Шыңғыс хан Орталық Азияны бағындырғаннан кейін жаулап алған жерлерін төрт ұлының (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) үлесіне бөліп бергені белгілі. Бүгінгі Қазақстанның аумағына кіретін Ертістің жоғарғы ағысы, Еміл, Тарбағатайдан Балқаштың сол жақ жағалауына дейінгі жерлер Үгедей ұлысы болып есептелген. Орталығы қазіргі ҚХР-ның Шыңжаң аймағындағы болған.
1227 жылы кезінде жаһанды қаһарымен əрі күшімен тітіренткен Шыңғыс хан дүниеден өтеді. Жошыдан кейінгі мұрагері Шағатай болғанымен, оның барынша қатыгез жан екенін білетін Шыңғыс хан өлер алдында мінезінің жұмсақтығымен, парасат-пайымымен, төзім-байыбымен ерекшеленетін сабырлы баласы Үгедейді бүкіл империяның ханы етіп тағайындауды тапсырады. 1229 жылы Үгедей əкесінің өсиеті бойынша Ұлы хан болып жарияланады. Кейін ол өз ұлысының билігін баласы Күйікке табыс етеді.
Күйік өлген соң Үгедей ұлысы бөлшектеніп кетеді. Үгедейдің немересі Хайдуды Мөңке Ұлы қаған болған кезінде Қарақорымнан Тарбағатайға жер аударады. Хайду мұнда Шағатай ұлысының ханы Барақпен одақтасып, 1269 жылы Таласта құрылтай өткізеді. Құрылтайда Еміл, Жетісу бойы, Сырдария, Ферғана өлкесі Хайдудың билігіне өтеді. Осылай Үгедей ұлысы қайтадан жанданып, Хайду мемлекеті болып құрылады. Хайду 1271 жылы Таразда Үгедей ұлысының ханы болып сайланады. Хайдудан соң 1302 жылы əкесінің орнына тұңғышы Жапар билікке келеді. Осы кезден бастап Шағатай, Үгедей əулеттері арасында тақ таласы қайта басталады. Жапар əуелі Шағатай ұрпағы Дуваның (Туваның) билігін мойындайды. Көп ұзамай 1310 жылы Үгедей ұлысы жойылып, Шағатай ұлысына біріктіріледі.
Дереккөздер
- «Сен білесің бе?» энциклопедиясы, «Аруна» баспасы, Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова, Алматы ISBN 9965-26-407-4
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shyngys han Ortalyk Aziyany bagyndyrgannan kejin zhaulap algan zherlerin tort ulynyn Zhoshy Shagataj Үgedej Tole үlesine bolip bergeni belgili Bүgingi Қazakstannyn aumagyna kiretin Ertistin zhogargy agysy Emil Tarbagatajdan Balkashtyn sol zhak zhagalauyna dejingi zherler Үgedej ulysy bolyp eseptelgen Ortalygy kazirgi ҚHR nyn Shynzhan ajmagyndagy bolgan 1227 zhyly kezinde zhaһandy kaһarymen eri kүshimen titirentken Shyngys han dүnieden otedi Zhoshydan kejingi murageri Shagataj bolganymen onyn barynsha katygez zhan ekenin biletin Shyngys han oler aldynda minezinin zhumsaktygymen parasat pajymymen tozim bajybymen erekshelenetin sabyrly balasy Үgedejdi bүkil imperiyanyn hany etip tagajyndaudy tapsyrady 1229 zhyly Үgedej ekesinin osieti bojynsha Ұly han bolyp zhariyalanady Kejin ol oz ulysynyn biligin balasy Kүjikke tabys etedi Kүjik olgen son Үgedej ulysy bolshektenip ketedi Үgedejdin nemeresi Hajdudy Monke Ұly kagan bolgan kezinde Қarakorymnan Tarbagatajga zher audarady Hajdu munda Shagataj ulysynyn hany Barakpen odaktasyp 1269 zhyly Talasta kuryltaj otkizedi Қuryltajda Emil Zhetisu bojy Syrdariya Fergana olkesi Hajdudyn biligine otedi Osylaj Үgedej ulysy kajtadan zhandanyp Hajdu memleketi bolyp kurylady Hajdu 1271 zhyly Tarazda Үgedej ulysynyn hany bolyp sajlanady Hajdudan son 1302 zhyly ekesinin ornyna tungyshy Zhapar bilikke keledi Osy kezden bastap Shagataj Үgedej euletteri arasynda tak talasy kajta bastalady Zhapar eueli Shagataj urpagy Duvanyn Tuvanyn biligin mojyndajdy Kop uzamaj 1310 zhyly Үgedej ulysy zhojylyp Shagataj ulysyna biriktiriledi Derekkozder Sen bilesin be enciklopediyasy Aruna baspasy Қ Zh Rajymbekov Қ T Bajgabylova Almaty ISBN 9965 26 407 4