Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.
Басқа да психикалық процестер (ойлау, ес, түйсіну) сияқты елестетудің анализдік-синтездік сипаты бар. Жадының негізгі беталысы бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілерді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Елестетудің негізгі беталыстары — Жады түсініктерін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағдайының жасалуын қамтамасыз ету. Елестету — болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Елестету арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетімен түбегейлі айырмашылығы болып табылады. Елестету белсенді және енжар елестету болып сараланады. Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананың патологиялық бұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді. Белсенді елестету шығармашылық және жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде қарекеттің бірегей және бағалы өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Еңбекте пайда болған елестету — кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бөлігі. Елестету дереу практикалық іс-әрекетте жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек-қалаудағы болашақ бейнелерді жасауға, яғни армандауға саятын ерекше бір іштей қарекет нысанында болады. Арман қарекетті түрлендірудің қажетті шарты, түпкілікті орындалуы қайсыбір себептермен кейінге қалдырылған қарекеттің ынталандырушы себеп-түрткісі. Жаңғыртушы елестетудің негізі — сипаттамаға сәйкес бейнелер жасау. Кеңістіктік елестету сызбаларды зерделеу және т.б. жағдайда қолданылады. Тұлғаның даму деңгейі көбіне оның құрылымында елестетудің қай түрі басым болуына байланысты. Егер жеткіншекте нақты әлеуметтік маңызы бар қарекетке жүзеге асатын шығармашылық елестету құрғақ қиялдардан басым болса, тұлғаның неғұрлым жоғары деңгейде дамуын көрсетеді. Баланың елестетуі оның қарекетінің әр алуан түрлерінде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалық кезең бойынша баланың елестетуі сыртқы тіректі (ең алдымен, ойыншықты) керексінетін қарекеттен өз алдына ішкі қарекетке біртіндеп ауысады да қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шығару) және бейнелеу (сурет) шығармашылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Елестету сөйлеуді меңгерумен байланысты. Демек, үлкендермен қарым-қатынас процесінде дамиды. Сөйлесу балаларға өз тәжірибесінде ешқашан болмаған заттарды елестетуіне мүмкіндік береді. Баланың сөйлесуіндегі кінәраттар, кешеуілдеу елестетуінің дамуына әсер етіп, оны азайтады. Мектепке дейінгі жаста елестету қоғамдық тәжірибені меңгерудің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ересек адамның елестету арқылы айналадағы дүниені игеруіне себептеседі. Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Баланы оқуға, жазуға анық, дәл елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсені кейін қажет болатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру олардың оқу әрекетіне дайындалуының негізгі шарты екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.
Дереккөздер
- Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Elestetu Eles burynnan bar tәzhiribe negizinde zhana tүsinikter ojlar men bejneler zhasauga sayatyn psihikalyk process Elestetu subektinin zattyk kareketinin kuraldary men nәtizhesin ojsha kurudan mәselelik zhagdaj belgisiz sipatta bolganda is әreket bagdarlamasyn zhasaudan kareketti bagdarlamaj almastyratyn tәrizdendiretin bejneler shygarudan obektinin bejnelerin zhasaudan korinedi Baska da psihikalyk procester ojlau es tүjsinu siyakty elestetudin analizdik sintezdik sipaty bar Zhadynyn negizgi betalysy burynyrakta kabyldanyp ugynylgan zhagdajlardy obektilerdi barynsha dәlme dәl zhangyrtu Elestetudin negizgi betalystary Zhady tүsinikterin tүrlendiru tүptep kelgende buryn pajda bolmagan ojlau zhagdajynyn zhasaluyn kamtamasyz etu Elestetu bolmysty zhana ushtasular men bajlanystarda bejneleu Elestetudin en manyzdy mәni sonda ol enbek bastalganga dejin onyn nәtizhelerin koz aldyna keltiruge mүmkindik beredi osy arkyly kareket procesinde adamdy bagdarlajdy Elestetu arkyly enbektin tүpki ne aralyk onimnin modelin zhasau olardyn zattyk zhүzege asyryluyna zhagdaj zhasajdy Elestetu arkyly kүtiletin nәtizheni koz aldyna keltiru adam enbeginin zhanuarlardyn tүjsiktik әreketimen tүbegejli ajyrmashylygy bolyp tabylady Elestetu belsendi zhәne enzhar elestetu bolyp saralanady Enzhar elestetude pәrmendilik zhok ogan omirde zhүzege aspajtyn bejneler iske aspajtyn tipti iske asuy mүmkin emes bagdarlamalar zhasau tәn Әdeji emes enzhar elestetu sana kareketi bosansyganda ujyktaganda kalgyp shulgyp ujkyly oyau otyrganda sananyn patologiyalyk buzyluy kezinde bajkalady Әdejilep enzhar elestetuden erik zhigermen bajlanysty emes bejneler kurgak kiyaldar tuyndajdy Elestetu procesterinde kurgak kiyaldyn basymdygy tulganyn damuynda kemistikter bar ekenin korsetedi Belsendi elestetu shygarmashylyk zhәne zhangyrtushylyk boluy mүmkin Shygarmashylyk elestetude karekettin biregej zhәne bagaly onimderinde zhүzege asatyn bejneler zhasalady Enbekte pajda bolgan elestetu kez kelgen shygarmashylyktyn azhyragysyz boligi Elestetu dereu praktikalyk is әrekette zhүzege asa bermejdi Kejde ol tilek kalaudagy bolashak bejnelerdi zhasauga yagni armandauga sayatyn erekshe bir ishtej kareket nysanynda bolady Arman kareketti tүrlendirudin kazhetti sharty tүpkilikti oryndaluy kajsybir sebeptermen kejinge kaldyrylgan karekettin yntalandyrushy sebep tүrtkisi Zhangyrtushy elestetudin negizi sipattamaga sәjkes bejneler zhasau Kenistiktik elestetu syzbalardy zerdeleu zhәne t b zhagdajda koldanylady Tulganyn damu dengeji kobine onyn kurylymynda elestetudin kaj tүri basym boluyna bajlanysty Eger zhetkinshekte nakty әleumettik manyzy bar kareketke zhүzege asatyn shygarmashylyk elestetu kurgak kiyaldardan basym bolsa tulganyn negurlym zhogary dengejde damuyn korsetedi Balanyn elestetui onyn kareketinin әr aluan tүrlerinde kalyptasady Mektepke dejingi balalyk kezen bojynsha balanyn elestetui syrtky tirekti en aldymen ojynshykty kereksinetin kareketten oz aldyna ishki kareketke birtindep auysady da karapajym sozdik ertegi takpak shygaru zhәne bejneleu suret shygarmashylygyn zhүzege asyruga mүmkindik beredi Elestetu sojleudi mengerumen bajlanysty Demek үlkendermen karym katynas procesinde damidy Sojlesu balalarga oz tәzhiribesinde eshkashan bolmagan zattardy elestetuine mүmkindik beredi Balanyn sojlesuindegi kinәrattar kesheuildeu elestetuinin damuyna әser etip ony azajtady Mektepke dejingi zhasta elestetu kogamdyk tәzhiribeni mengerudin en manyzdy sharttarynyn biri bolyp tabylady Eresek adamnyn elestetu arkyly ajnaladagy dүnieni igeruine sebeptesedi Oku procesinde balalardyn elesin tәrbieleuge үlken mәn beriledi Balany okuga zhazuga anyk dәl elestersiz үjretu mүmkin emes Elester kabyldaudyn negizinde kalyptasyp otyrady Okushy ozi bajkap otyrgan nәrseni kejin kazhet bolatyndygyn sezinetin bolsa onyn elesi de tiyanakty kalyptasady Mektep zhasyna dejingi balalardyn elesterin damytyp otyru olardyn oku әreketine dajyndaluynyn negizgi sharty ekendigi ata analardyn esterinde boluy tiis DerekkozderZhantanu ataularynyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2006 384 bet ISBN 9965 409 98 6Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet