Ханкөл — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Жусандыой ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Ауыл | |
Ханкөл | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 50°02′27″ с. е. 53°30′46″ ш. б. / 50.04083° с. е. 53.51278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°02′27″ с. е. 53°30′46″ ш. б. / 50.04083° с. е. 53.51278° ш. б. (G) (O) (Я) |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▼434 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 07 |
Ханкөл шекарасы |
Географиялық орны
Облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 км-дей, ал аудан орталығы Қаратөбе ауылынан солтүстікке қарай 38 км-дей қашықтықта орналасқан. Дала және шөлейт зонасында орналасуы адам өміріне онша қолайсыздық жасамайды. Ауыл территориясы Жер шарының 24 сағаттық белдеуінің Лондон қаласынан өтетін Гринвич 0-дік меридианынан есептегенде 5-ші сағаттық белдеуде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 93 м.
Ауыл территориясы Еуразия құрлығының ішкі ауданында жатыр, яғни Атлант мұхитының және оның теңіздерінен 2,5 мың шақырым қашықтықта жатыр. Солтүстік Мұзды мұхиты ауданымен екі ортадағы қашықтық керісінше анағұрлым жақын, сондықтан оның климатының қатаң болуына, сонымен бірге топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесіне, жалпы табиғатына әсер етеді. Ауыл аумағы шағылды-жазықты жер бедерінен тұрады.Дегенмен, көзге көрінбейтін тегіс болып көрінгенмен, көктем кезінде еріген қар суын жинайтын ойпандар мен көлшіктер, үлкен көлтабандар көп. Ауыл аумағында кең тараған жер бедерінің бір түрі шығыс, оңтүстік-шығыс бөліктерде орналасқан құм шағылдар. Ауыл территориясының 25 %-ын алып жатыр. Үлкен территорияны алып жатқан Көкөзекқұм құмды алабы.
Инфрақұрылымы
Ауылда 1 орта мектеп, 1 шағын орталық, 1 медпункт, 1 мәдениет үйі және 1 кітапхана жұмыс істейді. Ауылға 2011 жылы “Ақбұлақ ” бағдарламасы бойынша су жүргізілді.Ауыл тұрғындары алыс елді мекендермен автокөлік жолдары арқылы байланысады.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 776 адам (401 ер адам және 375 әйел адам) болса, 2009 жылы 590 адамды (306 ер адам және 284 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 434 адамды (230 ер адам және 204 әйел адам) құрады.
Ауылдағы адамдардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші — 40 %. Халықтың орташа тығыздығы 1 км-ге 3 адамнан. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0,005%, ал өлім — жітім 1000 адамға шаққанда 0,002%. Табиғи өсім жылына 0,003%.
Геологиялық құрылысы
Аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жөнінен ежелгі шығыс Еуропа платформасының оңтүстік шығыс бөлігі болып табылады.
Платформа фундаменті архей мен протерозойда қалыптасып, кристалды қатты жыныстардан тұрады.Оның бетін кейігі эраларда (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгінді жыныстар жапқан. Ауылдың ауданы ұзақ уақыт су астында жатып, біртіндеп көтерілуі нәтижесінде қазіргі қалпына келген. Антропогендік соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана қазіргі жер бедері қалыптасқан.
Құмды аудандар палеогеннің аяғында басталған Каспий трансгрессияларының соқтығысуынан пайда болған.Бұл аймақтың тектоникалық кернеуі оңтүстікке қарай созылыды, оңтүстік – шығысқы қарай қысылады.
Геологиялық құрылысы бор және палеоген жүйесінде қалыптасқан. Тектоникалық құрылысы Каспий маңы сенелизасы негізінде қалыптасқан. Жер қыртысында антропогендік шөгінділер кездеседі.
Климаты
Ауыл территориясы түгелдей дерлік қоңыржай белдеуге кіреді. Ауыл климаты құрғақ континентті. Оған аумақтық мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себеп болады. Қысы суық бірақ батысынан келетін циклондардың әсерінен кейбір кездерде жылылыққа ауысып отырады. Қаңтар айындағы орташа температурасы - 23 -25°С. Жазы ыстық әрі құрғақ, ұзақ болады. Шілде айының орташа температурасы 24-26°С.
