Ер-тұрман – мініс-көлік малына салт мінетін ер әбзелдерінің кешенді атауы. Ер-тұрман "ер-тоқым" деп те аталады.
Тарихи дәстүр
Ер-тұрман – көне заманнан бүгінге жеткен көшпелілер тұрмысында зор маңызға ие болған заттық мәдениеттің айрықша үлгісі. Ердің шаруашылық маңызымен қатар ғұрыптық мәні де ерекше. Ертеректе отты қарудың жетілдірілген түрі шыққанға дейін көшпелілер қоғамында салт атты жауынгерлердің жауынгерлік қимылдарына лайықталған ер-тұрманның алар орны ерекше болды. Сондықтан көшпелі тұрмыс және әскери жорық қажеттілігіне байланысты ер-тұрман жабдықтары үнемі жетілдіріліп отырды. Ер-тұрманның негізінен атқа жайлы болу жағы басты шарт болған.
Ер-тұрманның құрамдас бөліктері
Ер-тұрман ердің қаңқасы тоқым, желдік, тебінгі, айыл, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, жүген, ноқта, жабу, тұсау, шідер, қамшы және т.б. тәрізді құрамдас бөліктерден тұрады. Атқа салт мінуге қажетті мұндай әбзел-жабдықтар халық тілінде жалпылама түрде ер әбзел, ат-жабдық, ат-сайман, ат әбзелі, ат-тұрман, ер-тоқым, айыл-тұрман, ат-анжам деп түрліше аталады.
- Тоқым әдетте киізден сырыла, айнала жиегі шұға, барқыт секілді қымбат маталармен көмкеріле, сырты түгелдей былғарымен қаптала жасалады. Осыған байланысты тоқымдар киіз тоқым, сырма тоқым, көмкерме тоқым, былғары тоқымдеген түрлерге бөлінеді. Тоқым құрамына тебінгі, тоқым, ішпек, ішкілік, терлік,өң тәрізді төсеніш жабдықтар кіреді. Тоқымның кейбір түрлерін тек ершілер жасаған. Ер-тұрманның ат арқасына батпауын қамтамасыз ететін тоқым, әдетте, киізден сырып тігіледі де, кейде оның айнала жиегі матамен көмкеріледі, ал кейбір тоқымның сырты түгелдей былғарымен жабылады. Сонда сырылған киіз былғары тоқымның астары сияқты болып шығады. Былғарымен қапталмаған сырма тоқымдарды әйелдер де тіге береді, ал былғары тоқым тек ершілер қолынан шыққан. Тоқымның көлемі де, пішілу кескіні де әртүрлі болады. Әйел еріне арналған тоқымдар үлкен (көлемі 140-150х50-65 см) болып, көркем әшекейленеді. Ал еркектердің еріне арналған тоқымдар ықшамдау (көлемі 90-100х50-55 см) келеді. Халық арасында тоқымның әшекейленген ақ тоқым, былғары тоқым, желқом, жона, айыр жона, киіз тоқым, былғары тоқым, желқом, жона, айыр жона, көк жона, киіз тоқым, құрым тоқым, олбыр тоқым, сырма тоқым, ішкілік, терлік, ішпек, ойма ішпек, қағыр және т.б. түрлері ұшырасады. Тоқымның көлемі мен пішіні оның қандай ерге арналғандығына байланысты болып келеді. Киіз тоқымды былғарымен қаптап, ою-өрнектер шабылып, күміс әшекейлер қондырылатын, ат тұрмандарының ішіндегі ең бір сәндісі – былғары тоқымның екі түрі болған: оймалы былғары тоқым және тұтас былғары тоқым. Тұтас былғары тоқым көбінесе әйелдерге арналады. Сондай-ақ сал мен серілер және елағасы атанғандар да былғары тоқымды пайдаланған.
- Тебінгі – төмен қарай жалғастырыла тігілген немесе тағылған, шалбардың балағын, аяқкиімді аттың терінен сақтайтын жалпақ қалың былғары. Тебінгі жасағанда алдымен киізді арнаулы үлгімен пішіп алады да, былғарысын одан сәл артықтау етіп пішіп жиегін астына қарай емеріп қайып тігеді. Тебінгі үлгі-пішіні, үлкен-кішілігі, ою-өрнегі, неден жасалғаны, қалай құрастырылғанына қарай бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі аталады. Қыздар мен әйел адамдардың тебінгілері өте бай өрнектеліп, әшекейленеді.
- Ішпек – ат арқасына ердің батпауы үшін тебінгі тоқым астынан салынатын аттың арқасын зақымдалудан қорғайтын жұмсақ төсеніш. Ішпек екі қабат киізден алды-арты көмкеріліп жасалады. Көлемі жағынан екі жаны ердің қапталымен сынық сүйем артылып төмен түседі, алды-арты тебінгі тоқымынан екі елідей шығып көрініп тұрады.
- Ішкілік – ішпек астынан салынатын өте жұмсақ таза талдырмадан жасалған көлемі ішпектей ғана жалаң төрткүл киіз. Аттың денесіне тіке түсетін ең соңғы қабат ат арқасының тері сіңетін болғандықтан оны көбінесе терлік деп те, өң деп те атайды. Терлік көбінесе қозы, лақ терісінен, қылқадан, қарақұйрық терісінен, жұмсақ иленген ешкі жарғағынан кейде жабағыдан жасалады. Тоқым жұқа, жалаң болса, оның астына терлік, үстіне желдік салынады.
- Желдік – тоқымның үстінен, ердің екі қапталының астынан қойылатын, қаптал ағашын ат арқасына тигізбей тұратын екі бөлек жабдық. Желдікті көбінесе құранды, қозықұйрық және шошақбас ерлер секілді қапталдарының көлемі шағын ерлерге арнап жасайды.
- Жона – аттың арқасын ердің қажауынан қорғап тұру үшін ердің екі қапталына ғана келетіндей етіп былғарыдан жасалатын ықшам келген қалың тоқым.
- Аткөрпе, атжабу көпшік – ердің үстіне жабылатын жұмсақ жамылғы. Көпшікті дорбашалап, былғарыдан немесе қалың көрпеден ішіне қоға, жүн, сабан салып дайындаған.
- Кежім – жүйрік атқа жабатын, оюлап әшекейленген, жұқа шүберек жамылғы.
- Жабу – атты суықтан қорғау үшін жабатын киіз, көрпе, жамылғы. Бәйгеге қосылатын аттың арам терін алу үшін де қатты желдіртіп, кейін жылы жабумен орап, терін шығарады.
- Үзеңгі – атқа мінуге, ер үстінде отырғанда екі аяқты тіреп орнықты отыруға, әрі тебінуге мүмкіндік беретін әбзел. Қазақ ершілерінің ағаш, темір, қола сияқты материалдар-дан жасаған үзеңгісі үзеңгібау, тепкішек деп аталатын бөліктерден тұрады. Үзеңгібау өткізуге арналған үзеңгінің екі қапталдағы тесігі ені бір елі, ұзындығы екі-үш елі шамасында болады.
- Жүген – мініс атының басына кигізілетін ат басын қалаған жаққа бұруға, тежеуге көлікті адам ырқына көндіруге қажетті әбзел. Жүген ауыздық, тізгін және шыл-быр тәрізді негізгі және олардың құраушы ондаған ұсақ бөлшектерден тұрады. Қазақ әбзелшілері жүгенді оның өрілу техникасы мен безендірілуіне қарай көптеген түрлерге бөлген. Әбзелге қатысты деректер мен мәліметтерде өрме жүген, алтын жүген, шашақ жүген, күміс жүген, бесқасқа жүген, былғары жүген, жетіқасқа жүген, құр жүген, қайыс жүген, үкілі жүген, түйме жүген, шытырмалы жүген, күмбезді жүген және т.б. толып жатқан түрлері аталады және олар әбзелшінің шеберлік өресі мен қиялына сай түрлендіріп жасалады.
- Құйысқан – ат арқасына салынған ер-тоқым мойнына қарай сырғып кетпеу үшін аттың құйрық түбінің астынан өткізіліп, ерге бекітілетін әбзел. Құйысқан екі жақтау, жаңбырлықтағы екі салпыншақ, үзбе бір боқтық және бір сауыр үзбе деп аталатын бөліктерден тұрады. Құйысқан ер қапталының артқы жағындағы құйысқандық деп аталатын шығыршық арқылы ерге бекітіледі.
- Өмілдірік. Ер-тоқымның артқа қарай сырғып кетпеуі үшін ат омырауына тағылатын әбзел – өмілдіріктің әйел және ерлер ер-тұрмандарына арналған түрлері болады. Ерлер өмілдірігі екі жақтау, жырым, айылбас және салпыншақтан тұрады. Кейбір өмілдірікте ердің екі қапталындағы өмілдірік пен құйысқанды бекітетін қайыс бүлдіргі төсбау болады. Төсбаудың бір ұшы өмілдірікке, екінші ұшы төс айылға ілінеді. Өмілдірік пен құйысқан жасалу материалына, техникасына, пошым үлгісіне қарай қайыс, өрмелі, былғары, түймелі, үзбелі, шы-тыралы, алтын, күміс т.б. түрлерге жіктеледі. Кейде бұндай әбзел омыраулық, омырау бау, төстік бау, алқа бау т.б. деп аталады.
- Пыстан – көпшік немесе ат көрпенің үстінен баса тар-тылатын тұрман. Пыстанның жалпақ тұсы ер қапталының үзеңгілігіне дейін келетін етіліп жасалады. Оның ұштары төс айылға жалғаса бекітіледі. Ені 3-4 елідей. Көпшік пен аткөрпені басып, ердің алдыңғы-артқы қасына кигізіле са-лынатын қайыс бауы болады, оны бастырма, көпшік, көрпе бастырма, пыстан бау деп түрліше атайды. Ердің алды-артында, қапталдың қастан асып тұрған қанжығалық бөлігі төртеу болады және онда екі-екіден сегіз тесік тесіледі. Әр екі тесікке таспаланып өткізілген бір жұп бүлдірге қанжыға деп аталады. Канжыға ердің алдыңғы және артқы жағына қоржын-қопсақ бөктеруге арналған.
- Айыл – ер-тоқымды бекіту үшін аттың бауырынан орай тартылатын, құрдан немесе қайыстан қабатталып тігілген немесе өріп жасалған тоғалы тартпа. Әр ерде екі-үштен айыл болады.
Ер-тұрман дайындау
Бірнеше сатыдан тұратын, ұзақ уақыт алатын күрделі технологиялық үрдіс. Себебі ер-тұрман жасауға ағаш, тері, металл материалдар таңдау, оларды өңдеу, дайындау айрықша біліктілікті талап етеді. Бұл үрдіс ерге ағаш таңдау, ер ағашын шабу, құрастыру, тұрман, әбзелдерін жасау тәрізді бірнеше сатыдан тұрады. Егер лайықты, үлкен ағаш кездескен жағдайда, ердің ағашын бітеу шабатын болған. Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлеріндегі ершілер ердің қастарын жуан қайыңның шірімеген түбінен шабады. Себебі мұндай ерлер сапалы, әрі берік болады.
Ер-тұрман материалдары
Ерді құрастыруға және ердің құрамдас бөліктерін жасауға қажетті ағаш, темір, тері, көн, былғары, тарамыс, киіз, мүйіз, сүйек, алтын, күміс, мыс, жез, тоз, шыны, асыл тас, жүн тәрізді табиғи заттар қолданылды. Ер қосушылар қолданатын мұндай материалдардың дұрыс таңдалуы қазақ ершілерінің шеберлік деңгейін көрсетеді. Ершілікте қолданылатын материалдарды қатты материалдар және жұмсақ материалдар деп бөлуге болады. Ершілердің көбі материалдардың осы екі түрімен де шебер жұмыс істей білген. Ер-тұрман жасауда малдың көн терісін пайдаланады. Қайыс – иленген теріден өңделіп жасалған таспа. Иі қанып шыққан теріні көлеңкеде сорғытып, дегдітіп алып, талқыға салып жұмсартады. Кейде теріні ағаш жаңғырықтың үстіне салып, қол тоқпақпен соғу жолымен де жұмсартады, шелдейді. Қайыстан айыл, жүген, тізгін, шылбыр, қанжыға, ноқта, қамшы, тұсамыс, құлақбау, шідер, шілия сияқты т.б. ер-тұрман жабдығының қолданыстық маңызы айырықша элементтері жасалды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап сырттан келетін былғарының таралуына байланысты ер тұрманға былғары түрлерін қолдану кең өріс алды. Былғарыдан тоқым, шашақ, айыл, жүген тәрізді ер-тұрмен бөліктері дайындалды. Ер-тұрман түрлерін сәндеуге ертеде Түркістан өлкесінде айрықша технология бойынша жылқының сауыр терісінен жасалған жасыл, көк түстерге боялған "көксауыр" тері пайдаланылған. Көксауырдан жасалған тұрман жоғары бағаланған.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Масанов Э.А. Кузнечное и ювелирное ремесло в казахском ауле (вторая половина ХІХ – начало ХХ вв.) ТИИФЭ АН КазССР. Т.12. Алма-Ата, 1961. С.147-151;
- Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
- Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
- Хозяйства казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алматы: Наука, 1980;
- Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
- Бабалықұлы Ж. Ер тоқым. Ер қанаты. Жинақ. Құраст.: Ж.Аупбаев. Алматы: Қайнар, 1987. 259-278 бб.;
- Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991;
- Нүркеұлы Қ. Ұлттық мирас – ата мұра. Өлгий. 1991;
- Жетiбаев Ж.М. Маңғыстау және Үстірт қазақтарының халық суреттерiндегi қару-жарақтар. ҚР ҰҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1993. №5. 61-68-бб.;
- Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995: K.Péter. Szelek szárnyán. A sztyeppei nomádok lovas-kultúrája. Arkadas, 2003;
- Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап 2005;
- Кәмалашұлы Б., Ошанов О. Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпындағы ерекшеліктер. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Құраст.: С.Е. Әжіғали. Алматы: Арыс, 2005. 226-245-бб.;
- Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007;
- Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы: Алматыкітап, 2010.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Er turman minis kolik malyna salt minetin er әbzelderinin keshendi atauy Er turman er tokym dep te atalady Er turman kurylymyTarihi dәstүrEr turman kone zamannan bүginge zhetken koshpeliler turmysynda zor manyzga ie bolgan zattyk mәdeniettin ajryksha үlgisi Erdin sharuashylyk manyzymen katar guryptyk mәni de erekshe Erterekte otty karudyn zhetildirilgen tүri shykkanga dejin koshpeliler kogamynda salt atty zhauyngerlerdin zhauyngerlik kimyldaryna lajyktalgan er turmannyn alar orny erekshe boldy Sondyktan koshpeli turmys zhәne әskeri zhoryk kazhettiligine bajlanysty er turman zhabdyktary үnemi zhetildirilip otyrdy Er turmannyn negizinen atka zhajly bolu zhagy basty shart bolgan Er turmannyn kuramdas bolikteriҚujyskan bolikteri Өmildirik kurylysy Er turman erdin kankasy tokym zheldik tebingi ajyl kujyskan omildirik үzengi zhүgen nokta zhabu tusau shider kamshy zhәne t b tәrizdi kuramdas bolikterden turady Atka salt minuge kazhetti mundaj әbzel zhabdyktar halyk tilinde zhalpylama tүrde er әbzel at zhabdyk at sajman at әbzeli at turman er tokym ajyl turman at anzham dep tүrlishe atalady Tokym әdette kiizden syryla ajnala zhiegi shuga barkyt sekildi kymbat matalarmen komkerile syrty tүgeldej bylgarymen kaptala zhasalady Osygan bajlanysty tokymdar kiiz tokym syrma tokym komkerme tokym bylgary tokymdegen tүrlerge bolinedi Tokym kuramyna tebingi tokym ishpek ishkilik terlik on tәrizdi tosenish zhabdyktar kiredi Tokymnyn kejbir tүrlerin tek ershiler zhasagan Er turmannyn at arkasyna batpauyn kamtamasyz etetin tokym әdette kiizden syryp tigiledi de kejde onyn ajnala zhiegi matamen komkeriledi al kejbir tokymnyn syrty tүgeldej bylgarymen zhabylady Sonda syrylgan kiiz bylgary tokymnyn astary siyakty bolyp shygady Bylgarymen kaptalmagan syrma tokymdardy әjelder de tige beredi al bylgary tokym tek ershiler kolynan shykkan Tokymnyn kolemi de pishilu keskini de әrtүrli bolady Әjel erine arnalgan tokymdar үlken kolemi 140 150h50 65 sm bolyp korkem әshekejlenedi Al erkekterdin erine arnalgan tokymdar ykshamdau kolemi 90 100h50 55 sm keledi Halyk arasynda tokymnyn әshekejlengen ak tokym bylgary tokym zhelkom zhona ajyr zhona kiiz tokym bylgary tokym zhelkom zhona ajyr zhona kok zhona kiiz tokym kurym tokym olbyr tokym syrma tokym ishkilik terlik ishpek ojma ishpek kagyr zhәne t b tүrleri ushyrasady Tokymnyn kolemi men pishini onyn kandaj erge arnalgandygyna bajlanysty bolyp keledi Kiiz tokymdy bylgarymen kaptap oyu ornekter shabylyp kүmis әshekejler kondyrylatyn at turmandarynyn ishindegi en bir sәndisi bylgary tokymnyn eki tүri bolgan ojmaly bylgary tokym zhәne tutas bylgary tokym Tutas bylgary tokym kobinese әjelderge arnalady Sondaj ak sal men seriler zhәne elagasy atangandar da bylgary tokymdy pajdalangan Tebingi tomen karaj zhalgastyryla tigilgen nemese tagylgan shalbardyn balagyn ayakkiimdi attyn terinen saktajtyn zhalpak kalyn bylgary Tebingi zhasaganda aldymen kiizdi arnauly үlgimen piship alady da bylgarysyn odan sәl artyktau etip piship zhiegin astyna karaj emerip kajyp tigedi Tebingi үlgi pishini үlken kishiligi oyu ornegi neden zhasalgany kalaj kurastyrylganyna karaj bir birine uksamajtyn erekshelikterine bajlanysty әrtүrli atalady Қyzdar men әjel adamdardyn tebingileri ote baj ornektelip әshekejlenedi Ishpek at arkasyna erdin batpauy үshin tebingi tokym astynan salynatyn attyn arkasyn zakymdaludan korgajtyn zhumsak tosenish Ishpek eki kabat kiizden aldy arty komkerilip zhasalady Kolemi zhagynan eki zhany erdin kaptalymen synyk sүjem artylyp tomen tүsedi aldy arty tebingi tokymynan eki elidej shygyp korinip turady Ishkilik ishpek astynan salynatyn ote zhumsak taza taldyrmadan zhasalgan kolemi ishpektej gana zhalan tortkүl kiiz Attyn denesine tike tүsetin en songy kabat at arkasynyn teri sinetin bolgandyktan ony kobinese terlik dep te on dep te atajdy Terlik kobinese kozy lak terisinen kylkadan karakujryk terisinen zhumsak ilengen eshki zhargagynan kejde zhabagydan zhasalady Tokym zhuka zhalan bolsa onyn astyna terlik үstine zheldik salynady Zheldik tokymnyn үstinen erdin eki kaptalynyn astynan kojylatyn kaptal agashyn at arkasyna tigizbej turatyn eki bolek zhabdyk Zheldikti kobinese kurandy kozykujryk zhәne shoshakbas erler sekildi kaptaldarynyn kolemi shagyn erlerge arnap zhasajdy Zhona attyn arkasyn erdin kazhauynan korgap turu үshin erdin eki kaptalyna gana keletindej etip bylgarydan zhasalatyn yksham kelgen kalyn tokym Atkorpe atzhabu kopshik erdin үstine zhabylatyn zhumsak zhamylgy Kopshikti dorbashalap bylgarydan nemese kalyn korpeden ishine koga zhүn saban salyp dajyndagan Kezhim zhүjrik atka zhabatyn oyulap әshekejlengen zhuka shүberek zhamylgy Zhabu atty suyktan korgau үshin zhabatyn kiiz korpe zhamylgy Bәjgege kosylatyn attyn aram terin alu үshin de katty zheldirtip kejin zhyly zhabumen orap terin shygarady Үzengi atka minuge er үstinde otyrganda eki ayakty tirep ornykty otyruga әri tebinuge mүmkindik beretin әbzel Қazak ershilerinin agash temir kola siyakty materialdar dan zhasagan үzengisi үzengibau tepkishek dep atalatyn bolikterden turady Үzengibau otkizuge arnalgan үzenginin eki kaptaldagy tesigi eni bir eli uzyndygy eki үsh eli shamasynda bolady Zhүgen minis atynyn basyna kigiziletin at basyn kalagan zhakka buruga tezheuge kolikti adam yrkyna kondiruge kazhetti әbzel Zhүgen auyzdyk tizgin zhәne shyl byr tәrizdi negizgi zhәne olardyn kuraushy ondagan usak bolshekterden turady Қazak әbzelshileri zhүgendi onyn orilu tehnikasy men bezendiriluine karaj koptegen tүrlerge bolgen Әbzelge katysty derekter men mәlimetterde orme zhүgen altyn zhүgen shashak zhүgen kүmis zhүgen beskaska zhүgen bylgary zhүgen zhetikaska zhүgen kur zhүgen kajys zhүgen үkili zhүgen tүjme zhүgen shytyrmaly zhүgen kүmbezdi zhүgen zhәne t b tolyp zhatkan tүrleri atalady zhәne olar әbzelshinin sheberlik oresi men kiyalyna saj tүrlendirip zhasalady Қujyskan at arkasyna salyngan er tokym mojnyna karaj syrgyp ketpeu үshin attyn kujryk tүbinin astynan otkizilip erge bekitiletin әbzel Қujyskan eki zhaktau zhanbyrlyktagy eki salpynshak үzbe bir boktyk zhәne bir sauyr үzbe dep atalatyn bolikterden turady Қujyskan er kaptalynyn artky zhagyndagy kujyskandyk dep atalatyn shygyrshyk arkyly erge bekitiledi Өmildirik Er tokymnyn artka karaj syrgyp ketpeui үshin at omyrauyna tagylatyn әbzel omildiriktin әjel zhәne erler er turmandaryna arnalgan tүrleri bolady Erler omildirigi eki zhaktau zhyrym ajylbas zhәne salpynshaktan turady Kejbir omildirikte erdin eki kaptalyndagy omildirik pen kujyskandy bekitetin kajys bүldirgi tosbau bolady Tosbaudyn bir ushy omildirikke ekinshi ushy tos ajylga ilinedi Өmildirik pen kujyskan zhasalu materialyna tehnikasyna poshym үlgisine karaj kajys ormeli bylgary tүjmeli үzbeli shy tyraly altyn kүmis t b tүrlerge zhikteledi Kejde bundaj әbzel omyraulyk omyrau bau tostik bau alka bau t b dep atalady Pystan kopshik nemese at korpenin үstinen basa tar tylatyn turman Pystannyn zhalpak tusy er kaptalynyn үzengiligine dejin keletin etilip zhasalady Onyn ushtary tos ajylga zhalgasa bekitiledi Eni 3 4 elidej Kopshik pen atkorpeni basyp erdin aldyngy artky kasyna kigizile sa lynatyn kajys bauy bolady ony bastyrma kopshik korpe bastyrma pystan bau dep tүrlishe atajdy Erdin aldy artynda kaptaldyn kastan asyp turgan kanzhygalyk boligi torteu bolady zhәne onda eki ekiden segiz tesik tesiledi Әr eki tesikke taspalanyp otkizilgen bir zhup bүldirge kanzhyga dep atalady Kanzhyga erdin aldyngy zhәne artky zhagyna korzhyn kopsak bokteruge arnalgan Ajyl er tokymdy bekitu үshin attyn bauyrynan oraj tartylatyn kurdan nemese kajystan kabattalyp tigilgen nemese orip zhasalgan togaly tartpa Әr erde eki үshten ajyl bolady Er turman dajyndauBirneshe satydan turatyn uzak uakyt alatyn kүrdeli tehnologiyalyk үrdis Sebebi er turman zhasauga agash teri metall materialdar tandau olardy ondeu dajyndau ajryksha biliktilikti talap etedi Bul үrdis erge agash tandau er agashyn shabu kurastyru turman әbzelderin zhasau tәrizdi birneshe satydan turady Eger lajykty үlken agash kezdesken zhagdajda erdin agashyn biteu shabatyn bolgan Қazakstannyn ortalyk zhәne soltүstik onirlerindegi ershiler erdin kastaryn zhuan kajynnyn shirimegen tүbinen shabady Sebebi mundaj erler sapaly әri berik bolady Er turman materialdary Erdi kurastyruga zhәne erdin kuramdas bolikterin zhasauga kazhetti agash temir teri kon bylgary taramys kiiz mүjiz sүjek altyn kүmis mys zhez toz shyny asyl tas zhүn tәrizdi tabigi zattar koldanyldy Er kosushylar koldanatyn mundaj materialdardyn durys tandaluy kazak ershilerinin sheberlik dengejin korsetedi Ershilikte koldanylatyn materialdardy katty materialdar zhәne zhumsak materialdar dep boluge bolady Ershilerdin kobi materialdardyn osy eki tүrimen de sheber zhumys istej bilgen Er turman zhasauda maldyn kon terisin pajdalanady Қajys ilengen teriden ondelip zhasalgan taspa Ii kanyp shykkan terini kolenkede sorgytyp degditip alyp talkyga salyp zhumsartady Kejde terini agash zhangyryktyn үstine salyp kol tokpakpen sogu zholymen de zhumsartady sheldejdi Қajystan ajyl zhүgen tizgin shylbyr kanzhyga nokta kamshy tusamys kulakbau shider shiliya siyakty t b er turman zhabdygynyn koldanystyk manyzy ajyryksha elementteri zhasaldy HIH gasyrdyn ekinshi zhartysynan bastap syrttan keletin bylgarynyn taraluyna bajlanysty er turmanga bylgary tүrlerin koldanu ken oris aldy Bylgarydan tokym shashak ajyl zhүgen tәrizdi er turmen bolikteri dajyndaldy Er turman tүrlerin sәndeuge ertede Tүrkistan olkesinde ajryksha tehnologiya bojynsha zhylkynyn sauyr terisinen zhasalgan zhasyl kok tүsterge boyalgan koksauyr teri pajdalanylgan Koksauyrdan zhasalgan turman zhogary bagalangan DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterMasanov E A Kuznechnoe i yuvelirnoe remeslo v kazahskom aule vtoraya polovina HIH nachalo HH vv TIIFE AN KazSSR T 12 Alma Ata 1961 S 147 151 Tәzhimuratov Ә Sheberdin koly ortak Almaty Қazakstan 1977 Mukanov S Halyk murasy tarihi etnografiyalyk sholu Tandamaly shygarmalar HV tom Almaty Zhazushy 1979 Hozyajstva kazahov na rubezhe HIH HH vekov Materialy k istoriko etnograficheskomu atlasu Almaty Nauka 1980 Argynbaev H Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987 Babalykuly Zh Er tokym Er kanaty Zhinak Қurast Zh Aupbaev Almaty Қajnar 1987 259 278 bb Shojbekov R N Қazak zergerlik onerinin sozdigi Almaty Ғylym 1991 Nүrkeuly Қ Ұlttyk miras ata mura Өlgij 1991 Zhetibaev Zh M Mangystau zhәne Үstirt kazaktarynyn halyk suretterindegi karu zharaktar ҚR ҰҒA habarlary Қogamdyk gylymdar seriyasy 1993 5 61 68 bb Қasimanov S Қazak halkynyn koloneri Almaty Қazakstan 1995 K Peter Szelek szarnyan A sztyeppei nomadok lovas kulturaja Arkadas 2003 Shokparuly D Teriden zhasalatyn bujymdardy kurastyru tehnologiyasy Almaty Kitap 2005 Kәmalashuly B Oshanov O Mongoliya kazaktarynyn salt dәstүri men әdet gurpyndagy erekshelikter Қazak halkynyn dәstүrleri men әdet guryptary 1 tom Birtutastygy zhәne ereksheligi Қurast S E Әzhigali Almaty Arys 2005 226 245 bb Shokparuly D Dәrkembajuly D Қazaktyn koldanbaly oneri Almaty Almatykitap 2007 Toktabaj A Қazak zhylkysynyn tarihy Almaty Almatykitap 2010