Атырау облысында континенттігі тым басым климат қалыптасқан. Атырау өңірі өзінің табиғи ылғалының жеткіліксіздігімен, аса ыстық та қуаң не қара суықты ауа райымен, аңызақ не аязды желімен, шаңды дауылымен, ылғалдың ауаға бостан-бос қарқынды булануымен, оған керісінше жер бетіне түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің мардымсыздығымен ерекшеленеді.
Климат түзуші факторлар
Атырау облысың климатына әсер етуші факторлар бірнешеу. Соның ішінде ең негізгілері мыналар:
Күн радиациясының әсері. Облыстың аумағы қоңыржай белдеуде жатыр. Күн радиациясының түсу мөлшері сол жердің қандай ендікте жатқанына, атмосфераның тұнықтығына, күннің жарықтығы мен ұзақтығына байланысты. Жарқыраған күн сәулесінің ұзақтығы солтүстігінде 2600 сағаттан оңтүстігінде 2750 сағатқа дейін созылады. Шашыранды күн радиациясы 45-50 к/кал шаршы см. аралығында өзгеріп отырады. Жиынтық радиацияның әсері жазда өте зор болады. Сондықтан бұл кезде ауаның температурасы жоғарылайды. Қыс кезінде күн сәулесінің түсу бұрышының солтүстікке қарай біртіңдеп азаюына байланысты, сонымен бірге күннің қысқарып, қар жамылғысының күн сәулесін шағылыстыратынына орай күн радиациясының мөлшері азаяды.
Ауа қозғалысының әсері. Атырау облысының аумағына жыл бойы үш түрлі ауа массалары әсер етеді. Бұлар - арктикалық, полярлық (қоңыржай ендіктен) және тропиктік ауа массалары.
Бұлардың ішінде әсіресе қыс айларында арктикалық ауа массаларының әсері зор. Қыс айларында Азия антицикпонының ішкерілей енуі нәтижесінде ауаның температурасы төмендеп, қатты суып, ашық ауа райы қалыптасады. Жаз айларында ыстық ауа райын түзеді. Ал көктем мен күз айларында кенеттен салқындық түседі.
Облыстың климатына батыстан, Атлант мұхитынан келетін ауа массалары әсер етеді. Бұл ауа массалары жылдың қай мезгілінде болсын климатты жұмсартып ылғал әкеледі. Қыс кезінде батыс және оңтүстік-батыс ауа массаларының ағыны ауа райын жылытады, аспанды бұлт торлап, қар жауады. Жаз кезінде Атлант мұхитының ауа массалары ыстықты бәсеңсітіп, ылғалды арттырып, жауын-шашын түсіреді. Көктемнің соңғы күндері және жаз айларында құрғақ тропиктік ауа массаларының әсері өте зор. Бұл кезде мұнда жоғары атмосфералық қысым қалыптасады. Тұран ойпатынан соғатын оңтүстік, оңтүстік-шығыс желдері аңызақ әкеледі. Кейбір жылдары тропиктік ауа массасының екпінділігіне байланысты құрғақшылық болып, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.
Жылдың әр мезгілінде екі түрлі ауа массаларының шектескен жерлерінде ауа фронттары пайда болып, циклондар мен антициклондар облыс аумағына ішкерілей енеді. Циклондар атмосфераның төменгі қабатын қатты өзгерістерге ұшыратады. Оның әсерінен ауа массаларының қозғалысы күшейеді, жел көтеріледі.
Облыс аумағына ылғалдың аз ғана бөлігін Каспий теңізі үстінде қалыптасқан ауа массалары әкеледі. Жолдарында бірнеше биік жоталар жатуына байланысты Үнді және Тынық мұхиттары үстінде қалыптасқан ауа массалары облыс аумағына жетпейді.
Жер бедерінің әсері. Жер бедері ауа температурасына, ылғалдылығына, желдің жылдамдығына белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Мысалы, аумағында бұлттарды ұстайтын биік жер бедері болмағандықтан облыс үстімен үдере көшкен бұлттар көбіне жаумай өте шығатын кездері жиі кездеседі. Сондай-ақ облыс аумағының көпшілік жері теңіз деңгейінен төмен жатқандықтан қысым жоғарылап ауа массаларының келуіне кедергі жасайды. Мысалы, Атырау қаласының теңіз деңгейінен биіктігі - 21 м., жылдық орташа қысым 1022 мб. (қалыпты қысымнан 50-55 мб. артық). Облыс аумағында қыс кезінде ауа қысымы артып, жаз кезінде төмендейді.
Агроклиматгық аудандар
Атырау облысының аумағын 3 агрокпиматтық аудандарға бөлуге болады.
- Ыстық, құрғақ аудан облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс аумағы.
- Ыстық, өте құрғақ аудан облыстың батыс, оңтүстік-батысы.
- Өте ыстық, құрғақ аудан облыстың оңтүстігі.
Осы көрсетілген агроклиматтық аудандарда ауаның температурасы, ылғалдылығы, желдің бағыты және соғу күші әр түрлі болып келеді. Облыс аумағы қарашаның екінші жартысынан бастап қар жамылады. Солтүстігінде қардың қалыңдығы 15-20 см., оңтүстігінде 5-7 см-ден аспайды. Қар ақпанның аяқ кезінен бастап, солтүстігінде наурыз айында ериді. бастайды. Қыс кезінде орташа есеппен 10-20 күндей боран соғады. Жылы ауа массаларының әсері басым болған жағдайда кейбір жылдары облыстың оңтүстігінде қарсыз қыс болуы мүмкін. Қаңтардың орташа температурасы теңіз жағалауында -8°С, солтүстігінде -14°С, шілденің орташа температуралары солтүстігінде 22°С, оңтүстігінде 24°С, абс.максимумы 40°С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 350 мм, оңтүстік жағында 150-200 мм, ал булану мөлшері 1000 мм. жуықтайды. Ойпат өңірінде аңызақ жел мен шаңды дауыл жиі болып тұрады.
Облыстың солтүстігінде жыл бойына оңтүстік бағыттағы желдер басым болады. Оңтүстік аудандарда құрғақ шөлді жерлерде қыста шығыс бағыттағы желдер жиі соғады (қарқындылығы 6-7 м/сек), ең күшті желдің қарқындылығы 15 м/сек. жетеді де жыл ішінде 50 күндей соғады. Жел жаз айларында түрлі бағыттардан өзгеріп соғып отырады. Көбіне солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын желдер басымырақ келеді. Оңтүстік желдер аңызықтығымен, құрғақ әрі ыссылығымен ерекшеленеді. Атырау облысы мемлекетіміздегі жел көп соғатын аймаққа жатады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 55-60 м/сек. шамасында. Жел жер бедерін бұзумен қатар ылғалдың булануын да арттырады. Облы аумағында буланудың орташа жылдық мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 800-1000 мм. шамасында. Бұл буланудың түсетін ылғалдан бірнеше есе жоғары екенін көрсетеді. Ылғалдың мол түсуі сәуір, маусым және қазан, қараша айларына сәйкес келеді. Орташа есеппен осы айларда жылдық мөлшерінің 50% келеді.
Облыс аумағында жылы кезең солтүстігінде және шығыс бөліктерінде 140-160 күндей, ал оңтүстігінде және батыс бөліктерінде 160-180 күндей болады. Жылы және суық айлардың орташа температурасының ауытқу мөлшері 34°-38° шамасында, ал абсолюттік көрсеткіш 76°-80° қа жетеді. Ең жоғары абсолют максимум Атырау қаласында 45°С, Қосшағылда 46°С, ең төмен Қарабауда-42°.
Жыл мезгілдеріне сипаттама
Атырау облысының аумағында қоңыржай ендікке тән жылдың төрт мезгілі ауысып келіп отырады. Жыл мезгілдерін көктем, жаз, күз және қыс деп бөлу оның мезгілдік өзгерістерінің заңдылықтарына сәкес келеді.
Көктемнің басында күн қызуы бірден-бірге күшейіп, жылылық ұлғайып өсімдіктер бүр жарады. Наурыз айының 22-сінде астрономиялық есеп бойынша күн мен түн теңеледі. Көктем мезгілі тез өтеді. Күн өткен сайын температурасы көтеріледі. Бірақ кейде арктикалық суық ауа массаларының сұғына енуіне байланысты ауаның температурасы -2-8°С қа дейін төмендеп қар аралас жаңбыр жауады. Кей жылдары көктемнің соңы қуаңшылыққа айналып ерте шығатын өсімдіктер қурай бастайды.
Жаз - күн көзінің ең ұзақ түсетін мезгілі. Облыстың көпшілік жерінде жаз мамыр айында орташа тәуліктік +15°С жоғарылаған кезден басталады. Жаздың ең ыстық айы - шілдеде орташа тәуліктік температурасы +25° +27°, ал кей жылдары, +41°, +42°қа дейін жетеді. Жауын - шашын жаз айларында өте аз түседі, орташа мөлшері 75-100 мм. Кейбір жылдары мүлдем жаумай, егістік пен жайылымдық шөптер күйіп кетеді. Осы кезде оңтүстік - шығыстан соғатын желдер құрғақ аңызақ қалыптастырады. Бұның ақыры шаңды дауылдарға ұласады.
Күздің алғашқы көріністері түннің суытуы, өзен - көлдерде судың салқындай бастауы, ағаштарда алғашқы сары жапырақтардың пайда болуы, т.б. Жалпы күздің басы ауаның орташа тәуліктік температурасының 15° тан төмендеуінен есептеледі. Бұл шамамен қыркүйектің екінші жартысында басталады. Күздің алғашқы айында көбіне күн ашық, құрғақ болып тұрады. Қыркүйек айының соңғы күндерінде жылы, құрғақ «мизам шуағы» дейтін кез туады. Бұл оңтүстіктен жылы континентті ауа массаларының енуіне байланысты. Ауаның температурасы қазан айында тез төмендейді. Жауын – шашын мөлшері артады. Бұл айдың аяғында ағаш жапырақтары түгел сарғайып, түсіп, құстар топ - тобымен жылы жаққа ұшып кетеді. Қараша айының басталуымен ауа райы салқындап, қар аралас жаңбыр жауып, нағыз қара күз басталады. Қарашаның екінші жартысында қыстың алғашқы белгілері байқалады. Ауа салқындап, ауаның температурасы 0° тан төмендейді, біртіндеп арктикалық ауа массаларының әсері күшейе түседі. Күз екі айға созылады.
Қыс облыстың солтүстік және солтүстік шығыс аудандарында оңтүстікке қарағанда 15 - 20 күн бұрын түсіп, қаталырақ болады. Қыстың басталу мерзімін қараша айыны 10-15 терінен, тәуліктің орташа температурасы -5°қа жеткен кезден есептейді. Қар жамылғысының қалындығы облыстың солтүстігінде 15-20см - ден оңтүстігінде 5-7см - ден аспайды. Жылы ауа массалары әсер еткен жағдайда оны да ерітіп жібереді. Сөйтіп кейбір жылдары облыстың оңтүстігінде қарсыз қыс болуы мүмкін. Қыстың тағы бір ерекшелігі, ауаның температурасы тұрақты болмайды. Қыс айларының орташа температурасы -9° есептелгенмен, қаңтар және ақпан айларында кейде -35°, -40° суықтық немесе керісінше +5°, +10° жылылық болуы мүмкін. Мұндай құбыліыстар сібір антициклонының суық ауа массасы мен батыстан кіретін циклондардың қайталануының әсерінен болады. Қаңтар, ақпан айларында желдің соғу екпіні 4,5-5 м/сек. жетеді. Қыс күндері жаяу борасындар жиі болып тұрады. Кейде күшті жел мен жауған қардың әсерінен бірнеше тәулік бойы боран соғады. Қатты аяздың әсерінен немесе оңтүстіктен келетін жылы ауа массалары жаңбыр әкеліп, қатты аяз болған жағдайда қар жамылғысының бетінде қатты қабат «көктайғақ» пайда болып, мал жайылысына, жол қатынасына үлкен зарар келтіреді.
Айы | солтүстік | солт.-шығыс | шығыс | оңт.-шығыс | оңтүстік | оңт.батыс | батыс | солт.батыс | Желсіз тынық күндер |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
қаңтар | 7 | 10 | 25 | 15 | 5 | 7 | 9 | 8 | 14 |
ақпан | 9 | 14 | 27 | 12 | 7 | 9 | 7 | 5 | 10 |
наурыз | 9 | 12 | 24 | 14 | 4 | 9 | 8 | 7 | 13 |
сәуір | 9 | 9 | 18 | 16 | 7 | 12 | 8 | 8 | 15 |
мамыр | 9 | 12 | 13 | 13 | 5 | 14 | 9 | 9 | 16 |
маусым | 10 | 7 | 6 | 8 | 5 | 22 | 13 | 11 | 18 |
шілде | 11 | 9 | 6 | 7 | 4 | 18 | 16 | 11 | 18 |
тамыз | 12 | 12 | 8 | 12 | 5 | 14 | 10 | 9 | 18 |
қыркүйек | 9 | 6 | 11 | 15 | 6 | 14 | 10 | 10 | 19 |
қазан | 7 | 7 | 13 | 15 | 5 | 11 | 14 | 10 | 18 |
қараша | 6 | 8 | 19 | 19 | 5 | 10 | 10 | 8 | 15 |
желтоқсан | 6 | 9 | 26 | 16 | 5 | 17 | 9 | 10 | 12 |
жылына | 9 | 10 | 16 | 14 | 5 | 11 | 10 | 9 | 15 |
Дереккөздер
- Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
- Е.Қаженбаев Атырау облысының географиясы ISBN 9965-741-14-х
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Atyrau oblysynda kontinenttigi tym basym klimat kalyptaskan Atyrau oniri ozinin tabigi ylgalynyn zhetkiliksizdigimen asa ystyk ta kuan ne kara suykty aua rajymen anyzak ne ayazdy zhelimen shandy dauylymen ylgaldyn auaga bostan bos karkyndy bulanuymen ogan kerisinshe zher betine tүsetin atmosferalyk zhauyn shashyn molsherinin mardymsyzdygymen erekshelenedi Klimat tүzushi faktorlarAtyrau oblysyn klimatyna әser etushi faktorlar birnesheu Sonyn ishinde en negizgileri mynalar Kүn radiaciyasynyn әseri Oblystyn aumagy konyrzhaj beldeude zhatyr Kүn radiaciyasynyn tүsu molsheri sol zherdin kandaj endikte zhatkanyna atmosferanyn tunyktygyna kүnnin zharyktygy men uzaktygyna bajlanysty Zharkyragan kүn sәulesinin uzaktygy soltүstiginde 2600 sagattan ontүstiginde 2750 sagatka dejin sozylady Shashyrandy kүn radiaciyasy 45 50 k kal sharshy sm aralygynda ozgerip otyrady Zhiyntyk radiaciyanyn әseri zhazda ote zor bolady Sondyktan bul kezde auanyn temperaturasy zhogarylajdy Қys kezinde kүn sәulesinin tүsu buryshynyn soltүstikke karaj birtindep azayuyna bajlanysty sonymen birge kүnnin kyskaryp kar zhamylgysynyn kүn sәulesin shagylystyratynyna oraj kүn radiaciyasynyn molsheri azayady Aua kozgalysynyn әseri Atyrau oblysynyn aumagyna zhyl bojy үsh tүrli aua massalary әser etedi Bular arktikalyk polyarlyk konyrzhaj endikten zhәne tropiktik aua massalary Bulardyn ishinde әsirese kys ajlarynda arktikalyk aua massalarynyn әseri zor Қys ajlarynda Aziya anticikponynyn ishkerilej enui nәtizhesinde auanyn temperaturasy tomendep katty suyp ashyk aua rajy kalyptasady Zhaz ajlarynda ystyk aua rajyn tүzedi Al koktem men kүz ajlarynda kenetten salkyndyk tүsedi Shandy dauyldar Atyrau oblysynda zhii bolady Oblystyn klimatyna batystan Atlant muhitynan keletin aua massalary әser etedi Bul aua massalary zhyldyn kaj mezgilinde bolsyn klimatty zhumsartyp ylgal әkeledi Қys kezinde batys zhәne ontүstik batys aua massalarynyn agyny aua rajyn zhylytady aspandy bult torlap kar zhauady Zhaz kezinde Atlant muhitynyn aua massalary ystykty bәsensitip ylgaldy arttyryp zhauyn shashyn tүsiredi Koktemnin songy kүnderi zhәne zhaz ajlarynda kurgak tropiktik aua massalarynyn әseri ote zor Bul kezde munda zhogary atmosferalyk kysym kalyptasady Turan ojpatynan sogatyn ontүstik ontүstik shygys zhelderi anyzak әkeledi Kejbir zhyldary tropiktik aua massasynyn ekpindiligine bajlanysty kurgakshylyk bolyp auyl sharuashylygyna үlken ziyan keltiredi Zhyldyn әr mezgilinde eki tүrli aua massalarynyn shektesken zherlerinde aua fronttary pajda bolyp ciklondar men anticiklondar oblys aumagyna ishkerilej enedi Ciklondar atmosferanyn tomengi kabatyn katty ozgeristerge ushyratady Onyn әserinen aua massalarynyn kozgalysy kүshejedi zhel koteriledi Oblys aumagyna ylgaldyn az gana boligin Kaspij tenizi үstinde kalyptaskan aua massalary әkeledi Zholdarynda birneshe biik zhotalar zhatuyna bajlanysty Үndi zhәne Tynyk muhittary үstinde kalyptaskan aua massalary oblys aumagyna zhetpejdi Zher bederinin әseri Zher bederi aua temperaturasyna ylgaldylygyna zheldin zhyldamdygyna belgili bir molsherde әser etedi Mysaly aumagynda bulttardy ustajtyn biik zher bederi bolmagandyktan oblys үstimen үdere koshken bulttar kobine zhaumaj ote shygatyn kezderi zhii kezdesedi Sondaj ak oblys aumagynyn kopshilik zheri teniz dengejinen tomen zhatkandyktan kysym zhogarylap aua massalarynyn keluine kedergi zhasajdy Mysaly Atyrau kalasynyn teniz dengejinen biiktigi 21 m zhyldyk ortasha kysym 1022 mb kalypty kysymnan 50 55 mb artyk Oblys aumagynda kys kezinde aua kysymy artyp zhaz kezinde tomendejdi Agroklimatgyk audandarAtyrau oblysynyn aumagyn 3 agrokpimattyk audandarga boluge bolady Ystyk kurgak audan oblystyn soltүstik soltүstik shygys aumagy Ystyk ote kurgak audan oblystyn batys ontүstik batysy Өte ystyk kurgak audan oblystyn ontүstigi Osy korsetilgen agroklimattyk audandarda auanyn temperaturasy ylgaldylygy zheldin bagyty zhәne sogu kүshi әr tүrli bolyp keledi Oblys aumagy karashanyn ekinshi zhartysynan bastap kar zhamylady Soltүstiginde kardyn kalyndygy 15 20 sm ontүstiginde 5 7 sm den aspajdy Қar akpannyn ayak kezinen bastap soltүstiginde nauryz ajynda eridi bastajdy Қys kezinde ortasha eseppen 10 20 kүndej boran sogady Zhyly aua massalarynyn әseri basym bolgan zhagdajda kejbir zhyldary oblystyn ontүstiginde karsyz kys boluy mүmkin Қantardyn ortasha temperaturasy teniz zhagalauynda 8 S soltүstiginde 14 S shildenin ortasha temperaturalary soltүstiginde 22 S ontүstiginde 24 S abs maksimumy 40 S shamasynda Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri soltүstiginde 350 mm ontүstik zhagynda 150 200 mm al bulanu molsheri 1000 mm zhuyktajdy Ojpat onirinde anyzak zhel men shandy dauyl zhii bolyp turady Oblystyn soltүstiginde zhyl bojyna ontүstik bagyttagy zhelder basym bolady Ontүstik audandarda kurgak sholdi zherlerde kysta shygys bagyttagy zhelder zhii sogady karkyndylygy 6 7 m sek en kүshti zheldin karkyndylygy 15 m sek zhetedi de zhyl ishinde 50 kүndej sogady Zhel zhaz ajlarynda tүrli bagyttardan ozgerip sogyp otyrady Kobine soltүstik batys ontүstik batys ontүstikten sogatyn zhelder basymyrak keledi Ontүstik zhelder anyzyktygymen kurgak әri yssylygymen erekshelenedi Atyrau oblysy memleketimizdegi zhel kop sogatyn ajmakka zhatady Zheldin zhyldyk ortasha zhyldamdygy 55 60 m sek shamasynda Zhel zher bederin buzumen katar ylgaldyn bulanuyn da arttyrady Obly aumagynda bulanudyn ortasha zhyldyk molsheri soltүstikten ontүstikke karaj 800 1000 mm shamasynda Bul bulanudyn tүsetin ylgaldan birneshe ese zhogary ekenin korsetedi Ylgaldyn mol tүsui sәuir mausym zhәne kazan karasha ajlaryna sәjkes keledi Ortasha eseppen osy ajlarda zhyldyk molsherinin 50 keledi Oblys aumagynda zhyly kezen soltүstiginde zhәne shygys bolikterinde 140 160 kүndej al ontүstiginde zhәne batys bolikterinde 160 180 kүndej bolady Zhyly zhәne suyk ajlardyn ortasha temperaturasynyn auytku molsheri 34 38 shamasynda al absolyuttik korsetkish 76 80 ka zhetedi En zhogary absolyut maksimum Atyrau kalasynda 45 S Қosshagylda 46 S en tomen Қarabauda 42 Zhyl mezgilderine sipattamaAtyrau oblysynyn aumagynda konyrzhaj endikke tәn zhyldyn tort mezgili auysyp kelip otyrady Zhyl mezgilderin koktem zhaz kүz zhәne kys dep bolu onyn mezgildik ozgeristerinin zandylyktaryna sәkes keledi Erte koktem Atyrau oblysy Koktemnin basynda kүn kyzuy birden birge kүshejip zhylylyk ulgajyp osimdikter bүr zharady Nauryz ajynyn 22 sinde astronomiyalyk esep bojynsha kүn men tүn teneledi Koktem mezgili tez otedi Kүn otken sajyn temperaturasy koteriledi Birak kejde arktikalyk suyk aua massalarynyn sugyna enuine bajlanysty auanyn temperaturasy 2 8 S ka dejin tomendep kar aralas zhanbyr zhauady Kej zhyldary koktemnin sony kuanshylykka ajnalyp erte shygatyn osimdikter kuraj bastajdy Zhaz kүn kozinin en uzak tүsetin mezgili Oblystyn kopshilik zherinde zhaz mamyr ajynda ortasha tәuliktik 15 S zhogarylagan kezden bastalady Zhazdyn en ystyk ajy shildede ortasha tәuliktik temperaturasy 25 27 al kej zhyldary 41 42 ka dejin zhetedi Zhauyn shashyn zhaz ajlarynda ote az tүsedi ortasha molsheri 75 100 mm Kejbir zhyldary mүldem zhaumaj egistik pen zhajylymdyk shopter kүjip ketedi Osy kezde ontүstik shygystan sogatyn zhelder kurgak anyzak kalyptastyrady Bunyn akyry shandy dauyldarga ulasady Kүzdin algashky korinisteri tүnnin suytuy ozen kolderde sudyn salkyndaj bastauy agashtarda algashky sary zhapyraktardyn pajda boluy t b Zhalpy kүzdin basy auanyn ortasha tәuliktik temperaturasynyn 15 tan tomendeuinen esepteledi Bul shamamen kyrkүjektin ekinshi zhartysynda bastalady Kүzdin algashky ajynda kobine kүn ashyk kurgak bolyp turady Қyrkүjek ajynyn songy kүnderinde zhyly kurgak mizam shuagy dejtin kez tuady Bul ontүstikten zhyly kontinentti aua massalarynyn enuine bajlanysty Auanyn temperaturasy kazan ajynda tez tomendejdi Zhauyn shashyn molsheri artady Bul ajdyn ayagynda agash zhapyraktary tүgel sargajyp tүsip kustar top tobymen zhyly zhakka ushyp ketedi Қarasha ajynyn bastaluymen aua rajy salkyndap kar aralas zhanbyr zhauyp nagyz kara kүz bastalady Қarashanyn ekinshi zhartysynda kystyn algashky belgileri bajkalady Aua salkyndap auanyn temperaturasy 0 tan tomendejdi birtindep arktikalyk aua massalarynyn әseri kүsheje tүsedi Kүz eki ajga sozylady Қys oblystyn soltүstik zhәne soltүstik shygys audandarynda ontүstikke karaganda 15 20 kүn buryn tүsip katalyrak bolady Қystyn bastalu merzimin karasha ajyny 10 15 terinen tәuliktin ortasha temperaturasy 5 ka zhetken kezden eseptejdi Қar zhamylgysynyn kalyndygy oblystyn soltүstiginde 15 20sm den ontүstiginde 5 7sm den aspajdy Zhyly aua massalary әser etken zhagdajda ony da eritip zhiberedi Sojtip kejbir zhyldary oblystyn ontүstiginde karsyz kys boluy mүmkin Қystyn tagy bir ereksheligi auanyn temperaturasy turakty bolmajdy Қys ajlarynyn ortasha temperaturasy 9 eseptelgenmen kantar zhәne akpan ajlarynda kejde 35 40 suyktyk nemese kerisinshe 5 10 zhylylyk boluy mүmkin Mundaj kubyliystar sibir anticiklonynyn suyk aua massasy men batystan kiretin ciklondardyn kajtalanuynyn әserinen bolady Қantar akpan ajlarynda zheldin sogu ekpini 4 5 5 m sek zhetedi Қys kүnderi zhayau borasyndar zhii bolyp turady Kejde kүshti zhel men zhaugan kardyn әserinen birneshe tәulik bojy boran sogady Қatty ayazdyn әserinen nemese ontүstikten keletin zhyly aua massalary zhanbyr әkelip katty ayaz bolgan zhagdajda kar zhamylgysynyn betinde katty kabat koktajgak pajda bolyp mal zhajylysyna zhol katynasyna үlken zarar keltiredi Oblysta zheldin basym bagyttarynyn kajtalanuy pajyzben kop zhyldyk ortasha derek Ajy soltүstik solt shygys shygys ont shygys ontүstik ont batys batys solt batys Zhelsiz tynyk kүnderkantar 7 10 25 15 5 7 9 8 14akpan 9 14 27 12 7 9 7 5 10nauryz 9 12 24 14 4 9 8 7 13 sәuir 9 9 18 16 7 12 8 8 15 mamyr 9 12 13 13 5 14 9 9 16mausym 10 7 6 8 5 22 13 11 18shilde 11 9 6 7 4 18 16 11 18tamyz 12 12 8 12 5 14 10 9 18kyrkүjek 9 6 11 15 6 14 10 10 19kazan 7 7 13 15 5 11 14 10 18karasha 6 8 19 19 5 10 10 8 15zheltoksan 6 9 26 16 5 17 9 10 12zhylyna 9 10 16 14 5 11 10 9 15DerekkozderAtyrau Enciklopediya Almaty Atamura 2000 ISBN 5 7667 9129 1 E Қazhenbaev Atyrau oblysynyn geografiyasy ISBN 9965 741 14 h