Климатына тән ерекшеліктері: күн сәулесі мол түседі, құрғақшылық жиі болып тұрады, қар жамылғысы жұқа (кей жылдары қалың болады), қар мөлшерден жоғары буланады, желдің екпіні қатты, көктемде және өсімдіктің көктеу кезеңінде топырақтың ылғалдық қоры аз болады.
Жауын- шашын мөлшері 192-195 мм. Жауын- шашынның мол түсуі мамыр, маусым, қыркүйек, қазан айларына тура келеді. Орташа есеппен осы айларға жылдық мөлщердің 50% келеді. Жауын-шашынның орташа айлық және орташа жылдық мөлшері (мм):
Ай/Жыл | 2007 | 2009 |
---|---|---|
Қаңтар | 30 | 21 |
Ақпан | 22 | 24 |
Наурыз | 34 | 32 |
Сәуір | 30 | 32 |
Мамыр | 39 | 37 |
Маусым | 41 | 36 |
Шілде | 29 | 27 |
Тамыз | 36 | 29 |
Қыркүйек | 40 | 35 |
Қазан | 42 | 37 |
Қараша | 33 | 38 |
Желтоқсан | 20 | 19 |
Жылдық | 396 | 367 |
Климаттық континенттігін анықтайтын көрсеткіштің бірі жылы және суық айлардың орташа температурасының амплитудасының мөлшері 29-30°С шамасында, ал абсолюттік көрсеткіші 57-58°С-қа дейін жетеді.
Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-15 см. Оның тұрақты жату кезеңі 80-100 тәулік шамасында. Кейбір жылдары қар жамылғысы мүлдем тұрақты болмайды (орташа 10 жылда бір рет). Қыста шығыс бағыттан соғатын желдер басым болса, жазда солтүстік бағыттан соғатын желдер басым. Жылы кезең 140-160 күндей болады. Ауаның 100-тан жоғары температурасының 30000-34000-қа жетеді.
Ай/Жыл | 2007 |
---|---|
Қаңтар | -22 |
Ақпан | -17 |
Наурыз | -2 |
Сәуір | 0 |
Мамыр | +12 |
Маусым | +34 |
Шілде | +40 |
Тамыз | +38 |
Қыркүйек | +22 |
Қазан | +9 |
Қараша | +2 |
Желтоқсан | -8 |
Жылдық | +146 |
Топырағы
Аймақтың негізгі топырақ типі — бозғылт-қызыл ішінара сортаңдау топырақ. Аймақта топырақ типтерінің таралуы картада көрсетілген:
Негізінен топырақ құрамы аймақтың шөл мен шөлейт аймақтардың арасында орналасқандықтан әртүрлі типте:
Елді мекеннің шығыс, солтүстік- шығыс, оңтүстік-шығыс бөліктерінде таралған негізгі топырақ типі- сары және қызыл топырақ. Оңтүстік- батыс бөлігіндегі, яғни, Шилі өзені аумағы қалыпты қара топырақ типіне жатады.
Аймақтың 20%-ы қара-қызыл және қоңыр топырақты болса,48 %-ті бозғылт- қызыл топырақты типке жатады.8% күлгін, 31%-ті сұр-қоңыр топырақ типтеріне ажыратамыз.
Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Аймаққа негізінен жусанды-астық тұқымдас шөлейт зона аймағы өсімдіктері мен құрғақ далалық өсімдіктер тән. Аймақта өсімдіктердің 25-тен астам түрлері кездеседі. Негізінен адыраспан, селеу, жусан, есекмия, мия кең аумақта таралған. Өсімдіктердің басым түрі шөптесін өсімдіктер. Құм бидайық, шөл бидайық, жуа, бәйшешек, қара сексеуіл, раң, у жуа, тікенді жыңғыл, жантақ секілді тағыда басқа өсімдіктердің түрлері кездеседі.
Дәрілік өсімдіктерден: итмұрын, қызылмия, жестер, адыраспан секілді өсімдіктер де таралған. Аймақтағы өсімдік жамылғысында ағашты-бұталы және бетеге-бозды өсімдіктермен араласып келеді .Құм төбешіктерін еркекшөпті- құм жусанды және құмды астықтұқымдасты өсімдік топтары мен бұталы қараған мен ағаш өсінділері алып жатыр. Құмды қазаншұңқырларда көктерек, жатаған тал, бірлі- жарым шоқ ормандар таралған. 1949 жылы өсімдіктер дүниесін зерттеушісі А.Г.Гаель Көкөзекқұм құмды алабын зерттеп, құмды алаптан 200-ден астам өсімдік түрлерін анықтаған. Олардың ішінде облыстағы сирек және жойылып бара жатқан түрлері тізіміне ұсынылған реликті және эндемикалық түрлері кездеседі. Аймақта осы аталған өсімдіктердің үлкен юринея, қаратау лепидолофы секілді өсімдіктер бірең- сараң кездеседі.
Бауырмен жорғалаушылардан құм жұмырбас кесірткесі, шұбар кесіртке, жүйрек кесіртке, моңғол кесірткесі, орта азия тасбақасы, сұр жылан, сары жылан, өрнекті қара шұбар жылан, сары бауыр қара шұбар жылан, дала сұр жыланы, кірпі т.б. тіршілік етеді. Қосмекенділерден қосаяқ, кәдімгі бақылдауық бақа,көлшік бақасы, кәдімгі тарбақа,шөп бақасы, үлкен қосаяқ, дала тышқаны мекендейді.
Кемірушілерден тышқан, үлкен қосаяқ, дала тышқаны, кәдімгі сұр тышқан, көртышқан кездеседі. Жыртқыштардан: сасық күзен, борсық, түлкі, қасқыр, қарсақ кездеседі. Құстардың 20-дан астам түрі бар. Түрлері: құлақты жапалақ, күйкентай, қырғи, үкі, жапалақ, байғыз, қара бозторғай, сексеуіл жорға торғайы, сары шымшық, қара торғай, дала бозторғайы, қарлығаш, тоқылдақ, көкек, торғай, шымшық, қарға, сауысқан т.б. Аймақ қарға, торғай, қараторғай, қарлығаш секілді құстардың тұрақты мекені. Шұбар шымшық, шабындық құры, құр, шіл секілді құстардың түрлерін де кездестіруге болады.
Өрмекшіден: үй өрмекшісі, бунақ құрсақты өрмекші,секіргіш өрмекші,бүйі мекендейді. Қоңыздардан түкті сарғылт қоңыз, сарғылт жасыл қоңыз, терек зерқоңызы, дала қоңызы, құм қоңызы, колорадо қоңызы, шөпжемір, сасық қызыл қоңыз, қызғылт барылдақ қоңызы мекен етеді.
Бунақденелілерден кресті шыртылдақ қоңыз, көк шыбын, оқыра, безгек масасы, жасыл бізтұмсық, жасыл көзді шыбын, адам бүргесі, бал арасы, қауғабас ара, құмырсқа, ара тәрізді жылтыр көбелек, таң көбелек, ағаш жегі құмырсқа, көк түн көбелегі, қызыл түн көбелегі, кәдімгі аюқұлақ, жылтыр ұя көбелегі т.б. тіршілік етеді. Шилі өзенінде шортан, бекіре, қара балық секілді балық түрлері мекендейді. Аймақтың өсімдіктері мен жануарлары келтірген мәліметтерден де көп. Бұл материалдар әліде зерттелуде. Соған байланысты бұл тақырыпты бөлек қарастырамын.
