Альпілік қатпарлану — мезозой мен төменгі палеоген кезіндегі геосинклинальдар мен платформалар аумағында кайнозой эрасында жас, биік тау жүйелерінің түзілуіне себеп болған тектоникалық құбылыс. Бұл типті қатпарлану алғашқы рет Альпіде зерттелген, соған байланысты осылай аталған. А. қ. құбылысы нәтижесінде түзілген тау жүйелері жерортатеңіздік (ендік және солт.-батыс бағыттарында) және тынық мұхиттық (бойлық бағытта) деп аталатын екі белдемнен тұрады. Жерорта теңіздік белдемге: Еуропада — Альпі, Пириней, Андалузия, Апеннин, Карпат, Динар, Стара-Планина, Қырым, Кавказ таулары; Азияда — Понтий, Тавр, Түрікмен-Хорасан, Эльбрус, Гималай, Загрос, Сулеймен таулары мен Үндіқытай түбегінің тау тізбегі кіреді. Тынық мұхиттық белдемге: Азияда — Камчатка түбегі, Курил, Жапон, Филиппин, Индонезия аралдары; Солт. Америкада — Аляска мен Калифорнияның Тынық мұхит жағалауының қатпарлы жоталары; Оңт. Америкада — Анд тау жүйесі, Жаңа Гвинеядан Жаңа Зеландияға дейінгі Австралия құрлығын көмкеріп жатқан аралдар тобы; Антарктидада — Антарктида түбегінің қатпарлы жоталары енеді. Осы екі белдем Малакка түбегінің оңтүстігінде қосылады. А. қ-дың аймақтық дамуы екі үлкен кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде (триастан палеогенге дейін) геосинклинальдық ойыстар пайда болып, іші шөгінді және жанартаулық жыныстарымен толып, қатпарланып біраз көтерілген; екінші кезеңде (палеогеннің соңы, неоген, антропоген) немесе орогендік кезеңде — бірінші кезеңдегі процесс жалғаса отырып, көптеген үлкен тау жүйелері құрылған (Гималай, Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай т.б.); сонымен қатар жаңа тауаралық және тау алды ойыстары пайда болып, олар неоген-антропогендік (моласс және жанартаулық) жыныстармен толыққан. А. қ. аймақтарында тектоник. әрекет күшті болғандықтан, жер сілкіну, жанартау атқылау жиі болып тұрады. Қазақстанда мұнай, газ, көмір, сондай-ақ түсті металдардың кендері А. қ-мен байланысты түзілген. Әдеб.: Тектоника Евразии, под ред. А.Л.Яншина, М., 1967; Косыгин Ю.А., Тектоника, М., 1969; Белоусов В.В., Основы геотектоники, М., 1989.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Alpilik katparlanu mezozoj men tomengi paleogen kezindegi geosinklinaldar men platformalar aumagynda kajnozoj erasynda zhas biik tau zhүjelerinin tүziluine sebep bolgan tektonikalyk kubylys Bul tipti katparlanu algashky ret Alpide zerttelgen sogan bajlanysty osylaj atalgan A k kubylysy nәtizhesinde tүzilgen tau zhүjeleri zherortatenizdik endik zhәne solt batys bagyttarynda zhәne tynyk muhittyk bojlyk bagytta dep atalatyn eki beldemnen turady Zherorta tenizdik beldemge Europada Alpi Pirinej Andaluziya Apennin Karpat Dinar Stara Planina Қyrym Kavkaz taulary Aziyada Pontij Tavr Tүrikmen Horasan Elbrus Gimalaj Zagros Sulejmen taulary men Үndikytaj tүbeginin tau tizbegi kiredi Tynyk muhittyk beldemge Aziyada Kamchatka tүbegi Kuril Zhapon Filippin Indoneziya araldary Solt Amerikada Alyaska men Kaliforniyanyn Tynyk muhit zhagalauynyn katparly zhotalary Ont Amerikada And tau zhүjesi Zhana Gvineyadan Zhana Zelandiyaga dejingi Avstraliya kurlygyn komkerip zhatkan araldar toby Antarktidada Antarktida tүbeginin katparly zhotalary enedi Osy eki beldem Malakka tүbeginin ontүstiginde kosylady A k dyn ajmaktyk damuy eki үlken kezenge bolinedi Birinshi kezende triastan paleogenge dejin geosinklinaldyk ojystar pajda bolyp ishi shogindi zhәne zhanartaulyk zhynystarymen tolyp katparlanyp biraz koterilgen ekinshi kezende paleogennin sony neogen antropogen nemese orogendik kezende birinshi kezendegi process zhalgasa otyryp koptegen үlken tau zhүjeleri kurylgan Gimalaj Alpi Kavkaz Tyan Shan Altaj t b sonymen katar zhana tauaralyk zhәne tau aldy ojystary pajda bolyp olar neogen antropogendik molass zhәne zhanartaulyk zhynystarmen tolykkan A k ajmaktarynda tektonik әreket kүshti bolgandyktan zher silkinu zhanartau atkylau zhii bolyp turady Қazakstanda munaj gaz komir sondaj ak tүsti metaldardyn kenderi A k men bajlanysty tүzilgen Әdeb Tektonika Evrazii pod red A L Yanshina M 1967 Kosygin Yu A Tektonika M 1969 Belousov V V Osnovy geotektoniki M 1989 Kavkaz taulary Alpilik katparlanu zharkyn үlgisi