Шытырман оқиғалы фильм (Авантюралық фильм) — оқиға желісі шиеленіскен фильм жанрларының бірі. Әдебиеттегі шытырман оқиғалы романдарға негізделеді. Атыс-шабыс фильмнен айырмашылығы шытырман оқиғалы фильмдерде кейіпкерлер көбіне күш қолданудың орнына, қарсыласын алдап-арбап өзінің тапқырлығына сүйенеді. Шытырман оқиғалы фильмдерде кейіпкерлерге қиындықтан шығу үшін небір жолдарды ойлап табу мақсаты қойылған. Бұл жанрдағы фильмдердің жақсылықпен аяқталу ықтималдығы жоғары.
Кіші жанрлар мен түрлері
Шытырман оқиғалы фильмдер 8 кіші жанрға бөлінеді: костюмирленген шытырман оқиға, отбасылық фильм, фэнтези, романтика, теңіздегі шытырман оқиға, ғарыштағы саяхат, баскесердің бастан кешкендері, әскери оқиғалар. Шытырман оқиғалы фильмдердің жанрларына жатады:
- Гангстерлік фильм - мылқау фильмдердің жойылып, дыбысты кинофильмдердің шыға бастаған кезінде пайда болып, Америкада дамыды. Бұл фильмдерге заң өкілдерінің қылмыскерлерден мықты екенін көрсету мақсаты қойылған. Мысалға: Джозеф фон Штербергтің «Подполье» (1927), Уильям Уэллманның «Враг общества» (1931), Говард Хоукстың «Лицо со шрамом» (1932) фильмі және 1983 жылғы ремейк, «Маленький Цезарь» (1931), «Я — беглый каторжник» (1932) фильмдері. Соғыстан кейінгі жылдары гангстерлік фильмдер қайтадан түсіріле бастайды. Гангстерлерлердің образы романтизациялана түседі. Мысалға, Артур Пеннің «Бонни және Клайд» фильмі (1967), Френсис Копполдың «Өкіл әке» триллогиясы (1972—1990).
- Полицейлік фильмдер - 1930 жылдары гангстерлік фильмдердің орнын басады. Мысалға: Джон Хьюстонның «Джимены» (1935), «Мальтийский сокол» (1941) фильмдері, Говард Хоукстың «Глубокий сон» (1946) фильмдері.
- Плащ пен шпага фильмдері (егер оқиға Еуропада орын алса). Мысалға: «Граф Монте-Кристо» (1954), «Орфей» (1950).
- Вестерн (егер оқиға Жабайы Батыста орын алса). Мысалға: «Большое ограбление поезда» (1903).
- Фильм-катастрофа және т.б.
Дереккөздер
- Alternative Scriptwriting: Successfully Breaking the Rules — 4th. — New York: . — P. 91. — ISBN 9780240808499.
- — Boston: . — ISBN 1101594616.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shytyrman okigaly film Avantyuralyk film okiga zhelisi shielenisken film zhanrlarynyn biri Әdebiettegi shytyrman okigaly romandarga negizdeledi Atys shabys filmnen ajyrmashylygy shytyrman okigaly filmderde kejipkerler kobine kүsh koldanudyn ornyna karsylasyn aldap arbap ozinin tapkyrlygyna sүjenedi Shytyrman okigaly filmderde kejipkerlerge kiyndyktan shygu үshin nebir zholdardy ojlap tabu maksaty kojylgan Bul zhanrdagy filmderdin zhaksylykpen ayaktalu yktimaldygy zhogary Kishi zhanrlar men tүrleriShytyrman okigaly filmder 8 kishi zhanrga bolinedi kostyumirlengen shytyrman okiga otbasylyk film fentezi romantika tenizdegi shytyrman okiga garyshtagy sayahat baskeserdin bastan keshkenderi әskeri okigalar Shytyrman okigaly filmderdin zhanrlaryna zhatady Gangsterlik film mylkau filmderdin zhojylyp dybysty kinofilmderdin shyga bastagan kezinde pajda bolyp Amerikada damydy Bul filmderge zan okilderinin kylmyskerlerden mykty ekenin korsetu maksaty kojylgan Mysalga Dzhozef fon Shterbergtin Podpole 1927 Uilyam Uellmannyn Vrag obshestva 1931 Govard Houkstyn Lico so shramom 1932 filmi zhәne 1983 zhylgy remejk Malenkij Cezar 1931 Ya beglyj katorzhnik 1932 filmderi Sogystan kejingi zhyldary gangsterlik filmder kajtadan tүsirile bastajdy Gangsterlerlerdin obrazy romantizaciyalana tүsedi Mysalga Artur Pennin Bonni zhәne Klajd filmi 1967 Frensis Koppoldyn Өkil әke trillogiyasy 1972 1990 Policejlik filmder 1930 zhyldary gangsterlik filmderdin ornyn basady Mysalga Dzhon Hyustonnyn Dzhimeny 1935 Maltijskij sokol 1941 filmderi Govard Houkstyn Glubokij son 1946 filmderi Plash pen shpaga filmderi eger okiga Europada oryn alsa Mysalga Graf Monte Kristo 1954 Orfej 1950 Vestern eger okiga Zhabajy Batysta oryn alsa Mysalga Bolshoe ograblenie poezda 1903 Film katastrofa zhәne t b DerekkozderAlternative Scriptwriting Successfully Breaking the Rules 4th New York P 91 ISBN 9780240808499 Boston ISBN 1101594616