Деконструкция - мәтіннің нағыз мазмұнын, мағынасын ашу үшін мәтіннің құрылымын бұзу.
Еуропа ұлы құрлығының философиясы мен әдебиет сыны саласында пайда болған деконструкция ағымы – Ж.Деррида қатарлы ойшылдар қалыптастырған және дәріптеген философиялық шығармалар мен ойлардың мәтінін оқып түсіну әдіснамасы. Жалпы айтқанда деконструкциялық оқу дегеніміз мәтін құрылымы мен батыстық даналық мағынасы(Western metaphysical essence)арасындағы айырмашылыққа (тек батыспен ғана шектелмейді) талдау жасау әдісі. Деконструкциялап оқу – мәтінді тек айырым жазушы тарқатқан айқын ақпарат етіп оқу ғана емес, қайта оны мәлім мәдениет және дүниетаным жүйесіндегі қайшылықтардың бейнесі ретінде оқу. Деконструкцияланған мәтін қатар өмір сүріп жатқан көптеген идеяларды жайып салады, олар тіпті әдетте өзара қарама-қайшы болуы да ғажап емес. Бір мәтінді деконструкциялап оқу дәстүрлі оқу әдісіне салыстырғанда мәтін бойында тұншықтырылған және ескерілмеген көптеген көзғарас бағыттарын айқындауымен ерекшеленеді.
Деконструкция жобалау үлгісі ретінде ХХғ. 80 жылдары дәурендеген болатын. Философиялық қайнары 1967 жылғы Ж. Дерриданың (Jacque Derrida,1930——2004) тілдегі құрылымдарды сынау негізінде "Деконструкция" теориясын жасауымен байланысты. Оның идеясының негізі құрылым атаулыны жақтырмау, символ шындықты ашуға жеткілікті, әрбір жекені зерттеу бүтіндіктің құрылымын зерттеуден маңызды дегенге саяды. М.Хайдеггер бойынша батыс философиясы тарихы метафизика тарихы. Оның түпнұсқасы "болмыстың" "осындалығына" негізделген. М.Хайдеггердің бұл ұғымын Ж.Деррида "осындағы метафизика" деп атады. Осындағы метафизиканың мағынасы: бүкіл әлемнің артында түп негіз ретіндегі ереже бар, орталық сөз мәтіні бар, ортақ қозғатушы күш бар, жасырын Тәңірі, құдірет бар. Бұл ақырғы, шынайы, бірінші нәрсе біртекті Логосты(logos) құрастырады. Барша адам мен зат логос есігінің алдында тұрып, логостың айналым логикасына бойұсынады. Ал, логос мәңгілік, ол Жаратушының заңымен тең, Логосқа қарсы келу сандырақ пен сұрқиялыққа беттеу деген сөз.
Деррида және оның деконструкция ілімі дәл осы логоцентризм дәстүріне қарсы тұрды! Яғни Деконструкция ағымындағылар қазіргі тармақ-тармаққа бөлінген тәртіп атаулыны бұзуды өз міндеті етті. Бұл тәртіп тек қоғамдық тәртіп, неке тәртібі, этика тәртібі ғана емес, адамдардың жеке санасындағы тәртіптер, мысалы жасампаздық әдеті, қабылдау салты, ойлау әдеті, ішкі жан дүниесіндегі мәдениетке ынталандырған дерексіз сезімдер мен коллектив санасыздық, тіпті ол ұлттық мінездегі ережелер болуы мүмкін. Деконструкция тәртіпті шағуды және тіпті де жақсы тәртіп құруды көздейді.
Деконструкция қазіргі заманның негіздік қағидасы мен өлшем талаптарын сынауды жол етіп ұстанып, модернизм, постмодернизм терминдерін қолданады, сөздер мен сөз тіркестері арасындағы байланыстарды қайта құрып, дәстүрлі қоғамның дәстүрлі ережесінің құрастырылу қисынын (этика, динамика, функция) терістеп, жаңа мәнділік қарастырады. Сөз мағынасына қайта сәп салып мағынаны қайта мәндестіреді. Сөгу, шағу, қатарлау, қайта құру, жекеге мән беру, бөлшектің өздік ерекшелігі ұғымдарымен жұмыс жасап, бүтіндіктің бірлігіне тойтарыс беріп, бөлшектеу мен тұрақсыздықтан қайта құрастыратын мағына астарын аршып алуға тырысады.
Йель университетінің сыншылдық бағытының мүшесі Г.Миллер былай деген болатын: "Деконструкция сөзін жұртшылық бейне әкесінің сағатын бөлшектеп тастаған баладай мәлім бүтіндікті өзара байланысы жоқ, қайта құрастырылмайтын бөлектерге бөлу деп түсінеді. Бірақ деконструкция масылдық емес, қарсылық. Ол батыстың метафизика дәстүрін қайта жасалмайтындай етіп бүлдірумен шұғылданады".
Жак Деррида өзінің «Хат және өзгешелік», «Дауыс және құбылыс» және «Грамматология жөнінде» деген үш кітабы арқылы деконструкцияны орнықтырды. Ол әсіресе адамзаттың ақпарат таситын құралы - тілді қайта таразылады. Деррида адамның "әрдайым қатысушы" екендігін уәж етіп, жазу мен оқудың арасындағы айырмашылық мәңгі сақталады деп есептеді. "Осындағылық" деген логикалық ой қисынын жойып, белгі-таңбалар бүтіндігін бөліп, қаратылым (ұғымның неге қаратылуы) мен қаралымды (адам ұғым арқылы нені қарастырды) бірлестіру үшін "өзгешелену" ұғымына айырықша мағыналар қосты.
Тарихи астары
19 ғ. соңында Ф.Ницше "Жаратушының өлімі" туралы тосын ой жариялап, "құндылық атаулыны қайта таразыдан өткізу" талабын ұсынды. Оның дәстүрлі жолға керілігі батыс қоғамында ұзыннан ұзақ жаңғырық пайда қылды. Ақылға сенбейтін, дәстүрді төңкергісі келетін Ницше философиясы Деконструкция философиясының маңызды қайнары болды. Бұдан басқа Хайдеггердің Болмыс теориясы да, сосын Гуссерльдің феноменологиясы да Деконструкция ілімін ауыздандырған теориялар.
1968 ж. белсенді студенттер қозғалысы капиталистік Еуропа мен Америкада жандана бастады. Франциядағы қарсылық қозғалысы "Май Бұрқасыны" деген атпен белгілі. Дегенмен ол тез тиылды. Содан кейінгі жылдары аталған саяси құштарлық біртіндеп өмір мен қоғамды тіпті де терең қабатта талдап "сөгу" даналығына ұласты. Батыс қоғамы өзінің тілі, сенімі, құрылымы, түзімі, ғылыми жүйесі мен билік торы қатарлы қалыптасқан, дамыған жүйесінен бас тартпайтыны белгілі болатын. Деконструкция қозғалысы сондай жағдайда басталған қарсылық түрі.
Метафизикаға, логоцентризмге қарсы тұрып, тұйықталған жүйені ыдырату үшін деконструкция ағымы субъекттің жоғалуын, мағынаның өзгешеленуін, еркіндіктің бағытталуын дәріптеді. Былайша айтқанда, олар тіл мен ойдың еркін ойынын дәріптеп, тіпті бұл еркіндік бір түрлі "кісен таққан би болса да мейлі" деген ұстанымға келісті. Олардың қарсылық, керілік табиғатына орай деконструкция ағымы өз-өзіне қайшы ағым болды. Дерриданың айтуы бойынша, деконструкция мәлім бір "осындағы" орнықтылықты емес, "із" салуды көрсетеді. Ол шектеусіз, пішінсіз, белгісіз, барлық жерді, баршаны кернеген. Деконструкция өзінің анықтамасын өзі жеміріп тастайтын жеміру идеясы. Деконструкцияның екі негізгі ерекшелігі оның ашықтығы мен шектеусіздігі. Бір сөздің құрылымын сөгіп деконструкциялау, бір ұғым, бір дәстүрлі сенім ережесінің ішкі мәнін аршу оның барлық философиялық қырын жайып салуға апарады.
Деконструкцияның сипаты
Деконструкциялау структурализмге де қарсы. Олардың ойынша құрылымда өзек жоқ, құрылым қашанда тұрақсыз болады, құрылым көптеген айырмашылықтардан тұрады. Құрылымдық өзгешелік өзгеріске түсетіндіктен, құрылым да өзгеріп отырады және құрылым өзінің тұрақсыздығы мен ашықтығын үздіксіз паш етумен болады. Структурализмнен бет бұрғандықтан, деконструкциялауды кейде постструктурализмдік тәсіл деп атайды. Дерриданың ойынша мәтінде қатып қалған тұрақты мән-мағына жоқ, шығарманың мәңгілік өзгермейтін ақырғы мәні деген бірдеңе өмір сүрмейді.
Деконструкциялық талдау жасаудың негізгі әдісі алдымен мәтін бойындағы екі жақты қайшылықтарды (мысалы, еркек-әйел, мықты-әлсіз, биік-аласа, алдыға-кері, оң-теріс) тауып шығу, сондай-ақ қайшыласқан екі жақтың шынтуайтында ауыспалы және бір-бірінен бөлшектегісіз екенін, қатал бөлінген екі жақ, бөтен екі түр еместігін айқындау. Қалыпты қорытынды бойынша, бұл екі бөлім түрі толық формада тұрақты өмір сүрмейді.
Деконструкция туралы ғылым саласы мен БАҚ саласында өте қайшылықты пікірталас туғаны белгілі. Ғылымда бұл ағымды нигилизмге теңестіріп, масылдығы жоғары және нағыз жындылық идеясы деп те айыптады. БАҚ беттерінде декострукциялау әдісін ғылымның нақты шындықтан ажырап қалғанының жанды мысалы деп бағалады. Осындай күшті айыптауларға қарамастан, деконструкциялау қазіргі заман философиясы мен әдебиетіндегі өте бір қуатты ағымдардың бірі саналады. Құрылыс саласында, деконструкциялау ХХғ. соңы мен ХХІғ. басында "бөлшектеу" амалы арқылы құрылыс саласында өзін көрсетіп, дәстүрлі әдіснамалардағы жоғары-төмен, оң-сол, іші-сырты деген ажыратуларды мәнсіздестірді.
Анықтама берудің қиындығы
Батыс философиясында бұл әдіснамаға анықтама беру оңай емес. Ницшелік бұзып-шағып жол ашуды айтпағанда, тұңғыш рет осы ұғымды философияда көтерген адам М.Хайдеггер болатын. Қазақ тіліне бұл ұғым орыс тілінен аударылған батыстық постмодернизм жазушыларынан келгені белгілі және тілден тілге көшіп әрең жету барысында көптеген бедері кетіп, сөз өзінің әуелгі мағынасынан ауытқып түсінілуі ғажап емес. Көптеген адамдар, атап айтсақ Ролан Барт, Г.Ч. Спивак, Хьюстон Бейкер, R. Gasché, Барбара Джонсон, Миллер секілді көптеген майталмандар осы ағым туралы іргелі зерттеулер жасады.
Бұл жазушылардың ешқайсысы бұл ұғымды қарапайым сөзбен анықтай салуға бармаған. Ж.Дерридадан деконструкциялаудың мағынасын сұрағанда, ол былай деген болатын: «Бұл мәселеге қарата менде қарапайым және қалыпқа түскен анық жауап жоқ. Бәріміз барлық шығармаларымызда осынау қорқынышты сұрақтан айналып өтуге тырысқанымызды жасырмаймыз». (Деррида, 1985ж.) Деконструкция өзі туралы мағынаны шатастыратын түрлі мәселеге барып тіреледі, – ол бір ағым, ол бір мәтін оқу әдіснамасы (қалыпқа түскен анықтамада көбі осы сөзді пайдаланады), мәтін субстанциясы (Деррида бірде осылай дарытпалады). Бұл ұғымның шекарасын айқындаған кезде жағдайға қарай аталған айтылымдарға шекті жүгінуге болады, бірақ ұғымның жасырған мағынасына жинақы шоғырлану қиын.
Phallocentrism мен дуализмге сын
Деконструкцияның негізгі мақсаты ағартушылыққа, даналық метафизикасына аяусыз тойтарыс беру, Платон, Руссо және Гуссерль философиясын сынау болды.
Мәтін және құрылым
Деконструкция мәтінді талдау әдісі. Ал, мәтіннің бейне сарымсақ секілді қабат-қабат қабығын аршығанда ғана мәтіннің ең арғы айтпақшы шындығына жетіп барамыз. Деконструкция мәтінталдау ретінде аударма теориясында да маңызға ие болғандықтан, деконструкциялық аударма ағымы пайда болған.
Мәтіннің мағынасы
Өзгешелену
Өзгешелену (Différance); екі қабат мағынаға ие: бірі сыртқа бағытталу (кеңею); енді бірі кедергі, яғни тіл мағынасының ақырғы есепте игерілмеуі. Мағына тек үздіксіз сыртқа кеңейетін үрдіс. Мағынаның бейберекеттігі, тарқақ болуы мен бүтінсіздігі метафизикалық өзек пен қайнарды сөгіп, жаңа өзек пен қайнар құруға қарсылық көрсетеді. Мағына үздіксіз туылады, ауысады, үздіксіз жойылады, ақыры ол тіпті мағынаның өзін жұтып тынады. Өзектің өшуі мағынаның да өшуін, мағынаның өзгешеленуін білдіреді және ол дүниеде ақырғы өзгермес мағынаның болуын жоққа шығарады. Сөйтіп келесі мәтін жаңа мағынаға көшеді. Міне бұл өзгешелену болмақ.
Із
Із – өзгешеленудің қозғалысты күйін сипаттайды. Із – жемірілуден түскен қалдықтардан қалыптасады, кейде анық, кейде бұлдыр күйде алдыңғы күйге де, кейінгі күйге де қаратылады және өзі сұрақ туғызады. Мәтін дегеніміз мағына мен сөз егесіп, түрлі ілік болар із қалтыратын, ақырғы нысанасы мәңгі тұрақсыз кеңеюді көрсетеді.
Жазу
Тіл өзі білмейтінді түсіну үшін сол туралы ойларын жинақтап жаза бастағанда қандай жағдай туылады, міне бұл мәселе. Деррида адам тума сөйлеуге бейім, жазуға жат келеді деген идеямен келіспейді. Айтушы мен сөйлеуші логостық бірлікке келген кезде сөз түсінікті болады, ал, жазу логосты айқындайды дейміз. Дегенме деконструкция бойынша айырмашылық, жарқаш қашанда өмір сүреді және шығарма мәңгі оқылып бітпейді, шығарма жазушы мен шығарма ортасындағы алшақтық сақталады, шығарманың арғы мағынасы тіпті шығарманың өзінде сыналған идея болуы да мүмкін. Бұл сөйлеуге қарағанда жазудың шындыққа сай келуі әлдеқайда мүмкін екенін, өзгермес мәтіндер мағына тұрғысынан баяғыда өзгеріп кеткенін көрсетеді. Мысалы ежелгі кітаптарды оқығандар сол ежелгі заманды оқып отырмын, сол заманмен таныстым, демек мен ежелгі заман мағынасы ішінде жүрмін деп ойлайды, шынтуайты олай емес, ол қазіргі өзінің, осы заманның мағынасында жүр, сол шығарманың тағы бір тың мағынасы ішінде жүр, ол ежелгі адамдар түсінген мағына емес. Мағына өзгермейді деген идеяның қате екенін Деррида жазудың оқылуы арқылы тамаша көрсетіп береді. Дегенмен бір мағынаны өзгертпей сақтауға да болады, бірақ бұл жасанды, өлі мағынаға ұласады. Сондай өлі мағынадан тек ДЕКОНСТРУКЦИЯ амалы ғана құтқарады, оның құтқару амалы оқушыны мәтіндегі жаңа мағынаға көшіру.
Деконструкцияға айтылған сын
Дерриданың деконструкция мәселесі қарапайым мәселе емес, барлық мақалаларымда "анықтамасынан айналып өттім" деген сөзі тіл арқылы бәрін айқындап түсіндірудің мүмкінсіздігін көрсететіндей.
Дериданы қорғаушылар Дерриданың біртұтастығын уәж етіп, «деконструкция» сөзі сөздіктегі кез келген сөздер арасында жөңкіледі деп сипаттайды. Ал, сынаушылар Дерриданың «тәртіпсіздігін», жалтақтап айналып өтуін мін етіп айтады.
Дерриданың деконструкцияны оң жағынан түсіндіруден алыс тұруын бір түрлі терістеумен шектелу (апофатика) амалы деп түсіндіретіндер де бар.
Дерриданың ойынша, деконструкция талдау жасау емес, сынау теориясы да емес, оны дәстүрлі қалып бойынша философиялық түсінуге келмейді. Бұл түрдегі теріс мағынадағы деконструкциядан Дерриданың дәстүрлі философиялық ұғымдарды тықпалаудан сақтану сергектігене талпынатынын байқаймыз. Әрине, бұл деконструкция анализге, сынға, түрлі әдіс-амалдарға еш қатысы жоқ дегендік емес, қайта бұл тек аталған әдістерден белгілі қашықтықта тұруға тырысу деуге болады. Дерриданың мақсаты кейбір Гуссерльдің фенемонологиялық Редукция іліміне ұқсап кететін бөліктерді өшіру болғаны анық. Әрине, Дериданың терістеумен шектелуін апофатизм (терістеу теологиясы) деп те атайтындар бар.
Бұдан басқа айтылатын сындар:
- Қолдануға жарамсыздығы;
- Түсініксіздігі;
- Қатаңдық пен мөлдірліктің кемдігі;
- Саяси мағынадағы сын;
- Деконструкцияны нигилизм, релятивизм бағытының жаңа шапан киген түрі деп айыптау.
БАҚ-тағы деконструкция
Түр деконструкциясы дәстүрлі өнер түрлерінің классикалық формасы мен бейнелеу тәсіліне сенімсіздік білдіреді, оларды өзгертіп, қайта жөндеу арқылы мәтін құнының жаңа көркемдік форма алуын, бұқаралық мәдениетте кең таралуын іске асырады.
Қорғаушы – дәстүрлі cуреттердегі ғажайып батырлар образын шынайы тарихи кеңістікке қойып, бәрінен мықты батыр образын деконструкциялап, батырдың адамгершілік пен әлеуметтік жағдайға әсерін саралап, оның барлық мәселені шешетін дәрі еместігін, ол тіпті пәлебасы болу мүмкіндігін мөлшерлейді.
Сиқыршы – туралы түрлі суреттерге деконструкция жасап, сиқырдың тілекті орындауы төлемсіз болмайтынын, мақсаттың орындалуы қалаудың жемісі еместігін көрсетіп береді.
Мәтіндерді өзара деконструкцилау – өзін жарқырату, өзін қайта таразылау, өзін терістеу арқылы деконструкция мақсатына жету. Бұл енді арнайы мақсаттарда қолданылады.
Оның өзгешелігі - егер модернизмдік кезең сын дегеніміз дәстүрді құлату, жою, күйрету кұралы болса, Деконструкция сынаса да сын объектісін жоюға тырыспайды. Керісінше, оның бүге-шігесіне жетіп, кайта тірілтуге бейім болады. Әрине, тірілткенде, ол шартты түрде тірілтеді. Бірақ постструктурализмнің ең үлкен жеңісі - ойлау процесінің шарттылығын ұғыну, метафизикадан бас тарту.
Деконструкциялық құрылыс
Тақырыпқа пайдалы сілтемелер
- Johns Hopkins Guide to Literary Theory and Criticism Мұрағатталған 1 қарашаның 2005 жылы.
- How to Deconstruct Almost Anything--My Postmodern Adventure; Chip Morningstar. (Deconstruction from the point of view of a computer engineer.)
- Ten ways of thinking about deconstruction Мұрағатталған 13 қазанның 2004 жылы.; Willy Maley. (Deconstruction made real short.)
- Deconstructing Deconstructionism(қолжетпейтін сілтеме) by Robert Locke, a politically conservative commentator.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
- Culler, Jonathan. On Deconstruction: Theory and Criticism after Structuralism. ISBN 0-8014-1322-2
- Derrida, Jacques, "Letter to A Japanese Friend," Мұрағатталған 2 қарашаның 2003 жылы. Derrida and Differance, ed. David Wood & Robert Bernasconi, Warwick: Parousia Press 1985, p. 1.
- Derrida, Jacques, Of Grammatology. Trans. Gayatri Chakravorty Spivak. ISBN 0-8018-5830-5
- Derrida, Jacques, Positions. Trans. Alan Bass. Chicago: U. of Chicago Press, 1981. ISBN 0-226-14331-7
- Derrida, Jacques. Speech and Phenomena and Other Essays on Husserl's Theory of Signs. Trans. David B. Allison. Evanston: Northwestern U.P., 1973. ISBN 0-8101-0590-X
- Eagleton, Terry. Literary Theory: An Introduction. ISBN 0-8166-1251-X
- Ellis, John M. (1989). Against Deconstruction Princeton: Princeton University Press. ISBN 0-691-06754-6
- Johnson, Barbara, The Critical Difference (1981)
- Moynihan, Robert, Recent Imagining: Interviews with Harold Bloom, Geoffrey Hartmen, Paul DeMan, J. Hillis Miller (Shoe String Press 1986). ISBN 0-208-02120-5
- Rorty, Richard, "From Formalism to Poststructuralism", in The Cambridge History of Literary Criticism, Vol.8, Cambridge University Press, 1995
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dekonstrukciya mәtinnin nagyz mazmunyn magynasyn ashu үshin mәtinnin kurylymyn buzu Zhak Derrida Europa uly kurlygynyn filosofiyasy men әdebiet syny salasynda pajda bolgan dekonstrukciya agymy Zh Derrida katarly ojshyldar kalyptastyrgan zhәne dәriptegen filosofiyalyk shygarmalar men ojlardyn mәtinin okyp tүsinu әdisnamasy Zhalpy ajtkanda dekonstrukciyalyk oku degenimiz mәtin kurylymy men batystyk danalyk magynasy Western metaphysical essence arasyndagy ajyrmashylykka tek batyspen gana shektelmejdi taldau zhasau әdisi Dekonstrukciyalap oku mәtindi tek ajyrym zhazushy tarkatkan ajkyn akparat etip oku gana emes kajta ony mәlim mәdeniet zhәne dүnietanym zhүjesindegi kajshylyktardyn bejnesi retinde oku Dekonstrukciyalangan mәtin katar omir sүrip zhatkan koptegen ideyalardy zhajyp salady olar tipti әdette ozara karama kajshy boluy da gazhap emes Bir mәtindi dekonstrukciyalap oku dәstүrli oku әdisine salystyrganda mәtin bojynda tunshyktyrylgan zhәne eskerilmegen koptegen kozgaras bagyttaryn ajkyndauymen erekshelenedi Frenka Geriddin Guggenhajma murazhajy Bilbao Dekonstrukciya zhobalau үlgisi retinde HHg 80 zhyldary dәurendegen bolatyn Filosofiyalyk kajnary 1967 zhylgy Zh Derridanyn Jacque Derrida 1930 2004 tildegi kurylymdardy synau negizinde Dekonstrukciya teoriyasyn zhasauymen bajlanysty Onyn ideyasynyn negizi kurylym ataulyny zhaktyrmau simvol shyndykty ashuga zhetkilikti әrbir zhekeni zertteu bүtindiktin kurylymyn zertteuden manyzdy degenge sayady M Hajdegger bojynsha batys filosofiyasy tarihy metafizika tarihy Onyn tүpnuskasy bolmystyn osyndalygyna negizdelgen M Hajdeggerdin bul ugymyn Zh Derrida osyndagy metafizika dep atady Osyndagy metafizikanyn magynasy bүkil әlemnin artynda tүp negiz retindegi erezhe bar ortalyk soz mәtini bar ortak kozgatushy kүsh bar zhasyryn Tәniri kudiret bar Bul akyrgy shynajy birinshi nәrse birtekti Logosty logos kurastyrady Barsha adam men zat logos esiginin aldynda turyp logostyn ajnalym logikasyna bojusynady Al logos mәngilik ol Zharatushynyn zanymen ten Logoska karsy kelu sandyrak pen surkiyalykka betteu degen soz Derrida zhәne onyn dekonstrukciya ilimi dәl osy logocentrizm dәstүrine karsy turdy Yagni Dekonstrukciya agymyndagylar kazirgi tarmak tarmakka bolingen tәrtip ataulyny buzudy oz mindeti etti Bul tәrtip tek kogamdyk tәrtip neke tәrtibi etika tәrtibi gana emes adamdardyn zheke sanasyndagy tәrtipter mysaly zhasampazdyk әdeti kabyldau salty ojlau әdeti ishki zhan dүniesindegi mәdenietke yntalandyrgan dereksiz sezimder men kollektiv sanasyzdyk tipti ol ulttyk minezdegi erezheler boluy mүmkin Dekonstrukciya tәrtipti shagudy zhәne tipti de zhaksy tәrtip kurudy kozdejdi Dekonstrukciya kazirgi zamannyn negizdik kagidasy men olshem talaptaryn synaudy zhol etip ustanyp modernizm postmodernizm terminderin koldanady sozder men soz tirkesteri arasyndagy bajlanystardy kajta kuryp dәstүrli kogamnyn dәstүrli erezhesinin kurastyrylu kisynyn etika dinamika funkciya teristep zhana mәndilik karastyrady Soz magynasyna kajta sәp salyp magynany kajta mәndestiredi Sogu shagu katarlau kajta kuru zhekege mәn beru bolshektin ozdik ereksheligi ugymdarymen zhumys zhasap bүtindiktin birligine tojtarys berip bolshekteu men turaksyzdyktan kajta kurastyratyn magyna astaryn arshyp aluga tyrysady Jel universitetinin synshyldyk bagytynyn mүshesi G Miller bylaj degen bolatyn Dekonstrukciya sozin zhurtshylyk bejne әkesinin sagatyn bolshektep tastagan baladaj mәlim bүtindikti ozara bajlanysy zhok kajta kurastyrylmajtyn bolekterge bolu dep tүsinedi Birak dekonstrukciya masyldyk emes karsylyk Ol batystyn metafizika dәstүrin kajta zhasalmajtyndaj etip bүldirumen shugyldanady Zhak Derrida ozinin Hat zhәne ozgeshelik Dauys zhәne kubylys zhәne Grammatologiya zhoninde degen үsh kitaby arkyly dekonstrukciyany ornyktyrdy Ol әsirese adamzattyn akparat tasityn kuraly tildi kajta tarazylady Derrida adamnyn әrdajym katysushy ekendigin uәzh etip zhazu men okudyn arasyndagy ajyrmashylyk mәngi saktalady dep eseptedi Osyndagylyk degen logikalyk oj kisynyn zhojyp belgi tanbalar bүtindigin bolip karatylym ugymnyn nege karatyluy men karalymdy adam ugym arkyly neni karastyrdy birlestiru үshin ozgeshelenu ugymyna ajyryksha magynalar kosty Tarihi astaryMәtin 19 g sonynda F Nicshe Zharatushynyn olimi turaly tosyn oj zhariyalap kundylyk ataulyny kajta tarazydan otkizu talabyn usyndy Onyn dәstүrli zholga keriligi batys kogamynda uzynnan uzak zhangyryk pajda kyldy Akylga senbejtin dәstүrdi tonkergisi keletin Nicshe filosofiyasy Dekonstrukciya filosofiyasynyn manyzdy kajnary boldy Budan baska Hajdeggerdin Bolmys teoriyasy da sosyn Gusserldin fenomenologiyasy da Dekonstrukciya ilimin auyzdandyrgan teoriyalar 1968 zh belsendi studentter kozgalysy kapitalistik Europa men Amerikada zhandana bastady Franciyadagy karsylyk kozgalysy Maj Burkasyny degen atpen belgili Degenmen ol tez tiyldy Sodan kejingi zhyldary atalgan sayasi kushtarlyk birtindep omir men kogamdy tipti de teren kabatta taldap sogu danalygyna ulasty Batys kogamy ozinin tili senimi kurylymy tүzimi gylymi zhүjesi men bilik tory katarly kalyptaskan damygan zhүjesinen bas tartpajtyny belgili bolatyn Dekonstrukciya kozgalysy sondaj zhagdajda bastalgan karsylyk tүri Metafizikaga logocentrizmge karsy turyp tujyktalgan zhүjeni ydyratu үshin dekonstrukciya agymy subekttin zhogaluyn magynanyn ozgeshelenuin erkindiktin bagyttaluyn dәriptedi Bylajsha ajtkanda olar til men ojdyn erkin ojynyn dәriptep tipti bul erkindik bir tүrli kisen takkan bi bolsa da mejli degen ustanymga kelisti Olardyn karsylyk kerilik tabigatyna oraj dekonstrukciya agymy oz ozine kajshy agym boldy Derridanyn ajtuy bojynsha dekonstrukciya mәlim bir osyndagy ornyktylykty emes iz saludy korsetedi Ol shekteusiz pishinsiz belgisiz barlyk zherdi barshany kernegen Dekonstrukciya ozinin anyktamasyn ozi zhemirip tastajtyn zhemiru ideyasy Dekonstrukciyanyn eki negizgi ereksheligi onyn ashyktygy men shekteusizdigi Bir sozdin kurylymyn sogip dekonstrukciyalau bir ugym bir dәstүrli senim erezhesinin ishki mәnin arshu onyn barlyk filosofiyalyk kyryn zhajyp saluga aparady Dekonstrukciyanyn sipatyDekonstrukciyalau strukturalizmge de karsy Olardyn ojynsha kurylymda ozek zhok kurylym kashanda turaksyz bolady kurylym koptegen ajyrmashylyktardan turady Қurylymdyk ozgeshelik ozgeriske tүsetindikten kurylym da ozgerip otyrady zhәne kurylym ozinin turaksyzdygy men ashyktygyn үzdiksiz pash etumen bolady Strukturalizmnen bet burgandyktan dekonstrukciyalaudy kejde poststrukturalizmdik tәsil dep atajdy Derridanyn ojynsha mәtinde katyp kalgan turakty mәn magyna zhok shygarmanyn mәngilik ozgermejtin akyrgy mәni degen birdene omir sүrmejdi Dekonstrukciyalyk taldau zhasaudyn negizgi әdisi aldymen mәtin bojyndagy eki zhakty kajshylyktardy mysaly erkek әjel mykty әlsiz biik alasa aldyga keri on teris tauyp shygu sondaj ak kajshylaskan eki zhaktyn shyntuajtynda auyspaly zhәne bir birinen bolshektegisiz ekenin katal bolingen eki zhak boten eki tүr emestigin ajkyndau Қalypty korytyndy bojynsha bul eki bolim tүri tolyk formada turakty omir sүrmejdi Dekonstrukciya turaly gylym salasy men BAҚ salasynda ote kajshylykty pikirtalas tugany belgili Ғylymda bul agymdy nigilizmge tenestirip masyldygy zhogary zhәne nagyz zhyndylyk ideyasy dep te ajyptady BAҚ betterinde dekostrukciyalau әdisin gylymnyn nakty shyndyktan azhyrap kalganynyn zhandy mysaly dep bagalady Osyndaj kүshti ajyptaularga karamastan dekonstrukciyalau kazirgi zaman filosofiyasy men әdebietindegi ote bir kuatty agymdardyn biri sanalady Қurylys salasynda dekonstrukciyalau HHg sony men HHIg basynda bolshekteu amaly arkyly kurylys salasynda ozin korsetip dәstүrli әdisnamalardagy zhogary tomen on sol ishi syrty degen azhyratulardy mәnsizdestirdi Anyktama berudin