Елді мекендерді санитарлық қорғау – тұрғындар денсаулығын қорғауға бағытталған коммуналдық гигиена.
Тұрмыстық қалдықтар түрлері
Тұрмыстық қалдықтар сұйық және қатты болып бөлінеді:
- сұйық қалдықтар – тамақты пісіруден қалған жуындылар, дәретханалардың шұңқырынан шығатын сұйық қалдықтар, ыдысты, еденді, кірді жуғаннан пайда болатын кір сулар мен канализация жүйесі арқылы шығатын ағынды сулар;
- қатты қалдықтар – үйден шыққан қоқыстар, көше сыпырындылары, қоғамдық тамақтану және сауда нысандарының қоқыстары.
Қатты тұрмыстық қалдықтар
Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) компоненттік құрамы әр түрлі болады: қағаз, картон, ағаш, металл, тоқыма заттар, сүйектер, әйнектер, желім, тас, полимерлі материалдар, тамақ қалдықтары және көше сыпырындылары. Қалдықтардың морфологиялық құрамы жылдың мезгіліне және аймақтың климатына байланысты. Бірақ кез келген жағдайда қатты тұрмыстық қалдықтардың көп бөлігі қағаздар (30 %-ке дейін) және тамақ қалдықтары (45 %-ке дейін) болып келеді.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың орташа құрамы:
- Қағаз, картон - 20-28 %
- Тамақ қалдықтары - 35-45 %
- Ағаш - 1-3 %
- Металл - 1,7-2,3 %
- Тоқыма заттар - 4-7 %
- Сүйектер - 1,2-2 %
- Шыны - 3-6 %
- Тері, желім - 1-3 %
- Тастар - 1-2 %
- Пластмасса - 1,5-2,5 %
- Көше сыпырындылары - 10-18 %, тағы басқалар - 1-2 %
Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамына елді мекендердің орналасу дәрежесі де (канализациялануы, жылыту жүйесінің түрі, газбен қаматамасыз етілуі), және тамақ қалдықтарын, шыны ыдыстарды және екінші шикізаттарды жинау жағдайы да әсер етеді:
- канализацияланбаған аудандардың қалдықтарының ылғалдылығы жоғары болғандықтан өте тығыз болады;
- жергілікті жылыту жүйесі бар үйлердің қалдықтарында күл көп;
- газбен қамтамасыз етілетін аудандарда қағаздар мен картондар көп.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормасы есептеу бірлігі:
- көп пәтерлі үй үшін — 1 адамға;
- мейманхана үшін — 1 орынға;
- сауда алаңы үшін — 1 шаршы метрге.
Яғни, көп пәтерлі тұрғын үй үшін бір адамға қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасы жылына 210–225 кг, жеке тұрғын үйде 300–450 кг, мейманханада бір орынға – 120 кг, бала бақшада бір орынға – 95 кг, оқу орындарында бір оқушыға – 19 кг, азық-түлік дүкенінде бір шаршы метрге – 160 кг, шипажай, демалыс үйлерінде бір орынға – 250 кг, бекетте, әуежайда – бір шаршы метрге 125 кг. Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамында патогенді микроорганизмдер болады және олар санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Олар кеміргіштер мен шыбын-шіркейлерге құнарлы орта болып табылады, ал шіріген кезде жағымсыз иістер пайда болады. Жазғы мерзімде ҚТҚ өрт шығу жағынан өте кауіпті. Сондықтан санитарлык талаптар бойынша ҚТҚ-ды пайда болу орнынан тез шығарып тастау қажет.
Елді мекендерді тазарту жүйелері
Аумақтарды тазарту және жинау елді мекеңдерді тазартудың бас сызбасы бойынша жүргізіледі және әкімшілікпен бекітіледі.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың және шығарудың негізгі 2 жүйесі бар:
- Алып кететін жүйе.
- Алып кетпейтін жүйе (көліксіз).
Іс жүзінде алып кететін жүйенің маңызы зор, қазіргі кезде көліксіз жүйе тек жеке құрылыстар үшін ғана қолданылады, ал көп қабатты мекемелерде бұл жүйе мүлдем қолданылмайды. Бұл қалдықтарды канализацияға тастар алдында ұсақтау және қалдықтарды бақ учаскелерінде компостірлеумен аяқталады.
Алып кететін жүйе 2 әдіспен жүргізіледі:
- Үнемі жоспарлы аула ішілік жүйе – тұрғындар әр түрлі көлемді ыдыстарға қалдықтарды салып, алып кеткенге дейін шығарып қояды. Бұл едәуір тараған әдіске жатады.
- Жоспарлы пәтерлік – тұрғындар қалдықтарды тәуліктің белгілі бір уақытында қалдық тасығыштарға тікелей тиейді. Бұл құрылыс тығыздығы жоғары және аз қабатты мекемелерде (екі қабатқа дейін) сирек қолданылады.
Қазіргі кезде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және алып кетуде елді мекен нүктелерінде негізінен үнемі алып кететін жоспарлы жүйе қолданылады. Бұл жүйенің негізгі түрлері:
- Алмастыратын жүйе (басқаша айтқанда контейнерлі).
- Алмастырылмайтын жүйе (бакқа салынып шығарылатын).
Алмастыратын жүйеде қалдықтарды контейнермен бірге алып кетеді, орнына бос контейнерлер қойылады. Алмастырылмайтын жүйе кезінде қалдықтарды машиналарға тиейді, ал босаған контейнерлерді сол орнында қалдырады. Осы екі жүйеден біреуін тандап алу келесі факторларға байланысты:
- қалдықтарды тасығыш машиналарға тиейтін жердің қашықтығы;
- санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар;
- қатты тұрмыстық қалдық жинағыштарды санитарлық тазарту жиілігі;
- қалдық тасығыштардың саны және т.б.
Алмастырылатын жүйені, егер шығарып тасу қашықтығы 8 км-ден аспаған кезде, қалдықтардың уақытша пайда болатын жерлерінде (жәрмеңкелер, көрмелер, саяжайда, сонымен қатар қорларда) пайдаланылады. Алмастырылмайтын жүйе өнімдірек, сондықтан қалдықтар тазартқыш машиналарды тиімді пайдалануга мүмкіндік туғызады. Кейбір кезде елді мекендерде осы екі жүйе бірдей қолданылады. Көліктің қозғалысы аздау орташа және кішігірім қалалар түрғындары қалдықтарын белгілі бір уақытта бірден автотранспортқа апарып салады (қатты түрмыстық қалдықтарды жоспарлап жинау жүйесі немесе баксыз түрі).
Санитарлық тұрғыдан қараған кезде ең маңызды мәселе — ҚТҚ-дың орташа жылдық жиналу нормасын дұрыс есептеу болып табылады. Егер норма аса көтерілген болса, онда контейнерлер толық толтырылмай тасылады, бүл үнемдік жағынан тиімсіз, егер норма төмендетілсе — контейнерлерде орын болмайды, сондықтан олардың айналасында қалдықтар үйінділері пайда болады.
Контейнерлер (5-тен көп емес) қойылатын алаң тұрғын үйден, балалар мекемелерінен, демалыс орындарынан 100 м-ден қашық емес, 20 м-ден жақын орналаспауы керек.
Алмастырылатын жүйенің тиімді жағы, қалдықтарды түсірген жерде контейнерлерді орталықтандырып жууға мүмкіндік туғызады. Алмастырылмайтын жүйе кезіңде ҚТҚ-ды жинаушыларды тазалау сол орнында жүргізіледі, ал мұндай нысандардың орналасуының көптігіне байланысты бұл үрдіске санитарлық бақылау жүргізу өте қиынға соғады.
Тұрмыстық қалдықтарды шығару арнайы автокөлікпен жүргізіледі, оларды кузовты және контейнерлі деп бөледі:
- Кузовты машиналар қалдықтарды жинаудың алмастырылмайтын жүйесінде немесе бактық жүйеде қолданылады. Бұлар қалдықтарға арналған жабық кузовтардан, қабылдағыш бункерлерден және гидравликалық итеретін плиталардан тұрады. Бұл кезде жүргізуші және екі тиегіштер жұмыс істейді, ал кейбір машиналарда (М-50, КО-404) бір ғана жүргізуші жұмыс істейді.
- Контейнерлі машиналардың барлық жұмысы толық механизацияланған, сондықтан бүл машиналарда жұмыс істеушілердің қалдықтармен байланысы мүлдем болмайды. Әдеттегі контейнер тасығыштың — "М-9" платформасына әрқайсысының көлемі 0,75 см³ 8 контейнер орналастыруға болады.
11,2 м биіктіктен жоғары қабатты ғимараттарда қалдық өткізгіштер орналастырылады. Көбінесе олардың қабылдау қондырғылары қабатаралық саты алдында орналастырылады. Ғимараттардағы осы жүйеге түрғын-эксплуатациялық мекеменің қызметкелері жауап береді. Олар осы жүйедегі толтырылатын клапандар мен бункерлерді, қалдық қабылдағыш камераны тазартады, қалдық жинағыштарды жуады, барлық жүйені залалсыздандырады. Қалдық жинағыштар қалдықтармен бірге қоқым тасығыш машиналарға тиеледі.
Қоқым тасығыш машиналарға қажеттілік мына формула бойынша анықталады: О — бір тәулікте шығарылуға тиісті қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшері; В — қалдықтарды тасығыш машиналардың тәуліктік өнімділігі; К — парктегі қоқым тасығыш машиналарды пайдалану коэффициенті (0,7-0,8).
В = Ч х С
Ч — тәулігіне жасалатын рейстер саны; С — машинаның пайдалы көлемі (м³).
Арнайы автопарктерде әрбір қалдық тасығыш машиналардың жұмысының маршруты мен графигі құрастырылып және бекітіліп, жүргізушінің қолына беріледі. График көшірмесі бақылау жүргізу үшін СЭС-ке жіберіледі. Маршруттар нөмірленіп, қала схемасына енгізіледі. Автопаркте машиналардың қоры болады, оларды негізгі көлік жөндеуге қойылған жағдайда қолданады (қатынасы 1:6). Қалалардың арнайы автошаруашылықтарында 20-дан кем емес, ал канализациясы жоқ елді мекендерде 50 шамасында вакуумды машиналар болуы керек.
Кейінгі жылдары қатты тұрмыстық қалдықтарды екі сатылы шығару кеңінен қолданылып жүр. Бұл қалдықтар өңдейтін жерлер тым алыста орналасқанда өте тиімді. Екі сатылы жүйе кезінде қалдықтарды аралық стансаларда жинайды, ол жерде қалдықтарды тығыздағаннан кейін үлкен жүк тасымалдайтын көліктермен залалсыздандыруға және өңдеуге алып кетеді. Кейбір кезде бүл үшін темір жол платформалары және өзен баржалары пайдаланылады. Қалдықтарды жинап қайта тиейтін стансалар өнеркәсіптік қойма аумақтарында немесе қалалардың шетінде орналасуы қажет және олардың санитарлық қорғау аймақтары тұрғын және қоғамдық ғимараттардан 100 м қашықтықта болуы керек.
Іс жүзінде барлық елді мекендерде канализацияланбаған аймақтар бар, сондықтан екі жүйені де пайдаланады (канализация және тасып шығару). Гигиеналық тұрғыдан қарағанда сүйық қалдықтарды шығарудың жалпы ағызу жүйесінің, яғни канализацияның артықшылықтары бар.
Сұйық қалдықтарды шығарудың тасымалдау жүйесі
Бұл жүйе канализацияға қосылмаған және жартылай канализацияландырылған елді мекендерде қолданылады. Канализация болмаған кездегі дәретханалардың ең қолайлы түрі люфт-клозет (жылытылған дәретхана), ғимараттардың өзінде екінші қабатқа дейін ғана орналасады. Нәжіс түсетін шұңқырларды ғимараттардың сыртына жердің деңгейінен төмен орналастырады.
Люфт-клозетке қойылатын негізгі гигиеналык талаптар:
- нәжіс шұңқырын гидрооқшаулау, ол 3 метрден терең болмауы керек;
- жердің бетінен 35 см жоғары нәжіс шұңқырын толтырмау;
- нәжіс шұңқыры вентиляциялануы керек (жылытылатын вентиляциялық канал ғимараттың шатырында дефлектормен қосылады);
- уақытымен тазартып тұру керек (жылына 2 рет).
Люфт-клозеттен басқа аулада да нәжіс шұңқыры бар дәретхана орналастыруға болады (жәшікті дәретхана). Бұлар жылытылмайтын болғандықтан тек қана климаты жылы аудандарда ғана салынады және нәжістерді торфпен немесе топырақпен көмеді. Канализацияланбаған аудандарда осы принциппен қоғамдық дәретханалар салынады.
Сұйық қалдықтарды жинау үшін аулада жуынды төгетін шұңқыр салынады. Бұл шұңқыр су өткізбейтін жөне қатты қалдықтарды алып қалатын оның бетінде тор болуы керек. Мұндай шұңқырлар ауладағы дәретханалармен бірге болуы мүмкін. Ауладағы дәретханалар мен жуынды төгетін шұңқырлар тұрғын ғимараттарға, балалар мекемелеріне және халық демалатын алаңдарға 20 метрден жақын, 100 метрден алыс орналаспауы керек. Дәретханалардың іші күн сайын тазартылып тұруы, ал аптасына 1 рет ыстық сумен жуылуы және залалсыздандыруы керек. Бұл үшін 10 %-ті хлорлы әк, 3-5 % натрий гипохлориді, 5 % лизол, 10 % нафтолизолды, 5 % креолинді немесе 10 % натрий метасиликат ерітіндісі қолданылады. Байланысу уақыты 2 минуттан кем болмайды. Құрғақ хлорлы әкті пайдалануға тыйым салынады, ол тек қана азық-түліктік және медициналық нысандарда пайдаланады.
Шұңқырлардан сұйық қалдықтар вакуумдық машиналармен шығарылады, олардың цистерналарының көлемі және цистерналарының сыйымдылығы әр түрлі: КО-501, КО-503, КО-505, УК-19. Цистерналарының сыйымдылығы — 2,25-тен 10 м кубқа дейін жетеді, өнімділігі сағатына 40-тан 360 м куб-қа дейін. Машиналар қалдықтарды залалсыздандыратын жерге дейін тасиды.
Жартылай канализацияланған тұрғын үйде қалдықты қабылдау және канализацияға құю үшін құю стансаларын салады. Бұл кезде басты коллектордағы ағынды сулардың шығыны құю стансалардың ағынынан 5 есе көп болуы керек. Нәжістерді канализацияға құяр алдында сумен сұйылтады (1:1) және торлар мен құм ұстағыштар арқылы өткізеді.
Тасымалдау жүйесі кезінде сұйық қалдықтарды залалсыздандаруда екі негізгі жүйені қолданады:
- ассенизация алаңдары;
- жырту алаңдары.
Ассенизация алаңдарында қалдықтарды залалсыздандырады және кейбір ауыл шаруашылық дәнді дақылдарын егеді, ал жырту алаңдарында тек қана залалсыздандыру жүргізіледі. Мұндай алаңдарды орналастыру үшін құрғақ ауа мен суды жақсы өткізетін жер қыртысы таңдалынады. Ассенизация алаңдары тұрғын аудандардың ық жағына орналастырылады және ені 1000 м санитарлық қорғау аймағымен қоршалынады. Осы алаңдардың аумағында грунттық сулардың деңгейі жер бетінен 1,5 метрден төмен болмауы керек. Алаңдар екі учаскеге бөлінеді — жаздық және қыстық, оларды алдын ала жыртады. Жаздық учаскелерге сұйық қалдықтарды төгеді, құрғағаннан кейін ол жерді жыртады. Бір мерзім ішінде ол жерге 2—3 рет сұйық қалдықтарды құяды, ал көктемде бұл алаңдарға ауыл шаруашылық дәнді дақылдарды егеді. Қысқы учаскеге қыста бір-ақ рет сұйық қалдықтарды құяды (тоңазытып қатырады), ал көктемде ол жерді жыртады. 10 шаршы метр жерге 2 метр кубқа дейін сұйық қалдық құяды, бұл жерлерге көбіне мал азығы дәнді дақылдары егіледі.
Жырту алаңдарында сұйық қалдықтарды тек қана залалсыздандырады, сондықтан ол жерге төгілетін сұйық қалдықтардың мөлшері көп болады - гектарына 2000 т. Бұлар екі учаскеге бөлінеді, оларды 1 жыл аралатып пайдаланады. Ассенизация және жырту алаңдары канализациясы жоқ кішігірім елді мекеңдерде қолданылады. Топырақтық әдіспен залалсыздандыру тиімді болғанымен ірі қалалар үшін тиімсіз. Бұл әдісті ылғалды және өткізгіштігі нашар топырақта колдануға болмайды.
Азық-түлік қалдықтарын жинау
Азық-түлік қалдықтарын жинау қалдық алып кететін құбырлары жоқ 4-5 қабатты ғимараттарда едәуір тиімді. Бұл қалдықтарды арнайы жинағыштарда ғана жинауға рұқсат беріледі. Бұл жинағыштарды күнделікті сумен жуып отырады және әлсін-әлсін екі пайызды хлорлы әкпен немесе күйдіргіш натр ерітіндісімен дезинфекциялайды. Тұрғын үйлерде осы жинағыштарды орналастыратын жерді санитарлық-эпидемиологиялық кызметінің мекемелерімен келісіледі.
Азық-түлік қалдықтарын жинауға тыйым салынатын орындар:
- тері-венерологиялық, жұқпалы және өкпе аурулары ауруханаларынан;
- әуежайлардан;
- пойыздар мен параходтардан;
- басқа қалдық жинағыштардан.
Қалдықтарды сақтау мерзімдері:
- тамақ қалдықтары – жазда — 1 тәулік, қыста — 2 тәулік.
- тұрмыстық қалдықтарды сақтау – 3 тәулік,
- құрылыс қалдықтарын сақтау – 1 айдан аспауы керек.
Сауда және қоғамдық тамақтану нысандарында тамақ қалдықтары салқындатылған бөлмелерде сақталады.
Қала аумағын тазарту
Қаланы механикаландырған түрде жинау – елді мекендерді санитарлык тазартудың өте маңызды міндеті. Жазғы уақытта ол жолдардың және атмосфераның жер беті қабатының таза болуын, ал қыста — қар мен мұздарды тасып шығаруды қаматамасыз етеді. Жинау арнайы автошаруашылықтармен және жол-эксплуатациялық баскармаларымен жүргізіледі.
Қала аумағын бірнеше учаскелерге бөледі, схемасында маршруттар белгіленеді, ал әрбір машинаның қыстық немесе жаздық тазарту жүргізетін маршруттық картасы болады.
Қала аумағын жазғы мерзімде жинауға жататындар:
- жолдардағы сыпырынды үйінділерін шығарып тастау;
- түскен жапырақтарды жинау;
- жауын-шашындық канализацияның тұндырғыш құдықтарын тазарту;
- микроклиматты жақсарту үшін және ауадағы шаң-тозаңды азайту үшін қала көшелеріне су себу.
Жинаудың негізгі мақсаты — тротуарлар мен науаларды сыпыру, көшелердің машина жүретін бөлігін жуу. Қозғалысы өте көп көшелерді тәулік сайын түнде жуады, ал қозғалысы аз көшелерді күнара кез келген уақытта жууға болады. Атмосфералық жауын-шашын канализациясы тұндырғыштарын насостық машиналармен міндетті түрде көктемде тазартады және ары қарай әрбір мерзім сайын 2—4 рет тазартып отырады. Ыстық күндері көшелерге аралығы 1—1,5 сағаттан, сағат 11 ден 16-ға дейін су себу жүргізіледі.
Қысқы мерзімдегі жинауға жататындар:
- көшелердің машина жүретін бөлігіне түскен қарды тазарту;
- көшелерді қарлы-мұзды еңістерден тазарту;
- мұзды сырғанақтарды жою;
- қарлардың тығыздалуымен күресу.
Көрсетілген мақсаттар үшін арнайы автокөліктер қолданылады: қар тазартқыштар, қар тиегіштер, тығыздалған қарларды опырып сындыруға арналған машиналар. Сондай-ақ реагенттер де кеңінен колданылады: хлорлы калий мен кальцийдің құм тұзды қоспалары. Бұл мұзға қарсы материалдарды себу үшін арнайы шашыратқыш машиналар (КО104, КО-105) қолданылады. Ac тұзын қолдануға тыйым салынады. Мұзды сырғанақтармен күресу шаралары санэпидстансамен келісіледі.
Көшелерде, алаңдарда, бекеттерде, аялдамаларда қоқыс салғыштар орнатылып, оларды толғаннан кейін тазартып отыру керек. Машина көп жүретін магистральдарда қоқыс салғыштардың өзара қашықтығы 40 м болуы керек. Қоқыс салғыштардың тазалығына тұрғын коммуналдық шаруашылығы мекемелері немесе осы аумаққа бекітілген мекеме жауап береді.
Күзгі мезгілде түскен жапырақты уақытында жинап отыру қажет. Олар арнайы бөлінген учаскелерге немесе компостірленетін далалық жерлерге тасылып шығарылады. Қала аумағында жапырақтарды жағуға тыйым салынады. Көшелерге су себетін және жуатын машиналардың ашық суаттардан су құйып алуына санэпидстансаның келісімі болуы қажет.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеу
Қатты қалдықтардың құрамында шыбындардың личинкалары, гельминттердің жұмыртқалары, шіріген органикалық заттар және өте көп бактериялар бар, сондықтан олар халықтың денсаулығы үшін өте қауіпті. Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамында 80 пайызға дейін органикалық заттар кездеседі және ол көптеген инфекциялық ауруларды тарататын кеміргіш-тасымалдағыштар үшін қоректік орта болып табылады. Жазғы уақытта сасық иісті органикалық зат атмосфералық ауаны ластайды.
Негізгі гигиеналық мәселелер:
- Қалдықтарды қысқа мерзім ішінде залалсыздандыру.
- Кеміргіштер мен шыбындардың қалдықтарды пайдалануын болдырмау.
Соған қарамастан қатты тұрмыстық қалдықтардың көп бөлігі екіншілік шикізат ретінде пайдаланылады, оны өңдеу әдістері бірнеше түрге бөлінеді:
- жою (ликвидациялық), яғни санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға бағытталған;
- жарату (утилизациялық), яғни қайтадан пайдалану кезінде экономикалық сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру әдістері:
- механикалық (қалдықтарды бөліп ажырату, құрылыс блоктарына престеу);
- биотермиялық (қалдықтар тастайтын орындар, компостірлеу алаңдары мен компостайтын зауыттар);
- термиялық (жағу, реакторлардағы пиролиз);
- химиялық (гидролиз-тұзды судан ажырату).
Биотермиялық әдістерде қаладағы қалдықтарды қоқыс тастайтын орындарға шығарып тастау әдісі кеңінен таралған. Барлық елдерде осы жолмен қатты қалдықтардың 80 %-ы жойылады. Ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын орындардың пайда болуы санитарлық-гигиеналық тұрғыда қауіпті, сондықтан заңды түрде тыйым салынады. Қазіргі уакытта көптеген елдерде халықтың және қоршаған ортаның толық санитарлық-эпидемиологиялық жағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жетілдірілген қоқыс тастайтын орындар (полигондар) ұйымдастырылуда.
Полигондарда қалдықтарды су өткізбейтін негіздерге қабаттап орналастырады. Жұмыс қабатының биіктігі 2 м, ал әрбір жаңа қабатты бір жылдан кейін ғана орналастырады. Қабаттарды орналастыру және тығыздау бульдозерлермен жүргізіледі. Тығыздалған жұмыс қабаттарының арасына биіктігі 0,25 м оқшаулайтын топырақ қабатын немесе күл қабатын орналастырады. Қоқыстар қабаттары арасында ыдырау үрдісі жүреді. Тереңдігі 3 м-ге дейінгі жоғарғы қабатта бұл үрдіс 15—20 жылдан соң, ал өте терең қабаттарда 50—100 жылдан кейін ғана аяқталады. Шіріген кезде газдар мен сүзінділер бөлініп шығады, ол полигонды салғаннан бастап 10 жылға дейін байқалады. Оқшаулайтын қабаттарды дұрыс орналастырған кезде, газдар полигонның шекарасынан 10 м-ге дейін ғана таралады. Полигон айналасында санитарлық қорғаныс аймағының ені 500 м-ден кем болмауы керек.
Аэробты жағдайларда органикалық заттардың тотығуы биотермиялық реакция кезінде жүреді, температура 40—70°С-қа дейін көтеріледі. Мұндай жағдайларда шыбындардың личинкалары, гельминттердің жұмыртқалары және патогенді бактериялардың көпшілігі өледі. Анаэробты ортада қалдықтардың температурасы 40°С-тан аспайды және олардың ыдырауы баяулайды. Биотермиялық өңдеудегі ең соңғы өнім — компост, ол гигиеналық тұрғыдан қауіпсіз және тыңайтқыш немесе биоотын ретінде қолданылады. Сондықтан ауыл шаруашылығында компостты пайдалану үшін, ашық алаңдарда компосттау кеңінен қолданылады, сондай-ақ биотермиялық камераларда қайтадан өңдейді. Әдетте далалық компосттау бос аумағы болған кезде кішігірім қалаларда да (50 000 адамға дейін) жүргізіледі. Ашық учаскелерде қалдықтарды қатар-қатар ұзындығы 10-25 м, ені 3-4 және биіктігі 1,5—2 м етіп орналастырады. Қалдықтардың массасына ауа молынан енеді, сондықтан олар тез ыдырап шіриді (полигондық жағдайдан айырмашылығы). Барлық үрдіс 6 айға созылады, ал қалдықтарды залалсыздандыру үшін олардың массасын араластырып отырады. Жетілген компост (алғашқы массасының 50-60 пайызы) тұтынушыларға жіберіледі.
Сонымен қатар, өнеркәсіптік өңдеулер және қалдықтарды өңдейтін зауыттарда залалсыздандыру қолданылады. Конструктивті ерекшеліктеріне байланыссыз мұндай зауыттар 3 негізгі технологиялық операцияларды орындайды:
- Қоқыстарды қабылдау және оларды алдын ала дайындау.
- Қоқыстарды компосттаудың аэробты үрдісі.
- Компосттарды біржола ақырғы рет қайта өндеу.
Компосттамайтын қалдықтарды кейбір кезде жағады. Зауытта қалдықтар қабылдайтын бункерге, сонан соң биобарабандарға түседі де, онда аэробты компосттау жүргізіледі. Компостты ең соңғы рет өңдеу құм-тас електерде жүргізіледі, сепараторларда фракцияларға бөледі, ол жерде қоспалардан (әйнек, металдар, желім, синтетика және т.б.) айырады. Металдар қайтадан қолданылуы үшін тығыздалады, ал компосттамайтын органикалық қоспаларды жағуға болады. Одан ары қарай компост пісіп жетілу үшін ұсатылады және қатар-қатар жиналынады, сонан соң далалық жерлерді тыңайту үшін тұтынушыларға жіберіледі.
Елді мекендерді тазарту үшін жүргізілетін санитарлық бақылау
Санитарлық қызмет мекемелері көшелердің, бау-бақшалардың, саябақтардың және басқа пайдаланатын қоғамдық орындардың таза болуын қадағалайды. Көшелерді, аулаларды және қалдықтарды жинауды, сақтауды, шығаруды ұйымдастыратын өнеркәсіптік нысандар аумағын тазартуды, сонымен қатар шыбындардың шығу көзін анықтау — бақылаудың қажетті элементі болып саналады. Бақылауды тек қана көзбен тексеру жеткіліксіз, сондықтан аналитикалық әдістер қолданылады.
Санитарлық бақылаудың негізгі кезеңдері:
- Аудандық жоспарлау сызбасын құрастыруға сараптама жүргізу.
- Елді мекендерді санитарлық тазартудың басты сызбасын құрастыруға қатысып, санитарлық тұрғыдағы негізгі талаптарды орындау:
- елді мекендерде жоспарлы-күнделікті тазарту жүйесін жасау;
- көлік базасының жағдайы;
- қаланың жекеленген аудандарын канализациялаудың кезегі және мерзімі;
- канализацияға қосылмаған аудандарды санитарлық тазарту бойынша қолданылатын шаралар;
- қалдықтарды залалсыздандыру мен тазартуға арналған құрылымдардың сипаттамасы;
- қалдықтарды жаратуды ұйымдастыру.
Күнделікті санитарлық бақылаудың нәтижелігі - санитарлық дәрігердің тексерудің арнайы әдістерін қолдануына байланысты. Аула бойынша жалпылама тексерудің тиімділігі өте аз болатынын ескеру қажет, себебі ол арнайы көлік жұмысының сапасын ғана сипаттайды, ал санитарлық және эпидемиологиялық баға беруге мүмкіндік бермейді. Физика-химиялық, санитарлық- бактериологиялық, гельминтологиялық және энтомологиялық зерттеулермен бірге жүргізілетін динамикалық байқаулар ғана нақты баға бере алады.
Дереккөздер
- Неменко Б. А. Коммуналдық гигиена. — Алматы: "Ғылым" ғылыми баспа орталығы, 2004. 432 б. ISBN 9965-07-336-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Eldi mekenderdi sanitarlyk korgau turgyndar densaulygyn korgauga bagyttalgan kommunaldyk gigiena Turmystyk kaldyktar tүrleriTurmystyk kaldyktar sujyk zhәne katty bolyp bolinedi sujyk kaldyktar tamakty pisiruden kalgan zhuyndylar dәrethanalardyn shunkyrynan shygatyn sujyk kaldyktar ydysty edendi kirdi zhugannan pajda bolatyn kir sular men kanalizaciya zhүjesi arkyly shygatyn agyndy sular katty kaldyktar үjden shykkan kokystar koshe sypyryndylary kogamdyk tamaktanu zhәne sauda nysandarynyn kokystary Қatty turmystyk kaldyktar Қatty turmystyk kaldyktardyn ҚTҚ komponenttik kuramy әr tүrli bolady kagaz karton agash metall tokyma zattar sүjekter әjnekter zhelim tas polimerli materialdar tamak kaldyktary zhәne koshe sypyryndylary Қaldyktardyn morfologiyalyk kuramy zhyldyn mezgiline zhәne ajmaktyn klimatyna bajlanysty Birak kez kelgen zhagdajda katty turmystyk kaldyktardyn kop boligi kagazdar 30 ke dejin zhәne tamak kaldyktary 45 ke dejin bolyp keledi Қatty turmystyk kaldyktardyn ortasha kuramy Қagaz karton 20 28 Tamak kaldyktary 35 45 Agash 1 3 Metall 1 7 2 3 Tokyma zattar 4 7 Sүjekter 1 2 2 Shyny 3 6 Teri zhelim 1 3 Tastar 1 2 Plastmassa 1 5 2 5 Koshe sypyryndylary 10 18 tagy baskalar 1 2 Қatty turmystyk kaldyktardyn kuramyna eldi mekenderdin ornalasu dәrezhesi de kanalizaciyalanuy zhylytu zhүjesinin tүri gazben kamatamasyz etilui zhәne tamak kaldyktaryn shyny ydystardy zhәne ekinshi shikizattardy zhinau zhagdajy da әser etedi kanalizaciyalanbagan audandardyn kaldyktarynyn ylgaldylygy zhogary bolgandyktan ote tygyz bolady zhergilikti zhylytu zhүjesi bar үjlerdin kaldyktarynda kүl kop gazben kamtamasyz etiletin audandarda kagazdar men kartondar kop Қatty turmystyk kaldyktardyn zhinalu normasy esepteu birligi kop pәterli үj үshin 1 adamga mejmanhana үshin 1 orynga sauda alany үshin 1 sharshy metrge Yagni kop pәterli turgyn үj үshin bir adamga katty turmystyk kaldyktardyn normasy zhylyna 210 225 kg zheke turgyn үjde 300 450 kg mejmanhanada bir orynga 120 kg bala bakshada bir orynga 95 kg oku oryndarynda bir okushyga 19 kg azyk tүlik dүkeninde bir sharshy metrge 160 kg shipazhaj demalys үjlerinde bir orynga 250 kg bekette әuezhajda bir sharshy metrge 125 kg Қatty turmystyk kaldyktardyn kuramynda patogendi mikroorganizmder bolady zhәne olar sanitarlyk epidemiologiyalyk turgydan kauipti Olar kemirgishter men shybyn shirkejlerge kunarly orta bolyp tabylady al shirigen kezde zhagymsyz iister pajda bolady Zhazgy merzimde ҚTҚ ort shygu zhagynan ote kauipti Sondyktan sanitarlyk talaptar bojynsha ҚTҚ dy pajda bolu ornynan tez shygaryp tastau kazhet Eldi mekenderdi tazartu zhүjeleriAumaktardy tazartu zhәne zhinau eldi mekenderdi tazartudyn bas syzbasy bojynsha zhүrgiziledi zhәne әkimshilikpen bekitiledi Қatty turmystyk kaldyktardy zhinaudyn zhәne shygarudyn negizgi 2 zhүjesi bar Alyp ketetin zhүje Alyp ketpejtin zhүje koliksiz Is zhүzinde alyp ketetin zhүjenin manyzy zor kazirgi kezde koliksiz zhүje tek zheke kurylystar үshin gana koldanylady al kop kabatty mekemelerde bul zhүje mүldem koldanylmajdy Bul kaldyktardy kanalizaciyaga tastar aldynda usaktau zhәne kaldyktardy bak uchaskelerinde kompostirleumen ayaktalady Alyp ketetin zhүje 2 әdispen zhүrgiziledi Үnemi zhosparly aula ishilik zhүje turgyndar әr tүrli kolemdi ydystarga kaldyktardy salyp alyp ketkenge dejin shygaryp koyady Bul edәuir taragan әdiske zhatady Zhosparly pәterlik turgyndar kaldyktardy tәuliktin belgili bir uakytynda kaldyk tasygyshtarga tikelej tiejdi Bul kurylys tygyzdygy zhogary zhәne az kabatty mekemelerde eki kabatka dejin sirek koldanylady Қazirgi kezde katty turmystyk kaldyktardy zhinau zhәne alyp ketude eldi meken nүktelerinde negizinen үnemi alyp ketetin zhosparly zhүje koldanylady Bul zhүjenin negizgi tүrleri Almastyratyn zhүje baskasha ajtkanda kontejnerli Almastyrylmajtyn zhүje bakka salynyp shygarylatyn Almastyratyn zhүjede kaldyktardy kontejnermen birge alyp ketedi ornyna bos kontejnerler kojylady Almastyrylmajtyn zhүje kezinde kaldyktardy mashinalarga tiejdi al bosagan kontejnerlerdi sol ornynda kaldyrady Osy eki zhүjeden bireuin tandap alu kelesi faktorlarga bajlanysty kaldyktardy tasygysh mashinalarga tiejtin zherdin kashyktygy sanitarlyk epidemiologiyalyk zhagdajlar katty turmystyk kaldyk zhinagyshtardy sanitarlyk tazartu zhiiligi kaldyk tasygyshtardyn sany zhәne t b Almastyrylatyn zhүjeni eger shygaryp tasu kashyktygy 8 km den aspagan kezde kaldyktardyn uakytsha pajda bolatyn zherlerinde zhәrmenkeler kormeler sayazhajda sonymen katar korlarda pajdalanylady Almastyrylmajtyn zhүje onimdirek sondyktan kaldyktar tazartkysh mashinalardy tiimdi pajdalanuga mүmkindik tugyzady Kejbir kezde eldi mekenderde osy eki zhүje birdej koldanylady Koliktin kozgalysy azdau ortasha zhәne kishigirim kalalar tүrgyndary kaldyktaryn belgili bir uakytta birden avtotransportka aparyp salady katty tүrmystyk kaldyktardy zhosparlap zhinau zhүjesi nemese baksyz tүri Sanitarlyk turgydan karagan kezde en manyzdy mәsele ҚTҚ dyn ortasha zhyldyk zhinalu normasyn durys esepteu bolyp tabylady Eger norma asa koterilgen bolsa onda kontejnerler tolyk toltyrylmaj tasylady bүl үnemdik zhagynan tiimsiz eger norma tomendetilse kontejnerlerde oryn bolmajdy sondyktan olardyn ajnalasynda kaldyktar үjindileri pajda bolady Kontejnerler 5 ten kop emes kojylatyn alan turgyn үjden balalar mekemelerinen demalys oryndarynan 100 m den kashyk emes 20 m den zhakyn ornalaspauy kerek Almastyrylatyn zhүjenin tiimdi zhagy kaldyktardy tүsirgen zherde kontejnerlerdi ortalyktandyryp zhuuga mүmkindik tugyzady Almastyrylmajtyn zhүje kezinde ҚTҚ dy zhinaushylardy tazalau sol ornynda zhүrgiziledi al mundaj nysandardyn ornalasuynyn koptigine bajlanysty bul үrdiske sanitarlyk bakylau zhүrgizu ote kiynga sogady Turmystyk kaldyktardy shygaru arnajy avtokolikpen zhүrgiziledi olardy kuzovty zhәne kontejnerli dep boledi Kuzovty mashinalar kaldyktardy zhinaudyn almastyrylmajtyn zhүjesinde nemese baktyk zhүjede koldanylady Bular kaldyktarga arnalgan zhabyk kuzovtardan kabyldagysh bunkerlerden zhәne gidravlikalyk iteretin plitalardan turady Bul kezde zhүrgizushi zhәne eki tiegishter zhumys istejdi al kejbir mashinalarda M 50 KO 404 bir gana zhүrgizushi zhumys istejdi Kontejnerli mashinalardyn barlyk zhumysy tolyk mehanizaciyalangan sondyktan bүl mashinalarda zhumys isteushilerdin kaldyktarmen bajlanysy mүldem bolmajdy Әdettegi kontejner tasygyshtyn M 9 platformasyna әrkajsysynyn kolemi 0 75 sm 8 kontejner ornalastyruga bolady 11 2 m biiktikten zhogary kabatty gimarattarda kaldyk otkizgishter ornalastyrylady Kobinese olardyn kabyldau kondyrgylary kabataralyk saty aldynda ornalastyrylady Ғimarattardagy osy zhүjege tүrgyn ekspluataciyalyk mekemenin kyzmetkeleri zhauap beredi Olar osy zhүjedegi toltyrylatyn klapandar men bunkerlerdi kaldyk kabyldagysh kamerany tazartady kaldyk zhinagyshtardy zhuady barlyk zhүjeni zalalsyzdandyrady Қaldyk zhinagyshtar kaldyktarmen birge kokym tasygysh mashinalarga tieledi Қokym tasygysh mashinalarga kazhettilik myna formula bojynsha anyktalady O bir tәulikte shygaryluga tiisti katty turmystyk kaldyktardyn molsheri V kaldyktardy tasygysh mashinalardyn tәuliktik onimdiligi K parktegi kokym tasygysh mashinalardy pajdalanu koefficienti 0 7 0 8 V Ch h S Ch tәuligine zhasalatyn rejster sany S mashinanyn pajdaly kolemi m Arnajy avtoparkterde әrbir kaldyk tasygysh mashinalardyn zhumysynyn marshruty men grafigi kurastyrylyp zhәne bekitilip zhүrgizushinin kolyna beriledi Grafik koshirmesi bakylau zhүrgizu үshin SES ke zhiberiledi Marshruttar nomirlenip kala shemasyna engiziledi Avtoparkte mashinalardyn kory bolady olardy negizgi kolik zhondeuge kojylgan zhagdajda koldanady katynasy 1 6 Қalalardyn arnajy avtosharuashylyktarynda 20 dan kem emes al kanalizaciyasy zhok eldi mekenderde 50 shamasynda vakuumdy mashinalar boluy kerek Kejingi zhyldary katty turmystyk kaldyktardy eki satyly shygaru keninen koldanylyp zhүr Bul kaldyktar ondejtin zherler tym alysta ornalaskanda ote tiimdi Eki satyly zhүje kezinde kaldyktardy aralyk stansalarda zhinajdy ol zherde kaldyktardy tygyzdagannan kejin үlken zhүk tasymaldajtyn koliktermen zalalsyzdandyruga zhәne ondeuge alyp ketedi Kejbir kezde bүl үshin temir zhol platformalary zhәne ozen barzhalary pajdalanylady Қaldyktardy zhinap kajta tiejtin stansalar onerkәsiptik kojma aumaktarynda nemese kalalardyn shetinde ornalasuy kazhet zhәne olardyn sanitarlyk korgau ajmaktary turgyn zhәne kogamdyk gimarattardan 100 m kashyktykta boluy kerek Is zhүzinde barlyk eldi mekenderde kanalizaciyalanbagan ajmaktar bar sondyktan eki zhүjeni de pajdalanady kanalizaciya zhәne tasyp shygaru Gigienalyk turgydan karaganda sүjyk kaldyktardy shygarudyn zhalpy agyzu zhүjesinin yagni kanalizaciyanyn artykshylyktary bar Turgyn үj kanalizaciyasy shemasy 1 zheldetkish kubyr 2 bagana 3 kol zhugysh 4 bylau 5 dәrethananyn zhuu bagy 6 unitaz 7 alyp ketetin kubyr 8 rakovina 9 sifon 10 11 edendi torap 12 tazartu 13 agyzu 14 arakidik korip otyratyn kudyk 15 auladagy torap 16 bakylau kudygy 17 zhalgastyrushy tarmak 18 arakidik korip otyratyn kudyk 19 koshedegi torap Sujyk kaldyktardy shygarudyn tasymaldau zhүjesi Bul zhүje kanalizaciyaga kosylmagan zhәne zhartylaj kanalizaciyalandyrylgan eldi mekenderde koldanylady Kanalizaciya bolmagan kezdegi dәrethanalardyn en kolajly tүri lyuft klozet zhylytylgan dәrethana gimarattardyn ozinde ekinshi kabatka dejin gana ornalasady Nәzhis tүsetin shunkyrlardy gimarattardyn syrtyna zherdin dengejinen tomen ornalastyrady Lyuft klozetke kojylatyn negizgi gigienalyk talaptar nәzhis shunkyryn gidrookshaulau ol 3 metrden teren bolmauy kerek zherdin betinen 35 sm zhogary nәzhis shunkyryn toltyrmau nәzhis shunkyry ventilyaciyalanuy kerek zhylytylatyn ventilyaciyalyk kanal gimarattyn shatyrynda deflektormen kosylady uakytymen tazartyp turu kerek zhylyna 2 ret Lyuft klozetten baska aulada da nәzhis shunkyry bar dәrethana ornalastyruga bolady zhәshikti dәrethana Bular zhylytylmajtyn bolgandyktan tek kana klimaty zhyly audandarda gana salynady zhәne nәzhisterdi torfpen nemese topyrakpen komedi Kanalizaciyalanbagan audandarda osy princippen kogamdyk dәrethanalar salynady Sujyk kaldyktardy zhinau үshin aulada zhuyndy togetin shunkyr salynady Bul shunkyr su otkizbejtin zhone katty kaldyktardy alyp kalatyn onyn betinde tor boluy kerek Mundaj shunkyrlar auladagy dәrethanalarmen birge boluy mүmkin Auladagy dәrethanalar men zhuyndy togetin shunkyrlar turgyn gimarattarga balalar mekemelerine zhәne halyk demalatyn alandarga 20 metrden zhakyn 100 metrden alys ornalaspauy kerek Dәrethanalardyn ishi kүn sajyn tazartylyp turuy al aptasyna 1 ret ystyk sumen zhuyluy zhәne zalalsyzdandyruy kerek Bul үshin 10 ti hlorly әk 3 5 natrij gipohloridi 5 lizol 10 naftolizoldy 5 kreolindi nemese 10 natrij metasilikat eritindisi koldanylady Bajlanysu uakyty 2 minuttan kem bolmajdy Қurgak hlorly әkti pajdalanuga tyjym salynady ol tek kana azyk tүliktik zhәne medicinalyk nysandarda pajdalanady Shunkyrlardan sujyk kaldyktar vakuumdyk mashinalarmen shygarylady olardyn cisternalarynyn kolemi zhәne cisternalarynyn syjymdylygy әr tүrli KO 501 KO 503 KO 505 UK 19 Cisternalarynyn syjymdylygy 2 25 ten 10 m kubka dejin zhetedi onimdiligi sagatyna 40 tan 360 m kub ka dejin Mashinalar kaldyktardy zalalsyzdandyratyn zherge dejin tasidy Zhartylaj kanalizaciyalangan turgyn үjde kaldykty kabyldau zhәne kanalizaciyaga kuyu үshin kuyu stansalaryn salady Bul kezde basty kollektordagy agyndy sulardyn shygyny kuyu stansalardyn agynynan 5 ese kop boluy kerek Nәzhisterdi kanalizaciyaga kuyar aldynda sumen sujyltady 1 1 zhәne torlar men kum ustagyshtar arkyly otkizedi Tasymaldau zhүjesi kezinde sujyk kaldyktardy zalalsyzdandaruda eki negizgi zhүjeni koldanady assenizaciya alandary zhyrtu alandary Assenizaciya alandarynda kaldyktardy zalalsyzdandyrady zhәne kejbir auyl sharuashylyk dәndi dakyldaryn egedi al zhyrtu alandarynda tek kana zalalsyzdandyru zhүrgiziledi Mundaj alandardy ornalastyru үshin kurgak aua men sudy zhaksy otkizetin zher kyrtysy tandalynady Assenizaciya alandary turgyn audandardyn yk zhagyna ornalastyrylady zhәne eni 1000 m sanitarlyk korgau ajmagymen korshalynady Osy alandardyn aumagynda grunttyk sulardyn dengeji zher betinen 1 5 metrden tomen bolmauy kerek Alandar eki uchaskege bolinedi zhazdyk zhәne kystyk olardy aldyn ala zhyrtady Zhazdyk uchaskelerge sujyk kaldyktardy togedi kurgagannan kejin ol zherdi zhyrtady Bir merzim ishinde ol zherge 2 3 ret sujyk kaldyktardy kuyady al koktemde bul alandarga auyl sharuashylyk dәndi dakyldardy egedi Қysky uchaskege kysta bir ak ret sujyk kaldyktardy kuyady tonazytyp katyrady al koktemde ol zherdi zhyrtady 10 sharshy metr zherge 2 metr kubka dejin sujyk kaldyk kuyady bul zherlerge kobine mal azygy dәndi dakyldary egiledi Zhyrtu alandarynda sujyk kaldyktardy tek kana zalalsyzdandyrady sondyktan ol zherge togiletin sujyk kaldyktardyn molsheri kop bolady gektaryna 2000 t Bular eki uchaskege bolinedi olardy 1 zhyl aralatyp pajdalanady Assenizaciya zhәne zhyrtu alandary kanalizaciyasy zhok kishigirim eldi mekenderde koldanylady Topyraktyk әdispen zalalsyzdandyru tiimdi bolganymen iri kalalar үshin tiimsiz Bul әdisti ylgaldy zhәne otkizgishtigi nashar topyrakta koldanuga bolmajdy Azyk tүlik kaldyktaryn zhinauAzyk tүlik kaldyktaryn zhinau kaldyk alyp ketetin kubyrlary zhok 4 5 kabatty gimarattarda edәuir tiimdi Bul kaldyktardy arnajy zhinagyshtarda gana zhinauga ruksat beriledi Bul zhinagyshtardy kүndelikti sumen zhuyp otyrady zhәne әlsin әlsin eki pajyzdy hlorly әkpen nemese kүjdirgish natr eritindisimen dezinfekciyalajdy Turgyn үjlerde osy zhinagyshtardy ornalastyratyn zherdi sanitarlyk epidemiologiyalyk kyzmetinin mekemelerimen kelisiledi Azyk tүlik kaldyktaryn zhinauga tyjym salynatyn oryndar teri venerologiyalyk zhukpaly zhәne okpe aurulary auruhanalarynan әuezhajlardan pojyzdar men parahodtardan baska kaldyk zhinagyshtardan Қaldyktardy saktau merzimderi tamak kaldyktary zhazda 1 tәulik kysta 2 tәulik turmystyk kaldyktardy saktau 3 tәulik kurylys kaldyktaryn saktau 1 ajdan aspauy kerek Sauda zhәne kogamdyk tamaktanu nysandarynda tamak kaldyktary salkyndatylgan bolmelerde saktalady Қala aumagyn tazartuҚalany mehanikalandyrgan tүrde zhinau eldi mekenderdi sanitarlyk tazartudyn ote manyzdy mindeti Zhazgy uakytta ol zholdardyn zhәne atmosferanyn zher beti kabatynyn taza boluyn al kysta kar men muzdardy tasyp shygarudy kamatamasyz etedi Zhinau arnajy avtosharuashylyktarmen zhәne zhol ekspluataciyalyk baskarmalarymen zhүrgiziledi Қala aumagyn birneshe uchaskelerge boledi shemasynda marshruttar belgilenedi al әrbir mashinanyn kystyk nemese zhazdyk tazartu zhүrgizetin marshruttyk kartasy bolady Koshe tazalau Koshe tazalau tehnikalary Қala aumagyn zhazgy merzimde zhinauga zhatatyndar zholdardagy sypyryndy үjindilerin shygaryp tastau tүsken zhapyraktardy zhinau zhauyn shashyndyk kanalizaciyanyn tundyrgysh kudyktaryn tazartu mikroklimatty zhaksartu үshin zhәne auadagy shan tozandy azajtu үshin kala koshelerine su sebu Zhinaudyn negizgi maksaty trotuarlar men naualardy sypyru koshelerdin mashina zhүretin boligin zhuu Қozgalysy ote kop koshelerdi tәulik sajyn tүnde zhuady al kozgalysy az koshelerdi kүnara kez kelgen uakytta zhuuga bolady Atmosferalyk zhauyn shashyn kanalizaciyasy tundyrgyshtaryn nasostyk mashinalarmen mindetti tүrde koktemde tazartady zhәne ary karaj әrbir merzim sajyn 2 4 ret tazartyp otyrady Ystyk kүnderi koshelerge aralygy 1 1 5 sagattan sagat 11 den 16 ga dejin su sebu zhүrgiziledi Қysky merzimdegi zhinauga zhatatyndar koshelerdin mashina zhүretin boligine tүsken kardy tazartu koshelerdi karly muzdy enisterden tazartu muzdy syrganaktardy zhoyu karlardyn tygyzdaluymen kүresu Korsetilgen maksattar үshin arnajy avtokolikter koldanylady kar tazartkyshtar kar tiegishter tygyzdalgan karlardy opyryp syndyruga arnalgan mashinalar Sondaj ak reagentter de keninen koldanylady hlorly kalij men kalcijdin kum tuzdy kospalary Bul muzga karsy materialdardy sebu үshin arnajy shashyratkysh mashinalar KO104 KO 105 koldanylady Ac tuzyn koldanuga tyjym salynady Muzdy syrganaktarmen kүresu sharalary sanepidstansamen kelisiledi Koshelerde alandarda beketterde ayaldamalarda kokys salgyshtar ornatylyp olardy tolgannan kejin tazartyp otyru kerek Mashina kop zhүretin magistraldarda kokys salgyshtardyn ozara kashyktygy 40 m boluy kerek Қokys salgyshtardyn tazalygyna turgyn kommunaldyk sharuashylygy mekemeleri nemese osy aumakka bekitilgen mekeme zhauap beredi Kүzgi mezgilde tүsken zhapyrakty uakytynda zhinap otyru kazhet Olar arnajy bolingen uchaskelerge nemese kompostirlenetin dalalyk zherlerge tasylyp shygarylady Қala aumagynda zhapyraktardy zhaguga tyjym salynady Koshelerge su sebetin zhәne zhuatyn mashinalardyn ashyk suattardan su kujyp aluyna sanepidstansanyn kelisimi boluy kazhet Қatty turmystyk kaldyktardy zalalsyzdandyru zhәne ondeuҚatty kaldyktardyn kuramynda shybyndardyn lichinkalary gelmintterdin zhumyrtkalary shirigen organikalyk zattar zhәne ote kop bakteriyalar bar sondyktan olar halyktyn densaulygy үshin ote kauipti Қatty turmystyk kaldyktardyn kuramynda 80 pajyzga dejin organikalyk zattar kezdesedi zhәne ol koptegen infekciyalyk aurulardy taratatyn kemirgish tasymaldagyshtar үshin korektik orta bolyp tabylady Zhazgy uakytta sasyk iisti organikalyk zat atmosferalyk auany lastajdy Negizgi gigienalyk mәseleler Қaldyktardy kyska merzim ishinde zalalsyzdandyru Kemirgishter men shybyndardyn kaldyktardy pajdalanuyn boldyrmau Sogan karamastan katty turmystyk kaldyktardyn kop boligi ekinshilik shikizat retinde pajdalanylady ony ondeu әdisteri birneshe tүrge bolinedi zhoyu likvidaciyalyk yagni sanitarlyk gigienalyk talaptardy saktauga bagyttalgan zharatu utilizaciyalyk yagni kajtadan pajdalanu kezinde ekonomikalyk suraktardy sheshuge mүmkindik beredi Қatty turmystyk kaldyktardy zalalsyzdandyru әdisteri mehanikalyk kaldyktardy bolip azhyratu kurylys bloktaryna presteu biotermiyalyk kaldyktar tastajtyn oryndar kompostirleu alandary men kompostajtyn zauyttar termiyalyk zhagu reaktorlardagy piroliz himiyalyk gidroliz tuzdy sudan azhyratu Biotermiyalyk әdisterde kaladagy kaldyktardy kokys tastajtyn oryndarga shygaryp tastau әdisi keninen taralgan Barlyk elderde osy zholmen katty kaldyktardyn 80 y zhojylady Ұjymdastyrylmagan kokys tastajtyn oryndardyn pajda boluy sanitarlyk gigienalyk turgyda kauipti sondyktan zandy tүrde tyjym salynady Қazirgi uakytta koptegen elderde halyktyn zhәne korshagan ortanyn tolyk sanitarlyk epidemiologiyalyk zhagynyn kauipsizdigin kamtamasyz etu үshin zhetildirilgen kokys tastajtyn oryndar poligondar ujymdastyryluda Poligondarda kaldyktardy su otkizbejtin negizderge kabattap ornalastyrady Zhumys kabatynyn biiktigi 2 m al әrbir zhana kabatty bir zhyldan kejin gana ornalastyrady Қabattardy ornalastyru zhәne tygyzdau buldozerlermen zhүrgiziledi Tygyzdalgan zhumys kabattarynyn arasyna biiktigi 0 25 m okshaulajtyn topyrak kabatyn nemese kүl kabatyn ornalastyrady Қokystar kabattary arasynda ydyrau үrdisi zhүredi Terendigi 3 m ge dejingi zhogargy kabatta bul үrdis 15 20 zhyldan son al ote teren kabattarda 50 100 zhyldan kejin gana ayaktalady Shirigen kezde gazdar men sүzindiler bolinip shygady ol poligondy salgannan bastap 10 zhylga dejin bajkalady Okshaulajtyn kabattardy durys ornalastyrgan kezde gazdar poligonnyn shekarasynan 10 m ge dejin gana taralady Poligon ajnalasynda sanitarlyk korganys ajmagynyn eni 500 m den kem bolmauy kerek Aerobty zhagdajlarda organikalyk zattardyn totyguy biotermiyalyk reakciya kezinde zhүredi temperatura 40 70 S ka dejin koteriledi Mundaj zhagdajlarda shybyndardyn lichinkalary gelmintterdin zhumyrtkalary zhәne patogendi bakteriyalardyn kopshiligi oledi Anaerobty ortada kaldyktardyn temperaturasy 40 S tan aspajdy zhәne olardyn ydyrauy bayaulajdy Biotermiyalyk ondeudegi en songy onim kompost ol gigienalyk turgydan kauipsiz zhәne tynajtkysh nemese biootyn retinde koldanylady Sondyktan auyl sharuashylygynda kompostty pajdalanu үshin ashyk alandarda komposttau keninen koldanylady sondaj ak biotermiyalyk kameralarda kajtadan ondejdi Әdette dalalyk komposttau bos aumagy bolgan kezde kishigirim kalalarda da 50 000 adamga dejin zhүrgiziledi Ashyk uchaskelerde kaldyktardy katar katar uzyndygy 10 25 m eni 3 4 zhәne biiktigi 1 5 2 m etip ornalastyrady Қaldyktardyn massasyna aua molynan enedi sondyktan olar tez ydyrap shiridi poligondyk zhagdajdan ajyrmashylygy Barlyk үrdis 6 ajga sozylady al kaldyktardy zalalsyzdandyru үshin olardyn massasyn aralastyryp otyrady Zhetilgen kompost algashky massasynyn 50 60 pajyzy tutynushylarga zhiberiledi Kompostty katparlap ornalastyru shemasy 1 sazdy alan 2 zher kabaty 3 kaldyktar Sonymen katar onerkәsiptik ondeuler zhәne kaldyktardy ondejtin zauyttarda zalalsyzdandyru koldanylady Konstruktivti erekshelikterine bajlanyssyz mundaj zauyttar 3 negizgi tehnologiyalyk operaciyalardy oryndajdy Қokystardy kabyldau zhәne olardy aldyn ala dajyndau Қokystardy komposttaudyn aerobty үrdisi Komposttardy birzhola akyrgy ret kajta ondeu Komposttamajtyn kaldyktardy kejbir kezde zhagady Zauytta kaldyktar kabyldajtyn bunkerge sonan son biobarabandarga tүsedi de onda aerobty komposttau zhүrgiziledi Kompostty en songy ret ondeu kum tas elekterde zhүrgiziledi separatorlarda frakciyalarga boledi ol zherde kospalardan әjnek metaldar zhelim sintetika zhәne t b ajyrady Metaldar kajtadan koldanyluy үshin tygyzdalady al komposttamajtyn organikalyk kospalardy zhaguga bolady Odan ary karaj kompost pisip zhetilu үshin usatylady zhәne katar katar zhinalynady sonan son dalalyk zherlerdi tynajtu үshin tutynushylarga zhiberiledi Қaldyktardy ondejtin zauyttyn shemasy A kabyldaushy bunker B separator V paketteushi ceh G usaktagysh D biobaraban Eldi mekenderdi tazartu үshin zhүrgiziletin sanitarlyk bakylauSanitarlyk kyzmet mekemeleri koshelerdin bau bakshalardyn sayabaktardyn zhәne baska pajdalanatyn kogamdyk oryndardyn taza boluyn kadagalajdy Koshelerdi aulalardy zhәne kaldyktardy zhinaudy saktaudy shygarudy ujymdastyratyn onerkәsiptik nysandar aumagyn tazartudy sonymen katar shybyndardyn shygu kozin anyktau bakylaudyn kazhetti elementi bolyp sanalady Bakylaudy tek kana kozben tekseru zhetkiliksiz sondyktan analitikalyk әdister koldanylady Sanitarlyk bakylaudyn negizgi kezenderi Audandyk zhosparlau syzbasyn kurastyruga saraptama zhүrgizu Eldi mekenderdi sanitarlyk tazartudyn basty syzbasyn kurastyruga katysyp sanitarlyk turgydagy negizgi talaptardy oryndau eldi mekenderde zhosparly kүndelikti tazartu zhүjesin zhasau kolik bazasynyn zhagdajy kalanyn zhekelengen audandaryn kanalizaciyalaudyn kezegi zhәne merzimi kanalizaciyaga kosylmagan audandardy sanitarlyk tazartu bojynsha koldanylatyn sharalar kaldyktardy zalalsyzdandyru men tazartuga arnalgan kurylymdardyn sipattamasy kaldyktardy zharatudy ujymdastyru Kүndelikti sanitarlyk bakylaudyn nәtizheligi sanitarlyk dәrigerdin tekserudin arnajy әdisterin koldanuyna bajlanysty Aula bojynsha zhalpylama tekserudin tiimdiligi ote az bolatynyn eskeru kazhet sebebi ol arnajy kolik zhumysynyn sapasyn gana sipattajdy al sanitarlyk zhәne epidemiologiyalyk baga beruge mүmkindik bermejdi Fizika himiyalyk sanitarlyk bakteriologiyalyk gelmintologiyalyk zhәne entomologiyalyk zertteulermen birge zhүrgiziletin dinamikalyk bajkaular gana nakty baga bere alady DerekkozderNemenko B A Kommunaldyk gigiena Almaty Ғylym gylymi baspa ortalygy 2004 432 b ISBN 9965 07 336 8