Тарамыс - теріден, көннен, былғарыдан жасалған бұйымдарды тігетін, ірі қараның сіңірінен алынған берік жіп-таспа. Тарамыс әзірлеу үшін күзде соғымға сойылған ірі қараның желке, жіліншік сіңірлерін ет ілестірмей сылып алу керек. Сылынған сіңірлерді көлеңкеге іліп қойып, бабымен кептіреді. Әбден кепкен тарамысты дөңбекке салып, ағаш балғамен жаныштай соқса, ол тарамдалып, шашақтана жұмсарады. Сонан соң оны алдымен тарақтың ірі жүзімен, содан кейін жиі жүзімен тараса, біркелкі жіңішке талшықтарға айналады. Теріден, былғарыдан, қайыстан, көннен жасалған бұйымдарды тарамыспен тігеді. Қажет болған жағдайда тарамыс талшықтарын қабаттап, ширатып та пайдаланады. Іс тіккенде тарамысты аздап ылғалдап алу керек. Оны сілемдеу дейді. Сілемделген тарамыс іс тіккенде сәл созылып отырады, кебе келе тырысып, тігісті бүріп, берік ұстайды. Тарамыспен тігілген тері ыдыстар ішіне сұйық құйылғанда ылғал жібермейді. Себебі тарамыс ылғалдана келе ісініп, сұйықтық өтетін тесіктерді бекітіп, бітеп қалады.
Дереккөздер
- Шаңырақ (Қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы) / Бас редактор Р. Н. Нұрғалиев.- Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас редакциясы.- 1989
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Taramys teriden konnen bylgarydan zhasalgan bujymdardy tigetin iri karanyn sinirinen alyngan berik zhip taspa Taramys әzirleu үshin kүzde sogymga sojylgan iri karanyn zhelke zhilinshik sinirlerin et ilestirmej sylyp alu kerek Sylyngan sinirlerdi kolenkege ilip kojyp babymen keptiredi Әbden kepken taramysty donbekke salyp agash balgamen zhanyshtaj soksa ol taramdalyp shashaktana zhumsarady Sonan son ony aldymen taraktyn iri zhүzimen sodan kejin zhii zhүzimen tarasa birkelki zhinishke talshyktarga ajnalady Teriden bylgarydan kajystan konnen zhasalgan bujymdardy taramyspen tigedi Қazhet bolgan zhagdajda taramys talshyktaryn kabattap shiratyp ta pajdalanady Is tikkende taramysty azdap ylgaldap alu kerek Ony silemdeu dejdi Silemdelgen taramys is tikkende sәl sozylyp otyrady kebe kele tyrysyp tigisti bүrip berik ustajdy Taramyspen tigilgen teri ydystar ishine sujyk kujylganda ylgal zhibermejdi Sebebi taramys ylgaldana kele isinip sujyktyk otetin tesikterdi bekitip bitep kalady DerekkozderShanyrak Қyskasha үj turmysy enciklopediyasy Bas redaktor R N Nurgaliev Almaty Қaz Sov encikl Bas redakciyasy 1989