kiyndygyMassachusets tehnologiya instituty Rej i Mariya Stata gylymi zertteu ortalygy 2004 zhyly 16 nauryzda pajdalanuga berildi Batys filosofiyasynda bul әdisnamaga anyktama beru onaj emes Nicshelik buzyp shagyp zhol ashudy ajtpaganda tungysh ret osy ugymdy filosofiyada kotergen adam M Hajdegger bolatyn Қazak tiline bul ugym orys tilinen audarylgan batystyk postmodernizm zhazushylarynan kelgeni belgili zhәne tilden tilge koship әren zhetu barysynda koptegen bederi ketip soz ozinin әuelgi magynasynan auytkyp tүsinilui gazhap emes Koptegen adamdar atap ajtsak Rolan Bart G Ch Spivak Hyuston Bejker R Gasche Barbara Dzhonson Miller sekildi koptegen majtalmandar osy agym turaly irgeli zertteuler zhasady Bul zhazushylardyn eshkajsysy bul ugymdy karapajym sozben anyktaj saluga barmagan Zh Derridadan dekonstrukciyalaudyn magynasyn suraganda ol bylaj degen bolatyn Bul mәselege karata mende karapajym zhәne kalypka tүsken anyk zhauap zhok Bәrimiz barlyk shygarmalarymyzda osynau korkynyshty suraktan ajnalyp otuge tyryskanymyzdy zhasyrmajmyz Derrida 1985zh Dekonstrukciya ozi turaly magynany shatastyratyn tүrli mәselege baryp tireledi ol bir agym ol bir mәtin oku әdisnamasy kalypka tүsken anyktamada kobi osy sozdi pajdalanady mәtin substanciyasy Derrida birde osylaj darytpalady Bul ugymnyn shekarasyn ajkyndagan kezde zhagdajga karaj atalgan ajtylymdarga shekti zhүginuge bolady birak ugymnyn zhasyrgan magynasyna zhinaky shogyrlanu kiyn Phallocentrism men dualizmge synDekonstrukciyanyn negizgi maksaty agartushylykka danalyk metafizikasyna ayausyz tojtarys beru Platon Russo zhәne Gusserl filosofiyasyn synau boldy Mәtin zhәne kurylymDekonstrukciya mәtindi taldau әdisi Al mәtinnin bejne sarymsak sekildi kabat kabat kabygyn arshyganda gana mәtinnin en argy ajtpakshy shyndygyna zhetip baramyz Dekonstrukciya mәtintaldau retinde audarma teoriyasynda da manyzga ie bolgandyktan dekonstrukciyalyk audarma agymy pajda bolgan Mәtinnin magynasyӨzgeshelenu Өzgeshelenu Differance eki kabat magynaga ie biri syrtka bagyttalu keneyu endi biri kedergi yagni til magynasynyn akyrgy esepte igerilmeui Magyna tek үzdiksiz syrtka kenejetin үrdis Magynanyn bejberekettigi tarkak boluy men bүtinsizdigi metafizikalyk ozek pen kajnardy sogip zhana ozek pen kajnar kuruga karsylyk korsetedi Magyna үzdiksiz tuylady auysady үzdiksiz zhojylady akyry ol tipti magynanyn ozin zhutyp tynady Өzektin oshui magynanyn da oshuin magynanyn ozgeshelenuin bildiredi zhәne ol dүniede akyrgy ozgermes magynanyn boluyn zhokka shygarady Sojtip kelesi mәtin zhana magynaga koshedi Mine bul ozgeshelenu bolmak Iz Iz ozgeshelenudin kozgalysty kүjin sipattajdy Iz zhemiriluden tүsken kaldyktardan kalyptasady kejde anyk kejde buldyr kүjde aldyngy kүjge de kejingi kүjge de karatylady zhәne ozi surak tugyzady Mәtin degenimiz magyna men soz egesip tүrli ilik bolar iz kaltyratyn akyrgy nysanasy mәngi turaksyz keneyudi korsetedi Zhazu Til ozi bilmejtindi tүsinu үshin sol turaly ojlaryn zhinaktap zhaza bastaganda kandaj zhagdaj tuylady mine bul mәsele Derrida adam tuma sojleuge bejim zhazuga zhat keledi degen ideyamen kelispejdi Ajtushy men sojleushi logostyk birlikke kelgen kezde soz tүsinikti bolady al zhazu logosty ajkyndajdy dejmiz Degenme dekonstrukciya bojynsha ajyrmashylyk zharkash kashanda omir sүredi zhәne shygarma mәngi okylyp bitpejdi shygarma zhazushy men shygarma ortasyndagy alshaktyk saktalady shygarmanyn argy magynasy tipti shygarmanyn ozinde synalgan ideya boluy da mүmkin Bul sojleuge karaganda zhazudyn shyndykka saj kelui әldekajda mүmkin ekenin ozgermes mәtinder magyna turgysynan bayagyda ozgerip ketkenin korsetedi Mysaly ezhelgi kitaptardy okygandar sol ezhelgi zamandy okyp otyrmyn sol zamanmen tanystym demek men ezhelgi zaman magynasy ishinde zhүrmin dep ojlajdy shyntuajty olaj emes ol kazirgi ozinin osy zamannyn magynasynda zhүr sol shygarmanyn tagy bir tyn magynasy ishinde zhүr ol ezhelgi adamdar tүsingen magyna emes Magyna ozgermejdi degen ideyanyn kate ekenin Derrida zhazudyn okyluy arkyly tamasha korsetip beredi Degenmen bir magynany ozgertpej saktauga da bolady birak bul zhasandy oli magynaga ulasady Sondaj oli magynadan tek DEKONSTRUKCIYa amaly gana kutkarady onyn kutkaru amaly okushyny mәtindegi zhana magynaga koshiru Dekonstrukciyaga ajtylgan synDerridanyn dekonstrukciya mәselesi karapajym mәsele emes barlyk makalalarymda anyktamasynan ajnalyp ottim degen sozi til arkyly bәrin ajkyndap tүsindirudin mүmkinsizdigin korsetetindej Deridany korgaushylar Derridanyn birtutastygyn uәzh etip dekonstrukciya sozi sozdiktegi kez kelgen sozder arasynda zhonkiledi dep sipattajdy Al synaushylar Derridanyn tәrtipsizdigin zhaltaktap ajnalyp otuin min etip ajtady Derridanyn dekonstrukciyany on zhagynan tүsindiruden alys turuyn bir tүrli teristeumen shektelu apofatika amaly dep tүsindiretinder de bar Derridanyn ojynsha dekonstrukciya taldau zhasau emes synau teoriyasy da emes ony dәstүrli kalyp bojynsha filosofiyalyk tүsinuge kelmejdi Bul tүrdegi teris magynadagy dekonstrukciyadan Derridanyn dәstүrli filosofiyalyk ugymdardy tykpalaudan saktanu sergektigene talpynatynyn bajkajmyz Әrine bul dekonstrukciya analizge synga tүrli әdis amaldarga esh katysy zhok degendik emes kajta bul tek atalgan әdisterden belgili kashyktykta turuga tyrysu deuge bolady Derridanyn maksaty kejbir Gusserldin fenemonologiyalyk Redukciya ilimine uksap ketetin bolikterdi oshiru bolgany anyk Әrine Deridanyn teristeumen shekteluin apofatizm teristeu teologiyasy dep te atajtyndar bar Budan baska ajtylatyn syndar Қoldanuga zharamsyzdygy Tүsiniksizdigi Қatandyk pen moldirliktin kemdigi Sayasi magynadagy syn Dekonstrukciyany nigilizm relyativizm bagytynyn zhana shapan kigen tүri dep ajyptau BAҚ tagy dekonstrukciyaTүr dekonstrukciyasy dәstүrli oner tүrlerinin klassikalyk formasy men bejneleu tәsiline senimsizdik bildiredi olardy ozgertip kajta zhondeu arkyly mәtin kunynyn zhana korkemdik forma aluyn bukaralyk mәdeniette ken taraluyn iske asyrady Қorgaushy dәstүrli curetterdegi gazhajyp batyrlar obrazyn shynajy tarihi kenistikke kojyp bәrinen mykty batyr obrazyn dekonstrukciyalap batyrdyn adamgershilik pen әleumettik zhagdajga әserin saralap onyn barlyk mәseleni sheshetin dәri emestigin ol tipti pәlebasy bolu mүmkindigin molsherlejdi Sikyrshy turaly tүrli suretterge dekonstrukciya zhasap sikyrdyn tilekti oryndauy tolemsiz bolmajtynyn maksattyn oryndaluy kalaudyn zhemisi emestigin korsetip beredi Mәtinderdi ozara dekonstrukcilau ozin zharkyratu ozin kajta tarazylau ozin teristeu arkyly dekonstrukciya maksatyna zhetu Bul endi arnajy maksattarda koldanylady Onyn ozgesheligi eger modernizmdik kezen syn degenimiz dәstүrdi kulatu zhoyu kүjretu kuraly bolsa Dekonstrukciya synasa da syn obektisin zhoyuga tyryspajdy Kerisinshe onyn bүge shigesine zhetip kajta tiriltuge bejim bolady Әrine tiriltkende ol shartty tүrde tiriltedi Birak poststrukturalizmnin en үlken zhenisi ojlau procesinin sharttylygyn ugynu metafizikadan bas tartu Dekonstrukciyalyk kurylysTakyrypka pajdaly siltemelerJohns Hopkins Guide to Literary Theory and Criticism Muragattalgan 1 karashanyn 2005 zhyly How to Deconstruct Almost Anything My Postmodern Adventure Chip Morningstar Deconstruction from the point of view of a computer engineer Ten ways of thinking about deconstruction Muragattalgan 13 kazannyn 2004 zhyly Willy Maley Deconstruction made real short Deconstructing Deconstructionism kolzhetpejtin silteme by Robert Locke a politically conservative commentator DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Filosofiya zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 ISBN 9965 808 82 1 Culler Jonathan On Deconstruction Theory and Criticism after Structuralism ISBN 0 8014 1322 2 Derrida Jacques Letter to A Japanese Friend Muragattalgan 2 karashanyn 2003 zhyly Derrida and Differance ed David Wood amp Robert Bernasconi Warwick Parousia Press 1985 p 1 Derrida Jacques Of Grammatology Trans Gayatri Chakravorty Spivak ISBN 0 8018 5830 5 Derrida Jacques Positions Trans Alan Bass Chicago U of Chicago Press 1981 ISBN 0 226 14331 7 Derrida Jacques Speech and Phenomena and Other Essays on Husserl s Theory of Signs Trans David B Allison Evanston Northwestern U P 1973 ISBN 0 8101 0590 X Eagleton Terry Literary Theory An Introduction ISBN 0 8166 1251 X Ellis John M 1989 Against Deconstruction Princeton Princeton University Press ISBN 0 691 06754 6 Johnson Barbara The Critical Difference 1981 Moynihan Robert Recent Imagining Interviews with Harold Bloom Geoffrey Hartmen Paul DeMan J Hillis Miller Shoe String Press 1986 ISBN 0 208 02120 5 Rorty Richard From Formalism to Poststructuralism in The Cambridge History of Literary Criticism Vol 8 Cambridge University Press 1995