Өзендері мен көлдері
Аймақта көбінесе көктемде қар суымен толатын көлшіктер көп. Үлкен көлтабандар да кездеседі. Олар ауылдың шығыс бетінде орын тепкен. Көлтабандардың үлкені — Ақкөл көлі. Ұзындығы 2,5 км, ені 1,5 км. Ауылдың оңтүстік батысында Сырым ауданымен шекарасында Айдын көлі орналасқан. Аймақтың көлшіктері жаз айында кеуіп кетеді. Солтүстік-батысында Шилі өзені ағып өтеді.
Шаруашылығы
Шаруашылықтың негізгі маманданған түрі — мал шаруашылығы. Көбінесе ірі қара мал мен қой өсіруге машықтанған. Жердің көбі жайылым мен шабындыққа пайдаланылады.Мелиорацияланған массивтің жалпы ауыл шаруашылығы жеріндегі үлесі- 2%.
Ауыл халқы жаз айларында бау-бақша егу мен айналысады. Бау-бақша дақылдарынан қияр, қызанақ, баклажан, капуста, бұрыш, шалқан, пияз, аскөк, шалғам, сәбіз, картоп егіледі. Шилі өзені жағасында қауын, қарбыз егеді.
Мал өсіру және бау-бақша шаруашылықтарына байланысты елді мекенде бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Жәнеде техникаларды жөндеу үшін пайдаланылатын шеберханаларда жұмыс істеп тұр.
Тәуелсіздігімізді алған жылдан бастап көптеген жерлер мен аймақтардың тарихы мен географиялық жағдайлары зерттеліп жатыр. Әліде болса Ханкөл ауылы секілді көптеген елді мекендеріміздің тарихи беттері жоқтың қасы. Қазіргі кезде көптеген елді мекендер құрып кетіп жатыр. Кішкене ғана Ханкөл ауылында әліде болса тіршілік қайнап жатыр.
Дереккөздер
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Hankol Batys Қazakstan oblysy Қaratobe audany Zhusandyoj auyldyk okrugi kuramyndagy auyl AuylHankolӘkimshiligiEl Қazakstan ҚazakstanOblysyBatys ҚazakstanAudanyҚaratobeAuyldyk okrugiZhusandyojTarihy men geografiyasyKoordinattary50 02 27 s e 53 30 46 sh b 50 04083 s e 53 51278 sh b 50 04083 53 51278 G O Ya Koordinattar 50 02 27 s e 53 30 46 sh b 50 04083 s e 53 51278 sh b 50 04083 53 51278 G O Ya Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny 434 adam 2021 Sandyk identifikatorlaryAvtomobil kody07Hankol HankolHankol shekarasyGeografiyalyk ornyOblys ortalygy Oral kalasynan ontүstik shygyska karaj 220 km dej al audan ortalygy Қaratobe auylynan soltүstikke karaj 38 km dej kashyktykta ornalaskan Dala zhәne sholejt zonasynda ornalasuy adam omirine onsha kolajsyzdyk zhasamajdy Auyl territoriyasy Zher sharynyn 24 sagattyk beldeuinin London kalasynan otetin Grinvich 0 dik meridianynan eseptegende 5 shi sagattyk beldeude ornalaskan Teniz dengejinen biiktigi 93 m Auyl territoriyasy Euraziya kurlygynyn ishki audanynda zhatyr yagni Atlant muhitynyn zhәne onyn tenizderinen 2 5 myn shakyrym kashyktykta zhatyr Soltүstik Muzdy muhity audanymen eki ortadagy kashyktyk kerisinshe anagurlym zhakyn sondyktan onyn klimatynyn katan boluyna sonymen birge topyrak zhamylgysy men osimdikter dүniesine zhalpy tabigatyna әser etedi Auyl aumagy shagyldy zhazykty zher bederinen turady Degenmen kozge korinbejtin tegis bolyp koringenmen koktem kezinde erigen kar suyn zhinajtyn ojpandar men kolshikter үlken koltabandar kop Auyl aumagynda ken taragan zher bederinin bir tүri shygys ontүstik shygys bolikterde ornalaskan kum shagyldar Auyl territoriyasynyn 25 yn alyp zhatyr Үlken territoriyany alyp zhatkan Kokozekkum kumdy alaby InfrakurylymyAuylda 1 orta mektep 1 shagyn ortalyk 1 medpunkt 1 mәdeniet үji zhәne 1 kitaphana zhumys istejdi Auylga 2011 zhyly Akbulak bagdarlamasy bojynsha su zhүrgizildi Auyl turgyndary alys eldi mekendermen avtokolik zholdary arkyly bajlanysady Halky1999 zhyly turgyndar sany 776 adam 401 er adam zhәne 375 әjel adam bolsa 2009 zhyly 590 adamdy 306 er adam zhәne 284 әjel adam kurady 2021 zhylgy sanak korytyndysy bojynsha 434 adamdy 230 er adam zhәne 204 әjel adam kurady Auyldagy adamdardyn zhumyspen kamtylu korsetkishi 40 Halyktyn ortasha tygyzdygy 1 km ge 3 adamnan Tuu korsetkishi 1000 adamga shakkanda 0 005 al olim zhitim 1000 adamga shakkanda 0 002 Tabigi osim zhylyna 0 003 Geologiyalyk kurylysyAjmak geologiyalyk damuy men tektonikalyk kurylymy zhoninen ezhelgi shygys Europa platformasynyn ontүstik shygys boligi bolyp tabylady Platforma fundamenti arhej men proterozojda kalyptasyp kristaldy katty zhynystardan turady Onyn betin kejigi eralarda paleozoj mezozoj kajnozoj shogindi zhynystar zhapkan Auyldyn audany uzak uakyt su astynda zhatyp birtindep koterilui nәtizhesinde kazirgi kalpyna kelgen Antropogendik songy muz basu kezeninen kejin gana kazirgi zher bederi kalyptaskan Қumdy audandar paleogennin ayagynda bastalgan Kaspij transgressiyalarynyn soktygysuynan pajda bolgan Bul ajmaktyn tektonikalyk kerneui ontүstikke karaj sozylydy ontүstik shygysky karaj kysylady Geologiyalyk kurylysy bor zhәne paleogen zhүjesinde kalyptaskan Tektonikalyk kurylysy Kaspij many senelizasy negizinde kalyptaskan Zher kyrtysynda antropogendik shogindiler kezdesedi Klimaty Auyl territoriyasy tүgeldej derlik konyrzhaj beldeuge kiredi Auyl klimaty kurgak kontinentti Ogan aumaktyk muhittar men tenizderden alys zhatuy sebep bolady Қysy suyk birak batysynan keletin ciklondardyn әserinen kejbir kezderde zhylylykka auysyp otyrady Қantar ajyndagy ortasha temperaturasy 23 25 S Zhazy ystyk әri kurgak uzak bolady Shilde ajynyn ortasha temperaturasy 24 26 S Klimatyna tәn erekshelikteri kүn sәulesi mol tүsedi kurgakshylyk zhii bolyp turady kar zhamylgysy zhuka kej zhyldary kalyn bolady kar molsherden zhogary bulanady zheldin ekpini katty koktemde zhәne osimdiktin kokteu kezeninde topyraktyn ylgaldyk kory az bolady Zhauyn shashyn molsheri 192 195 mm Zhauyn shashynnyn mol tүsui mamyr mausym kyrkүjek kazan ajlaryna tura keledi Ortasha eseppen osy ajlarga zhyldyk molsherdin 50 keledi Zhauyn shashynnyn ortasha ajlyk zhәne ortasha zhyldyk molsheri mm Aj Zhyl 2007 2009Қantar 30 21Akpan 22 24Nauryz 34 32Sәuir 30 32Mamyr 39 37Mausym 41 36Shilde 29 27Tamyz 36 29Қyrkүjek 40 35Қazan 42 37Қarasha 33 38Zheltoksan 20 19Zhyldyk 396 367 Klimattyk kontinenttigin anyktajtyn korsetkishtin biri zhyly zhәne suyk ajlardyn ortasha temperaturasynyn amplitudasynyn molsheri 29 30 S shamasynda al absolyuttik korsetkishi 57 58 S ka dejin zhetedi Қar zhamylgysynyn ortasha kalyndygy 10 15 sm Onyn turakty zhatu kezeni 80 100 tәulik shamasynda Kejbir zhyldary kar zhamylgysy mүldem turakty bolmajdy ortasha 10 zhylda bir ret Қysta shygys bagyttan sogatyn zhelder basym bolsa zhazda soltүstik bagyttan sogatyn zhelder basym Zhyly kezen 140 160 kүndej bolady Auanyn 100 tan zhogary temperaturasynyn 30000 34000 ka zhetedi Aj Zhyl 2007Қantar 22Akpan 17Nauryz 2Sәuir 0Mamyr 12Mausym 34Shilde 40Tamyz 38Қyrkүjek 22Қazan 9Қarasha 2Zheltoksan 8Zhyldyk 146Topyragy Ajmaktyn negizgi topyrak tipi bozgylt kyzyl ishinara sortandau topyrak Ajmakta topyrak tipterinin taraluy kartada korsetilgen Negizinen topyrak kuramy ajmaktyn shol men sholejt ajmaktardyn arasynda ornalaskandyktan әrtүrli tipte Eldi mekennin shygys soltүstik shygys ontүstik shygys bolikterinde taralgan negizgi topyrak tipi sary zhәne kyzyl topyrak Ontүstik batys boligindegi yagni Shili ozeni aumagy kalypty kara topyrak tipine zhatady Ajmaktyn 20 y kara kyzyl zhәne konyr topyrakty bolsa 48 ti bozgylt kyzyl topyrakty tipke zhatady 8 kүlgin 31 ti sur konyr topyrak tipterine azhyratamyz Өsimdikteri men zhanuarlar dүniesi Ajmakka negizinen zhusandy astyk tukymdas sholejt zona ajmagy osimdikteri men kurgak dalalyk osimdikter tәn Ajmakta osimdikterdin 25 ten astam tүrleri kezdesedi Negizinen adyraspan seleu zhusan esekmiya miya ken aumakta taralgan Өsimdikterdin basym tүri shoptesin osimdikter Қum bidajyk shol bidajyk zhua bәjsheshek kara sekseuil ran u zhua tikendi zhyngyl zhantak sekildi tagyda baska osimdikterdin tүrleri kezdesedi Dәrilik osimdikterden itmuryn kyzylmiya zhester adyraspan sekildi osimdikter de taralgan Ajmaktagy osimdik zhamylgysynda agashty butaly zhәne betege bozdy osimdiktermen aralasyp keledi Қum tobeshikterin erkekshopti kum zhusandy zhәne kumdy astyktukymdasty osimdik toptary men butaly karagan men agash osindileri alyp zhatyr Қumdy kazanshunkyrlarda kokterek zhatagan tal birli zharym shok ormandar taralgan 1949 zhyly osimdikter dүniesin zertteushisi A G Gael Kokozekkum kumdy alabyn zerttep kumdy alaptan 200 den astam osimdik tүrlerin anyktagan Olardyn ishinde oblystagy sirek zhәne zhojylyp bara zhatkan tүrleri tizimine usynylgan relikti zhәne endemikalyk tүrleri kezdesedi Ajmakta osy atalgan osimdikterdin үlken yurineya karatau lepidolofy sekildi osimdikter biren saran kezdesedi Bauyrmen zhorgalaushylardan kum zhumyrbas kesirtkesi shubar kesirtke zhүjrek kesirtke mongol kesirtkesi orta aziya tasbakasy sur zhylan sary zhylan ornekti kara shubar zhylan sary bauyr kara shubar zhylan dala sur zhylany kirpi t b tirshilik etedi Қosmekendilerden kosayak kәdimgi bakyldauyk baka kolshik bakasy kәdimgi tarbaka shop bakasy үlken kosayak dala tyshkany mekendejdi Kemirushilerden tyshkan үlken kosayak dala tyshkany kәdimgi sur tyshkan kortyshkan kezdesedi Zhyrtkyshtardan sasyk kүzen borsyk tүlki kaskyr karsak kezdesedi Қustardyn 20 dan astam tүri bar Tүrleri kulakty zhapalak kүjkentaj kyrgi үki zhapalak bajgyz kara boztorgaj sekseuil zhorga torgajy sary shymshyk kara torgaj dala boztorgajy karlygash tokyldak kokek torgaj shymshyk karga sauyskan t b Ajmak karga torgaj karatorgaj karlygash sekildi kustardyn turakty mekeni Shubar shymshyk shabyndyk kury kur shil sekildi kustardyn tүrlerin de kezdestiruge bolady Өrmekshiden үj ormekshisi bunak kursakty ormekshi sekirgish ormekshi bүji mekendejdi Қonyzdardan tүkti sargylt konyz sargylt zhasyl konyz terek zerkonyzy dala konyzy kum konyzy kolorado konyzy shopzhemir sasyk kyzyl konyz kyzgylt baryldak konyzy meken etedi Bunakdenelilerden kresti shyrtyldak konyz kok shybyn okyra bezgek masasy zhasyl biztumsyk zhasyl kozdi shybyn adam bүrgesi bal arasy kaugabas ara kumyrska ara tәrizdi zhyltyr kobelek tan kobelek agash zhegi kumyrska kok tүn kobelegi kyzyl tүn kobelegi kәdimgi ayukulak zhyltyr uya kobelegi t b tirshilik etedi Shili ozeninde shortan bekire kara balyk sekildi balyk tүrleri mekendejdi Ajmaktyn osimdikteri men zhanuarlary keltirgen mәlimetterden de kop Bul materialdar әlide zerttelude Sogan bajlanysty bul takyrypty bolek karastyramyn Өzenderi men kolderi Ajmakta kobinese koktemde kar suymen tolatyn kolshikter kop Үlken koltabandar da kezdesedi Olar auyldyn shygys betinde oryn tepken Koltabandardyn үlkeni Akkol koli Ұzyndygy 2 5 km eni 1 5 km Auyldyn ontүstik batysynda Syrym audanymen shekarasynda Ajdyn koli ornalaskan Ajmaktyn kolshikteri zhaz ajynda keuip ketedi Soltүstik batysynda Shili ozeni agyp otedi Sharuashylygy Sharuashylyktyn negizgi mamandangan tүri mal sharuashylygy Kobinese iri kara mal men koj osiruge mashyktangan Zherdin kobi zhajylym men shabyndykka pajdalanylady Melioraciyalangan massivtin zhalpy auyl sharuashylygy zherindegi үlesi 2 Auyl halky zhaz ajlarynda bau baksha egu men ajnalysady Bau baksha dakyldarynan kiyar kyzanak baklazhan kapusta burysh shalkan piyaz askok shalgam sәbiz kartop egiledi Shili ozeni zhagasynda kauyn karbyz egedi Mal osiru zhәne bau baksha sharuashylyktaryna bajlanysty eldi mekende birneshe sharua kozhalyktary zhumys istejdi Zhәnede tehnikalardy zhondeu үshin pajdalanylatyn sheberhanalarda zhumys istep tur Tәuelsizdigimizdi algan zhyldan bastap koptegen zherler men ajmaktardyn tarihy men geografiyalyk zhagdajlary zerttelip zhatyr Әlide bolsa Hankol auyly sekildi koptegen eldi mekenderimizdin tarihi betteri zhoktyn kasy Қazirgi kezde koptegen eldi mekender kuryp ketip zhatyr Kishkene gana Hankol auylynda әlide bolsa tirshilik kajnap zhatyr Derekkozder2009 zhylgy Қazakstan Respublikasy halkynyn Ұlttyk sanagynyn korytyndylary Astana 2011 1 tom Muragattalgan 8 zheltoksannyn 2019 zhyly 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary Қazak enciklopediyasy