Қоян жылы – он екі жылдық жыл санау жүйесіндегі төртінші жыл атауы. Ежелгі мүшел есебімен жыл санау жүйесінде циклдің басы әртүрлі болып келеді: көптеген халықта – тышқан, Алтай-Саян түркі тілдес халықтарында – жылан, Еділ бойын жайлаған түркі тілдес халықтарда – қоян деп есептелінеді.
Жылдың келеңсіз жақтары
Он екі жылдық мүшел есебінде қоян жылы қазақтың соңғы екі ғасырлық тарихында малға жайсыз жұт, аштық пен ауыртпалық сияқты келеңсіз жақтарымен халық жадында сақталған. Қазақ тарихындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» бастауы қоян жылға дөп келген. Ол туралы қазақ этноастрономиясының негізін салушы Х. Әбішевтің еңбегінде арнайы талданады. Ескі санатпен 1867-68 жылы болған жұтты «жалпақ қоян жұты», 1879-80 жылдары «үлкен қоян жұты», 1891-92 жылдары «кіші қоян жұты», 1915-16 жылдары «тақыр қоян немесе аққоян жұты», 1926-27 жылдары «көкқоян жұты» деген болды. Мұндағы бас-аяғы 60 жылдың, яғни бір толық мүшел циклінде қоян жылы бес рет келеді. Соның біреуінде ғана яғни 1903-04 жылдары ғана жұт болмаған. Бұл халықтық пайымның негізді екендігін байқатады. Халық қоян жылы жұттың сипатына қарай оған ат берген. Мысалы, жазда құрғақшылық болып шөп шықпай қалудан болған қоян жылы жұтты «тақырқоян жұты» немесе тақырқоян жылы деп атап кеткен. Аталған жұттарда қазақ жұртының негізгі күнкөріс өзегі болған төрт түліктің орасан зор шығынға ұшырағаны ауыз әдебиеті нұсқаларында сақталған. Патша әкімшілігінің статистикалық деректерінде қоян жылдарындағы жұтта кейбір өңірлердегі қазақтардың малының төрттен бірі, тіпті тең жартысы қырылғандығын туралы мәліметтер бар. Қоян жылы жиі болып тұратын жұттардың бір себебі күн көзінің белсенділігінің кемуімен байланысты деген пікірлер бар. Мәшһүр Жүсіп «адамды «жыл билеп ерікке қоймайды деп, адам мінезінің әр жылдағы хайуанға ұқсастығын көрсетеді» деп пайымдайды. Яғни адам туған жылы атауындағы жануарлармен мінездес болатындығын айтады. Халықтық пайымда қоян жылы туған бала әлжуаз, қорқақ, үрейшең болады дейді.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Шахматов В. О происхождении двенадцатилетнего животного цикла леточисления у кочевников. Вестник АН Каз ССР. 1955. №1. С.43-53;
- Тюхтенева С.П. Календарь 12-летнего цикла у алтайцев. Проблемы изучения древней и средневековой истории Горного Алтая. Горно-Алтайск, 1990. С.243-256;
- Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі. 3 томдық шығармалар жинағы. Қазақ тіліне аударған, алғысөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А. Егеубай. Алматы: Хант, 1997-1998;
- Әбiшев Х. Аспан сыры. Алматы: Жазушы, 2009;
- Ысқақов М. Халық календары. Алматы:Жазушы, 2009;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қoyan zhyly on eki zhyldyk zhyl sanau zhүjesindegi tortinshi zhyl atauy Ezhelgi mүshel esebimen zhyl sanau zhүjesinde cikldin basy әrtүrli bolyp keledi koptegen halykta tyshkan Altaj Sayan tүrki tildes halyktarynda zhylan Edil bojyn zhajlagan tүrki tildes halyktarda koyan dep eseptelinedi Zhyldyn kelensiz zhaktaryOn eki zhyldyk mүshel esebinde koyan zhyly kazaktyn songy eki gasyrlyk tarihynda malga zhajsyz zhut ashtyk pen auyrtpalyk siyakty kelensiz zhaktarymen halyk zhadynda saktalgan Қazak tarihyndagy Aktaban shubyryndy Alkakol sulama bastauy koyan zhylga dop kelgen Ol turaly kazak etnoastronomiyasynyn negizin salushy H Әbishevtin enbeginde arnajy taldanady Eski sanatpen 1867 68 zhyly bolgan zhutty zhalpak koyan zhuty 1879 80 zhyldary үlken koyan zhuty 1891 92 zhyldary kishi koyan zhuty 1915 16 zhyldary takyr koyan nemese akkoyan zhuty 1926 27 zhyldary kokkoyan zhuty degen boldy Mundagy bas ayagy 60 zhyldyn yagni bir tolyk mүshel ciklinde koyan zhyly bes ret keledi Sonyn bireuinde gana yagni 1903 04 zhyldary gana zhut bolmagan Bul halyktyk pajymnyn negizdi ekendigin bajkatady Halyk koyan zhyly zhuttyn sipatyna karaj ogan at bergen Mysaly zhazda kurgakshylyk bolyp shop shykpaj kaludan bolgan koyan zhyly zhutty takyrkoyan zhuty nemese takyrkoyan zhyly dep atap ketken Atalgan zhuttarda kazak zhurtynyn negizgi kүnkoris ozegi bolgan tort tүliktin orasan zor shygynga ushyragany auyz әdebieti nuskalarynda saktalgan Patsha әkimshiliginin statistikalyk derekterinde koyan zhyldaryndagy zhutta kejbir onirlerdegi kazaktardyn malynyn tortten biri tipti ten zhartysy kyrylgandygyn turaly mәlimetter bar Қoyan zhyly zhii bolyp turatyn zhuttardyn bir sebebi kүn kozinin belsendiliginin kemuimen bajlanysty degen pikirler bar Mәshһүr Zhүsip adamdy zhyl bilep erikke kojmajdy dep adam minezinin әr zhyldagy hajuanga uksastygyn korsetedi dep pajymdajdy Yagni adam tugan zhyly atauyndagy zhanuarlarmen minezdes bolatyndygyn ajtady Halyktyk pajymda koyan zhyly tugan bala әlzhuaz korkak үrejshen bolady dejdi DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterShahmatov V O proishozhdenii dvenadcatiletnego zhivotnogo cikla letochisleniya u kochevnikov Vestnik AN Kaz SSR 1955 1 S 43 53 Tyuhteneva S P Kalendar 12 letnego cikla u altajcev Problemy izucheniya drevnej i srednevekovoj istorii Gornogo Altaya Gorno Altajsk 1990 S 243 256 Қashkari M Tүrik tilinin sozdigi 3 tomdyk shygarmalar zhinagy Қazak tiline audargan algysozi men gylymi tүsinikterin zhazgan A Egeubaj Almaty Hant 1997 1998 Әbishev H Aspan syry Almaty Zhazushy 2009 Yskakov M Halyk kalendary Almaty Zhazushy 2009 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan