады. Сондықтан етіктің сол аяқ сыңарының табаны қисық келеді. "Кигенім аяғыма жекей табан, жеке басып жүргенім бұл бір заман", – деп халық өлеңінде айталатын жекей табан етіктер өкшелі, әдемі тігілген жеңіл етіктер қатарына саналады. Жаз мезгілінде, атқа мінгенде киетін табаны жұқа, жеңіл, ықшам әрі сәнді етіп тігілген ерекше етікті жекей етік деп атайды.
- Қостабан етіктің ерекшелігі өкшесі екі босағалы болады. Көнді өкшесінің шетін айналдыра немесе артқы жағына жапсырады, сір өкшесіне тіреме (кей жерде отырма) салады. Ер адамдарға арналған ондай етік берік болады.
- Дәстүрлі ортада тұтынылған етіктің қонышына қарай: жарма қоныш етік, шолақбас етік, саптама етік (қонышы тiзеден асып, қара санға дейiн жететiн етік) жырым етік деген түрлері бар. Мұндай етіктерді еркектер қыс мезгілінде киген, тарамыспен көктеп, ағаш шегемен шегеленген үлкен саптама мен жарма қонышты етіктер бағалы аяқкиім қатарына жатады.
- Атқа мініп-түсуге қолайлылық тудыратын ат үстінде ұрыс салу кезінде аяғын үзеңгіге тірей түрегелгенде таяныш болып, аяқтың үзеңгіден өтіп кетпеуін қамтамасыз ететін сақтық шарасы ретінде үлкен міндет атқаратын етік өкшелері кейінгі кезде пайда болған. Етіктің өкшесіне қарай: мықшима етік, жуан өкше, қазық өкше, жез өкше, биiк өкше, аласалау бес тақа етік және жайдақ етік, шоңқайма етік, аласа өкшелі қарапайым етік – жайтабан деген түрлері кең қолданысқа ие болған. Саптама етіктің мықшима деп аталатын түрінің өкшесінің түбі жуан, жер басары жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы, биік өкшелі болып келеді.
- Ерлерге арналған етіктің өкшесіне темір нәл, тұмсығына тасқағар орнатқан. Ер адамның аяғы мен тізе буынын суықтан сақтау үшін иленген көннен тігілетін, қонышы тізеден асатын, қыс маусымына арналған саптама етік ішіне киіз байпақ сиятындай қонышы кең, әрі биік болады. Жаз маусымында киетін, той, мерекеге арналған саптамаға көк сауыр тері жапсырып, ою бастырып әшекейлеп тігеді. Сал мен серілер және бозбалаларға арналған шажамайы мен ернеуі жақсы былғарымен астарланған етіктердің ұлтанына сықырлап жүрсін деп тоз және күкірт салады.
- Саптамаға ұқсас шоңқайма деп аталатын етіктің қонышы екі жағынан жармаланып, тізеден төмен, өкшесі биігірек әрі тайқы болып тігіледі. Сондықтан ол «жарма қоныш» деп те айтыла береді. Байпақпен, шұлғаумен киіледі. Қонышына түрлі өрнек кестеленген оюлы етік деп аталатын түрін әйелдер мен ауқатты адамдар киген.
- Етіктiң биiк өкше, жарма қоныш, тiремелi, көксауыр, саптама, жұмсақ табан, үшкiл тұмсық, шоңқайма деген түрлерi бағалы аяқкиімге саналған. Етіктің қыз-келіншектер киетін биік өкшелі етік, өкшесі жезбен әшекейленген жез тойнақты (өкшелі) етік деген түрлері де бар.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
- Шойбеков Р.Н. Етікшілік өнеріне байланысты кейбір атаулар. Тілтаным. 2006. №3;
- Қазақтың дәстүрлі киім-кешектері. Іле халық баспасы, 2006;
- Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. Алматы: Өнер, 2009;
- Старостина О.В. Обувь в традиционной культуре народов Средней Азии и Казахстана (ХІХ – первая треть ХХ в.). Авто-реферат. Санкт-Петербург, 2009;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Etik bylgarydan tigiletin konyshty oksheli ayakkiim tүri Etiktin tүr tүsine zhasalgan materialyna bezendiriluine ornekteluine mausymdyk tүrlerine karaj kalyptaskan ataulary bar Saptama etik ҚR ҰM korynan Saptama etik kara bylgarydan tүzu taban etip tigilgen Etiktin tumsygyna konyr tүsti siriden үshkil pishindi murt dep atalatyn kiyk zhapsyrylgan Sirokshesinin tu syrtyna geometriyalyk ornekti katty kon salyngan Al sirokshenin dәl ortasyna batky dep atalatyn metall kujma ornatylgan Қonyshy aldy 44 sm arty 40 sm taban uzyndygy 30 sm eni 8 5 10 5 sm okshe biiktigi 1 sm Saptama etiktin ishinen kietin kiiz bajpagy bar Bajpaktyn auzy kyzyl matamen komkerilip ogan koshkarmүjiz ornegi syrylgan Bajpagynyn konyshy aldy 46 sm arty 43 sm taban uzyndygy 28 sm eni 7 9 sm Etik bolikteriEtik bolikterinin ataulary A 1 konysh 2 syzdyk 3 sir okshe 4 okshe 5 shazhamaj tireme 6 ojma 7 kersen 8 basy 9 tumsyk 10 zhipse Ә 1 konysh 2 beltir 3 zhulma 4 ultan 5 taban B 1 nәl 2 taka 3 myk agash shege 5 taban Suretin salgan Zh Shәjken Etik bolikterden etiktin basy ayaktyn bashpajlary men mojnyn kauyp ustap turatyn boligi konysh etiktin baltyrdy zhauyp turatyn boligi beltir etiktin basy men konyshynyn arasy kersen etiktin zhelkesi ojma etiktin konyshy men basy kosylatyn үstingi beti okshe ayakkiimnin artky tomengi boligi taban zher basatyn boligi shazhamaj basy men tabanynyn kiyskan aralygyna salynatyn komkerme kiyndy Bul bolikter kalypka kigizilip kurastyrylyp tigiledi turky etiktin okshesi men tumsygynyn arasy bauyrdak etiktin okshesine salatyn temir nәl etiktin okshesine tumsygyna kagylatyn temir osygan bajlanysty el auzynda Erdi kudaj saktajdy etikti nәl saktajdy degen nakyl soz bar Pishpek etiktin okshesinin ishine salatyn kon taga nemese taka okshege kagylatyn dogalana iilgen temir үshkil etiktin sirisi sirtaka sir okshe okshege kagylatyn katty bylgary tojnak metalmen kaptalgan okshe syzdyk etiktin tigisterinin arasyna salyngan taspa t b Ұltan men ultarak arasyna kajynnyn kabygy astar retinde salynady Ayakkiim tabanyna salynatyn kalyn әri katty bylgary ultan dep atalady Onyn tүrleri zhetim ultan ayakkiimge ekinshi ret kagylgan ultan zhipse ultannyn astyndagy ekinshi ultan syzdyk buru ultan etiktin ishki ultany bul bүrme ultan dep te ajtylady akmurt etiktin ishki ozge tүsti ultany ishki tabany sholak ultan etiktin kos ultany ishki ultandy ishkilik dep te atajdy zhulyk ultan men bastyn ushtaskan tusy Zhulyk zhamagan zharymajdy degen makalga karaganda ony tigu akysy mardymsyz bolganga uksajdy Ysta ustalgan kon bolyp katyp kalgan kasan shylgi terini kazak siri dejdi Odan zhasalgan okshenin en ishki astary sir astar okshenin ishin kalyndata kojgan kalyn kon siriokshe dep atalady Etikshiler etik tikkende okshesi myzhylmasyn dep ogan katty konnen nemese kajynnyn tozynan kabygynan kepil salady Ony da siriokshe dep atajdy Қazakta ote shydamdy tozimdi adam turaly ajtylatyn zhany siri degen turakty tirkes osydan kalyptassa kerek Etikterdin tigilu tүrine karaj zhikteluiEtikter tigilu tүrine karaj basy men konyshy tutas kelgen biteu bas etik ajnala zhulygyn baska bylgarydan keltirgen kujmaly etik basy men konyshyn zhana ultan salyp okshesin tүzep zhangyrtyp tikken ultargan etik dep atalatyn tүrlerge zhikteledi Etikti biteubas etip tigu tәsilinde etiktin bas pen konysh boligi tutas pishilip ultarylady Etikterdin materialyna pishini men әsemdigine bajlanysty tүrleriZhibek etik ҚR ҰM korynan Akmurtty biikokshe etik Etiktin tigilu materialyna karaj kon etik syrma kiiz kiiz etik әmirken etik әmirken dep HH gasyrda pajda bolgan amerikandyk tehnologiyamen zhasalgan syrly laktalgan bagaly bylgaryny ajtkan bugy terisinen tigilgen etik bylgary etik kyzyl tүsti bylgarydan tigilgen kyzyl etik an taj terisinen tigilgen zhargak mәsi eshki terisinen tigilgen kozel etik orystyn kozel sozinen konyshy zhibekten tigilip kogerispen kestelengen zhibek etik zhylkynyn sauyr terisinen zhaksy ondelip ilengen ote sapaly bylgarydan tigiletin koksauyr etik degen tүrleri bar Etiktin zhalpy sulbasy poshymyna karaj biz tumsyk etik үshkir tumsyk etik zhekej taban kumyrska bel degen tүrleri de bar Etiktin әsemdep sәndeluine karaj kesteli etik syrma etik zhibek kesteli etik okshesi konyraushylarmen әshekejlengen konyrauly etik konyshyna tumsygyna kajys nemese yzylgan bau tagylgan akmurtty etik degen tүrleri bolgan Etiktin bolikterinin erekshelikterine bajlanysty tүrleriMykshima koksauyr etik ҚR ҰM korynan Saptama etik ҚR ҰM korynan Etiktin tabany tүzu taban zhәne kisyk taban dep bolinedi Tүzu zhәne kisyk taban dep atalu sebebi etiktin on zhәne sol zhagy birdej etip pishilgen yagni etik pishkende on ayak kalyby sol ayakka da koldanylady Sondyktan etiktin sol ayak synarynyn tabany kisyk keledi Kigenim ayagyma zhekej taban zheke basyp zhүrgenim bul bir zaman dep halyk oleninde ajtalatyn zhekej taban etikter oksheli әdemi tigilgen zhenil etikter kataryna sanalady Zhaz mezgilinde atka mingende kietin tabany zhuka zhenil yksham әri sәndi etip tigilgen erekshe etikti zhekej etik dep atajdy Қostaban etiktin ereksheligi okshesi eki bosagaly bolady Kondi okshesinin shetin ajnaldyra nemese artky zhagyna zhapsyrady sir okshesine tireme kej zherde otyrma salady Er adamdarga arnalgan ondaj etik berik bolady Dәstүrli ortada tutynylgan etiktin konyshyna karaj zharma konysh etik sholakbas etik saptama etik konyshy tizeden asyp kara sanga dejin zhetetin etik zhyrym etik degen tүrleri bar Mundaj etikterdi erkekter kys mezgilinde kigen taramyspen koktep agash shegemen shegelengen үlken saptama men zharma konyshty etikter bagaly ayakkiim kataryna zhatady Atka minip tүsuge kolajlylyk tudyratyn at үstinde urys salu kezinde ayagyn үzengige tirej tүregelgende tayanysh bolyp ayaktyn үzengiden otip ketpeuin kamtamasyz etetin saktyk sharasy retinde үlken mindet atkaratyn etik oksheleri kejingi kezde pajda bolgan Etiktin okshesine karaj mykshima etik zhuan okshe kazyk okshe zhez okshe biik okshe alasalau bes taka etik zhәne zhajdak etik shonkajma etik alasa oksheli karapajym etik zhajtaban degen tүrleri ken koldanyska ie bolgan Saptama etiktin mykshima dep atalatyn tүrinin okshesinin tүbi zhuan zher basary zhinishke tumsygy zhogary karaj kajky biik oksheli bolyp keledi Erlerge arnalgan etiktin okshesine temir nәl tumsygyna taskagar ornatkan Er adamnyn ayagy men tize buynyn suyktan saktau үshin ilengen konnen tigiletin konyshy tizeden asatyn kys mausymyna arnalgan saptama etik ishine kiiz bajpak siyatyndaj konyshy ken әri biik bolady Zhaz mausymynda kietin toj merekege arnalgan saptamaga kok sauyr teri zhapsyryp oyu bastyryp әshekejlep tigedi Sal men seriler zhәne bozbalalarga arnalgan shazhamajy men erneui zhaksy bylgarymen astarlangan etikterdin ultanyna sykyrlap zhүrsin dep toz zhәne kүkirt salady Saptamaga uksas shonkajma dep atalatyn etiktin konyshy eki zhagynan zharmalanyp tizeden tomen okshesi biigirek әri tajky bolyp tigiledi Sondyktan ol zharma konysh dep te ajtyla beredi Bajpakpen shulgaumen kiiledi Қonyshyna tүrli ornek kestelengen oyuly etik dep atalatyn tүrin әjelder men aukatty adamdar kigen Etiktin biik okshe zharma konysh tiremeli koksauyr saptama zhumsak taban үshkil tumsyk shonkajma degen tүrleri bagaly ayakkiimge sanalgan Etiktin kyz kelinshekter kietin biik oksheli etik okshesi zhezben әshekejlengen zhez tojnakty oksheli etik degen tүrleri de bar DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterArgynbaev H Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987 Shojbekov R N Etikshilik onerine bajlanysty kejbir ataular Tiltanym 2006 3 Қazaktyn dәstүrli kiim keshekteri Ile halyk baspasy 2006 Қazaktyn dәstүrli kiim keshegi Ғylymi katalog kazak orys agylshyn tilderinde Ғylymi redaktor zhәne zhoba zhetekshisi Nursan Әlimbaj Almaty Өner 2009 Starostina O V Obuv v tradicionnoj kulture narodov Srednej Azii i Kazahstana HIH pervaya tret HH v Avto referat Sankt Peterburg 2009 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan