Әдеби жанрлар (фр. genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде , А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.
Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан. Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялық ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.
Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.
Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.
Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек. Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралы.
Р.Уэллек пен О.Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды.
Жанр формалары
Лирикалық формалардан өлеңді, өзара тақырыптық ерекшеліктері мен көтерген мпәселелері бойынша байланысты өлең циклдерін – лирикалық поэманы байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде әртүрлі өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды. Бұған мысалдар легін келтіруге болады: эллегия, сонет, ертегі, өлең, поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть, әңгіме, пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі. Бұл формалардың әр түрі әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы жазушылардың шығармаларында әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді. Эпос, лирика, драманың тектері, атаулары әртүрлі болғанымен бір-біріне жақын болуы мүмкін.
Жауынгерлердің ұлтты азат ету мақсатындағы төңкеріс қозғалыстарын туындатуы түрлі жанрларда лирикалық шығармалардың кеңінен таралып, дамуына ықпал етті. Ұлтттық-тарихи лирика жетекші маңызға ие болды. Ол басқыншы жаулап алушылардың құрсауынан босануды аңсаған халықтың, бүтін бір ұлттың демократиялық ұмтылысын білдірді. Билік тізгінінен босануды аңсаған халықтың арман-мұратын көркем сөзбен өрді. Еуропа лирикасының «этологиялық» тенденциясы саяси сатирада ғана көрінген жоқ. Әлемнің көптеген елдерінде идиллиялық немесе элегиялық сарындағы «этологиялық» мотивтер туындады. Олар тәкаппар, рухани азғынданған, бұзылған қоғамның жоғарғы табының өкілдеріне табиғат аясындағы тыныш та бейқам, еркін де қарапайым өмірді қарсы қоя білді.
Еуропа халықтарының лирикалық шығармаларында суреттеу, бейнелеу, табиғат лирикасы алдыңғы орынға қойылған. Әдетте, табиғатты суреттейтін өлеңдер идеялық-эмоциалдық байытылған, лирикалық көңіл-күйде болды. Сонымен қатар, табиғат лирикасы ұлттық-тарихи және «этологиялық» өзінің мазмұнының жанрлық аспектісі бойынша романдық болуы да мүмкін. Әрине, бұнымен қоса эпос пен драматургиядағы сияқты лирикада жанрлық мазмұнның әртүрлі аспектілері өзара өткелсіз шекара арқылы бөлінбеген. Бір өлеңде олар ауыса алады. Демек, жанр тобына бөлу принципі әдебиеттің барлық үш тегіне де ортақ. Яғни, әдебиеттану ғылымының тектері - эпос, лирика драма өзара жанрлық принципке бөліне алады деген сөз. Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр - шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады. Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі) - әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды.
Мазмұнның көркем қызметі - тотемдік, магиялық және мифологиялық болады. Бұлар басында айтарлықтай қысқа эмоциялық көңілді, тебіреністі сыртқа шығару құралы болды. Ең алғашында олардың құрамы екі тармақтан да тұрған болуы мүмкін. Кейіннен екі тармақтар ырғақты симметриямен тарихи процесс үстінде бірігіп төрт тармақты, яғни бір шумақты құраған. Кейіннен, лирикалық хордың осы көркем нысанасының негізінде, олардың компазициялық-лирикалық принциптері пайдаланыла отырып, бір дауысты, сольдық, азаматтық, жеке және тұрмыстық мазмұндағы лирикалық өлеңдер дүниеге келді. Ал, даму процесімен қандай да бір халықта жазба өнері пайда болғаннан кейін, мұндай өлеңдер әдеби лириканың туындауының бастапқы негізі, көзі болып қалды.
Ертегі - жанр формасы өзгере алады деп біз жоғарыда айтқанымыздай, жанрдың өзгеріске түскен формасы. Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді десе де болады. Тарихи дәуірдің әр кезеңінде, халықта ауыз әдебиетінен кейін жазбаша өнер дүниеге келгеннен кейін халық ауыз әдебиеті, яғни фольклормен бірге, кейіннен одан да артық көркем әдебиет дами түсті. Ауыз әдебиетінің бай мұрасы өзінен кеінгі жазбаша әдебиеттің терең тамыр жаюына жол ашып берді. Қазіргі көркем, жазба әдебиеттің төл атасы, қайнар көзіне айналды. Осындай даму процесінің үстінде жанрлардың формасы мен атауларының өзгеруі таңқаларлық құбылыс емес, табиғи құбылыс. Осылайша, әртүрлі әдеби шығармалар (бұл жерде поэманы айтып отырмыз) жанрлық мазмұны тұрғысынан алғанда (батырлық, сатиралық, романдық) өзіндік ерекшеліктерге ие болды.
М.М.Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы
М.М.Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция даралығымен ерекшеленеді. Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал. Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені атап айтуға болады:
- Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы;
- Шығарманың жанры мен құрылымы;
- Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар, олардың генезисі мен дәстүрі.
Осы проблемалардың барлығы жанр типологиясына байланысты.
Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы
Бахтин әдебиеттен тек қана «ұымдасқан идеологиялық материалды» көрген жоқ «әлеуметтік қатынас» формасын да байқады. Бахтиннің пікірі бойынша: әлеуметтік қатынас процесі шығарма мәтінінің өзінен көрініс тапты. Шығарманы өмірге әкелген жаратушы-автор және ол дүниеге әкелген кейіпкер, сондай-ақ оқырман («тыңдарман») - мұның бәрі пішін мен стильді анықтайтын тірі күш. Бахтин жанрды «тұтас шығармадағы, айтылмақ ойдың өң бойындағы шынайы форма» деп түсінеді. Жанрдың әр түрі қарым-қатынас, диалог үстінде, яғни практикада көрініс тауып, жұмырланған жанр ретінде қарастырылады. Демек, әдеби жанрлар қарым-қатынас процесінен бастау алған. Зерттеуші жанрлардың екі жақты бағытын атап өтеді. Біріншіден, авторлар жанр таңдауда бәрінен бұрын көркем қабылдау шартын ескереді. Екіншіден, жанр әртүрлі оқырман қауымына арналған. Әр әдеби жанрға дәуір мен бағыттың шегінде өзіндік оқырманы бар болуы тән. Әр дәуір оқырманының, тыңдарманының, халық пен жұртшылықтың көркем туындыны ерекше түсінуі, сезінуі ерекше. «Екінші» (әдеби) және «бірінші» (мысалы, тұрмыстық) жанрлардың көркем мәтінді баяндауда ұқсастықтары болғанымен күрделілік дәрежесі бойынша өзгешеленеді. Олар («екінші») өздерінің құрылымына «бірінші» жанрларды: репликаны, диалогты, тұрмыстық әңгімелерді, хаттарды енгізеді. Жанрдың негізгі қызметтерінің бірі жанрлық нәтиже деп атауға да болатын жазушы мен оқырман арасындағы делдалдық болып табылады. Жанр жазушының тек қана көркем ойлау категориясы емес; сол немесе өзге дәрежеде әдебиеттің жанрлық репертуарымен оқырмандардың таныс болуы автор мен оқырман арасындағы тығыз байланыс фактісі. Жанр жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпір рөлін атқарады. Жазушының жанрды таңдауы оның оқырман жөніндегі көзқарасын білдіреді. Көркем қабылдау процесі қай арнада қабылданатындығы туралы жол салады. Бахтин ұсынған зерттеу бағдарламалардың негізгі артықшылығы сол дәуірде басымдыққа ие болған әдеби-сыни көзқараста емес, автор мен оқырман арасындағы байланысқа, шығарма мәтініне жете назар салуында.
Шығарманың жанры мен құрылымы
Ғалымның әдеби жанрға деген қызығушылығының артуын түсінуге болады. Өйткені бұл «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын ыормасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы. Бахтиннің негізгі еңбегі жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды. Ғалым жанрдың қандай да бір поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі. Бахтиннің зерттеулері ғалымдар арасында жанр туралыі семиотикалық көзқарастың қалыптасуына себепші болды. Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған. Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі поэтика болып табылады.
Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар
Бахтиннің назары бәрінен бұрын жанрлар тенденциясы мен олардың әдебиеттегі ұзақ өміріне ауды. Бахтиннің зерделеуі бойынша жанр құрайтын негізгі фактор болып тарихи уақыт, оның әлеуметтік-идеологиялық сипаты есептеледі. Бахтиннің «күлкі тарихы» сызбасы жанрларды тарихи-функционалды зерттеудің классикалық мысалы қызметін атқара алады.
О баста пайда болған кезінен бастап әдебиет негізгі үш бағытта-әдеби тектің үші түрі эпос, лирика, драманың шегінде дамыды. Олай деуімізге, бұлардың әдебиетке дейінгі кезде, ауыз әдебиеті кезеңінде көнініс табуы себеп. Бұл сөз өнерінің болғандығының айқын дәлел бола алады. Әрине, бұған драманы қосуымыз әбестік болады. Себебі, драма қоғам дамып, театр пайда болған кезде ғана қалыптасқандығы баршамызға аян. Алайда, бұдан көне дәуірде әдебиеттің тек екі түрі- лирика мен эпос пен драма кіріктірілген басқа тек болды деп ойлау қателік. Тек (және тектің түрі ретінде жанр) - шығарма құрылымындағы жалпы, тұрақты, қайталанып отыратын сипаттама.
М.С.Каганның жанрлық классификациясы
М.С. Каганның теориясы төрт тарапты жанрлық классификацияның жобасы ретінде белгілі. Жанрлар
- «тақырыптық»,
- «танымдық» тұрғыдан,
- «аксиологиялық», (трагедия-комедия),
- сондай-ақ үлгілі моделдер құруы бойынша (очерк, мысал) дифференцияланады.
Осып принциптердің әрқайсысының өзіне тән құрылымы бар. Каганның сызбасын әдебиетте пайдалану көп дау туғызады. Жетекші мазмұны проблемалық дәрежеде болғандықтан, тақырыптық немесе сюжеттік-тақырыптық шектеу (прозада махабаттық-психологиялық, әлеуметтік-талдау, тұрмыстық, рыцарлық, әскери, детективті жанрлар бөлінген) шартты түрде. Шығарма мәтінінің баяндау арқылы берілуі эпикалылығының, мәтіннің медиативтілігі – оның лирикалылығының, туындының диалог арқылы берілуі – драмалық тегінің кепілі. Негізінен алғанда Каган терминологиялық нақтылыққа қатты жүгінген. Екінші жағынан алар болсақ, зерттеуші шартты терминдерді де пайдаланған. Оларды атап айтар болсақ: ұлттық-тарихи, этологиялық, жанрлардың романтикалық тобы. Ғалым ұлттық-тарихи (батырлық) және романдық жанрдың арасындағы мазмұндық айырмашылықты атап көрсетеді. Каганның түсінігі бойынша ұлттық – тарихи, этологиялық және романдық жанрлар – көркем әдебиеттің даму формасы. Каган жанрдың төртінші тобы бар деген тың түсінік айтып, оған әдебиеттің ең көне жанры мифті жатқызады. Ғалым жанр формас деген түсініктің дәстүрлі түрде біздің санамызда жанр ретінде қалыптасқандығын айтады. Біз ертегі жанры, әңгімен жанры, роман, повесть жанры деп айтамыз, бұл біздің санамызда әбден сақталып әдебиетішлер мен сыншылардың терминолгиясында бекіді. Бірақ та жанр мәселесін дұрыс шешу үшін бұл көзқарастардан айну қажет дейді. Ол жанр нақты тарихи емес, типологиялық құбылыс деп таниды. Каган өзінің зерттеу нысанасын нақты көрсететін «жанрлар тобы» деген терминге көп тоқталғаны түсінікті жайт. Ғалымды бәрінен бұрын жанрлар тобын ортақтастыратын қырлары қызықтырады. Айталық, этологиялық жанр ретінде сатираның, идилияның, утопияның ұқсастығы. Каганның зерттеулері әдебиеттану классификациясын жанрлық типология ретінде қарастыру тәжірибесімен құнды. Бұл ретте, бір шығармада бірнеше жанрлық тенденцияның тоғысқандығы айтылады. Бұл топтар әдебиеттің тарихи даму кезеңінің әр сатысында әртүрлі қатынасқа түсіп отырады. Каганның ғылыми зерделеулері бойынша әдебиеттегі тек пен түрді, жанрды тек қана шартты түрде бөлуге болады.
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.Алматы: Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі, Қазақстан даму институты.1999. ISBN 5-7667-2608-2
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әdebi zhanrlar fr genre tүr tek zhanr auyzsha zhәne zhazbasha shygarmalardyn korkem damu procesinde kalyptasady Shygarma zhanry dәstүrli tүrde mynadaj negizgi belgisi bojynsha anyktalady bir zhanrdagy shygarmalardy biriktiretin zhәne ajtarlyktaj turakty әri tarihi kajtalanatyn sipattagy mazmunyna kurylysy men tүrine karaj Korkem shygarmany keninen tanyp bilu zhanrlar seriyasyn tudyrady Atap ajtar bolsak tarihi otbasylyk turmystyk detektivtik gylymi fantastikalyk zhәne t b keltiruge bolady Munyn barlygy korkem shygarmany keninen tanyp biludin zhemisi Shygarmanyn tanymdyk mazmuny kobinese romannyn povestin zhәne әngimenin nemese pesa men korinistin olennin zheke nemese toptyk portrettin zhanrlyk erekshelikterin ajkyndajdy Suretkerdin ideyalyk psihologiyalyk bagalau ustanymy apologiyalyk zhәne syrttaj obektivti ironiyalyk boluy mүmkin bolgandyktan birkatar zhanr tүrleri tuyndajdy Olarga toktalar bolsak әdebiettegi oda ballada epigramma pamflet osynyn nәtizhesi Sonymen katar olardyn әrkajsysynda onerdin baska tүrlerine karaganda zhanrlyk mүshelenu katynasynda ozgeshelik bar yagni onerdin tүri mysaly folklorlyk poeziya zhәne әdebiet poeziya zhәne proza men tegine mysaly әdebiettegi epos lirika drama karaj bolinisinde Korkem shygarma differenciyasyndagy olardyn karym katynasyn zerdeleu tujykka tirelude Өjtkeni Zhanr Tүr Tek Әr tүrlilik terminderi osygan bajlanysty nakty anyktamasyn tapkan zhok Osynyn saldarynan olardy koldanysta birinin ornyna birin pajdalanu zhalgasuda Қajta orleu dәuiri tusyndagy oner zhanrlar arasyndagy nakty demarkaciyalyk shekara zhok XVII XVIII gasyrlardagy klassicizm estetikasy zhalpy ierarhiyalyk zhanrlar zhүjesindegi әr zhanrdyn tazalygyn kamtamasyz etetin katan tәrtip ornatty Sol uakytta Franciyada zhanr ugymy koldanyska endi XIX gasyrda zhanrlardyn ozara әrekettestik procesi kajta oraldy Olardyn kosylyp ketui togysuy katan belgilengen shekaranyn buzyluy bastaldy Kejbir kazirgi zamangy teoretikter zhanr differenciyasy tipten eskirgen dep zhanr mәselesin alga koyudyn kazheti zhok dep eseptejdi Shygarmany sipattau үshin onyn mazmunynyn zhanrlyk erekshelikteri manyzdy Bugan bajlanysty ugymdar G Gegeldin Estetika enbeginde A N Veselovskidin Istoricheskoj poetike shygarmasynda zhәne baska da galymdardyn enbekterinde kamtyldy Epikalyk dramaturgiyalyk lirikalyk zhәne liro epikalyk siyakty zhanrlyk toptar erekshelengen Osyndaj toptardyn әrkajsysynyn sheginde shygarma әdebi tegi olendik zhәne prozalyk formasy zhәne songysy ozinin kolemi bojynsha azhyratyla alady Kone әdebiettin zhanrlyk zhүjesi kүrdeliligimen zhәne kop tarmaktylygymen erekshelenedi Zhana zaman әdebietimen salystyryp karar bolsak turaktylygymen sipattalady Keshirek kogamnyn damuy ozinin zhanrlarymen birge әdebiettin de damuy zhyldamyrak bola bastady Әdebi bagyttyn tuyndauymen birge zhanr zhүjesi belsendi tүrde teoriyalyk magyna men negizdeme berudin nysanasyna ajnaldy Osylajsha klassicizm poetikasy bolyp zhogargy ortangy zhәne tomengi zhanrlar erekshelendi Zhanr zhazushylar nemese akyndar mindetti tүrde saktauy kerek reglamenttelgen zhalgyz norma siyakty ugynyldy Budan әri klassicizm zhanrlarynyn racionalistik zhүjesin sentimentalister men romantikter buzdy Olar shygarmashylyk bostandygyn tәrtipterden zhogary bagalap karsy shykty Romantizm klassicizmge keragar zhanrlar tudyrdy Ol adamnyn ishki konil kүjin sezimin terenirek ashyp aldyngy katarga shygardy Klassicizm dәuirinde oryn almagan adamnyn ishki syry teren sezimi zheke tulganyn ishki uajym kajgysy kuanyshy yaki adami kasietter sentimentalizm tusynda aldyngy orynga shykty Sentimentalister shygarmalary klassicistik madak zhyryn batyrlyk poemalardy tragediya poemalardy ysyryp ishki syrdy bejnelejtin ellegiya ballada liro epikalyk romantikalyk poemalarga zhol ashty Әr avtor zhanr tүrlerin әr tүrli zhүjelendirdi Әdebiettanu gylymynda biz әdette әr avtordyn kalamynyn ushkyrlygy zhazu sheberligi ozinshe dara orkeshtenip turady bir birine uksamajtyn ozindik zhazu ereksheligi bolady dejmiz Өjtkeni әdebiettanu soz oneri bolgandyktan soz altyn zhip zhyr keste demekshi sozdin kudyrettiligimen tүrlishe oriledi Alajda kop gasyrlyk damu tarihy bar әdebiettanu gylymy tipologiyalyk uksastyktar bar Osylajsha tipologiyalyk uksastygy men negizgi kyrlary bojynsha olar nakty birneshe toptar men tekterge bolinedi Bul tektik bolinis әdebiettanu gylymy dүnieege kelgen kezden bastap tuyndady Bul kone grekter men rimdikterge belgili boldy Әdebiettegi tek pen zhanr tүrlerinin teoriyasynyn negizin tungysh ret Aristotel kalady Aristotel ozinin Poetika enbeginde әdebietti sozben orilgen omir dejdi Solaj dep ajta kele uly filosof onyn үsh tүrine toktalady Okigaga avtordyn ozi katyspaj syrttaj bejneleui epikalyk tәsil dep ajta kele ol bugan mysal retinde Gomer shygarmalaryn keltiredi Ekinshi tәsil bul әdebi tәsil Yagni shygarmanyn negizi nysanasy avtordyn zhan tolganysy ishki sezimi lirikalyk konil kүji Endi en songysyna keler bolsak ol dramalyk al tektin ozimi drama dep atalady Dramada zhazushynyn bejnelegen kejipkerleri ajtajyn degen ojyn ozinin is kimyly dauys yrgagy intonaciyasy arkyly sahnada beredi Nemis filosofy Gegel әdebiettin tegi turaly mәselemen den koya ajnalyskan Bul rette ol ozi gylymynyn negizi etip filosofiyalyk ugymdardy alady Yagni obekt subekt ugymdaryn pajdalanady Әdebiettin әdebi tekterinin negizin ol ozinin dialektikalyk ideyalarynyn negizinde karastyrdy Subekt degenimiz akynnyn ozi epos bayandaushy zhanr dej kele lirikanyn tүrlerine madak zhyryn elegiyany lirikalyk zholdaudy olendi epigramma men sonetti zhatkyzady Dramaga drama men tragediyany zhatkyzady Sojtip bir elde erte bir elde kesh tarap zhanr ataulary kanatyn keninen zhajdy sonymen katar osy process istinde olar әrtүrli associaciyalarga ie bolyp baska da magynalardy zhүktedi Mysaly Italiyada novella sozi basynda әrtүrli zhanrdagy prozalyk shygarmalardy rycarlyk romandardy antikalyk dәuirdin batyrlyk mifterin tarihi tuyndylar men mysaldardy bildirumen katar turmystyk kүlkili әngimelerdi de bildirdi Al Resejde povesterdi novella dep atady Zhazushylar ozderinin shygarmalaryna kogamnyn sanasynda kalyptasatyn zhanrlyk atauyn belgilejdi Avtorlar kejde zhanama associaciyalardyn zheteginde ketip katelesui de mүmkin Әdebiettanushylarga avtor pikirine karsy shygu kiyndyk tudyrady Әrtүrli zhanrdagy shygarmalar kejde bir ataumen ajtylsa endi birde bir zhanr әrtүrli elderde tүrli atauga ie Mysaly romandardyn tarihi zhәne kazirgi zamangy nemese ekinshi zhagynan sayasi zhәne filosofiyalyk bolinuin esepke aludyn kazheti zhok Korkem shygarmalardagy tarih pen kazirgi zaman olardyn takyryby salasyna zhatady Al avtor men kejipkerlerdin sayasi zhәne filosofiyalyk mүddeleri onyn problematikasy salasyna zhatady Shygarmanyn kompaziciyalyk motivaciyasyn onyn zhanrlyk ereksheligine zhatkyzuga bolmajdy Ajtalyk lirikadagy arnau zhanrga zhatpajdy Zhanr bul tarihi kubylys emes tipologiyalyk kubylyska zhatady Olardyn kurylysy mүldem baskasha bolganymen nakty zhanr tuyndysy bolady Roman komediya elegiyalardyn zhanrlyk ortaktygy nede Ony shygarmanyn on bojynan izdegen durys bolar dep ojlajmyz Yagni shygarma avtorynyn oz ojyn beru әdisi zhanrlyk tutastykty kurajdy Zhogaryda ajtkan Aristotel men Gegel filosofiyasy osynyn ajkyn dәleli bolyp tabylady Kop kurylymdy korkem shygarmanyn mazmuynynan onyn zhanrlyk aspektisi bolyp tabylatyn tarihi kajtalanatyn aspektisin zhanr zhәne onyn tүrliliginin negizi zhatatyn kyryn tabu kerek Қazirgi zamandagy batys әdebiettanu gylymy zhanr mәselesi turaly R Uellek pen O Uorrennin tuzhyrymdamalarynda zhanr mәselesi anagurlym kenirek zerttelgen Olar әdebi zhanr bul fikciya emes dej kele әdebi zhanrga tomendegidej anyktama beredi Olardyn tuzhyrymdamasy bojynsha Bir mezette zhazushynyn zhazu mәneri arkyly anyktalatyn belgilengen erezhe әdebi zhanr Uorren men Uellektin pikiri bojynsha zhanr teoriyasy әdebi procesti uakyt pen oryn sanatynyn komegi kezendiligi men tili arkyly emes taza әdebi kategoriyalardyn komegimen klassifikaciyalauga mүmkindik beretin tәrtipke keltirilgen zhүje Osyndaj taza әdebi kategoriyalardyn kataryna zhanr da zhatady Zertteushilerdin ideyasy bojynsha zhanr әdebi kurylym retinde korkem shygarmagy syni baga berude de koldanylady Uellek pen Uorrennin ojy bojynsha zhanr mәngilikke belgilenbejdi Shygarmagy zheke syni kozkaras zhana tek tүrine zhol ashuga mүmkindik beredi Uellek pen Uorren zhanr dep shartty tүrde zhalpy ishki ishki sezim konil kүj karym katynas ojlau ozge sozben ajtsak takyryp pen auditoriya zhәne syrtky pishini kurylymy teoriyalyk belgisi korinetin әdebi shygarmalar tobyn atajdy Zhanr formalaryLirikalyk formalardan olendi ozara takyryptyk erekshelikteri men kotergen mpәseleleri bojynsha bajlanysty olen ciklderin lirikalyk poemany bajkauga bolady Sonymen katar koptegen ulttyn tol әdebietterinde әrtүrli olen үlgileri tuyndady Ajtalyk olendik strofikalyk formasy Olardyn kebireuleri ult әdebietinin sheginen shygyp halykaralyk dәrezhede mojyndaldy Bugan mysaldar legin keltiruge bolady ellegiya sonet ertegi olen poema epopeya bugan әrine mysal men balladany kosuga bolady povest әngime pesanyn tүrleri zhәne ak olen үlgileri osynyn dәleli Bul formalardyn әr tүri әr dәuirde omir sүrgen әri әr bagyttagy zhazushylardyn shygarmalarynda әrtүrli zhanrlyk mazmundy bildiredi Epos lirika dramanyn tekteri ataulary әrtүrli bolganymen bir birine zhakyn boluy mүmkin Zhauyngerlerdin ultty azat etu maksatyndagy tonkeris kozgalystaryn tuyndatuy tүrli zhanrlarda lirikalyk shygarmalardyn keninen taralyp damuyna ykpal etti Ұltttyk tarihi lirika zhetekshi manyzga ie boldy Ol baskynshy zhaulap alushylardyn kursauynan bosanudy ansagan halyktyn bүtin bir ulttyn demokratiyalyk umtylysyn bildirdi Bilik tizgininen bosanudy ansagan halyktyn arman muratyn korkem sozben ordi Europa lirikasynyn etologiyalyk tendenciyasy sayasi satirada gana koringen zhok Әlemnin koptegen elderinde idilliyalyk nemese elegiyalyk saryndagy etologiyalyk motivter tuyndady Olar tәkappar ruhani azgyndangan buzylgan kogamnyn zhogargy tabynyn okilderine tabigat ayasyndagy tynysh ta bejkam erkin de karapajym omirdi karsy koya bildi Europa halyktarynyn lirikalyk shygarmalarynda suretteu bejneleu tabigat lirikasy aldyngy orynga kojylgan Әdette tabigatty surettejtin olender ideyalyk emocialdyk bajytylgan lirikalyk konil kүjde boldy Sonymen katar tabigat lirikasy ulttyk tarihi zhәne etologiyalyk ozinin mazmunynyn zhanrlyk aspektisi bojynsha romandyk boluy da mүmkin Әrine bunymen kosa epos pen dramaturgiyadagy siyakty lirikada zhanrlyk mazmunnyn әrtүrli aspektileri ozara otkelsiz shekara arkyly bolinbegen Bir olende olar auysa alady Demek zhanr tobyna bolu principi әdebiettin barlyk үsh tegine de ortak Yagni әdebiettanu gylymynyn tekteri epos lirika drama ozara zhanrlyk principke boline alady degen soz Osy tusta mynadaj korytyndyga keluge bolady zhanr shygarma mazmunynyn tүrli kyry bolyp tabylady Zhanrlar zhanr mazmunynyn ereksheligi әr zheke tektin shegindegi logikalyk bolingen tүrler emes korkem shygarmany tek pen zhanrga bolu bir logikalyk kenistikte emes әr kenistikte tүrlishe sebepterge bajlanysty tuyndajdy Mazmunnyn korkem kyzmeti totemdik magiyalyk zhәne mifologiyalyk bolady Bular basynda ajtarlyktaj kyska emociyalyk konildi tebirenisti syrtka shygaru kuraly boldy En algashynda olardyn kuramy eki tarmaktan da turgan boluy mүmkin Kejinnen eki tarmaktar yrgakty simmetriyamen tarihi process үstinde birigip tort tarmakty yagni bir shumakty kuragan Kejinnen lirikalyk hordyn osy korkem nysanasynyn negizinde olardyn kompaziciyalyk lirikalyk principteri pajdalanyla otyryp bir dauysty soldyk azamattyk zheke zhәne turmystyk mazmundagy lirikalyk olender dүniege keldi Al damu procesimen kandaj da bir halykta zhazba oneri pajda bolgannan kejin mundaj olender әdebi lirikanyn tuyndauynyn bastapky negizi kozi bolyp kaldy Ertegi zhanr formasy ozgere alady dep biz zhogaryda ajtkanymyzdaj zhanrdyn ozgeriske tүsken formasy Zhanr formasy uakyt ote kele ozgergenimen onyn mazmunyna ajtarlyktaj әser etpedi dese de bolady Tarihi dәuirdin әr kezeninde halykta auyz әdebietinen kejin zhazbasha oner dүniege kelgennen kejin halyk auyz әdebieti yagni folklormen birge kejinnen odan da artyk korkem әdebiet dami tүsti Auyz әdebietinin baj murasy ozinen keingi zhazbasha әdebiettin teren tamyr zhayuyna zhol ashyp berdi Қazirgi korkem zhazba әdebiettin tol atasy kajnar kozine ajnaldy Osyndaj damu procesinin үstinde zhanrlardyn formasy men ataularynyn ozgerui tankalarlyk kubylys emes tabigi kubylys Osylajsha әrtүrli әdebi shygarmalar bul zherde poemany ajtyp otyrmyz zhanrlyk mazmuny turgysynan alganda batyrlyk satiralyk romandyk ozindik erekshelikterge ie boldy M M Bahtinnin zhanrlyk tuzhyrymdamasyM M Bahtinnin zhanr teoriyasyna koskan үlesi mol M M Bahtinnin koncepciyasynyn konstruktivtiligi zhәne de kajshylygy otandyk zhәne batystyk әdebiettanu gylymynda үlken koldauga ie boldy Zhanrlyk tipologiyany karastyratyn bolsak koncepciya daralygymen erekshelenedi Ғalymnyn teoriyalyk erezheleri keninen tanymal Bahtinnin zhanrlyk tuzhyrymdamasynan mynadaj үsh mәseleni atap ajtuga bolady Shygarmanyn zhanry zhәne ishki dialogtylygy Shygarmanyn zhanry men kurylymy Әdebiettanu gylymynyn tarihyndagy zhanrlar olardyn genezisi men dәstүri Osy problemalardyn barlygy zhanr tipologiyasyna bajlanysty Shygarmanyn zhanry zhәne ishki dialogtylygyBahtin әdebietten tek kana uymdaskan ideologiyalyk materialdy korgen zhok әleumettik katynas formasyn da bajkady Bahtinnin pikiri bojynsha әleumettik katynas procesi shygarma mәtininin ozinen korinis tapty Shygarmany omirge әkelgen zharatushy avtor zhәne ol dүniege әkelgen kejipker sondaj ak okyrman tyndarman munyn bәri pishin men stildi anyktajtyn tiri kүsh Bahtin zhanrdy tutas shygarmadagy ajtylmak ojdyn on bojyndagy shynajy forma dep tүsinedi Zhanrdyn әr tүri karym katynas dialog үstinde yagni praktikada korinis tauyp zhumyrlangan zhanr retinde karastyrylady Demek әdebi zhanrlar karym katynas procesinen bastau algan Zertteushi zhanrlardyn eki zhakty bagytyn atap otedi Birinshiden avtorlar zhanr tandauda bәrinen buryn korkem kabyldau shartyn eskeredi Ekinshiden zhanr әrtүrli okyrman kauymyna arnalgan Әr әdebi zhanrga dәuir men bagyttyn sheginde ozindik okyrmany bar boluy tәn Әr dәuir okyrmanynyn tyndarmanynyn halyk pen zhurtshylyktyn korkem tuyndyny erekshe tүsinui sezinui erekshe Ekinshi әdebi zhәne birinshi mysaly turmystyk zhanrlardyn korkem mәtindi bayandauda uksastyktary bolganymen kүrdelilik dәrezhesi bojynsha ozgeshelenedi Olar ekinshi ozderinin kurylymyna birinshi zhanrlardy replikany dialogty turmystyk әngimelerdi hattardy engizedi Zhanrdyn negizgi kyzmetterinin biri zhanrlyk nәtizhe dep atauga da bolatyn zhazushy men okyrman arasyndagy deldaldyk bolyp tabylady Zhanr zhazushynyn tek kana korkem ojlau kategoriyasy emes sol nemese ozge dәrezhede әdebiettin zhanrlyk repertuarymen okyrmandardyn tanys boluy avtor men okyrman arasyndagy tygyz bajlanys faktisi Zhanr zhazushy men okyrman arasyndagy altyn kopir rolin atkarady Zhazushynyn zhanrdy tandauy onyn okyrman zhonindegi kozkarasyn bildiredi Korkem kabyldau procesi kaj arnada kabyldanatyndygy turaly zhol salady Bahtin usyngan zertteu bagdarlamalardyn negizgi artykshylygy sol dәuirde basymdykka ie bolgan әdebi syni kozkarasta emes avtor men okyrman arasyndagy bajlanyska shygarma mәtinine zhete nazar saluynda Shygarmanyn zhanry men kurylymyҒalymnyn әdebi zhanrga degen kyzygushylygynyn artuyn tүsinuge bolady Өjtkeni bul korkem tәzhiribeni syrtka shygarudyn ajkyn yormasy goj Yagni mazmundy formanyn ajkyn mysaly Bahtinnin negizgi enbegi zhanrlardyn mazmundyk ereksheligin dәleldeui boldy Ғalym zhanrdyn kandaj da bir poetikalyk kurylymynyn turakty elementin karastyrsa da ol ozinin mazmundylygymen tүsindiriledi Bahtinnin zertteuleri galymdar arasynda zhanr turalyi semiotikalyk kozkarastyn kalyptasuyna sebepshi boldy Әdebiet bojynsha semiotikalyk zhumystarda zhanrlardyn semiotikasyna arnaj nazar audarylgan Өjtkeni bul onerdin damu satysynyn bastapky kezenindegi poetika bolyp tabylady Әdebiettanu gylymynyn tarihyndagy zhanrlarBahtinnin nazary bәrinen buryn zhanrlar tendenciyasy men olardyn әdebiettegi uzak omirine audy Bahtinnin zerdeleui bojynsha zhanr kurajtyn negizgi faktor bolyp tarihi uakyt onyn әleumettik ideologiyalyk sipaty esepteledi Bahtinnin kүlki tarihy syzbasy zhanrlardy tarihi funkcionaldy zertteudin klassikalyk mysaly kyzmetin atkara alady O basta pajda bolgan kezinen bastap әdebiet negizgi үsh bagytta әdebi tektin үshi tүri epos lirika dramanyn sheginde damydy Olaj deuimizge bulardyn әdebietke dejingi kezde auyz әdebieti kezeninde koninis tabuy sebep Bul soz onerinin bolgandygynyn ajkyn dәlel bola alady Әrine bugan dramany kosuymyz әbestik bolady Sebebi drama kogam damyp teatr pajda bolgan kezde gana kalyptaskandygy barshamyzga ayan Alajda budan kone dәuirde әdebiettin tek eki tүri lirika men epos pen drama kiriktirilgen baska tek boldy dep ojlau katelik Tek zhәne tektin tүri retinde zhanr shygarma kurylymyndagy zhalpy turakty kajtalanyp otyratyn sipattama M S Kagannyn zhanrlyk klassifikaciyasyM S Kagannyn teoriyasy tort tarapty zhanrlyk klassifikaciyanyn zhobasy retinde belgili Zhanrlar takyryptyk tanymdyk turgydan aksiologiyalyk tragediya komediya sondaj ak үlgili modelder kuruy bojynsha ocherk mysal differenciyalanady Osyp principterdin әrkajsysynyn ozine tәn kurylymy bar Kagannyn syzbasyn әdebiette pajdalanu kop dau tugyzady Zhetekshi mazmuny problemalyk dәrezhede bolgandyktan takyryptyk nemese syuzhettik takyryptyk shekteu prozada mahabattyk psihologiyalyk әleumettik taldau turmystyk rycarlyk әskeri detektivti zhanrlar bolingen shartty tүrde Shygarma mәtininin bayandau arkyly berilui epikalylygynyn mәtinnin mediativtiligi onyn lirikalylygynyn tuyndynyn dialog arkyly berilui dramalyk teginin kepili Negizinen alganda Kagan terminologiyalyk naktylykka katty zhүgingen Ekinshi zhagynan alar bolsak zertteushi shartty terminderdi de pajdalangan Olardy atap ajtar bolsak ulttyk tarihi etologiyalyk zhanrlardyn romantikalyk toby Ғalym ulttyk tarihi batyrlyk zhәne romandyk zhanrdyn arasyndagy mazmundyk ajyrmashylykty atap korsetedi Kagannyn tүsinigi bojynsha ulttyk tarihi etologiyalyk zhәne romandyk zhanrlar korkem әdebiettin damu formasy Kagan zhanrdyn tortinshi toby bar degen tyn tүsinik ajtyp ogan әdebiettin en kone zhanry mifti zhatkyzady Ғalym zhanr formas degen tүsiniktin dәstүrli tүrde bizdin sanamyzda zhanr retinde kalyptaskandygyn ajtady Biz ertegi zhanry әngimen zhanry roman povest zhanry dep ajtamyz bul bizdin sanamyzda әbden saktalyp әdebietishler men synshylardyn terminolgiyasynda bekidi Birak ta zhanr mәselesin durys sheshu үshin bul kozkarastardan ajnu kazhet dejdi Ol zhanr nakty tarihi emes tipologiyalyk kubylys dep tanidy Kagan ozinin zertteu nysanasyn nakty korsetetin zhanrlar toby degen terminge kop toktalgany tүsinikti zhajt Ғalymdy bәrinen buryn zhanrlar tobyn ortaktastyratyn kyrlary kyzyktyrady Ajtalyk etologiyalyk zhanr retinde satiranyn idiliyanyn utopiyanyn uksastygy Kagannyn zertteuleri әdebiettanu klassifikaciyasyn zhanrlyk tipologiya retinde karastyru tәzhiribesimen kundy Bul rette bir shygarmada birneshe zhanrlyk tendenciyanyn togyskandygy ajtylady Bul toptar әdebiettin tarihi damu kezeninin әr satysynda әrtүrli katynaska tүsip otyrady Kagannyn gylymi zerdeleuleri bojynsha әdebiettegi tek pen tүrdi zhanrdy tek kana shartty tүrde boluge bolady DerekkozderҚazak әdebieti Enciklopediya Almaty Қazakstan Respublikasy gylym zhәne bilim ministrligi Қazakstan damu instituty 1999 ISBN 5 7667 2608 2Tagy karanyzӘngime Oda Roman Zholzhazba Epopeya Epos Esse Komediya Tragediya Drama