Арман Бақтанұлы Қани (22 ақпан, 1954 жыл, Павлодар қаласы) күрескер ақын, журналист, қоғам қайраткері.
Мазмұны
1.Өмірбаяны
1.1. Балалық кез. Аталар мен әжелер рухы.
1.2.Жасөспірім шақ. «Жас ұлан» ұйымы.
1.3.Қоғамдық өмір.
2.Шығармашылық жол.
2.1.Туындылары.
2.2.Жыр жинақтары.
2.3.Марапаттары.
3. Дереккөздер.
Өмірбаяны
Балалық кез. Аталар мен әжелер рухы
Арман Қани (2013 жылға дейін Қаниев) 1954 жылдың 22 ақпанында Павлодар қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Бақтан (1909-1995 жж) жүйрік ат, құмай тазы ұстап, аңшылықты кәсіп еткен. Алты ағайынды Қаз дауысты Қазыбек бидің (1667-1764 жж) інісі Асанның ұрпақтары әуелден атбегілік, серілік өнерімен және қызуқанды мінезімен ерекшеленген.
Атасы Қани Әбжанұлы (1876-1933 жж) жас кезінен ел басқару ісіне араласқан, ұзақ уақыт ауылнайлық қызмет атқарған сауатты адам екен. Бірер ай Едірей болысы басшысының міндетін атқарыпты. Әжесі Кәсіп (1888-1938 жж) «Үш Жүзге аты мәлім Жаяу Мұсаның» қызы, сөзге ділмарлығымен әрі әншілік өнерімен жұртшылықтың құрмет-қошеметіне бөленген.
Анасы Сайран Қасенқызы (1922-1959 жж) сауда саласында істеген. Арғы нағашы атасы Түсіп Ботқаұлы Керекуде ақ түрменің жанында үй салып, пороход жалдаған ауқатты қазақтардың бірі болыпты. Болашақ ақынның 5 жасында анасы дүние салады да, екінші анасы Қамила Төлежанқызының (1916-2001 жж) тәрбиесін көреді. Қамиланың немере ағасы, аса балажан адам Ақылбек Мұқажанұлы Арманды бауырына басқан.
Бақтанның отбасымен бірге тұратын Ақылбекті балалар «Дәде» деп атаған. Ол кісі ойын-тойларда «Сәтбек батыр» сияқты ескі қиссаларды әндетіп айтатын. Өзге ағайындар Жаяу Мұсаның «Ақ сисасын», Мәдидің «Қаракесегін» шырқауды өздеріне мәртебе санаған. Мұның бәрі зерделі баланың шығармашылық бастауына оң ықпал етті.
1961 жылы Абай атындағы №!0 орта мектептің бірінші сыныбына барды.1964 жылы Қаниевтер отбасы Баянауыл ауданының (кейін Май ауданына қараған) Ақшиман кеңшарына қоныс аударып, әкесі № I бөлімшеге жылқышы болып орналасады. Бұдан соң Арман оқуын Ақшиман орталау мектеп-интернатында, Баянауыл орта мектебінде, Май ауданының Чапаев (қазіргі Саты) орталау мектебінде жалғастырады. 6-7 сыныптарды қайтадан Ақшиман орталау мектеп-интернатында, 8-9 сыныптарды Павлодар қаласындағы № 3 облыстық қазақ мектеп-интернатында оқиды.
Жасөспірім шақ. «Жас ұлан» ұйымы
1960 жылдардың соңында Павлодар облысында Қызыл империяның отаршылдық саясаты қатты қарқын алғаны соншалық халықтың әлеуметтік, мәдени өмірінен ұлттық салт-дәстүр ығыстырылып, құнсыздана бастаған. Қаладағы қоғамдық орындар мен көліктерде қазақтардың бір-бірімен қазақша сөйлесуін өзге ұлт өкілдері ұлтшылдықтың анайы көрінісі ретінде қабылдап, оларға өшпенділік сезімімен қарайтын. Осындай әлеуметтік теңсіздікті бастан өткерген Арман 1969 жылдың қазан айында негізі № 3 облыстық мектеп-интернатының оқушыларынан тұратын «Жас ұлан» ұйымының құрылуына бастамашылдық танытты. Сол кезде Кремльдің империялық саясатына қарсы өлеңдер жазып, түрлі саяси іс-әрекеттерді астыртын жүзеге асырды.
1970 жылдың қаңтар айында «Жас ұлан» ұйымын мемлекеттік қауіпсіздік комитеті әшкереледі де, белсенді мүшелерінің үстінен атышулы 58-баппен қылмыстық іс қозғалды. Әйтеуір, ұлтшыл жасөспірімдердің тағдырына Қазақстан компартиясы ОК-нің І хатшысы Д.А. Қонаев араша түсіпті. Содан қылмыстық іс тоқтатылып, айыптыларға комсомол ұйымы мен мектеп әкімшілігі тарапынан түрлі жазалау шаралары қолданылған. Ұйым жетекшісі Арман Қани «Ұлттық саясат мәселесіндегі өрескел идеялық-саяси қателігі үшін» комсомол қатарынан қуылды және «өз еркімен» оқудан шығарылды. Мектеп әкімшілігі оқу-үлгерім табеліне тәртібі «3» деген белгі соғып, жағымды мінездеме беруден бас тартты. Мұндай құжатпен оқуын жалғастыру мүмкін емес еді.
Кәмелет жасына жетпей қара жұмысқа жегілген жасөспірім ақынның өлеңдерін аудандық газеттің редакциясы да қабылдамады. «Компартия саясатына қарсы шығып, КГБ-ның қара тізіміне іліккен адамның туындыларын аудандық партия ұйымының органына жариялау саяси қателік!» деп танылды. Осылайша, Арманның білім алу және баспасөзге жариялану құқықтарына қол сұғылып, шығармашылығына тосқауыл қойылды.
Есесіне «Жас ұлан» оқиғасынан кейін Павлодар қаласындағы балабақшалардың бірінде қазақ тобы ашылды. Әлгі мектепке дейінгі балалар мекемесі көп уақыт өтпей «Ақ бұлақ» атты тұңғыш қазақ балабақшасына айналды! Дүкендер мен көшелерге қазақша атаулар беріле бастады.
Қоғамдық өмір
1974 жылы әскери міндетін атқарып келген Арман Қани Май ауданындағы Чапаев кеңшарында (қазіргі Саты) жүргізуші, құрылысшы болып істейді. Бұл кезде әке-шешесі сол ауылда тұратын. Чапаев орта мектебінің 10 сыныбын өндірістен қол үзбей сырттай оқып бітірді (1976 ж). Кейін С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті факультетін де сырттай оқып тамамдады (1995 ж).
1977 жылы Саты ауылының қызы Аханбаева Бақыт Көпейқызымен (1958 жт) шаңырақ көтеріп, Дана (1977 жт), Дариға (1981 жт) атты екі қыз бен Рауан (1986-2001 жж) атты бір ұл көреді.1978 жылы Павлодар қаласына қоныс аударып, Иса Байзақов көшесіндегі өзінің туған үйіне келіп орнығады.
1986 жылы Алматыда Желтоқсан оқиғасы басталғанда бірнеше серігімен бірге желтоқсаншыларға үн қосуға әрекеттенген.1989 жылдың ақпанында аса көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық қаруларды сынау жұмыстарын дереу тоқтату жөніндегі Ашық мәлімдемесін бірден қолдады. Атап айтқанда, қаланың орталық алаңына таяу жерде, Дзержинский (қазіргі Сәтбаев) көшесі бойында қолына плакат ұстап тұрып, сынаққа қарсы талапхатқа он мыңдаған бейбітшіл адамға қол қойдыру ісін жүзеге асырды.
1990-1991 жылдары «Невада-Семей», «Азат» қозғалыстарының, «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымдарын құруға белсене атсалысты. Май ауданында өткен антиядролық митингілерге, Ермак қаласындағы атаман Ермак ескерткішінің алынуына байланысты өткізілген митингіге облыс телерадиокомитетінің тілшісі ретінде қатысып, телерадиохабарлар дайындады. Сондай-ақ кеңестік кезеңде тыйым салынған қазақ тілі, ислам діні, халық медицинасы тақырыптарын қолға алып, хабарлар топтамасын жүйелі жүргізді.
«Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының «Ертіс дидары» газетінде тілші, редактор болып істеген кезінде қазақ тілі проблемаларын тұрақты көтеріп, сыни мақалалар жариялап тұрды.
Шығармашылық жол
Бір кезде комсомол қатарынан да, мектептен де шығарылып, саяси сенімсіз адам ретінде қудаланған, өлеңдері аудандық газетте де жарияланбаған Арман Қаниға тағдыр керемет тосын сый дайындап қойған екен! 1982 жылдың 6-тамызы күні «Тамшылар» атты топтама өлеңі «Қазақ әдебиеті» газетінде әйгілі ақын, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтың алғысөзімен жарық көрді! Бұдан соң Қазақстан шығармашыл жастарының «Жігер» фестиваліне қатысып, дипломант атанды (Алматы, 1983 ж.). Осылайша, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан комсомолы ұйымы бірлесіп өткізген фестивальда жас таланттың бағы жанды!..
Сонсын топтама өлеңі қазақтың тарлан ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың сәт сапар тілеуімен «Жалын» журналында жарық көрді (1985 ж). «Ар алдында» атты алғашқы жыр жинағын қазақ поэзиясының тағы бір көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев жоғары бағалады.Осы жинағы үшін оған Павлодар қаласы шығармашыл зиялыларының «Қауышу» слетында «Жылдың үздік ақыны» атағы берілді (2001 ж.).
Арман Қани «Бір өлең – бір әлем» республикалық мүшәйрасының І орын жүлдегері (Алматы, 2008 ж.), облыс пен облыстық радионың 70 жылдығына арналған «Туған жер – алтын діңгек» республикалық мүшәйрасының жеңімпазы атанды (Павлодар, 2008 ж.). Бұл шарада қазылар алқасына Фариза Оңғарсыноватөрағалық еткен еді.
2005 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданып, 2012 – 2020 жылдары Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.
2012 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Туындылары
Арман Қани Кеңес одағының ыдырау кезеңіндегі саяси оқиғаларды кәсіби саясаткерлер тәрізді зерделеп, күрескер ақын ретінде өршіл рухпен жырлады. Саяси-азаматтық, діни-философиялық, сыршыл-махаббат жырларында қазақстандық патриотизм, отаншылдық, туған жерге деген сүйіспеншілік пен адамдарды құрметтеушілік сезімдері дәріптелген. Дін тақырыбына жазылған туындылары бұрынғы кітаби ақындар шығармаларының жаңа сипатқа еніп, жаңғырған жалғасы сияқты. Өмір, адам, қоғам, заман жайындағы байыптаулардан құралған азаматтық, философиялық туындыларында қоғамның көлеңкелі тұстарын да ашып көрсетті.
Ақынның «Ақшабике» поэмасында руаралық қақтығысқа жол бермеу мақсатында өзінің сүйген жігітін мерт қылып, іле өзіне қол салған қаһарман қыздың образы сомдалған. «Алтынның буы» лирикалық поэмасында дүниеқоңыздыққа салынған әйелдің өз күйеуі мен баласынан жерініп, ақыры опынып қалуы көркем бейнеленген.
Арманның ақындық, азаматтық кредосы атойлап тұрған өлеңдерін Виктор Семерьянов, Константин Лунин, Масғұт Нұрмағамбетов, т.б. ақындар орыс тіліне тәржімалаған. Бірталай ақындар оның азаматтық ұстанымы, саяси көзқарасы, ақындық талантына тәнті болып, арнау өлеңдер жазды.
Ол проза жанрынада бет бұрып, «Сарышегір», «Нарқасқа», «Қыз құлаған құз»,«Көк базарда», «Оралу» атты әңгімелер де жазған.
Арман Қани кеңестік кезеңнің 1970-1980 жылдары Павлодар облысында (бәлкім республикада) жасөспірім кезінен саяси қудалауды бастан өткеріп, қоғамның өгей баласы сияқты ғұмыр кешкен жалғыз диссидент қаламгер болды. Тағдырлы ақынның өз қатарластарынан айтарлықтай ерекшеленетін ғұмырнамасы мен шығармашылық жолы жөнінде зерттеу еңбектері жарық көруде.
Жыр жинақтары
Қазақстан жас ақындарының «Қарлығаш» ұжымдық жыр жинағына аққынның 31 өлеңі енген (Алматы, «Жалын» – 1984 ж.). «Ар алдында» (Павлодар, «ЭКО» – 2001 ж.), «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ», «Тамшылар» (Павлодар, «ЭКО» – 2004 ж.) «Шындықпен бетпе-бет» (Алматы, «Қазақпарат» – 2006 ж.), «Жұлдызды тұман» (Павлодар, «Кереку» – 2008), «Сен және мен» (Астана, «Фолиант» – 2012), «Үйлесім» (Павлодар, «Brand print» – 2014), «Баянауыл жырлары» (Павлодар, «Парасат» – 2014), «Қарашығымдағы бейнелер» (Павлодар, «ЭКО» – 2019 ж), «Кереку жырлары» (Павлодар, «ЭКО» – 2020 ж), «Туған жер төсінде», «Замандастар» (Павлодар, «ЭКО» – 2021 ж) жинақтары жарық көрген.
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2021 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2013 ж), «Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы» (2016 ж), «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» (2012 ж), «Павлодар қаласының құрметті азаматы» (2015 ж), «Баянауыл ауданының құрметті азаматы» (2013 ж), «Май ауданының құрметті азаматы» (2020 ж) атақтарымен марапатталған. Қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж), «Павлодар облысына 75 жыл» (2012 ж), «Қазақ хандығына 550 жыл» (2015 ж), «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» (2016 ж), «Невада-Семей» қозғалысына 25 жыл» (2014 ж) мерекелік медальдары және Ресей Лермонтов комитетінің Қайсын Құлиев медалы (2019 ж) берілген. Сондай-ақ «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен (2015 ж), «Тарихи әділеттік» қоғамдық комитеттің, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хаттарымен марапатталған.
Дереккөздер
1.Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаттар басқармасы қоры материалдары.
2.Арман Қаниев. «Тұтанбай жатып сөнген еді «Жас ұлан» // «Сарыарқа самалы» газеті 15 маусым, 1992 жыл.
3.Ғалымбек Жұматов «1969 жыл. Сол желтоқсан да ызғарлы еді» // «Халық кеңесі» газеті, 18 қыркүйек, 1992 жыл.
4.Жанболат Әлиханұлы Аупбаев «SOS» белгісі» // «Егемен Қазақстан» газеті, 30 қазан, 2002 жыл.
5.Ғалым Жайлыбай. «Біздің қоғамға Махамбет пен Мәди керек тәрізді…» Керекулік ақын Арман Қанимен сұхбат //«Қазақ әдебиеті» газеті. 24 ақпан, 2006 жыл.
6.Жанна Қыдыралина «КГБ жастар рухын сындыра алған жоқ» // «Нұр Астана» газеті, 4 маусым, 2009 жыл.
7.Алдан Смайылов. «Тасада қалған тағдырлар» // «Қазақ әдебиеті» газеті, 12-18 маусым, 2009 жыл.
8.Сайлау БАЙБОСЫН. «Жетпiсiншi жылдың жеткiншектерi жалауын тiккен «Жас ұлан» // «Жас Алаш» газеті, 16 желтоқсан, 2010 жыл.
9.Ержұман Смайыл. Алаш идеясы және «ЕСЕП» партиясы // «Егемен Қазақстан» газеті, 23 ақпан, 2011 жыл.
10. Сая Мұсайып. «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ» // «Сарыарқа самалы» газеті, 20 ақпан, 2014 жыл.
11. Бақытжан Әбдірашұлы. Арман Қани, Қазақстан Жазушылар Одағы Павлодар облыстық филиалының директоры: «Мендегі медальдар отаршыл империяныкі емес, егемен елдікі, сондықтан қымбат!». «Рейтинг» газеті, 12 наурыз, 2014 жыл.
12. Ғалым Жайлыбай. «Кемелдік кезеңі» // «Ертіс дидары» газеті, 21 наурыз, 2014 жыл.
13. «Дорога людей: жажда свободы» // Документальный фильм, Казахстанский филиал МТРК «Мир», 2016 г.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Arman Baktanuly Қani 22 akpan 1954 zhyl Pavlodar kalasy kүresker akyn zhurnalist kogam kajratkeri Mazmuny 1 Өmirbayany 1 1 Balalyk kez Atalar men әzheler ruhy 1 2 Zhasospirim shak Zhas ulan ujymy 1 3 Қogamdyk omir 2 Shygarmashylyk zhol 2 1 Tuyndylary 2 2 Zhyr zhinaktary 2 3 Marapattary 3 Derekkozder Өmirbayany Balalyk kez Atalar men әzheler ruhy Arman Қani 2013 zhylga dejin Қaniev 1954 zhyldyn 22 akpanynda Pavlodar kalasynda zhumysshy otbasynda dүniege kelgen Әkesi Baktan 1909 1995 zhzh zhүjrik at kumaj tazy ustap anshylykty kәsip etken Alty agajyndy Қaz dauysty Қazybek bidin 1667 1764 zhzh inisi Asannyn urpaktary әuelden atbegilik serilik onerimen zhәne kyzukandy minezimen erekshelengen Atasy Қani Әbzhanuly 1876 1933 zhzh zhas kezinen el baskaru isine aralaskan uzak uakyt auylnajlyk kyzmet atkargan sauatty adam eken Birer aj Edirej bolysy basshysynyn mindetin atkarypty Әzhesi Kәsip 1888 1938 zhzh Үsh Zhүzge aty mәlim Zhayau Musanyn kyzy sozge dilmarlygymen әri әnshilik onerimen zhurtshylyktyn kurmet koshemetine bolengen Anasy Sajran Қasenkyzy 1922 1959 zhzh sauda salasynda istegen Argy nagashy atasy Tүsip Botkauly Kerekude ak tүrmenin zhanynda үj salyp porohod zhaldagan aukatty kazaktardyn biri bolypty Bolashak akynnyn 5 zhasynda anasy dүnie salady da ekinshi anasy Қamila Tolezhankyzynyn 1916 2001 zhzh tәrbiesin koredi Қamilanyn nemere agasy asa balazhan adam Akylbek Mukazhanuly Armandy bauyryna baskan Baktannyn otbasymen birge turatyn Akylbekti balalar Dәde dep atagan Ol kisi ojyn tojlarda Sәtbek batyr siyakty eski kissalardy әndetip ajtatyn Өzge agajyndar Zhayau Musanyn Ak sisasyn Mәdidin Қarakesegin shyrkaudy ozderine mәrtebe sanagan Munyn bәri zerdeli balanyn shygarmashylyk bastauyna on ykpal etti 1961 zhyly Abaj atyndagy 0 orta mekteptin birinshi synybyna bardy 1964 zhyly Қanievter otbasy Bayanauyl audanynyn kejin Maj audanyna karagan Akshiman kensharyna konys audaryp әkesi I bolimshege zhylkyshy bolyp ornalasady Budan son Arman okuyn Akshiman ortalau mektep internatynda Bayanauyl orta mektebinde Maj audanynyn Chapaev kazirgi Saty ortalau mektebinde zhalgastyrady 6 7 synyptardy kajtadan Akshiman ortalau mektep internatynda 8 9 synyptardy Pavlodar kalasyndagy 3 oblystyk kazak mektep internatynda okidy Zhasospirim shak Zhas ulan ujymy 1960 zhyldardyn sonynda Pavlodar oblysynda Қyzyl imperiyanyn otarshyldyk sayasaty katty karkyn algany sonshalyk halyktyn әleumettik mәdeni omirinen ulttyk salt dәstүr ygystyrylyp kunsyzdana bastagan Қaladagy kogamdyk oryndar men kolikterde kazaktardyn bir birimen kazaksha sojlesuin ozge ult okilderi ultshyldyktyn anajy korinisi retinde kabyldap olarga oshpendilik sezimimen karajtyn Osyndaj әleumettik tensizdikti bastan otkergen Arman 1969 zhyldyn kazan ajynda negizi 3 oblystyk mektep internatynyn okushylarynan turatyn Zhas ulan ujymynyn kuryluyna bastamashyldyk tanytty Sol kezde Kremldin imperiyalyk sayasatyna karsy olender zhazyp tүrli sayasi is әreketterdi astyrtyn zhүzege asyrdy 1970 zhyldyn kantar ajynda Zhas ulan ujymyn memlekettik kauipsizdik komiteti әshkereledi de belsendi mүshelerinin үstinen atyshuly 58 bappen kylmystyk is kozgaldy Әjteuir ultshyl zhasospirimderdin tagdyryna Қazakstan kompartiyasy OK nin I hatshysy D A Қonaev arasha tүsipti Sodan kylmystyk is toktatylyp ajyptylarga komsomol ujymy men mektep әkimshiligi tarapynan tүrli zhazalau sharalary koldanylgan Ұjym zhetekshisi Arman Қani Ұlttyk sayasat mәselesindegi oreskel ideyalyk sayasi kateligi үshin komsomol katarynan kuyldy zhәne oz erkimen okudan shygaryldy Mektep әkimshiligi oku үlgerim tabeline tәrtibi 3 degen belgi sogyp zhagymdy minezdeme beruden bas tartty Mundaj kuzhatpen okuyn zhalgastyru mүmkin emes edi Kәmelet zhasyna zhetpej kara zhumyska zhegilgen zhasospirim akynnyn olenderin audandyk gazettin redakciyasy da kabyldamady Kompartiya sayasatyna karsy shygyp KGB nyn kara tizimine ilikken adamnyn tuyndylaryn audandyk partiya ujymynyn organyna zhariyalau sayasi katelik dep tanyldy Osylajsha Armannyn bilim alu zhәne baspasozge zhariyalanu kukyktaryna kol sugylyp shygarmashylygyna toskauyl kojyldy Esesine Zhas ulan okigasynan kejin Pavlodar kalasyndagy balabakshalardyn birinde kazak toby ashyldy Әlgi mektepke dejingi balalar mekemesi kop uakyt otpej Ak bulak atty tungysh kazak balabakshasyna ajnaldy Dүkender men koshelerge kazaksha ataular berile bastady Қogamdyk omir 1974 zhyly әskeri mindetin atkaryp kelgen Arman Қani Maj audanyndagy Chapaev kensharynda kazirgi Saty zhүrgizushi kurylysshy bolyp istejdi Bul kezde әke sheshesi sol auylda turatyn Chapaev orta mektebinin 10 synybyn ondiristen kol үzbej syrttaj okyp bitirdi 1976 zh Kejin S Torajgyrov atyndagy PMU dyn kazak tili men әdebieti fakultetin de syrttaj okyp tamamdady 1995 zh 1977 zhyly Saty auylynyn kyzy Ahanbaeva Bakyt Kopejkyzymen 1958 zht shanyrak koterip Dana 1977 zht Dariga 1981 zht atty eki kyz ben Rauan 1986 2001 zhzh atty bir ul koredi 1978 zhyly Pavlodar kalasyna konys audaryp Isa Bajzakov koshesindegi ozinin tugan үjine kelip ornygady 1986 zhyly Almatyda Zheltoksan okigasy bastalganda birneshe serigimen birge zheltoksanshylarga үn kosuga әrekettengen 1989 zhyldyn akpanynda asa kornekti akyn memleket zhәne kogam kajratkeri Olzhas Sүlejmenovtyn Semej yadrolyk synak poligonyndagy yadrolyk karulardy synau zhumystaryn dereu toktatu zhonindegi Ashyk mәlimdemesin birden koldady Atap ajtkanda kalanyn ortalyk alanyna tayau zherde Dzerzhinskij kazirgi Sәtbaev koshesi bojynda kolyna plakat ustap turyp synakka karsy talaphatka on myndagan bejbitshil adamga kol kojdyru isin zhүzege asyrdy 1990 1991 zhyldary Nevada Semej Azat kozgalystarynyn Қazak tili kogamynyn oblystyk ujymdaryn kuruga belsene atsalysty Maj audanynda otken antiyadrolyk mitingilerge Ermak kalasyndagy ataman Ermak eskertkishinin alynuyna bajlanysty otkizilgen mitingige oblys teleradiokomitetinin tilshisi retinde katysyp teleradiohabarlar dajyndady Sondaj ak kenestik kezende tyjym salyngan kazak tili islam dini halyk medicinasy takyryptaryn kolga alyp habarlar toptamasyn zhүjeli zhүrgizdi Қazak tili kogamy oblystyk ujymynyn Ertis didary gazetinde tilshi redaktor bolyp istegen kezinde kazak tili problemalaryn turakty koterip syni makalalar zhariyalap turdy Shygarmashylyk zhol Bir kezde komsomol katarynan da mektepten de shygarylyp sayasi senimsiz adam retinde kudalangan olenderi audandyk gazette de zhariyalanbagan Arman Қaniga tagdyr keremet tosyn syj dajyndap kojgan eken 1982 zhyldyn 6 tamyzy kүni Tamshylar atty toptama oleni Қazak әdebieti gazetinde әjgili akyn Қazakstan Lenin komsomoly syjlygynyn laureaty Zhumeken Nәzhimedenovtyn algysozimen zharyk kordi Budan son Қazakstan shygarmashyl zhastarynyn Zhiger festivaline katysyp diplomant atandy Almaty 1983 zh Osylajsha Қazakstan Zhazushylar odagy men Қazakstan komsomoly ujymy birlesip otkizgen festivalda zhas talanttyn bagy zhandy Sonsyn toptama oleni kazaktyn tarlan akyny Қazakstannyn Halyk zhazushysy Қuandyk Shangytbaevtyn sәt sapar tileuimen Zhalyn zhurnalynda zharyk kordi 1985 zh Ar aldynda atty algashky zhyr zhinagyn kazak poeziyasynyn tagy bir kornekti okili Қazakstannyn Halyk zhazushysy Muzafar Әlimbaev zhogary bagalady Osy zhinagy үshin ogan Pavlodar kalasy shygarmashyl ziyalylarynyn Қauyshu sletynda Zhyldyn үzdik akyny atagy berildi 2001 zh Arman Қani Bir olen bir әlem respublikalyk mүshәjrasynyn I oryn zhүldegeri Almaty 2008 zh oblys pen oblystyk radionyn 70 zhyldygyna arnalgan Tugan zher altyn dingek respublikalyk mүshәjrasynyn zhenimpazy atandy Pavlodar 2008 zh Bul sharada kazylar alkasyna Fariza Ongarsynovatoragalyk etken edi 2005 zhyly Қazakstan Zhazushylar odagynyn mүsheligine kabyldanyp 2012 2020 zhyldary Zhazushylar odagynyn Pavlodar oblystyk filialynyn direktory kyzmetin atkardy 2012 zhyldan beri Қazakstan Zhurnalister odagynyn mүshesi Tuyndylary Arman Қani Kenes odagynyn ydyrau kezenindegi sayasi okigalardy kәsibi sayasatkerler tәrizdi zerdelep kүresker akyn retinde orshil ruhpen zhyrlady Sayasi azamattyk dini filosofiyalyk syrshyl mahabbat zhyrlarynda kazakstandyk patriotizm otanshyldyk tugan zherge degen sүjispenshilik pen adamdardy kurmetteushilik sezimderi dәriptelgen Din takyrybyna zhazylgan tuyndylary buryngy kitabi akyndar shygarmalarynyn zhana sipatka enip zhangyrgan zhalgasy siyakty Өmir adam kogam zaman zhajyndagy bajyptaulardan kuralgan azamattyk filosofiyalyk tuyndylarynda kogamnyn kolenkeli tustaryn da ashyp korsetti Akynnyn Akshabike poemasynda ruaralyk kaktygyska zhol bermeu maksatynda ozinin sүjgen zhigitin mert kylyp ile ozine kol salgan kaһarman kyzdyn obrazy somdalgan Altynnyn buy lirikalyk poemasynda dүniekonyzdykka salyngan әjeldin oz kүjeui men balasynan zherinip akyry opynyp kaluy korkem bejnelengen Armannyn akyndyk azamattyk kredosy atojlap turgan olenderin Viktor Semeryanov Konstantin Lunin Masgut Nurmagambetov t b akyndar orys tiline tәrzhimalagan Birtalaj akyndar onyn azamattyk ustanymy sayasi kozkarasy akyndyk talantyna tәnti bolyp arnau olender zhazdy Ol proza zhanrynada bet buryp Saryshegir Narkaska Қyz kulagan kuz Kok bazarda Oralu atty әngimeler de zhazgan Arman Қani kenestik kezennin 1970 1980 zhyldary Pavlodar oblysynda bәlkim respublikada zhasospirim kezinen sayasi kudalaudy bastan otkerip kogamnyn ogej balasy siyakty gumyr keshken zhalgyz dissident kalamger boldy Tagdyrly akynnyn oz katarlastarynan ajtarlyktaj erekshelenetin gumyrnamasy men shygarmashylyk zholy zhoninde zertteu enbekteri zharyk korude Zhyr zhinaktary Қazakstan zhas akyndarynyn Қarlygash uzhymdyk zhyr zhinagyna akkynnyn 31 oleni engen Almaty Zhalyn 1984 zh Ar aldynda Pavlodar EKO 2001 zh Қyzyl tүnektegi ak burkak Tamshylar Pavlodar EKO 2004 zh Shyndykpen betpe bet Almaty Қazakparat 2006 zh Zhuldyzdy tuman Pavlodar Kereku 2008 Sen zhәne men Astana Foliant 2012 Үjlesim Pavlodar Brand print 2014 Bayanauyl zhyrlary Pavlodar Parasat 2014 Қarashygymdagy bejneler Pavlodar EKO 2019 zh Kereku zhyrlary Pavlodar EKO 2020 zh Tugan zher tosinde Zamandastar Pavlodar EKO 2021 zh zhinaktary zharyk korgen Marapattary Қurmet ordeni 2021 zh Қazakstannyn enbek sinirgen kajratkeri 2013 zh Halykaralyk Alash әdebi syjlygy 2016 zh Pavlodar oblysyna sinirgen enbegi үshin 2012 zh Pavlodar kalasynyn kurmetti azamaty 2015 zh Bayanauyl audanynyn kurmetti azamaty 2013 zh Maj audanynyn kurmetti azamaty 2020 zh ataktarymen marapattalgan Қogamdyk sayasi omirdegi belsendiligi үshin Қazakstan Respublikasynyn Tәuelsizdigine 20 zhyl 2011zh Қazakstan Respublikasynyn Tәuelsizdigine 25 zhyl 2016 zh Pavlodar oblysyna 75 zhyl 2012 zh Қazak handygyna 550 zhyl 2015 zh Zheltoksan okigasyna 30 zhyl 2016 zh Nevada Semej kozgalysyna 25 zhyl 2014 zh merekelik medaldary zhәne Resej Lermontov komitetinin Қajsyn Қuliev medaly 2019 zh berilgen Sondaj ak Til zhanashyry kurmet belgisimen 2015 zh Tarihi әdilettik kogamdyk komitettin Halykaralyk Қazak tili kogamynyn Algys hattarymen marapattalgan Derekkozder 1 Pavlodar oblystyk memlekettik muragattar baskarmasy kory materialdary 2 Arman Қaniev Tutanbaj zhatyp songen edi Zhas ulan Saryarka samaly gazeti 15 mausym 1992 zhyl 3 Ғalymbek Zhumatov 1969 zhyl Sol zheltoksan da yzgarly edi Halyk kenesi gazeti 18 kyrkүjek 1992 zhyl 4 Zhanbolat Әlihanuly Aupbaev SOS belgisi Egemen Қazakstan gazeti 30 kazan 2002 zhyl 5 Ғalym Zhajlybaj Bizdin kogamga Mahambet pen Mәdi kerek tәrizdi Kerekulik akyn Arman Қanimen suhbat Қazak әdebieti gazeti 24 akpan 2006 zhyl 6 Zhanna Қydyralina KGB zhastar ruhyn syndyra algan zhok Nur Astana gazeti 4 mausym 2009 zhyl 7 Aldan Smajylov Tasada kalgan tagdyrlar Қazak әdebieti gazeti 12 18 mausym 2009 zhyl 8 Sajlau BAJBOSYN Zhetpisinshi zhyldyn zhetkinshekteri zhalauyn tikken Zhas ulan Zhas Alash gazeti 16 zheltoksan 2010 zhyl 9 Erzhuman Smajyl Alash ideyasy zhәne ESEP partiyasy Egemen Қazakstan gazeti 23 akpan 2011 zhyl 10 Saya Musajyp Қyzyl tүnektegi ak burkak Saryarka samaly gazeti 20 akpan 2014 zhyl 11 Bakytzhan Әbdirashuly Arman Қani Қazakstan Zhazushylar Odagy Pavlodar oblystyk filialynyn direktory Mendegi medaldar otarshyl imperiyanyki emes egemen eldiki sondyktan kymbat Rejting gazeti 12 nauryz 2014 zhyl 12 Ғalym Zhajlybaj Kemeldik kezeni Ertis didary gazeti 21 nauryz 2014 zhyl 13 Doroga lyudej zhazhda svobody Dokumentalnyj film Kazahstanskij filial MTRK Mir 2016 g Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet