Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
- құн өлшемі және баға масштабы;
- айналыс (айырбас) құралы;
- төлем құралы;
- қорлану және қор жинау құралы;
- дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бір-бірінің өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны бағамас- штабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі — бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі кызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы — бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.
Бүгінгі танда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі
Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы үдерісінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай үдерістерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл үдерісті арнайы формулада келесідей түрде беруге болады: Т(тayap) — A(ақша) — Т( тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс кұралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Сонымей ақша, айналыс Кұралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі
Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс нысанына ие: Т(тауар) — М(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М(міндеттеме) — Т(тауар).
Ақшаның төлем кұралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу үдерісінің аякталғандығын білдіреді. Тауар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
- тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік және сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі нысанда жүзеге асырылады десе болады:
- Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану нысанда;
- Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану нысанында.
Дүниежүзілік ақша
Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болыптабылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-тендік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі нысанында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы нысаны ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар нысанында өтеді»—деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі аткарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ — доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы - еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.
1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа валютасы «еуро» енгізілді. Еуропралық валюталық Одаққа бастапқыда он бір ел қатынасқан: Германия, Франция, Луксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап, «еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 каңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылдың 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aksha ekonomikadagy rolin ozinin atkaratyn negizgi kyzmetteri arkyly oryndajdy Akshanyn әr kyzmeti tauar ajyrbasy үderisinen tuyndajtyn tauar ondirushilerdin nysany retinde akshanyn әleumettik zhәne ekonomikalyk mazmunynyn belgili bir zhaktaryn sipattajdy Akshanyn kazirgi ekonomikadagy atkaratyn kyzmetterine mynalar zhatady kun olshemi zhәne baga masshtaby ajnalys ajyrbas kuraly tolem kuraly korlanu zhәne kor zhinau kuraly dүniezhүzilik aksha Akshanyn kun olshemi kyzmetiAksha zhalpyga birdej balama retinde barlyk tauarlardyn kunyn olshejdi Aksha kun olshemi retinde molsheri zhagynan attas sapasy zhagynan salystyruga keletin tauarlar kunyn bejneleu үshin tauarlar dүniesine material beru kyzmetin atkarady Birak ta tauarlardy ozara olshejtin aksha emes tauarlar ondirisine ketken kogamdyk kazhetti enbek olardyn bir birinin olshenuine zhagdaj zhasady Barlyk tauarlar kogamdyk enbek onimderi sondyktan olardyn kunyn ozindik kuny bar nakty akshalar altyn zhәne kүmis olshej alady Tauar kunynyn akshamen bejnelenui onyn bagasy dep atalady Baga tauardy ondiruge zhәne satuga kazhetti kogamdyk enbek shygynymen anyktalady Әrbir elde akshanyn olshemi retinde kabyldangan zhәne tauarlar bagasyn olsheuge kyzmet etetin metaldyn altyn baga belgileu procesindegi aksha birligine bekitiletin salmakty sany bagamas shtaby dep atalady Bagalardyn negizinde zhәne olardyn kozgalysynda kun zany zhatyr Akshanyn kun olshemi kyzmeti men baga masshtaby arasynda ozara ajyrmashylyk bar Қun olshemi bul memleketke tәuelsiz akshanyn ekonomikalyk kyzmetin sipattajdy Қun olshemi kyzmeti kun zanyna bajlanysty anyktalady Baga masshtaby bul memleketke tәueldi birak tauardyn kunyn korsetu үshin emes tek onyn bagasyn bejneleu үshin kyzmet etedi Baga masshtaby naryk zanyna yagni suranys pen usynyska bajlanysty belgilenedi Sojtip baga masshtaby arkyly ojsha belgilenetin tauarlar bagasy ulttyk aksha birligindegi korsetiletin naryktyk bagaga ajnalady Bүgingi tanda tauarlar altynga tikelej ajyrbastalmajdy zhәne olardyn bagasy altynmen bejnelenbejdi Akshanyn bul kyzmetin altynnyn ornynda zhүretin onyn kundyk okilderi nemese kagaz zhәne nesielik aksha belgileri atkarady Mundaj akshalardyn menshikti kuny bolmajtyndyktan da olardy tolyk bagaly emes akshalar dep atajdy Өjtkeni olar tauarlar kunyn tolyk olshemejdi birak olsheuge katynasady Akshanyn ajnalys kuraly kyzmetiAjnalys kuraly kyzmetinde aksha tauar ajnalysy үderisinde deldaldyk rol atkarady Tauar ajnalysy mynadaj үderisterdi kamtidy tauar satu yagni onyn akshaga ajnaluy zhәne tauardy satyp alu yagni tauardyn akshaga ajnaluy Bul үderisti arnajy formulada kelesidej tүrde beruge bolady T tayap A aksha T tauar Aksha ajnalysynyn tauar ajnalysynan ajyrmashylygy aksha tauarlardy birtindep ajnalystan shygara otyryp ozi ajnalysta үnemi kalyp otyrady Akshanyn ajnalys kuraly retindegi kyzmetinin basty ereksheligi birinshiden bul kyzmetti tolyk bagaly emes kunnyn belgileri kagaz zhәne nesielik akshalar atkarady ekinshiden nakty zhәne kolma kolsyz akshalar atkarady Sonymej aksha ajnalys Kuraly kyzmetin atkaratyndyktan da olardyn sany yagni ajnalyska kazhetti satylatyn tauarlar massasy zhәne bagasy negizinde anyktalady Al eger ajnalystagy aksha massasy tauar massasynan artyk bolsa onda akshanyn kunsyzdanuy inflyaciyaga zhol beredi Akshanyn tolem kuraly kyzmetiӘrtүrli zhagdajlardyn boluyna bajlanysty tauarlardyn tek nakty akshaga gana satylmajtyny belgili Sebebi әrtүrli tauarlardy ondiru kezeni men ajnalys merziminin uzaktygynyn birdej emestigi sondaj ak birkatar tauarlardyn ondirisi men satyluynyn mausymdyk sipatta boluy sharuashylyk subektisinde kosymsha karazhattardyn zhetispeushiligin tugyzady Sonyn nәtizhesinde tauarlardyn tolemin keshiktirip satyp alu zhәne satu yagni nesiege beru kazhettigi tuyndajdy Aksha tolem kuraly retinde mynadaj erekshe bir kozgalys nysanyna ie T tauar M mindetteme kelisilgen merzimnen kejin M mindetteme T tauar Akshanyn tolem kuraly kyzmeti men ajnalys kuraly kyzmetteri arasynda ozara ajyrmashylyk bar Aksha ajnalys kuraly retinde deldaldyk rolinde zhүretin bolsa tolem kuraly kyzmetinde aksha men tauardyn bir birine karama karsy kozgalysy bolmajdy yagni karyzdyk mindetteme arkyly oteu satu zhәne satyp alu үderisinin ayaktalgandygyn bildiredi Tauar men aksha arasyndagy uakyttagy alshaktyk kreditorga karyz alushynyn tolemeu kauipin tudyruy mүmkin Aksha tolem kuraly retinde tek kana tauar ajnalysyna kyzmet etip kojmaj sol siyakty karzhy zhәne nesie katynastaryna da kyzmet etedi Zhalpy barlyk akshalaj tolemderdi tomendegidej tүrde toptastyruga bolady tauarlar zhәne korsetiletin kyzmetter bojynsha tolem mindettemeleri memleketke katysty karzhylyk mindettemeler banktik ssudalar memlekettik zhәne tutynu nesieleri bojynsha karyzdyk mindettemeler saktandyru mindettemeleri әkimshilik zhәne sot aldyndagy zhәne ozge mindettemeler Akshanyn tolem kuraly kyzmetin tolyk bagaly emes yagni kagaz zhәne nesielik akshalar atkarady Akshanyn kor zhinau zhәne korlanu kyzmetiAksha zhalpyga birdej balama retinde onyn iesine tauar aludy kamtamasyz etumen katar bajlykty zhinau kuraly bolyp tabylady Sondyktan da adamdar olardy zhinaktau nemese korlanuga tyrysady Қorlanu үshin aksha ajnalystan alynady sojtip tauardy satu zhәne satyp alu kozgalysy үziledi Akshanyn kor zhinau kyzmetin tolyk bagaly emes akshalar atkara almajdy sebebi olardyn menshikti kuny zhok Bul kyzmetti atkaru kashannan altynga zhүktelgen Al akshanyn korlanu kyzmetin tolyk bagaly emes akshalar atkarady Tauar ondirisi zhagdajynda korlanu eki nysanda zhүzege asyrylady dese bolady Kәsiporyndar men ujymdardyn agymdyk zhәne zhinak depozittik shottardagy sol siyakty banktegi baska shottardagy akshalaj karazhat kaldyktary tүrinde kogamdyk korlanu nysanda Bankterdegi halyk salymdarynda obligaciyalarda zhinaktalgan zheke korlanu nysanynda Dүniezhүzilik akshaSyrtky sauda bajlanystary halykaralyk zaemdar syrtky seriktesterge kyzmet korsetu barysy dүniezhүzilik akshalardyn pajda boluyna sebep boldy Dүniezhүzilik akshalar zhalpyga ortak tolem kuraly zhalpyga ortak satyp alynatyn kural zhәne zhalpyga ortak kogamdyk bajlyktyn materialdanu kuraly bolyptabylady Halykaralyk tolem kuraly retinde dүniezhүzilik akshalar halykaralyk bajlanystardagy esep ajyrysularda koldanylady Halykaralyk satyp alynatyn kural retinde dүniezhүzilik akshalar elder arasyndagy nakty akshamen tolenetin tauarlar zhәne korsetiletin kyzmetter ajyrbasyndagy tepe tendik buzylgan zhagdajda kyzmet etedi Zhalpyga ortak kogamdyk bajlykty kurau retinde dүniezhүzilik akshalar bir eldin ekinshi bir elge zajm nemese subsidiyalar berui barysynda kyzmet etedi Eger de elimizdin ishindegi aksha memleketpen zandastyrylgan ulttyk aksha birligi nysanynda kyzmet etetin bolsa al elimizden tyskary zherde K Marks oz enbeginde aksha ozinin ulttyk kiimin sheshedi de ozinin bastapky nysany retindegi metall kujmasyna yagni zhalpylama balama tauar nysanynda otedi dep zhazady Sondaj ak bul zherde dүniezhүzilik aksha retinde altynnyn kyzmet etui sipattalady Altyn moneta standarty tusynda dүniezhүzilik aksha kyzmetin altyn zhәne altynga auystyrylatyn zhekelegen elderdin nesielik akshalary banknotalar kobine AҚSh dollary zhәne agylshyn funt sterlingi atkargan Қazirgi kezde dүniezhүzilik aksha kyzmetin AҚSh dollary Europalyk Odaktyn kazirgi valyutasy euro sol siyakty Halykaralyk valyutalyk kordyn SDR i arnajy karyz alu kukygy atkarady 1999 zhyly kantar ajynan bastap Europalyk kauymdastyk elderinde zhana valyutasy euro engizildi Europralyk valyutalyk Odakka bastapkyda on bir el katynaskan Germaniya Franciya Luksenburg Niderlandiya Avstriya Belgiya Finlyandiya Irlandiya Portugaliya Ispaniya zhәne Italiya 1999 zhylgy 1 kantardan bastap euro kolma kolsyz tolemder үshin zhәne memlekettin zhana kagazdaryn ornalastyru үshin pajdalanyldy Euro banknoty men monetalary 2002 zhyldyn 1 kantarynan zhәne 6 ajdaj uakyt ishinde engizilip valyutalyk odakka mүshe elderdin ulttyk aksha birlikteri 2002 zhyldyn 1 shildesinen bastap oz kyzmetterin toktatty DerekkozderAksha nesie bankter teoriyasy Okulyk Almaty Zheti zhargy 2011 ISBN 978 601 288 026 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz