Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік
Аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға әкеледі.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы
Бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу
Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеуметтік саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі
Қазақстан азаматтарының тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқат алудың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар
Тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу.
Инфрақұрылым
(көлік және байланыс): , саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет
Іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Стратегия пайда болу себебі
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экономикалық және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstan 2030 Strategiyasy el damuynyn 2030 zhylga dejingi kezenge arnalgan strategiyalyk bagdarlamasy 1997 zhyly 1 kazanda kabyldangan Prezident N Ә Nazarbaevtyn Қazakstan halkyna zholdagan arnauynda bayandalgan Strategiyada kozdelgen maksat ulttyk birlikke әleumettik әdilettilikke bүkil zhurtshylyktyn ekonomikalyk әl aukatyn zhaksartuga kol zhetkizu үshin tәuelsiz gүldengen zhәne sayasi turakty Қazakstan memleketin ornatu Osy maksatka oraj mynandaj uzak merzimdi negizgi bagyttar bolip korsetildi Ұlttyk kauipsizdikAumaktyk tutastykty tolyk saktaj otyryp elimizdin tәuelsiz memleket retinde damuy Memlekettin turakty tүrde damuyn kamtamasyz etetin barlyk kazhettilikter shenberindegi bastapky shart ulttyk kauipsizdik zhәne memlekettiliktin saktaluy Ұlttyk kauipsizdikti kamtamasyz etudin negizgi korsetkishi retinde demokratiyaly industriyasy damygan basty memlekettermen bajlanystardy kүshejtu halykaralyk instituttar men forumdardyn komegi men zhәrdemin pajdalanu kazhettigi atap korsetildi Munyn ozi halykaralyk kogamdastyk tarapynan Қazakstanga koldau zhasaudyn zhaksy zholga kojyluyn baj tabigi korlardyn tiimdi pajdalanyluyn kamtamasyz etedi Қazakstan azamattarynyn oz eline degen sүjispenshilik sezimin arttyrady Қauipsizdikti kamtamasyz etu zhumysyndagy sozsiz basym bagyt syrtky sayasi kyzmetke Қazakstannyn oz korshilerimen zhәne dүnie zhүzinin zhetekshi elderimen ozara tiimdi katynastar kalyptastyruga әkeledi Ishki sayasattyn ornyktylygy zhәne kogamnyn shogyrlanuyBirlik kogam men memlekettin odan әri damuynyn kepili Bul salada barsha azamattar үshin ten mүmkindiktin zhәne barlyk etnikalyk toptar үshin ten kukyktyn boluyna kepildik beru aukattylar men kedejler arasyndagy ajyrmany azajtu әleum mәselelerdi sheshu sayasi ornyktylyk pen kogamnyn shogyrlanuyn uzak merzimge kamtamasyz etetin dәuletti Қazakstan memleketin ornatu mindeti kojyldy Sheteldik investiciyalar men ishki zhinak karazhattyn dengeji zhogary bolatyn ashyk naryktyk ekonomika negizinde ekonomikalyk orleuNegizgi kagidalary memlekettin belsendi rolin saktaj otyryp onyn ekonomikaga aralasuyn shekteu makroekonomikany ornyktyru ekonomikalyk orleudi kamtamasyz etu ekonomikanyn nakty sektoryn sauyktyru kүshti әleumettik sayasat zhүrgizu katan kazynalyk zhәne monetarlyk shekteuler zhagdajynda bagany yryktandyru ashyk ekonomika men erkin sauda ornatu energetikalyk zhәne tabigi kordy ondirudi zhalgastyru sheteldik investiciyalardy korgau Қazakstandyktardyn densaulygy bilim aluy zhәne igiligiҚazakstan azamattarynyn turmys zhagdajy men dengejin koteru ekologiyalyk ortany zhaksartu Syrkat aludyn aldyn alu zhәne salauatty turmys saltyna yntalandyru azamattardy salauatty turmys saltyn ustauga durys tamaktanu gigiena men tazalyk erezhelerin saktauga baulu nashakorlyk pen nasha biznesine karsy kүresu maskүnemdik pen temeki shegudi kyskartu ana men balanyn densaulygyn saktau korshagan orta men ekologiyany taza ustau mәselelerin kamtidy Energetikalyk korlarTurakty ekonomikalyk orleu үshin munaj men gaz ondirudin zhәne olardy shetke shygarudyn kolemin zhedel ulgajtu zholymen energetikalyk kordy tiimdi pajdalanu Bul strategiya tandauly halykaralyk tehnologiyalardy kommerciyalyk kupiya zhәne komakty kapitaldy tartu kordyn tez de utymdy pajdalanyluy үshin basty halykaralyk munaj kompaniyalarymen uzak merzimdi seriktestik ornatu munaj men gaz eksporty үshin kubyrlar zhelisinin zhүjesin zhasau otyn koryn pajdalanu kyzmetinde dүniezhүzilik kogamdastyktagy iri elderdin Қazakstanga zhәne onyn әlemdik otyn berushilik roline yntasyn oyatu bagytyn ustau ishki energetikalyk infrakurylymdy zhasau ozin ozi kamtamasyz etu zhәne bәsekede tәuelsiz bolu mәselelerin sheshu Infrakurylym kolik zhәne bajlanys sayasi turaktylykty nygajtu ekonomikalyk orleudi kүshejtu Otandyk kolik kommunikaciyalyk keshennin әlemdik rynoktagy besekelestik kabiletin kamtamasyz etu zhәne Қazakstan arkyly otetin sauda agynyn ulgajtu mindeti kojylgan Kәsipkoj memleketIske shyn berilgen zhәne eldin negizgi maksattaryna kol zhetkizude halyk okilderi boluga lajyk memlekettik kyzmetkerlerdin osy zamangy kabiletti kuramyn zhasaktau Bul saladagy mindet osy zamanga saj tiimdi memlekettik kyzmet pen naryktyk ekonomikaga ontajly baskaru kurylymyn kuru basty maksattardy iske asyruga kabiletti Үkimetti zhasaktau ulttyk mүddelerdin sakshysy bolatyn memleket ornatu Strategiya pajda bolu sebebiPrezidenttin zholdauynda bүkil kүsh zhigerdi osy bagyttarga zhumyldyrudyn mүmkindikterdi shogyrlandyrudyn zhәne үjlestirudin keleli ideyalary ajkyn tuzhyrymdalgan baskaru zhүjesindegi reformalardy zhүzege asyrudyn әdisteri men tәsilderin tүbirimen kajta karau kazhettiligi atap korsetilgen Bul kyska zhәne uzak merzimdi negizgi bagyttardy iske asyru barysynda en aldymen elimizdin barlyk azamattarynyn bostandygyna kepildik beruge halyktyn әl aukatyn zhaksartuga zhәne ertengi kүnge degen senimin nygajtuga bagyttalgan birden bir bagdarlamalyk strategiyalyk resmi kuzhat bolyp tabylady Қazakstan osy strategiyalyk mindetterdi oryndaj otyryp 2030 zhylga karaj damygan elderdin dengejine zhetuge dүnie zhүzinin en damygan zhiyrma elinin kataryna kosyludy kozdejdi Reformalar strategiyasynda ekonomikalyk zhәne sayasi kuramdagy yryktandyrudyn ozara azhyramajtyn bajlanysta bolatyndygy eskerilgen Bәsekelestik kabileti ashyk ta riyasyz zhagdajda kalyptaskan kogam ornatu odan әri demokratiyalandyru arkyly otedi ol tүptep kelgende sajlaudy әdil otkizuge sayasi partiyalardyn parlamenttin rolin үkimettin mүmkindigin kүshejtuge sot zhүjesin reformalauga BAҚ ka erkindik beruge әjelderdin kogamdagy rolin kүshejtuge sayady DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas redaktory B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 ISBN 9965 893 73 HBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet