Бижігіт Бұзауұлы (туған жылы белгісіз - 1796) - қазақ батыры. Бұзау Жарасұлының үлкен ұлы.
Өмірбаяны
«Шудың аяғынан бері Маңқанай дейтін жер бар. Ол Үйсінбайдан бері жиырма шақырымдай жер. Бұл бұрынғы «Созақ» кеңшарының аумағына кірген. Маңқанай деген әйелдің аты. Мынау Бұзау руы бес атаға бөлінеді. Олар Бижігіт, Түке, Ақжүніс, Малқара, Жаңғара, Есқара. Ал Маңқанай – солардың шешелері. Сол кісіні құрмет тұтып, үй тіккен жерінің атымен «Маңқанай» атанған»
Бұзау батырдың үлкен баласы Бижігіт жас кезінде жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста ешкімге дес бермеген батырын көзінен көздеп атып, мерт қылады. Бірақ ұрыс аяқталған соң, ерлігін ешкімге жария қылмай, қосынына қайтып кетеді. Хан қол астындағыларға жоңғар батырын кім өлтіргенін анықтауды тапсырады. Ең соңында уәзірлері: - Бұзаудың Бижігіт деген баласы қана келмеді. Қалғандарынан тұтас сұрастырып шықтық. Әзірге жебенің кімдікі екені анықталмады, - дейді. Билеушінің бұйрығымен келген Бижігіт: - Хан ием, батырдың басынан бақайшығына дейін оқ өтпейтін темір сауытпен құрсалған екен, тек екі көзі және астындағы ақбоз атының екі көзі, екі танауында ғана саңылау бар екен. Оң көзіне қадалған жебе болса, онда ол менікі, - дейді. Құралайды көзге атқан мергендігіне тәнті болған Абылай хан ақ батасын беріп, жоңғардың қаза болған батырының астындағы ақ боз аты мен ақ сауытын сыйға тартыпты. Кейін сол ақ боз ат Қарқаралыда өткен бәйгеде бас жүлде алған көрінеді.
1796 жылы өмірден өтіп, көз жұмарда өзінің сүйегін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеуді аманаттайды. Бижігіттің ұрпақтары әкесі Бұзау батырдың жанына арулап қояды.
2015 жылдың 29 қазанында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми кеңесі «Тама Бижігіт батыр Бұзауұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген» деген тұжырымды растап, кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың тізімі жазылған тақтаға қосу туралы шешім қабылдады.
Дереккөздер
- Пернебай Дүйсенбин. «Үркердей болып көшкен жұрт», 50-бет.
- Н.Рахымжанов. "Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма (Дәулеткелді тарихы)", 2016, Бішкек. ISBN 978-601-7211-57-8
Сыртқы сілтемелер
- Бұзау батыр Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2015 жылы.
- Қазақ батырлары ескерусіз қалмаса екен(қолжетпейтін сілтеме)
- Бұзау және оның ұлы Бижігіт батырларға ас берілді(қолжетпейтін сілтеме)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bizhigit Buzauuly tugan zhyly belgisiz 1796 kazak batyry Buzau Zharasulynyn үlken uly Өmirbayany Shudyn ayagynan beri Mankanaj dejtin zher bar Ol Үjsinbajdan beri zhiyrma shakyrymdaj zher Bul buryngy Sozak kensharynyn aumagyna kirgen Mankanaj degen әjeldin aty Mynau Buzau ruy bes ataga bolinedi Olar Bizhigit Tүke Akzhүnis Malkara Zhangara Eskara Al Mankanaj solardyn shesheleri Sol kisini kurmet tutyp үj tikken zherinin atymen Mankanaj atangan Buzau batyrdyn үlken balasy Bizhigit zhas kezinde zhongar baskynshylaryna karsy sogysta eshkimge des bermegen batyryn kozinen kozdep atyp mert kylady Birak urys ayaktalgan son erligin eshkimge zhariya kylmaj kosynyna kaj typ ketedi Han kol astyndagylarga zhongar batyryn kim oltirgenin anyktaudy tapsyrady En sonynda uәzirleri Buzaudyn Bizhigit degen balasy kana kelmedi Қalgandarynan tutas surastyryp shyktyk Әzirge zhebenin kimdiki ekeni anyktalmady dejdi Bileushinin bujrygymen kelgen Bizhigit Han iem batyrdyn basynan bakajshygyna dejin ok otpejtin temir sauytpen kursalgan eken tek eki kozi zhәne astyndagy akboz atynyn eki kozi eki tanauynda gana sanylau bar eken On kozine kadalgan zhebe bolsa onda ol meniki dejdi Қuralajdy kozge atkan mergendigine tәnti bolgan Abylaj han ak batasyn berip zhongardyn kaza bolgan batyrynyn astyndagy ak boz aty men ak sauytyn syjga tartypty Kejin sol ak boz at Қarkaralyda otken bәjgede bas zhүlde algan korinedi 1796 zhyly omirden otip koz zhumarda ozinin sүjegin Қozha Ahmet Yasaui kesenesine zherleudi amanattajdy Bizhigittin urpaktary әkesi Buzau batyrdyn zhanyna arulap koyady 2015 zhyldyn 29 kazanynda Әziret Sultan memlekettik tarihi mәdeni koryk muzejinin gylymi kenesi Tama Bizhigit batyr Buzauuly Қozha Ahmet Yasaui kesenesinde zherlengen degen tuzhyrymdy rastap kesenede zherlengen tarihi tulgalardyn tizimi zhazylgan taktaga kosu turaly sheshim kabyldady DerekkozderPernebaj Dүjsenbin Үrkerdej bolyp koshken zhurt 50 bet N Rahymzhanov Zhetikonyr Zhideli zhәne Zhajylma Dәuletkeldi tarihy 2016 Bishkek ISBN 978 601 7211 57 8Syrtky siltemelerBuzau batyr Muragattalgan 27 kyrkүjektin 2015 zhyly Қazak batyrlary eskerusiz kalmasa eken kolzhetpejtin silteme Buzau zhәne onyn uly Bizhigit batyrlarga as berildi kolzhetpejtin silteme