Балапан қаз, "Ахау сабаз", "Бұл өлке" - ән. Шығарушысы белгісіз. Яғни, халық әні.
Тарихы
"Балапан қаз" әні туралы жалғыз ғана дерек Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты Пугачев ауылының тұрғыны, домбырашы Қилыбаев Арғынбек ақсақалдан жеткен. Арекеңнің айтуында "Балапан қаз" әнін Найман еліне келін болып түскен керей қызы шығарған. Бұл қыз ата-анасының оң жағында отырғанда сүйген жігітінен екіқабат болып қалса керек. Ол кез құдандалықты кие тұтып қалыңдыққа ие болатын заман ғой, керей қызы аяғы ауыр қалпында ұзатылады. Кейін перзентті болған керей қызы көкірегіне қамалған мұңын бесік жыры етіп айтады екен. Содан, былайғы жұртқа жайылған. Өкініштісі, әннің сөзі ұмыт болып, ел есінде "Е-е-й, ахау сабаз, Ұшырдым ұясынан балапан қаз" деген қайырмасы ғана қалған.
Ел жадындағы жақсы әннің қайта жаңғыруына өзіндік үлес қосып, жаңадан сөзін жазып, "Балапан қаз" әніне екінші өмір сыйлаған адам — көрнекті ақын, драматург, Моңғолия Жазушылар одағының лауреаты Арғынбай Жұмажанұлы. А.Жүмажанұлы 1929 жылы Моңғолиядағы қазақ аймағының Тұлбакөл деген жерінде туып, 1994 жылы Қазақстанда, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние салды.
1973 жылы Тұлба сұмынның Баян-Өлгийдегі мәдени күндері өтеді. Бұл шараның ойдағыдай өтуіне Арғынбай Жұмажанұлы белсене атсалысып, концерттік бағдарламаларға тікелей бас-көз болады. Жаңадан арнайы ән-күйдің шығарылуына, драмалық қойылымдардың көрсетілуіне күш салады. Осы жолы ел жадында сақталған "Балапан қаз" әніне салып айту ұшін арнайы төрт шумақ өлең жазады. Сөйтіп, мәдени күндердің беташары ретінде "Балапан қаз" әні Арғынбай шығарған жаңа мәтінмен алғаш рет айтылады. Әнді киномеханик Қапсөк деген жігіт айтады. Әннің де, мәтінінің де жұрт көңілінен шыққаны сонша, сол күндердің өзінде-ақ бүкіл Өлгий қаласы жастарының сүйіп айтатын әніне айналады.
"Балапан қаз" әнінің Арғынбай Жұмажанұлы шығарған мәтіні бұл кісінің 1979 жылы "Меңдікөл" деген атпен Өлгийде жарық көрген жыр кітабының 12-13 беттеріне басылды. Өлеңге "Бұл өлке" деген тақырып берілген. Тақырып астында "Халық әні "Балапан қаз" әуенімен" деген тақырыпша бар. Өлеңнің мәтіні мынандай:
- Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер,
- Желіге асау құлын байлаған жер.
- Көзіме от-жалындай көрінеді,
- Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер.
Қайырмасы:
- Е-е-й, ахау сабаз,
- Ұшырдым ұясынан балапан қаз.
- Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер,
- Қаракөз бойын сылап түзеген жер.
- Көзіме от-жалындай көрінеді,
- Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер.
Қайырмасы:
- Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер,
- Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер.
- Көзіме от-жалындай көрінеді,
- Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер.
Қайырмасы:
- Бұл өлке — ата-бабам көктеген жер,
- Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер.
- Көзіме от-жалындай көрінеді,
- Алдымнан келін кесіп өтпеген жер.
Қайырмасы:
Көз көрген азаматтардың айтуында Арғынбай Жұмажанұлы бұл өлеңнің екінші шумағындағы алғашқы екі жолын кейін былай өзгерткен:
- Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер,
- Сырғасын сұлу кыздың іздеген жер.
"Балапан қаз" әнін қазақстандық әншілердің ішінде алғаш айтушы Жанар Айжанова. Жанар бұл әнді 1991 жылы Моңғолияға барғанда үйреніп қайтқан. Кейін "Балапан қаз" әнін Роза Рымбаева, Бағдат Сәмединова сияқты жез таңдай әншілеріміз де келістіре шырқады. Ал, "Көшпенділер" фильмінде "Балапан қаз" әнін белгілі әнші Ұлту Қабаеваға айтқыздық. Ұлтудың айтуындағы далалық табиғилық және әннің иірім-қайырымына, саз-сарынына сәтті нақыс дарытып айтушылық бізге ден қойғызды.
Дереккөздер
- «Қазақ әдебиеті» 20.01 2006 №3
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Balapan kaz Ahau sabaz Bul olke әn Shygarushysy belgisiz Yagni halyk әni Tarihy Balapan kaz әni turaly zhalgyz gana derek Shygys Қazakstan oblysynyn Kүrshim audanyna karasty Pugachev auylynyn turgyny dombyrashy Қilybaev Argynbek aksakaldan zhetken Arekennin ajtuynda Balapan kaz әnin Najman eline kelin bolyp tүsken kerej kyzy shygargan Bul kyz ata anasynyn on zhagynda otyrganda sүjgen zhigitinen ekikabat bolyp kalsa kerek Ol kez kudandalykty kie tutyp kalyndykka ie bolatyn zaman goj kerej kyzy ayagy auyr kalpynda uzatylady Kejin perzentti bolgan kerej kyzy kokiregine kamalgan munyn besik zhyry etip ajtady eken Sodan bylajgy zhurtka zhajylgan Өkinishtisi әnnin sozi umyt bolyp el esinde E e j ahau sabaz Ұshyrdym uyasynan balapan kaz degen kajyrmasy gana kalgan El zhadyndagy zhaksy әnnin kajta zhangyruyna ozindik үles kosyp zhanadan sozin zhazyp Balapan kaz әnine ekinshi omir syjlagan adam kornekti akyn dramaturg Mongoliya Zhazushylar odagynyn laureaty Argynbaj Zhumazhanuly A Zhүmazhanuly 1929 zhyly Mongoliyadagy kazak ajmagynyn Tulbakol degen zherinde tuyp 1994 zhyly Қazakstanda Pavlodar oblysynyn Bayanauyl audanynda dүnie saldy 1973 zhyly Tulba sumynnyn Bayan Өlgijdegi mәdeni kүnderi otedi Bul sharanyn ojdagydaj otuine Argynbaj Zhumazhanuly belsene atsalysyp koncerttik bagdarlamalarga tikelej bas koz bolady Zhanadan arnajy әn kүjdin shygaryluyna dramalyk kojylymdardyn korsetiluine kүsh salady Osy zholy el zhadynda saktalgan Balapan kaz әnine salyp ajtu ushin arnajy tort shumak olen zhazady Sojtip mәdeni kүnderdin betashary retinde Balapan kaz әni Argynbaj shygargan zhana mәtinmen algash ret ajtylady Әndi kinomehanik Қapsok degen zhigit ajtady Әnnin de mәtininin de zhurt konilinen shykkany sonsha sol kүnderdin ozinde ak bүkil Өlgij kalasy zhastarynyn sүjip ajtatyn әnine ajnalady Balapan kaz әninin Argynbaj Zhumazhanuly shygargan mәtini bul kisinin 1979 zhyly Mendikol degen atpen Өlgijde zharyk korgen zhyr kitabynyn 12 13 betterine basyldy Өlenge Bul olke degen takyryp berilgen Takyryp astynda Halyk әni Balapan kaz әuenimen degen takyrypsha bar Өlennin mәtini mynandaj Bul olke bizdin auyl zhajlagan zher Zhelige asau kulyn bajlagan zher Kozime ot zhalyndaj korinedi Ajkasyp kulyn tajdaj ojnagan zher Қajyrmasy E e j ahau sabaz Ұshyrdym uyasynan balapan kaz Bul olke bizdin auyl kүzdegen zher Қarakoz bojyn sylap tүzegen zher Kozime ot zhalyndaj korinedi Қolan shash uәdesin үzbegen zher Қajyrmasy Bul olke bizdin auyl kystagan zher Қajynga ker zhorgany ustagan zher Kozime ot zhalyndaj korinedi Kүlimkoz bir kyzykka bastagan zher Қajyrmasy Bul olke ata babam koktegen zher Қoramnan aktyly koj ketpegen zher Kozime ot zhalyndaj korinedi Aldymnan kelin kesip otpegen zher Қajyrmasy Koz korgen azamattardyn ajtuynda Argynbaj Zhumazhanuly bul olennin ekinshi shumagyndagy algashky eki zholyn kejin bylaj ozgertken Bul olke bizdin auyl kүzdegen zher Syrgasyn sulu kyzdyn izdegen zher Balapan kaz әnin kazakstandyk әnshilerdin ishinde algash ajtushy Zhanar Ajzhanova Zhanar bul әndi 1991 zhyly Mongoliyaga barganda үjrenip kajtkan Kejin Balapan kaz әnin Roza Rymbaeva Bagdat Sәmedinova siyakty zhez tandaj әnshilerimiz de kelistire shyrkady Al Koshpendiler filminde Balapan kaz әnin belgili әnshi Ұltu Қabaevaga ajtkyzdyk Ұltudyn ajtuyndagy dalalyk tabigilyk zhәne әnnin iirim kajyrymyna saz sarynyna sәtti nakys darytyp ajtushylyk bizge den kojgyzdy Derekkozder Қazak әdebieti 20 01 2006 3 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz