«Буревестник» - 1957 жылы құрылған Алматы клубы. КСРО біріншіліктері мен халықаралық ареналарда жасындай жарқылдап көрінген клуб. Команданың нағыз жұлдызды шағы 1966 жылы бастау алып 1971 жылға дейін созылды. Осы аралықта ол 2 дүркін Еуропа чемпиондары Кубогын жеңіп алып, 1 рет КСРО чемпионы атанды. Бұлардан бөлек, Одақ біріншілігінде 2 мәртеден күміс және қола медальдарға қол жеткізді. Қолы медальдың біреуі чемпионатпен қатар Спартакиаданың да жүлдесі саналды.
Тарихы
Қазақ республикасының волейболының Одақ аренасында алғаш көрінуі 1956 жылмен тұспа-тұс келеді. Осы жылы Мәскеуде КСРО халықтарының жазғы I Спартакиадасы ұйымдастырылып, оның бағдарламасы аясында волейбол турнирі де өткізілді. Сол сынақта Мәскеу және Ленинград қалалары ұжымдарымен бірге күш сынасқан одақтас республикалар командалары қатарында Қазақстан құрамасы да болды. Ол кезде одақтастар құрамында Карело-Фин республикасы да бар еді, сонымен олардың жиынтығы 16 болатын, осылардың бәрі қосыла келгенде, турнир 18 команданың басын топтастырды. Бұлар алғашқы іріктеу сайысында үш шағын топқа бөлініп ойнады. Соның «В» тобына түскен Қазақстан командасы бес ойынында да ұтылып, 6 құраманың ең соңында қалды. Бірақ жаңа құрылған жас команда өзінің жігерлі ойынымен ерекше есте қалды. Соның әсері болса керек, сол құрама сапында жаттықтырушы-ойыншы болып ойнаған Борис Дмитриев пен ойыншы ретінде өнер көрсеткен Октябрь Жарылғапов келесі, 1957 жылы осы команданың негізінде жаңа команда жасақтады. Ол жарысқа студенттердің «Буревестник» спорт қоғамы атынан түсетін болғандықтан, осы қоғамның атымен аталды. Осылайша алып мұхиттың көгінде самғайтын дауылпаз құстың атын иемденген жаңа ұжым салған беттен мүмкін болған барлық биіктерді бағындыруға құмбыл бет алды. Ол республика біріншілігіне қатысқан осы бірінші жылының өзінде-ақ қарсыластарының бәрін бет қаратпай жеңіп, чемпион атанды.
Осының арқасында «Буревестник» 1958 жылы КСРО чемпионатының «Б» тобында ойнау құрметіне ие болды. Бұл додада да жақсы өнер көрсетіп, біріншілік мәресінде 6 сатыға орналасты. Ол 1959 жылы «Б» тобында екінші болса, КСРО халықтарының жазғы II Спартакиадасында 9 орынға табан тіреді. Ал 1960 жылғы маусым қорытындысында команда «А» класына жолдама алды. Бір айта кететін жағдай, жасақтың төменгі лигада ойнағанына қарамастан, оның лидері Октябрь Жарылғапов осы жылы КСРО-ның 24 үздік волейболшысы қатарынан орын алды. 1961 жылдан кеңес волейболы ең жоғары эшалонында ойнауға кіріскен ұжым беташар маусымында 16 команданың арасында 13 орынды қанағат тұтты. Аталмыш XXV чемпионат қорытындысы бойынша команданың Октябрь Жарылғапов, Заңғар Жәркешев, Жанбек Сауранбаев, Валерий Кассин, Евгений Акунов, Евгений Пресняков, Владимир Дьяков, Жұмаш Махмутов, Леонид Щербаков сынды ойыншылары спорттың бұл түрінен республикада ең алғашқы болып «КСРО спорт шебері» атағына ие болды. Дауылпаздар командасы келесі, 1961-1962 жылғы XXV чемпионатта да 13 орынға жайғасты. Бірақ бұл жолы жоғары эшалонда 24 команда күш сынасқан еді. Бұдан кейінгі 1963 жылғы чемпионат тағы да КСРО халықтарының жазғы III Спартакиадасы аясында өтті. Осы жылы құрамына Валерий Кравченко, Геннадий Гончаров сынды талантты ойыншылар қосылған Алматының «Буревестнигі» бұрынғыдан да күшейе түсті. Оны жоғарыдағы аламан жарыс анық байқатты. Сол бәсірелі бәсекеде Грузия, Украина республикалары құрамаларымен бірдей ұпай жинаған қазақстандықтар партиялар айырмашылығы жөнінен ғана бұл қарсыластарын алға жіберіп, өзі 5 орыннан тұрақ түзді. Міне, бұл алматылықтардың болашақтағы үлкен табыстарына бастайтын бастапқы соқпағы еді.
Бір қызығы, 1964 жылы чемпионат мүлдем өтпей қалды. Мұны Одақ федерация басшылары ұлттық құраманы алдағы Токио Олимпиадасында бағдарламаға алғаш рет енгелі отырған волейбол турниріне жан-жақты дайындалу керектігімен түсіндірді. Оның есесіне, бұл жылы да 24 үздік волейболшының тізімі түзіліп, оның құрамынан «Буревестниктің» осы кездегі лидері Жанбек Сауранбаев табылды. 1961 жылдан КСРО-ның жастар құрамасының белді мүшесі болып келе жатқан аса дарынды волейболшының ел ұлттық командасы сапына алынуы республика волейболы үшін үлкен жеңіс болды. Ол құрама құрамында ол әлем және Еуропа біріншіліктеріне де, Бүкіләлемдік жазғы Универсиада мен Әлем кубогы үшін жарысқа да қатысып қайтты. Ол тіпті соңғы сәттерге дейін Токио Олимпиялық ойындарына қатысатын 12 ойыншының арасында 7-8 қатардағы үміткер саналып тұрды. Бірақ,.. жеме-жемге келгенде, тізімнен сызылып кетті. Соңғы мезеттерде олимпиялық құраманың сапына бұрын ешқашан негізгі ойыншы саналмаған және бұған пәлендей еңбегі де сіңбеген ресейлік үш волейболшы еніп кетті де, бұдан басқа тағы екі таланттың бағын байлады. Кейін белгілі болғанындай, бұл бүкіл Ойындар бойына запаста отырған олардың бапкерлеріне «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алып беру үшін жасалған қитұрқы тірлік болып шықты. Ал Жанбектің құрамаға кірмей қалуына негізінен екі түрлі нәрсе себепкерлік еткен тәрізді. Біріншіден, Мәскеуде отырған волейболдың орыстық-шовинистік жетекшілері құрама сапында азиялық спортшының болғанын қаламаған. Екіншіден, бұл осының алдында ғана Мәскеудің ЦСКА-сына ауысуға келіспеген қазақ волейболшысын жазалау үшін жасалған. Шынында да содан шамалы ғана бұрын кеңес волейболында ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған «құдіреттерінің» бірі, ЦСКА-ның белді ойыншысы Юрий Чесноков Жанбекті жік-жікпар болып үйіне қонаққа шақырады. Сол кезде құраманың қалған мүшелерінің бәрі Жанбекке қызыға қарайды. Алайда, оның «қызығы» артында болып шықты. Шақырудың да батпандай ауыр салмағы бар екен. Жақсы отырыстың басында-ақ Юра сөзді көп созбай, бұған қалайда ЦСКА-ға ауысып келуді ұсынады. Осы талап орындалған жағдайда Жанбектің алдынан барлық ақ сандық жарқырап ашылмақ. Оның құрамада ұзақ жылдар бойы тапжылмай ойнауы бірден шешіледі. Бұдан бөлек, алуан түрлі дивиденттерге де кепілдік беріледі. Сөздің түйіні осы. Мына ұсыныс Жанбекке сұмдық соққы болып тиді. Үш ұйықтаса да, түсіне кірмеген жәйт. Алайда, туған қаласы мен республикасын жанындай жақсы көретін Сауранбаевқа бұл отаны мен ата-анасын сатып кеткенмен бірдей сезіледі. Сондықтан бұл бас тартудың салқыны қандай болатынын шамалап тұрса да, Алматыдан табан аудармайтынын шегелеп тұрып айтады. Содан бастан Юра Чесноков та бұдан сырт айналады, құрама жаттықтырушыларының да ықыласы суи түскені аңғарылады. Оның ақыры Жапонияда өткелі тұрған Олимпиада құрамасынан шеттеліп қалуға апарып соқтырады. Егер осы жолы Олимпиадаға бара қалғанда, Жанбек Сауранбаевтың сонда КСРО құрамасы жеңіп алған алтын медальды айтарлықтай еңбек сіңіріп алып қайтатыны анық еді. Ал Юрий Чесноковтың ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін көп жылдар бойы КСРО құрамасының бас жаттықтырушы болғаны да белгілі.
Екі жылғы үзілістен кейін өткен 1965 жылғы XXVII чемпионатқа да 24 команда жалын қосты. Оның өткізілу формуласы да өзгеріссіз қалды. Ол іріктеу турнирі мен финалдық бөлік деп аталатын екі кезеңнен тұрды. Осының бір турдан тұрған іріктеу кезеңінде командалар төрт-төрттен 6 топқа бөлініп шайқасты. Соның қорытындысымен әр топтан шыққан 2 команда 1-12 орындар үшін айналмалы жүйемен ойнайтын финалдық бөлікті құрады да, қалған 12 команда бір турдан тұратын жұбату турнирін өткізді. Осының ақтық бөлігінде шайқасқан «Буревестник» қорытындыда 8 орын алды. Ал Жанбек Сауранбаев тағы да Одақтың үздік 24 волейболшысы сапынан орын алды. Бірақ ол бұл жолы жалғыз болған жоқ. Осы жылы оның жанында Валерий Астанин, Валерий Кравченко атты командалас әріптестері тұрды.
Бұдан кейінгі, 1966 жылғы реттік саны бойынша XXVIII чемпионат сәл өзгерген пішінде өтті. Оған да ерікті спорт қоғамдары мен ведомстволары атынан түскен 24 команда қатысты. Бірақ ұжымдар «А» класының бірінші және екінші топтары деген бөліктерге бөлініп ойнады. Бұлардың бірінші тобын былтырғы біріншіліктің қорытындысында алғашқы 10 орынды алған командалар мен жұбату турнирінде топ бастаған 2 ұжым басты. Алматылықтар, әлбетте, бірінші топтан табылды. Жалпы, бұл топта 5 одақтас республиканың өкілдері болды. Өткен жылғыдан да қарқынды ойнаған олар чемпионаттың мәресін 4-ші болып қиып өтті. Сөйтіп, қола медальға қол созым қалғанда тоқтап қалды. Біздің бұл жерде «қол созым» деуіміздің де шынайы себебі бар. Себебі, «Буревестник» жігіттері бұл жолы екінші және үшінші орын алған Риганың «Радиотехнигі» мен Киевтің «Локомотивінен» небәрі 1 ұпай ғана кем алып, 37 ұпайды қоржынға салған. Алтын медальдың иесі атанған ЦСКА командасында да 41 ұпай ғана болды. Тағы бір қадап айтатыны, «Буревестник» өзінен бір саты жоғарыда жүлделі орындарға орналасқан үш қарсыласының ішінде тек Мәскеудің армияшыларына ғана екі ойында да есе жіберді. Ал ригалықтармен (1:3, 3:2) де, киевтіктермен (1:3, 3:0) ұпай бөлісті. Яғни итжығыс түсті. Тіпті локомотившілерден екі ойын бойынша десі де басым тұрды. Айтқандай, алматылықтар сапында былтыр ғана жарқырап көрінген Валерий Астанин бұл жылы мәскеулік армияшылардың намысын қорғады. Осы жылы он бірінші мәрте КСРО чемпионы атанып отырған әскери клуб маусым басында бұдан басқа одессалық Эдуард Сибиряковпен, мәскеулік «Буревестниктен» Дмитрий Воскобойниковпен күшейіп алды. Ал чемпионат қорытындысында 24 үздіктердің ішіне кіргендердің қатарында жоғарыдағы үштіктен бөлек, Жанбек Сауранбаев, Валерий Кравченко және жаңа жана бастаған жұлдыз – Олег Антропов болды. Шымкент волейболының түлегі болып табылатын ол осы жылы сонымен бірге командалас досы Александр Портноймен бірге КСРО жастар құрамасы сапында сол жылы бірінші рет өткізілген Еуропа чемпионатында алтын медаль алды. Осы жылдың соңына дейін Олег КСРО-ның ересектер құрамасы қатарына да қабылданды. Алматылықтардың бұл жылғы табыстары мұнымен де бітпейді. Алдымен олар Минскіде өткен студенттердің Бүкілодақтық универсиадасында алтын тұғырдан орын сайлады. Содан кейін Чехословакияның астанасы Прага қаласында болған студенттердің құрлық чемпионатында алдарына жан салмады. Бұлардың қабатында В.Кравченко мен О.Антропов КСРО құрамасы сапында Еуропаның чемпионы да болып оралды.
Бұрыннан қалыптасып қалған дәстүр бойынша КСРО халықтарының кезекті жазғы IV Спартакиадасы өткен 1967 жылы да волейболдан Одақтың командалық дербес чемпионаты өтпей қалды. Оның орнын осы аламандағы волейбол турнирі толтырды. Сайыс Спартакиада шеңберінде өткеннен кейін бұрын чемпионатқа Мәскеу мен Украинадан қатысып жүрген командалар өз қаласы мен республикасы төңірегіне топтасып, бір құраманы құрады. Ал «Буревестник» тағы да «Қазақстан құрамасы» деген мәртебемен алаңға шықты. Әдеттегідей Мәскеуде өткен бұл жарыс шілденің 12-22 аралығында көрік қыздырды. Оған Мәскеу мен Ленинград қалаларынан, сондай-ақ 15 одақтас республикадан барлығы 17 құрама атсалысты. Олар әдеттегідей іріктеу турнирінің ойындарын өткізді. Осындағы 3 топтың әрбірінің үздік 2 командасынан құралған алтылық келесі кезеңде Спартакиада мен чемпионаттың медальдары үшін таласты. Өзі ойнаған «Б» тобында партия айырмашылығы жағынан әзірбайжандарды алға оздырып алған қазақстандықтар алтаудың айқасына келгенде барын салды. Осындағы 5 ойынның 3-уінде мерейі үстім шыққан олар Спартакиада мен чемпионаттың тарихында тұңғыш рет қола медальға қол жеткізді. Ал бірінші орынды сонау 1956 жылғы Спартакиадан кейін екінші рет Украина құрамасы жеңіп алды. Қазақстандық волейболшылардан қола медаль Олег Антропов, Геннадий Гончаров, Еңсебек Иманғалиев, Валерий Кассий, Александр Кармановский, Валерий Кравченко, Александр Портной, Жанбек Сауранбаев, Виталий Шапран, Вячеслав Шапран секілді тарландардың омырауларына тағылды. Команданы бұл жеңіске аға жаттықтырушы Заңғар Жәркешев пен жаттықтырушы Марат Мәденов жеткізді. Ал жыл соңында дәстүрлі 24 үздіктің құрамына «Буревестниктің» О.Антропов, Г.Гончаров, В.Кравченко және Ж.Сауранбаев секілді ең белді ойыншылары енді.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Burevestnik 1957 zhyly kurylgan Almaty kluby KSRO birinshilikteri men halykaralyk arenalarda zhasyndaj zharkyldap koringen klub Komandanyn nagyz zhuldyzdy shagy 1966 zhyly bastau alyp 1971 zhylga dejin sozyldy Osy aralykta ol 2 dүrkin Europa chempiondary Kubogyn zhenip alyp 1 ret KSRO chempiony atandy Bulardan bolek Odak birinshiliginde 2 mәrteden kүmis zhәne kola medaldarga kol zhetkizdi Қoly medaldyn bireui chempionatpen katar Spartakiadanyn da zhүldesi sanaldy Birinshi katar soldan onga karaj Amangeldi Sultanov Vyacheslav Shapran Zhanibek Saurambaev Oleg Antropov Aleksandr Portnoj Ekinshi katar soldan onga karaj aga bapker Zangar Zharkeshev Aleksandr Kormanovskij Nikolaj Ragozin Vitalij Shapran Valerij Ustimenko bapker Marat Madenov Gennadij Goncharov Valerij KravchenkoTarihyҚazak respublikasynyn volejbolynyn Odak arenasynda algash korinui 1956 zhylmen tuspa tus keledi Osy zhyly Mәskeude KSRO halyktarynyn zhazgy I Spartakiadasy ujymdastyrylyp onyn bagdarlamasy ayasynda volejbol turniri de otkizildi Sol synakta Mәskeu zhәne Leningrad kalalary uzhymdarymen birge kүsh synaskan odaktas respublikalar komandalary katarynda Қazakstan kuramasy da boldy Ol kezde odaktastar kuramynda Karelo Fin respublikasy da bar edi sonymen olardyn zhiyntygy 16 bolatyn osylardyn bәri kosyla kelgende turnir 18 komandanyn basyn toptastyrdy Bular algashky irikteu sajysynda үsh shagyn topka bolinip ojnady Sonyn V tobyna tүsken Қazakstan komandasy bes ojynynda da utylyp 6 kuramanyn en sonynda kaldy Birak zhana kurylgan zhas komanda ozinin zhigerli ojynymen erekshe este kaldy Sonyn әseri bolsa kerek sol kurama sapynda zhattyktyrushy ojynshy bolyp ojnagan Boris Dmitriev pen ojynshy retinde oner korsetken Oktyabr Zharylgapov kelesi 1957 zhyly osy komandanyn negizinde zhana komanda zhasaktady Ol zharyska studentterdin Burevestnik sport kogamy atynan tүsetin bolgandyktan osy kogamnyn atymen ataldy Osylajsha alyp muhittyn koginde samgajtyn dauylpaz kustyn atyn iemdengen zhana uzhym salgan betten mүmkin bolgan barlyk biikterdi bagyndyruga kumbyl bet aldy Ol respublika birinshiligine katyskan osy birinshi zhylynyn ozinde ak karsylastarynyn bәrin bet karatpaj zhenip chempion atandy Osynyn arkasynda Burevestnik 1958 zhyly KSRO chempionatynyn B tobynda ojnau kurmetine ie boldy Bul dodada da zhaksy oner korsetip birinshilik mәresinde 6 satyga ornalasty Ol 1959 zhyly B tobynda ekinshi bolsa KSRO halyktarynyn zhazgy II Spartakiadasynda 9 orynga taban tiredi Al 1960 zhylgy mausym korytyndysynda komanda A klasyna zholdama aldy Bir ajta ketetin zhagdaj zhasaktyn tomengi ligada ojnaganyna karamastan onyn lideri Oktyabr Zharylgapov osy zhyly KSRO nyn 24 үzdik volejbolshysy katarynan oryn aldy 1961 zhyldan kenes volejboly en zhogary eshalonynda ojnauga kirisken uzhym betashar mausymynda 16 komandanyn arasynda 13 oryndy kanagat tutty Atalmysh XXV chempionat korytyndysy bojynsha komandanyn Oktyabr Zharylgapov Zangar Zhәrkeshev Zhanbek Sauranbaev Valerij Kassin Evgenij Akunov Evgenij Presnyakov Vladimir Dyakov Zhumash Mahmutov Leonid Sherbakov syndy ojynshylary sporttyn bul tүrinen respublikada en algashky bolyp KSRO sport sheberi atagyna ie boldy Dauylpazdar komandasy kelesi 1961 1962 zhylgy XXV chempionatta da 13 orynga zhajgasty Birak bul zholy zhogary eshalonda 24 komanda kүsh synaskan edi Budan kejingi 1963 zhylgy chempionat tagy da KSRO halyktarynyn zhazgy III Spartakiadasy ayasynda otti Osy zhyly kuramyna Valerij Kravchenko Gennadij Goncharov syndy talantty ojynshylar kosylgan Almatynyn Burevestnigi buryngydan da kүsheje tүsti Ony zhogarydagy alaman zharys anyk bajkatty Sol bәsireli bәsekede Gruziya Ukraina respublikalary kuramalarymen birdej upaj zhinagan kazakstandyktar partiyalar ajyrmashylygy zhoninen gana bul karsylastaryn alga zhiberip ozi 5 orynnan turak tүzdi Mine bul almatylyktardyn bolashaktagy үlken tabystaryna bastajtyn bastapky sokpagy edi Bir kyzygy 1964 zhyly chempionat mүldem otpej kaldy Muny Odak federaciya basshylary ulttyk kuramany aldagy Tokio Olimpiadasynda bagdarlamaga algash ret engeli otyrgan volejbol turnirine zhan zhakty dajyndalu kerektigimen tүsindirdi Onyn esesine bul zhyly da 24 үzdik volejbolshynyn tizimi tүzilip onyn kuramynan Burevestniktin osy kezdegi lideri Zhanbek Sauranbaev tabyldy 1961 zhyldan KSRO nyn zhastar kuramasynyn beldi mүshesi bolyp kele zhatkan asa daryndy volejbolshynyn el ulttyk komandasy sapyna alynuy respublika volejboly үshin үlken zhenis boldy Ol kurama kuramynda ol әlem zhәne Europa birinshilikterine de Bүkilәlemdik zhazgy Universiada men Әlem kubogy үshin zharyska da katysyp kajtty Ol tipti songy sәtterge dejin Tokio Olimpiyalyk ojyndaryna katysatyn 12 ojynshynyn arasynda 7 8 katardagy үmitker sanalyp turdy Birak zheme zhemge kelgende tizimnen syzylyp ketti Songy mezetterde olimpiyalyk kuramanyn sapyna buryn eshkashan negizgi ojynshy sanalmagan zhәne bugan pәlendej enbegi de sinbegen resejlik үsh volejbolshy enip ketti de budan baska tagy eki talanttyn bagyn bajlady Kejin belgili bolganyndaj bul bүkil Ojyndar bojyna zapasta otyrgan olardyn bapkerlerine KSRO nyn enbek sinirgen zhattyktyrushysy atagyn alyp beru үshin zhasalgan kiturky tirlik bolyp shykty Al Zhanbektin kuramaga kirmej kaluyna negizinen eki tүrli nәrse sebepkerlik etken tәrizdi Birinshiden Mәskeude otyrgan volejboldyn orystyk shovinistik zhetekshileri kurama sapynda aziyalyk sportshynyn bolganyn kalamagan Ekinshiden bul osynyn aldynda gana Mәskeudin CSKA syna auysuga kelispegen kazak volejbolshysyn zhazalau үshin zhasalgan Shynynda da sodan shamaly gana buryn kenes volejbolynda ak degeni algys kara degeni kargys bolyp turgan kudiretterinin biri CSKA nyn beldi ojynshysy Yurij Chesnokov Zhanbekti zhik zhikpar bolyp үjine konakka shakyrady Sol kezde kuramanyn kalgan mүshelerinin bәri Zhanbekke kyzyga karajdy Alajda onyn kyzygy artynda bolyp shykty Shakyrudyn da batpandaj auyr salmagy bar eken Zhaksy otyrystyn basynda ak Yura sozdi kop sozbaj bugan kalajda CSKA ga auysyp keludi usynady Osy talap oryndalgan zhagdajda Zhanbektin aldynan barlyk ak sandyk zharkyrap ashylmak Onyn kuramada uzak zhyldar bojy tapzhylmaj ojnauy birden sheshiledi Budan bolek aluan tүrli dividentterge de kepildik beriledi Sozdin tүjini osy Myna usynys Zhanbekke sumdyk sokky bolyp tidi Үsh ujyktasa da tүsine kirmegen zhәjt Alajda tugan kalasy men respublikasyn zhanyndaj zhaksy koretin Sauranbaevka bul otany men ata anasyn satyp ketkenmen birdej seziledi Sondyktan bul bas tartudyn salkyny kandaj bolatynyn shamalap tursa da Almatydan taban audarmajtynyn shegelep turyp ajtady Sodan bastan Yura Chesnokov ta budan syrt ajnalady kurama zhattyktyrushylarynyn da ykylasy sui tүskeni angarylady Onyn akyry Zhaponiyada otkeli turgan Olimpiada kuramasynan shettelip kaluga aparyp soktyrady Eger osy zholy Olimpiadaga bara kalganda Zhanbek Sauranbaevtyn sonda KSRO kuramasy zhenip algan altyn medaldy ajtarlyktaj enbek sinirip alyp kajtatyny anyk edi Al Yurij Chesnokovtyn ojynshylyk mansabyn ayaktagannan kejin kop zhyldar bojy KSRO kuramasynyn bas zhattyktyrushy bolgany da belgili Eki zhylgy үzilisten kejin otken 1965 zhylgy XXVII chempionatka da 24 komanda zhalyn kosty Onyn otkizilu formulasy da ozgerissiz kaldy Ol irikteu turniri men finaldyk bolik dep atalatyn eki kezennen turdy Osynyn bir turdan turgan irikteu kezeninde komandalar tort tortten 6 topka bolinip shajkasty Sonyn korytyndysymen әr toptan shykkan 2 komanda 1 12 oryndar үshin ajnalmaly zhүjemen ojnajtyn finaldyk bolikti kurady da kalgan 12 komanda bir turdan turatyn zhubatu turnirin otkizdi Osynyn aktyk boliginde shajkaskan Burevestnik korytyndyda 8 oryn aldy Al Zhanbek Sauranbaev tagy da Odaktyn үzdik 24 volejbolshysy sapynan oryn aldy Birak ol bul zholy zhalgyz bolgan zhok Osy zhyly onyn zhanynda Valerij Astanin Valerij Kravchenko atty komandalas әriptesteri turdy Budan kejingi 1966 zhylgy rettik sany bojynsha XXVIII chempionat sәl ozgergen pishinde otti Ogan da erikti sport kogamdary men vedomstvolary atynan tүsken 24 komanda katysty Birak uzhymdar A klasynyn birinshi zhәne ekinshi toptary degen bolikterge bolinip ojnady Bulardyn birinshi tobyn byltyrgy birinshiliktin korytyndysynda algashky 10 oryndy algan komandalar men zhubatu turnirinde top bastagan 2 uzhym basty Almatylyktar әlbette birinshi toptan tabyldy Zhalpy bul topta 5 odaktas respublikanyn okilderi boldy Өtken zhylgydan da karkyndy ojnagan olar chempionattyn mәresin 4 shi bolyp kiyp otti Sojtip kola medalga kol sozym kalganda toktap kaldy Bizdin bul zherde kol sozym deuimizdin de shynajy sebebi bar Sebebi Burevestnik zhigitteri bul zholy ekinshi zhәne үshinshi oryn algan Riganyn Radiotehnigi men Kievtin Lokomotivinen nebәri 1 upaj gana kem alyp 37 upajdy korzhynga salgan Altyn medaldyn iesi atangan CSKA komandasynda da 41 upaj gana boldy Tagy bir kadap ajtatyny Burevestnik ozinen bir saty zhogaryda zhүldeli oryndarga ornalaskan үsh karsylasynyn ishinde tek Mәskeudin armiyashylaryna gana eki ojynda da ese zhiberdi Al rigalyktarmen 1 3 3 2 de kievtiktermen 1 3 3 0 upaj bolisti Yagni itzhygys tүsti Tipti lokomotivshilerden eki ojyn bojynsha desi de basym turdy Ajtkandaj almatylyktar sapynda byltyr gana zharkyrap koringen Valerij Astanin bul zhyly mәskeulik armiyashylardyn namysyn korgady Osy zhyly on birinshi mәrte KSRO chempiony atanyp otyrgan әskeri klub mausym basynda budan baska odessalyk Eduard Sibiryakovpen mәskeulik Burevestnikten Dmitrij Voskobojnikovpen kүshejip aldy Al chempionat korytyndysynda 24 үzdikterdin ishine kirgenderdin katarynda zhogarydagy үshtikten bolek Zhanbek Sauranbaev Valerij Kravchenko zhәne zhana zhana bastagan zhuldyz Oleg Antropov boldy Shymkent volejbolynyn tүlegi bolyp tabylatyn ol osy zhyly sonymen birge komandalas dosy Aleksandr Portnojmen birge KSRO zhastar kuramasy sapynda sol zhyly birinshi ret otkizilgen Europa chempionatynda altyn medal aldy Osy zhyldyn sonyna dejin Oleg KSRO nyn eresekter kuramasy kataryna da kabyldandy Almatylyktardyn bul zhylgy tabystary munymen de bitpejdi Aldymen olar Minskide otken studentterdin Bүkilodaktyk universiadasynda altyn tugyrdan oryn sajlady Sodan kejin Chehoslovakiyanyn astanasy Praga kalasynda bolgan studentterdin kurlyk chempionatynda aldaryna zhan salmady Bulardyn kabatynda V Kravchenko men O Antropov KSRO kuramasy sapynda Europanyn chempiony da bolyp oraldy Burynnan kalyptasyp kalgan dәstүr bojynsha KSRO halyktarynyn kezekti zhazgy IV Spartakiadasy otken 1967 zhyly da volejboldan Odaktyn komandalyk derbes chempionaty otpej kaldy Onyn ornyn osy alamandagy volejbol turniri toltyrdy Sajys Spartakiada shenberinde otkennen kejin buryn chempionatka Mәskeu men Ukrainadan katysyp zhүrgen komandalar oz kalasy men respublikasy toniregine toptasyp bir kuramany kurady Al Burevestnik tagy da Қazakstan kuramasy degen mәrtebemen alanga shykty Әdettegidej Mәskeude otken bul zharys shildenin 12 22 aralygynda korik kyzdyrdy Ogan Mәskeu men Leningrad kalalarynan sondaj ak 15 odaktas respublikadan barlygy 17 kurama atsalysty Olar әdettegidej irikteu turnirinin ojyndaryn otkizdi Osyndagy 3 toptyn әrbirinin үzdik 2 komandasynan kuralgan altylyk kelesi kezende Spartakiada men chempionattyn medaldary үshin talasty Өzi ojnagan B tobynda partiya ajyrmashylygy zhagynan әzirbajzhandardy alga ozdyryp algan kazakstandyktar altaudyn ajkasyna kelgende baryn saldy Osyndagy 5 ojynnyn 3 uinde mereji үstim shykkan olar Spartakiada men chempionattyn tarihynda tungysh ret kola medalga kol zhetkizdi Al birinshi oryndy sonau 1956 zhylgy Spartakiadan kejin ekinshi ret Ukraina kuramasy zhenip aldy Қazakstandyk volejbolshylardan kola medal Oleg Antropov Gennadij Goncharov Ensebek Imangaliev Valerij Kassij Aleksandr Karmanovskij Valerij Kravchenko Aleksandr Portnoj Zhanbek Sauranbaev Vitalij Shapran Vyacheslav Shapran sekildi tarlandardyn omyraularyna tagyldy Komandany bul zheniske aga zhattyktyrushy Zangar Zhәrkeshev pen zhattyktyrushy Marat Mәdenov zhetkizdi Al zhyl sonynda dәstүrli 24 үzdiktin kuramyna Burevestniktin O Antropov G Goncharov V Kravchenko zhәne Zh Sauranbaev sekildi en beldi ojynshylary endi