Парамагниттік, парамагнетизм (грек. para — қасында, жанында, сыртында және магнетизм) — сыртқы магнит өрісіне орналастырылған кейбір денелердің сол өріс бағыты бойынша магниттелу (магниттік моментке ие болу) қасиеті. Парамагниттік дене (парамагнетик) ішінде пайда болған магниттеушілік (J) сыртқы өрістің әсерін күшейтеді. Сондықтан парамагниттік денелер магнит полюсіне тартылады (“Парамагниттік” атауы осыдан шыққан), ал диамагнетик денелер кейін тебіледі. Бұл жағынан парамагниттік диамагниттікке кері құбылыс болып табылады. Парамагнетиктерге тән өріс бойынша магниттелу қасиеті ферромагнетиктер мен антиферромагнетиктерде (қара Ферромагнетизм) де байқалады. Бірақ сыртқы өріс жоқ кезінде (Н=0) парамагнетиктердің магниттелуі нөлге тең және олардың магниттік құрылымы болмайды. Ал ферро- және антиферромагнетиктердің магниттік құрылымы Н=0 болғанда да сақталады. “Парамагниттік” терминін ағылшын физигі М.Фарадей (1791 — 1867) енгізген (1845). Ол барлық заттарды ( басқа) диа- және парамагнетиктерге бөлген. Парамагниттік — құрамындағы бөлшектердің (атомдардың, молекулалардың, иондардың, атом ядроларының) меншікті магниттік моменті болатын заттарда байқалады. Бірақ сыртқы өріс жоқ кезде бұл моменттер бейберекет бағдарланады. Сондықтан J=0. Ал сыртқы өріс әсер еткен кезде парамагниттік зат атомдарының магниттік моменті негізінен өріс бойынша бағдарланады. Өріс кернеулігінің артуына байланысты парамагнетиктердің магниттелуі J=xН заңы бойынша өседі, мұндағы x — заттың бір моліндегі магниттік алғырлық. Парамагнетиктердің магн. алғырлығы әрқашанда оң шама болады және ол 10^-5 — 10^-3 аралығында жатады. Егер өріс өте күшті болса, онда парамагниттік бөлшектердің магниттік тек өріс бойынша бағдарланады, яғни қанығу дәрежесіне жетеді. Өріс өзгермей, парамагнетиктің температурасы (Т) артқан сайын, зат құрамындағы бөлшектердің жылулық қозғалысының бейберекет бағдарлануы артып, магниттік алғырлығы Кюри заңы бойынша кемиді: x=С|Т, мұндағы С — зат табиғатына байланысты анықталатын Кюри тұрақтысы. Кюри заңынан ауытқу негізінен бөлшектердің өзара әсеріне (кристалдық өрістің ықпалына) байланысты болады. Әр түрлі заттардың Парамагниттігін, сондай-ақ парамагниттік резонансты (парамагнетиктердің электро-магниттік өріс энергиясын резонанстық жұтуын) зерттеу жеке атомдардың, иондардың, молекулалардың, ядролардың магниттік моментін анықтауға, күрделі молекулалар мен молекулалық кешендердің құрылысын айқындауға, сонымен қатар техникада қолданылатын материалдарға өте дәл құрылымдық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. парамагниттік заттар өте төмен температура (1К-нен төмен) алу үшін қолданылады.
Дереккөздер
- Абрагам А., , ағылш. аудару, М., 1963
- Фриш С.Э., Тиморева А.В., Жалпы физика курсы, 2-т., 18-тар., А., 1970
- Ч., Введение в физику твердого тела, ағылш. аудару, М., 1978
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Paramagnittik paramagnetizm grek para kasynda zhanynda syrtynda zhәne magnetizm syrtky magnit orisine ornalastyrylgan kejbir denelerdin sol oris bagyty bojynsha magnittelu magnittik momentke ie bolu kasieti Paramagnittik dene paramagnetik ishinde pajda bolgan magnitteushilik J syrtky oristin әserin kүshejtedi Sondyktan paramagnittik deneler magnit polyusine tartylady Paramagnittik atauy osydan shykkan al diamagnetik deneler kejin tebiledi Bul zhagynan paramagnittik diamagnittikke keri kubylys bolyp tabylady Paramagnetikterge tәn oris bojynsha magnittelu kasieti ferromagnetikter men antiferromagnetikterde kara Ferromagnetizm de bajkalady Birak syrtky oris zhok kezinde N 0 paramagnetikterdin magnittelui nolge ten zhәne olardyn magnittik kurylymy bolmajdy Al ferro zhәne antiferromagnetikterdin magnittik kurylymy N 0 bolganda da saktalady Paramagnittik terminin agylshyn fizigi M Faradej 1791 1867 engizgen 1845 Ol barlyk zattardy baska dia zhәne paramagnetikterge bolgen Paramagnittik kuramyndagy bolshekterdin atomdardyn molekulalardyn iondardyn atom yadrolarynyn menshikti magnittik momenti bolatyn zattarda bajkalady Birak syrtky oris zhok kezde bul momentter bejbereket bagdarlanady Sondyktan J 0 Al syrtky oris әser etken kezde paramagnittik zat atomdarynyn magnittik momenti negizinen oris bojynsha bagdarlanady Өris kerneuliginin artuyna bajlanysty paramagnetikterdin magnittelui J xN zany bojynsha osedi mundagy x zattyn bir molindegi magnittik algyrlyk Paramagnetikterdin magn algyrlygy әrkashanda on shama bolady zhәne ol 10 5 10 3 aralygynda zhatady Eger oris ote kүshti bolsa onda paramagnittik bolshekterdin magnittik tek oris bojynsha bagdarlanady yagni kanygu dәrezhesine zhetedi Өris ozgermej paramagnetiktin temperaturasy T artkan sajyn zat kuramyndagy bolshekterdin zhylulyk kozgalysynyn bejbereket bagdarlanuy artyp magnittik algyrlygy Kyuri zany bojynsha kemidi x S T mundagy S zat tabigatyna bajlanysty anyktalatyn Kyuri turaktysy Kyuri zanynan auytku negizinen bolshekterdin ozara әserine kristaldyk oristin ykpalyna bajlanysty bolady Әr tүrli zattardyn Paramagnittigin sondaj ak paramagnittik rezonansty paramagnetikterdin elektro magnittik oris energiyasyn rezonanstyk zhutuyn zertteu zheke atomdardyn iondardyn molekulalardyn yadrolardyn magnittik momentin anyktauga kүrdeli molekulalar men molekulalyk keshenderdin kurylysyn ajkyndauga sonymen katar tehnikada koldanylatyn materialdarga ote dәl kurylymdyk taldau zhүrgizuge mүmkindik beredi paramagnittik zattar ote tomen temperatura 1K nen tomen alu үshin koldanylady DerekkozderAbragam A agylsh audaru M 1963 Frish S E Timoreva A V Zhalpy fizika kursy 2 t 18 tar A 1970 Ch Vvedenie v fiziku tverdogo tela agylsh audaru M 1978Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet