Отпантау – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген ескерткіш, тарихи-мәдени кешен, кесене. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар тізіміне енгізілген.
Орналасқан жері
Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылынан 15 км шығыс бағытта, Отпан тауында орналасқан.
Деректер, сипаты
«Отпан тау» тарихи-мәдени кешені уақыт пен ұрпақ бірлігін, ата-бабаларды құрмет тұтуды, олардың жастарға арналған өсиеттерін сипаттайды. Кешеннің жасалу идеясы мен тұжырымдамасы өңірдің көрнекті қайраткері, ақын Сабыр Адайға тиесілі. 2004 жылы «Адай» қайырымдылық қоры құрылды, ол жалпы жобаның бас демеушісі және бастамашысы болды. Бұл нысан – Маңғыстаудың барлық тұрғындарының біріккен күш-жігерінің нәтижесі. 2007 жылы 25 қазанда тарихи-мәдени кешен салтанатты түрде ашылды. Кешен Отпан таудың шыңына орналасты. Ашық аспан астындағы ескерткіштер тобын құрайды.
Таудың шыңына апаратын соқпақ жол Маңғыстауда құрмет тұтатын ұлы диуаналардың санына тең 362 баспалдақтан тұрады.
Негізгі мемориалдық нысандар: Маңғыстаудың өте биік географиялық нүктесі саналатын Отпан тауында орналасқан (теңіз деңгейінен 532 м) Аналарға арналған ескерткіш-стела, Адай ата монументі (37 м). Бұл ақтасты кесене рубасы Адай ата мен оның екі ұлы Келімберді мен Құдайкеге арналған; ұлы әулие Бекет ата Мырзағұлұлына арналған Ақсарай мұражайы (2010 ж. салынған); «Көк бөрісі» монументі – Ұлы Түрік елінің тотемі; Отты факел – салттық оттарды жағуға арналған діни кеңістік. Ақсарай мұражайы қонақтарға Маңғыстау тарихына арналған тамаша көркем суретті экспозицияны ұсынады.
Барлығы мұражайда 6 зал бар: «Кешенді құру және дамыту залы», «Қазақ мемлекетінің құрылу тарихы», «Маңғыстаудың көне тарихы», «Маңғыстау мен маңғыстаулықтар», «Өнер», «Маңғыстаудағы Ислам діні». «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені өлкенің өзіндік діни және рухани шамшырағына айналды. Мұнда наурыздың 13-нен 14-не қараған түні (Амал - аймақтағы Наурыз мейрамын тойлаудың ең көне дәстүрі) әулеттің ақсақалдарының қатысуымен ата-бабалардың аруағына көрсетілген құрмет ретінде қасиетті Алау жағылады (Тағзым Алауы). Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша бұл алау эстафета арқылы Адай руының сегіз ұрпағының өкілдеріне беріледі.
12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп, ол алтынмен апталынған. Үш құлпытастың ортасындағысының қас бетіне алтын әріппен «Адай ата» деген сөз жазылды. Отпантау кесенесіне кірер есік екеу: олар «қасиетті қос босаға» деп аталады. Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аттары, ал күмбездің ішкі бетіне Адай ұрпақтарының аты мен рулық шежірелері алтын әріппен жазылған. Кіреберістегі керегелер биік мұнараларға бекітілген. 12 қанат керегенің ішкі беті гранитпен қапталып, оған әр түрлі тілдерде Адай туралы дерек-жазбалар ойылып түсірілген. Кесененің диаметрі 7 м, биіктігі 13 м. Кесене және оның шығысындағы төбе басында көк бөрі мүсіні орнатылған. Тау басына көтерілетін айналма тепкішекті қоршай жаяу және көлік жолдарына тас төселген. Күмбез төбесіне сәуле шашып тұратын қуатты шырақ жағылған; газ, электр желісі мен тұщы су құбыры тартылған. Кесененің негізгі материалдары жергілікті орындардан алынған; гранит пен мәрмәр тастар шетелден әкелінген; ал көк бөрі мүсіндері мен алтын аптаулар шет ел зауыттарында құйылып жасалған.
Дереккөздер
- Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
- «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Otpantau Mangystau oblysynyn zhergilikti manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishteri tizimine engen eskertkish tarihi mәdeni keshen kesene Қazakstannyn zhalpyulttyk sakraldy nysandar tizimine engizilgen Otpan tau tarihi mәdeni kesheniOrnalaskan zheriMangystau audany Zhyngyldy auylynan 15 km shygys bagytta Otpan tauynda ornalaskan Derekter sipaty Otpan tau tarihi mәdeni kesheni uakyt pen urpak birligin ata babalardy kurmet tutudy olardyn zhastarga arnalgan osietterin sipattajdy Keshennin zhasalu ideyasy men tuzhyrymdamasy onirdin kornekti kajratkeri akyn Sabyr Adajga tiesili 2004 zhyly Adaj kajyrymdylyk kory kuryldy ol zhalpy zhobanyn bas demeushisi zhәne bastamashysy boldy Bul nysan Mangystaudyn barlyk turgyndarynyn birikken kүsh zhigerinin nәtizhesi 2007 zhyly 25 kazanda tarihi mәdeni keshen saltanatty tүrde ashyldy Keshen Otpan taudyn shynyna ornalasty Ashyk aspan astyndagy eskertkishter tobyn kurajdy Taudyn shynyna aparatyn sokpak zhol Mangystauda kurmet tutatyn uly diuanalardyn sanyna ten 362 baspaldaktan turady Negizgi memorialdyk nysandar Mangystaudyn ote biik geografiyalyk nүktesi sanalatyn Otpan tauynda ornalaskan teniz dengejinen 532 m Analarga arnalgan eskertkish stela Adaj ata monumenti 37 m Bul aktasty kesene rubasy Adaj ata men onyn eki uly Kelimberdi men Қudajkege arnalgan uly әulie Beket ata Myrzagululyna arnalgan Aksaraj murazhajy 2010 zh salyngan Kok borisi monumenti Ұly Tүrik elinin totemi Otty fakel salttyk ottardy zhaguga arnalgan dini kenistik Aksaraj murazhajy konaktarga Mangystau tarihyna arnalgan tamasha korkem suretti ekspoziciyany usynady Barlygy murazhajda 6 zal bar Keshendi kuru zhәne damytu zaly Қazak memleketinin kurylu tarihy Mangystaudyn kone tarihy Mangystau men mangystaulyktar Өner Mangystaudagy Islam dini Otpan tau tarihi mәdeni kesheni olkenin ozindik dini zhәne ruhani shamshyragyna ajnaldy Munda nauryzdyn 13 nen 14 ne karagan tүni Amal ajmaktagy Nauryz mejramyn tojlaudyn en kone dәstүri әulettin aksakaldarynyn katysuymen ata babalardyn aruagyna korsetilgen kurmet retinde kasietti Alau zhagylady Tagzym Alauy Burynnan kalyptaskan dәstүr bojynsha bul alau estafeta arkyly Adaj ruynyn segiz urpagynyn okilderine beriledi 12 kulpytas ortasynan kos kүmbez koterilip ol altynmen aptalyngan Үsh kulpytastyn ortasyndagysynyn kas betine altyn әrippen Adaj ata degen soz zhazyldy Otpantau kesenesine kirer esik ekeu olar kasietti kos bosaga dep atalady Kүmbezdi koterip turgan kulpytastarga Adajdyn segiz arysynyn attary al kүmbezdin ishki betine Adaj urpaktarynyn aty men rulyk shezhireleri altyn әrippen zhazylgan Kireberistegi keregeler biik munaralarga bekitilgen 12 kanat keregenin ishki beti granitpen kaptalyp ogan әr tүrli tilderde Adaj turaly derek zhazbalar ojylyp tүsirilgen Kesenenin diametri 7 m biiktigi 13 m Kesene zhәne onyn shygysyndagy tobe basynda kok bori mүsini ornatylgan Tau basyna koteriletin ajnalma tepkishekti korshaj zhayau zhәne kolik zholdaryna tas toselgen Kүmbez tobesine sәule shashyp turatyn kuatty shyrak zhagylgan gaz elektr zhelisi men tushy su kubyry tartylgan Kesenenin negizgi materialdary zhergilikti oryndardan alyngan granit pen mәrmәr tastar shetelden әkelingen al kok bori mүsinderi men altyn aptaular shet el zauyttarynda kujylyp zhasalgan DerekkozderҚazakstannyn tarihi mәdeni nysandarynyn zhәne zhappaj ziyarat etu oryndarynyn albomy ҚR Mәdeniet zhәne sport ministrligi Қazak gylymi zertteu mәdeniet instituty zhoba avtory T Bekbergenov bas red A R Hazbulatov Astana b zh 2018 495 b suretti Bibliogr 490 b 100 dana ISBN 978 9961 23 485 9 Mangystau enciklopediyasyna Kompyuterlik baspa ortalygy 2007