Ноғайбай би Дәулетбақұлы (1834, Жамбыл облысы, Қордай ауданы – 1910, Жамбыл облысы, Қордай ауданы) — Жетісу өңіріне белгілі шешен, би. Дулат тайпасы, Жаныс руының бұтағынан.
Ноғайбай би Дәулетбақұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Қызметі |
Әкесі Дәулетбақ, арғы атасы Малдыбай Жетісудағы қазақ, қырғыз жұртына бірдей аттары әйгілі адамдар болған. Талас, Қордай өңірлеріндегі Қоқан ханына қарсы көтерілген қазақ руларын басқарған. Ресей үкіметі Ноғайбайдың беделін пайдалануды көздеп, бір жағынан оның Қоқанға қарсы соғыста көрсеткен еңбегін ескере отырып әскери шен (кейбір деректерде полковник) берген. Қордай ауданы Қарасу а-нда Ноғайбайдың күмбезі бар.
Ноғайбай би туралы әңгімелер
Ноғайбай би туралы әңгіме
Қырғыз Бәйтеке батыр той істеп қазақ-қырғызды шақырады. Тойға шақырылған адамдардың барлығы тойхана алып келетін салт бар ғой. Байлар тойхана сыйын бір-бірінен асырам деп, бір тоғыздан кем алып келмейді. Үйірлеп айғыр, қоралап қой, тоғыздатып түйе әкеліп жатады. Бұл барлардың істейтіні. Ал, Ноғайбай сияқты жалғыз атты серілер не етеді? Ноғайбай мен Бәйтеке батыр құда екен. Ноғайбайда көп мал болмаған, тапқаны тамағына, жұтқаны жұмырына ғана болып, сәулетті ат-тонды асыра мініп, жақсы киініп жүретін.
Нүкаң ойланып бір амал табады. Малдыбай, Қонысбай деген бай елдің түйелері Ырғайтының даласында жайылып жататын. Ноғайбай түлеп шайырға семірген өркештері баладай түйеден жігіттеріне отыз түйе айдатып, тойханаға алып барады. Бәйтеке батыр тойына келе жатқандардың алдынан даяшы қойған екен. Ол даяшылар көбінесе ақындар болады. Кімнің қанша әкелгенін кімнен кімнің асқанын, сол даяшы ақындар өлеңмен жариялап тұрады. Сонда Тоқтағұл:
- - Асып туған, Ноғайбай,
- Ноғайбай болмақ оңай ма-ай?
- Отыз түйе ап келді,
- Кешіктірмей дөп келді.
- Бай-манаптар мақтанған,
- Қайтіп бұған шақ келді.
- болды байларың,
- Ноғайбайға бақ келді.
- Қазақтан асқан Ноғайбай,
- Батырға, міне, бап келді.
- Төрт малдың төресін,
- Келелеп бура сап келді.
Қырғыздар отыз түйені сарайға қамап, "атқа қоқи, Ноғайбайдан асып тойхана алып келген қазақ-қырғыз жоқ" деп, шулап бозаға тойып жата береді.
Ноғайбай жігіттерге айтып қойған, "таңға жақын қырғыздар ұйықтап жатқанда, сарайдың аузын ашып тастаңдар, түйелер өрісіне кете берсін" депті. Таң атқанда қырғыздар қоқилап шауып, "түйе жоқ", "түйе жоқ" десіп қалады. "Құдай ұрған Ноғайбай алдады" деп батыр Бәйтеке:
- -Ау, Ноғайбай түйелеріңе кете бер деп үйретіп қойғансың ба? - депті. Сонда Нұқаң:
- -Менің түйе, жылқым сендерге ғой, ағайыннан сұрап айдап келіп едім, қолыңа беріп, қораңа қамап берген түйеден айрыл деген мен бе? Жоқ, болмаса, сендердің малдарыңды бағып беретін мен малаймын ба? - депті. Уәжден жеңілген қырғыздар "бұл Ноғайбайды адам баласы жеңіп болмайды,
ол біз тұрмақ шайтанды да жеңеді" депті.
Ноғайбай би туралы әңгіме
Ноғайбай бидің даңқы Сарыарқаға жайылады. Сонау арқадан ақын Шөже жолдағы елді аралап, Бетпақдаланы басып, Байқара, Жамбыл адырларынан асып жолшыбай кездескен елдерден сұрай-сұрай "Сұлутөрдегі" Ноғайбайдың аулына келеді. Өзі соқыр кісі екен. Бір жігіт жетелеп жүреді. Ноғайбай әдеті бойынша төбенің басында, көк майсада көп адамдармен отырғанда жол жүріп болдырып Шөже келіпті. Жұрт кезек-кезек сәлемдесіп қол беріп амандасады. Бірталай бай-мырзалардан кейін Ноқаң келіп Шөженін қолын алып еді, Шөже оның қолын жібермей қысып тұрып, әндете бастапты:
- Кейбіреу тілге , бақ тимеген,
- Кейбіреудің бағы зор үндемеген.
- Қол бергеніңнен таныдым
- Ноғайбайжан,
- Тізгіннен басқа ешбір тимеген.
- Құдайым, бұл Шөженің көзін алған,
- Көзін алып көңіліне өлең салған.
- Арғы атаң арғымақтай Малдыбай би,
- Басындай Алатаудың бұлт шалған.
- Бар ма екен ер Ноғайбай сенде арман?
- Әселдей Байсейттің қызын алған.
- Келіні Құнанбайдың Арғын деген
- Атағыңды есітіп саған барған.
- Сен шықтың Қасқараудан
- Ноғайбай боп,
- Аруағың қалың орман тоғайдай боп.
- Қырық жылғы қырсыққан
- дауға барсаң,
- Бір сөзіңмен бітеді оңай-дай боп.
- Атыңды бағып жүрген
- Қожан,Бақай,
- Жабысты етегіне шоқайна боп.
- Сен шықтың Қасқараудан
Сонда жұрт шулап рас Шөжеке Ноқаң осы өзін қолын ұстап тұрған кісі, апырмай, әулие екен. Қайдан таныды депті. Ноғайбай Шөжені бір-екі ай жатқызып, өлеңін айтқызып, құлақ қойып ете ықыласпен сыйлапты. Ноқаң ақынды көп қаламайтын. Атақты Сүйінбайға:
- - Иә, қызыл , бергенді мақтап, бермегенді даттап, қайдан келдің? - дейді екен. Олай емес, Шөжеге ықыласы ауып, Әсел бәйбішеге киім тіккізіп таза киіндіріп жақсы күткізіп, ат, түйе беріп аттандырыпты.
Сонда, Шөже кеткен соң, халық Нұқа-ау, ақынға қарсы едіңіз, бір соқырды мұнша қолдадыңыз ғой дегенде, Ноғайбай:
- - Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт, - деген екен.
Ноғайбай би туралы әңгіме
Ноғайбай шешен ұлы Абаймен де кездескен деген сөз бар. Екеуі құда, жегжат боп өзара сыйласып жүрген. Абай болыс боп сайланар алдында ма, әлде содан кейін бе, бір жылдың жазында , одан "Сұлутөрдегі" Ноғайбай аулына келіп кеткен дейді . Абайдың Алатау атырабында болуы жөнінде Кенен Әзірбаев ақын да өзінің "Аңыздар сыры" (1969) деген кітабында жазды. Этнограф зерттеуші та айтып, жазып ("Жүлдыз № 9) келді. Кенен де, Есім де Абай мен Ноғайбайдың кездесіп сұхбаттасуын көне көз кариялардың айтуына сүйеніп жазған. Ол кезде Абай Жетісуға ояздық губернатордың жиын - мәслихатына келді ме, әлде Верныйда қызмет істеген баласы Әбдірахманға, әлде құда, жегжаттары Тәйті, Әпсемет сияқтылардың шақыруына немесе жеңгесі Ақмайға байланысты ма, әйтеуір Абайдың Жетісуда болуын ел осы күнге дейін аузынан тастамай аңыздайды. Біреулер Абай Жетісуда болмаған, документті дерек жоқ десе, енді біреулер. "Араласып жатқан қарға тамырлы қазақ емеспіз бе? Құнанбай кезінде Бөлтірік, Сапақ, Сары, Кебекбай билерді, Сұраншы батырды асқа, тойға, шақырғанда, Меккеге әжілікке ниет қылып сапар шегіп бара жатып Құнанбай Екейдегі Тәйті құдасынын үйіне қона жатып аттанғанда, Алатауға билік іспен Айдабол, Алшынбай, Тайкелтір билер, Шөже, Байкөкше ақындар келгенде, қызмет бабымен Әріп, Әбдірахман, Мағауия, Нұржан тағы көптеген кісілер болғанда, Абай неге келмесін?" Абайдың Жетісуға келгенде басында қар жатқан Алатауға таңырқай қарап: "Алатаудың басы күнге жақын, бірақ басында мәңгілік қар жатады. Сайында неше түрлі өсімдік, неше алуан жеміс шығады. Жақсылыққа алыс жер, алыс заман жоқ. Қайда болса да жетеді"... (М. Әуезов. Абайдың өмірбаяны, Қазақ өдебиетінің тарихы. 2-т. 1961. 350-6.), деген өз сөзі де жеткілікті емес пе?!" деседі. Рас-ау, шынында. Алпысыншы жылдары Кенен ақынның жыр жинақтарын жинасып баспаға әзірлеп жүргенде, ол кісі мына бір әңгімені айтқанды. Енді соған көңіл қояйық:
- -Абайдың Ақмай деген жеңгесі ме, әлде келіні ме, сонау Шыңғыстан келіп Ноғайбайға тиген екен. Ақмай әуелі Алматыда тұратын Мерқасымдағы апасының соңынан келеді. Мерқасым және Құнанбайдың жиені Әпсемет, тағы біреудер сөйлесіп оны Ноғайбайға қосады. Бірер жылдан соң Абай Жетісуға келіп Мерқасым, Әпсеметтің үйіне түскен дейді. Сәлемдесіп, танысқан соң, бір сөз иіні келгенде Мерқасымның балдызы Ақмайдың қалай Ноғайбайға қосылғанын сұрап қалады. Мерқасым өздері араласып кұда- жегжат боп жүрген Ноғайбайды мақтайды.
- -Жетісудағы елді жел диірмендей айналдырып тұрған ата-бабаларынан Дулаттың алдынғы қатарлы адамдары. Бұл Жетісудағы қала-далаға, қырғыз- қазаққа қадірлі адам. Бірақ орысша білмейді. Болмаса адамның кара тілді шешені. Аулы "Сүлутөрді" жайлаған. Шіркін, "Сүлутөр" десе дегендей жер- ау, мөлдір бұлақ, көк торғын құрақ, салқын сазды. Үлкенсаз, Кішісаз, Қарақия, Қасқажол. Ар жағында кырғыздар қыз алысып, қыз берісіп араласып кеткен ел ғой, - деп отырғанда, бір жігіт:
-Ноғайбай мен Шөбден батыр осы Алматыда жүр, кеше губернатор кеңселерінің алдынан көрдім. Ыскақбай үйіне қонаққа алып бара жатқан, - деді. Мерқасым жігіттен:
- - Ұлыққа неге келгенін білдің бе? - деп сұрады.
- -Сырттан ұққаным, - деді жігіт - қырғыз Шолпанқұл манап Сібірге айдалатын болыпты. бастығын ұрған дейді. Соны Шөбден, Ноғайбай екеуі " кеш" деп губернатор мен жандаралға келіпті. Қадірін салып келген соң олар Шолпанкұлдың күнәсін кешіпті. Осыған байланысты Ысқақбай оларды қонаққа шақырыпты. Сарбас ақын, қырғыз Қалмырза ыршы қастарында дейді.
- -Рахмет жігітім, көп әңгіме айттың, - деп бәрі дуылдасып қалады. Абай үндемей тыңдап отырады.
Ертеңіне Шөбден батыр қағазды алып аулына жүріп кетеді. Ноғайбай каладағы жолдас-жора, жекжаттарымен амандасып қайтқалы қалады.
Танертең Мерқасым Ноғайбай мен оған ере келген Әселге барып, Абайдың келіп, өз үйінде жатқанын айтады. Бастан-аяқ әңгіме нобайын түсінген Ноғайбай ең алдымен базардан бір ту бие сатып алдырды. Құнанбайдың бұрын да дабысын білетін ол Абай деген ақын да, ақылды баласы бар деп есітетін. Арғыннан Аңмайды алғалы тобықтының жағдайын толық білген Ноғайбай енді Абаймен дидарласуға бет қояды. Мерқасым Ноғайбайды Әселімен ертіп келіп, Абай отырған үйіне кіргізеді. Үйдегілер жапырылып амандасады. Абай да орнынан тұрып, Нұқаңмен жайып сәлемдеседі. Ноғайбай Абайдан үлкен, Құнанбаймен қатар кісі. Есен-амандықтан кейін Ноғайбай Абайға бұрылып:
- -Ия, Абай мырза, жол болсын, мынау Мерқасымнан сіздің осы үйде жатқаныңызды естіп, сәлемдесейін деп келдім. Алатау, Алматыға келген соң бізге қонақсыз ғой, қаладан біз де, сіз де қайтқанша, дәм-тұз тата тұрсын деп сойысқа бір ту бие ала келіп ем. Онан соң Абай шырағым, біздің ауылды көріп қайтыңыз. Мынау отырған Әсел бәйбішеден дәм татып Ақмай жеңгеңе жолығып қайтарсыз, - депті. Сонда Абай:
- -Рақмет Нұқа, айттыңыз, Арқадан ауа жайылып бір асылымыз мұнда, сізбен отандасыпты, сөйтіп жесіріміз теңін де, жерін де тауыпты. Аталы жерден шыққан текті ару еді. Нұқа, Ақмай жеңгем туған жерін, өскен елін аңсап Арқаға барып қайтамын десе, шаужайынан қақпаңыз, - деп күліп қояды. Екеуінің аузын бағып отырған көпшілік дуу күліп, көрсетеді. Түрлі ас, тамақ, қымыз құйылып, салтанатпен Мерқасым екеуіне бар ықылас-пейіл білдіреді. Ноғайбай Абайды "Сұлутөрге" шақырады. Сонда Абай:
- -Нұқа, ауылыңыз қашықтау екен, Ақмайды Алматыға келтірсеңіз, көріп қайтайын, - деп еді, Ноғайбайдан бұрын Сарбас ақын дереу домбырасының құлағын бұрап-бұрап шырқап жібереді:
- Арғы атаң Өскенбай мен Құнанбайды,
- Тобықты "Ырғызбайлап" ұрандайды.
- Қазақта бірінші боп әжі барған,
- Өз әкең есіне алып, бір Құдайды.
- Меккеде тәңірге арнап үй салғызған,
- Туғызған кемеңгер кып бұл Абайды.
- Нұқаңды көрген шақта жесіріңіз.
- Айналып аққу қаздай шыға алмайды.
- Шал атын палуандай сөзі әрлі,
- Абайжан көңілің қалай, бұраңдайды?
- Бармаған шақырғанға зар болады,
- Құрметпен барған қонақ ұялмайды.
Отырған көпшілік:
- - Пәле, Сарекең тура айтгы, - деп қалады. - Абай күліп Сарбасқа, - рахмет барайын, халық шақырған жерден неге қалайын, - дейді.
Сұлутөрге бет алған қырық-елу адам Абай мен Ноғайбайды ортаға алып сырнайлатып, кернейлетіп сән-салтанатымен келеді. Жайлаудағы қалың ел таңырқап, кәрі-жас қарап турады.
Абайды әуелі Әселге түсіреді. Тай сойылып, сары қымыз құйылып Әсел де Абайды аса зор ылтипатпен құрметтейді. Әсел ару да Абайдың кермиық келбетіне, киім киісіне, жүріс-тұрысына сөйлесіне қарап, оны Жетісу адамдарымен іштей салыстырады. Абай да Әселдің бөлекше әйел екенін байқап танып, Ноғайбайға Құдайдың лайықтап қосқанына сүйсінеді.
Келесі күні Абайды Арғын апайға түсірді. Ауылы бөлек одан да түрлі қырғыз-қазақтың әдет-ғұрпын, тамашасын көрді.
Жесірінің баласы Iлиястың бетінен сүйеді. Қыздарын алдына отырғызып, еркелетеді. Қысқасы Абайды Нұқаңның балалары, ағайын-інілері кезек- кезек таласып қонақ етеді. Сұлутөрдің көк жайлауында Абай бір-екі жеті жүріп, ас-тойларды көріп, елдің салтымен танысады.
- -Ноқа, жеріңіз де, еліңіз де тамаша! Байлық та, батырлық та, та халық арасында жоқ емес, бірақ жастар оқусыз екен. Байлық көзі оқу, білімде, олай болса балаларды оқыту, құнарлы жерге елді қоныстандыру керек. Сіздерде үлгі аларлық көп, Алматы мен Бішкек арасында отырсыздар. "Түбінде баянды еңбек - салған, жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер, емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған" деп өлеңдете сөйлегенде, Ноғайбай басын изеп мақұлдапты. Абай Нұқаңнан қайтуға сұрады. Арғын апай өзі де Алматыға шейін шығарып салмақ болады. Ноғайбай өзі де қалаға жүрмек болады. Әсел бәйбіше ішік жапты, екі жолдасына да ат-шапан берді. Еркебай аулына дейін Қасқараудың жақсымын деп жүрген адамдары Абайды құрметтеп шығарып салды. Жұлқынып тұрған үш қара арғымақ қара жолды бұрқыратып Ноғайбай мен Абайды, арғын апайды, Мерқасымды Әйелімен Алматыға карай қоңыраулатып ала жөнеледі.
Қырғыз-қазақтардың Абайды көргендері "шіркін-ай туыс осы екен" десіп, таңдай қағып қала береді. Осы кездесудін ішінде болған Ноғайбайдын досы тоқсандағы Бұғыбай және ұстаз ағаларым: Еркебай Базарұлы, Сарыбас Майкөтұлы, Сәрсебай Билібайұлы, Шөжіке Оспанұлы, Төкен Байғұттыұлы, Сәлім Түлкібайұлы тағы бірқатары осылай етуші еді.
Абай қалаға келген соң үш күннен кейін Шыңғыска қайтты. Разы болғандай, Ноғайбай сыйына көңлі толғандай түрі бар. Тағы да сәлем-сауқаттар беріп. Арғын апай да, Мерқасым да, оның әйелі де жік-жалар болып жатыр. Қаладағы арғындар келіп Құнанбайға де деп аманат айтты. Абай аттанарында Ноғайбайдың қолын алып тұрып:
- Алатау асқар бел екен,
- Үйсін атты ел екен,
- , кең екен.
- Алма-жеміс көп екен.
- Сұлутөр құтты жер екен.
- Қойны толы кен екен.
- Қоңыр желі Қордайдың
- дертке екен.
- Елден елдің кемі жоқ -
- - Қасқараудың көлемі,
- Тобықтыдай кең екен.
- Ерден ердің кемі жок,
- Ноғайбай да ер екен,
- бақытты бопсыз Ақмайым,
- Келген жерің екен.
- Артық депте кетер ем -
- Ел намысы дер екен.
- Қош болғын ер, Ноқа,
- Кіре берсін берекең,
деп тақпақтай жөнеліпті. Сонда Ноғайбай да:
- -Рақмет, Абайжан. Ел бағына туған ер екенсің, ақылың дария көл екенсің. Әрі інім, әрі балам қатарсыз. Көпке бірдей күн болып туған ұл екенсің. Бір ауылға болысатын кісі емес, бүкіл ел қамын ойлайтын дана көрінесің. Орысша да, мұсылманша да білімің зор екен, мен де Жетісудағы елге атым бар, азды-көпті хатым бар адаммын. Бірақ арманым бар. Ол патшамен орыс тілінде еркін сөйлесе алмайтыным. Абайжан, сөге- жамандама, Ноғайбайдан сәлем де әкең Құнанбайға, арқадағы елге, - деді.
- -Өскенбайға ас беріп ат шабамын, деп, үш жүзге сауын айтканда менің ағам Мадияр деген он жолдасымен бұл Жетісудан озған Тортөбел жүйрікті алып барады. Сонда әкең Құнанбай бір саяткерін жіберіп "Алатаудан келген атты сынап кел" депті. Ол сыншы Тортөбелді көріп "Үйсіннің аты бір күн тынықса алдымен келеді" - депті. Сонда Құнанбай уағдалы күнге қаратпай бір-екі күн бұрын атты алысқа айдатып, бәйгені әділетсіздікпен өзі алады. Алыстан созылып барған Тортөбел ат екінші болып қалады. Онымен тұрмай "Үйсіндер атың озбады, Алатауға не деп барасыңдар" деп әжуалапты. Сонда Мадияр:
депті. Мадиярдың сөзіне Құнанбай ыза болғанмен Алшынбай, Қаратай деген кісілер:
- - Қой, Құнанбай мырза, - деп Мадиярларды Өскенбайдың үйіне түсіріпті. Құндыз ішік, тай-тұяқ , көп малды Құнанбай бермей қалыпты. Сол Мадияр айтқандай, Абай шырағым, "Ат - құнына, нар - пұлына" деген, Ақмай келді, ақымыз түгелденді - деп, Нұқаң әзілдеп қалжың айтыпты. Абай да уәжді жауап қайтарып екеуі айқара құшақтасып қош айтысыпты. Бүкіл ел болып Абаймен қайыр қош десіп, жолға шығарып салыпты.
Дереккөздер
- Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Жаныс — Алматы: Издательство Өнер, 2004. — 992 б. — ISBN 9965-595-78-Х.
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nogajbaj bi Dәuletbakuly 1834 Zhambyl oblysy Қordaj audany 1910 Zhambyl oblysy Қordaj audany Zhetisu onirine belgili sheshen bi Dulat tajpasy Zhanys ruynyn butagynan Nogajbaj bi DәuletbakulyTugan kүni1834 1834 Tugan zheriZhambyl oblysy Қordaj audanyҚajtys bolgan kүni1910 1910 Қajtys bolgan zheriZhambyl oblysy Қordaj audanyҚyzmetiBi sheshen Әkesi Dәuletbak argy atasy Maldybaj Zhetisudagy kazak kyrgyz zhurtyna birdej attary әjgili adamdar bolgan Talas Қordaj onirlerindegi Қokan hanyna karsy koterilgen kazak rularyn baskargan Resej үkimeti Nogajbajdyn bedelin pajdalanudy kozdep bir zhagynan onyn Қokanga karsy sogysta korsetken enbegin eskere otyryp әskeri shen kejbir derekterde polkovnik bergen Қordaj audany Қarasu a nda Nogajbajdyn kүmbezi bar Nogajbaj bi turaly әngimelerNogajbaj bi turaly әngime Қyrgyz Bәjteke batyr toj istep kazak kyrgyzdy shakyrady Tojga shakyrylgan adamdardyn barlygy tojhana alyp keletin salt bar goj Bajlar tojhana syjyn bir birinen asyram dep bir togyzdan kem alyp kelmejdi Үjirlep ajgyr koralap koj togyzdatyp tүje әkelip zhatady Bul barlardyn istejtini Al Nogajbaj siyakty zhalgyz atty seriler ne etedi Nogajbaj men Bәjteke batyr kuda eken Nogajbajda kop mal bolmagan tapkany tamagyna zhutkany zhumyryna gana bolyp sәuletti at tondy asyra minip zhaksy kiinip zhүretin Nүkan ojlanyp bir amal tabady Maldybaj Қonysbaj degen baj eldin tүjeleri Yrgajtynyn dalasynda zhajylyp zhatatyn Nogajbaj tүlep shajyrga semirgen orkeshteri baladaj tүjeden zhigitterine otyz tүje ajdatyp tojhanaga alyp barady Bәjteke batyr tojyna kele zhatkandardyn aldynan dayashy kojgan eken Ol dayashylar kobinese akyndar bolady Kimnin kansha әkelgenin kimnen kimnin askanyn sol dayashy akyndar olenmen zhariyalap turady Sonda Toktagul Asyp tugan Nogajbaj Nogajbaj bolmak onaj ma aj Otyz tүje ap keldi Keshiktirmej dop keldi Baj manaptar maktangan Қajtip bugan shak keldi boldy bajlaryn Nogajbajga bak keldi Қazaktan askan Nogajbaj Batyrga mine bap keldi Tort maldyn toresin Kelelep bura sap keldi dd Қyrgyzdar otyz tүjeni sarajga kamap atka koki Nogajbajdan asyp tojhana alyp kelgen kazak kyrgyz zhok dep shulap bozaga tojyp zhata beredi Nogajbaj zhigitterge ajtyp kojgan tanga zhakyn kyrgyzdar ujyktap zhatkanda sarajdyn auzyn ashyp tastandar tүjeler orisine kete bersin depti Tan atkanda kyrgyzdar kokilap shauyp tүje zhok tүje zhok desip kalady Қudaj urgan Nogajbaj aldady dep batyr Bәjteke Au Nogajbaj tүjelerine kete ber dep үjretip kojgansyn ba depti Sonda Nukan Menin tүje zhylkym senderge goj agajynnan surap ajdap kelip edim kolyna berip korana kamap bergen tүjeden ajryl degen men be Zhok bolmasa senderdin maldaryndy bagyp beretin men malajmyn ba depti Uәzhden zhenilgen kyrgyzdar bul Nogajbajdy adam balasy zhenip bolmajdy ol biz turmak shajtandy da zhenedi depti Nogajbaj bi turaly әngime Nogajbaj bidin danky Saryarkaga zhajylady Sonau arkadan akyn Shozhe zholdagy eldi aralap Betpakdalany basyp Bajkara Zhambyl adyrlarynan asyp zholshybaj kezdesken elderden suraj suraj Sulutordegi Nogajbajdyn aulyna keledi Өzi sokyr kisi eken Bir zhigit zhetelep zhүredi Nogajbaj әdeti bojynsha tobenin basynda kok majsada kop adamdarmen otyrganda zhol zhүrip boldyryp Shozhe kelipti Zhurt kezek kezek sәlemdesip kol berip amandasady Birtalaj baj myrzalardan kejin Nokan kelip Shozhenin kolyn alyp edi Shozhe onyn kolyn zhibermej kysyp turyp әndete bastapty Kejbireu tilge bak timegen Kejbireudin bagy zor үndemegen Қol bergeninnen tanydymNogajbajzhan dd dd dd Tizginnen baska eshbir timegen dd Қudajym bul Shozhenin kozin algan Kozin alyp koniline olen salgan Argy atan argymaktaj Maldybaj bi Basyndaj Alataudyn bult shalgan dd Bar ma eken er Nogajbaj sende arman Әseldej Bajsejttin kyzyn algan Kelini Қunanbajdyn Argyn degen Atagyndy esitip sagan bargan dd Sen shyktyn ҚaskaraudanNogajbaj bop dd dd dd Aruagyn kalyn orman togajdaj bop Қyryk zhylgy kyrsykkandauga barsan dd dd dd Bir sozinmen bitedi onaj daj bop Atyndy bagyp zhүrgenҚozhan Bakaj dd dd dd Zhabysty etegine shokajna bop dd Sonda zhurt shulap ras Shozheke Nokan osy ozin kolyn ustap turgan kisi apyrmaj әulie eken Қajdan tanydy depti Nogajbaj Shozheni bir eki aj zhatkyzyp olenin ajtkyzyp kulak kojyp ete ykylaspen syjlapty Nokan akyndy kop kalamajtyn Atakty Sүjinbajga Iә kyzyl bergendi maktap bermegendi dattap kajdan keldin dejdi eken Olaj emes Shozhege ykylasy auyp Әsel bәjbishege kiim tikkizip taza kiindirip zhaksy kүtkizip at tүje berip attandyrypty Sonda Shozhe ketken son halyk Nuka au akynga karsy ediniz bir sokyrdy munsha koldadynyz goj degende Nogajbaj Akyn dep Shozheni ajt sheshen dep Boltirikti ajt batyr dep Sypatajdy ajt degen eken Nogajbaj bi turaly әngime Nogajbaj sheshen uly Abajmen de kezdesken degen soz bar Ekeui kuda zhegzhat bop ozara syjlasyp zhүrgen Abaj bolys bop sajlanar aldynda ma әlde sodan kejin be bir zhyldyn zhazynda odan Sulutordegi Nogajbaj aulyna kelip ketken dejdi Abajdyn Alatau atyrabynda boluy zhoninde Kenen Әzirbaev akyn da ozinin Anyzdar syry 1969 degen kitabynda zhazdy Etnograf zertteushi ta ajtyp zhazyp Zhүldyz 9 keldi Kenen de Esim de Abaj men Nogajbajdyn kezdesip suhbattasuyn kone koz kariyalardyn ajtuyna sүjenip zhazgan Ol kezde Abaj Zhetisuga oyazdyk gubernatordyn zhiyn mәslihatyna keldi me әlde Vernyjda kyzmet istegen balasy Әbdirahmanga әlde kuda zhegzhattary Tәjti Әpsemet siyaktylardyn shakyruyna nemese zhengesi Akmajga bajlanysty ma әjteuir Abajdyn Zhetisuda boluyn el osy kүnge dejin auzynan tastamaj anyzdajdy Bireuler Abaj Zhetisuda bolmagan dokumentti derek zhok dese endi bireuler Aralasyp zhatkan karga tamyrly kazak emespiz be Қunanbaj kezinde Boltirik Sapak Sary Kebekbaj bilerdi Suranshy batyrdy aska tojga shakyrganda Mekkege әzhilikke niet kylyp sapar shegip bara zhatyp Қunanbaj Ekejdegi Tәjti kudasynyn үjine kona zhatyp attanganda Alatauga bilik ispen Ajdabol Alshynbaj Tajkeltir biler Shozhe Bajkokshe akyndar kelgende kyzmet babymen Әrip Әbdirahman Magauiya Nurzhan tagy koptegen kisiler bolganda Abaj nege kelmesin Abajdyn Zhetisuga kelgende basynda kar zhatkan Alatauga tanyrkaj karap Alataudyn basy kүnge zhakyn birak basynda mәngilik kar zhatady Sajynda neshe tүrli osimdik neshe aluan zhemis shygady Zhaksylykka alys zher alys zaman zhok Қajda bolsa da zhetedi M Әuezov Abajdyn omirbayany Қazak odebietinin tarihy 2 t 1961 350 6 degen oz sozi de zhetkilikti emes pe desedi Ras au shynynda Alpysynshy zhyldary Kenen akynnyn zhyr zhinaktaryn zhinasyp baspaga әzirlep zhүrgende ol kisi myna bir әngimeni ajtkandy Endi sogan konil koyajyk Abajdyn Akmaj degen zhengesi me әlde kelini me sonau Shyngystan kelip Nogajbajga tigen eken Akmaj әueli Almatyda turatyn Merkasymdagy apasynyn sonynan keledi Merkasym zhәne Қunanbajdyn zhieni Әpsemet tagy bireuder sojlesip ony Nogajbajga kosady Birer zhyldan son Abaj Zhetisuga kelip Merkasym Әpsemettin үjine tүsken dejdi Sәlemdesip tanyskan son bir soz iini kelgende Merkasymnyn baldyzy Akmajdyn kalaj Nogajbajga kosylganyn surap kalady Merkasym ozderi aralasyp kuda zhegzhat bop zhүrgen Nogajbajdy maktajdy Zhetisudagy eldi zhel diirmendej ajnaldyryp turgan ata babalarynan Dulattyn aldyngy katarly adamdary Bul Zhetisudagy kala dalaga kyrgyz kazakka kadirli adam Birak oryssha bilmejdi Bolmasa adamnyn kara tildi shesheni Auly Sүlutordi zhajlagan Shirkin Sүlutor dese degendej zher au moldir bulak kok torgyn kurak salkyn sazdy Үlkensaz Kishisaz Қarakiya Қaskazhol Ar zhagynda kyrgyzdar kyz alysyp kyz berisip aralasyp ketken el goj dep otyrganda bir zhigit Nogajbaj men Shobden batyr osy Almatyda zhүr keshe gubernator kenselerinin aldynan kordim Yskakbaj үjine konakka alyp bara zhatkan dedi Merkasym zhigitten Ұlykka nege kelgenin bildin be dep surady Syrttan ukkanym dedi zhigit kyrgyz Sholpankul manap Sibirge ajdalatyn bolypty bastygyn urgan dejdi Sony Shobden Nogajbaj ekeui kesh dep gubernator men zhandaralga kelipti Қadirin salyp kelgen son olar Sholpankuldyn kүnәsin keshipti Osygan bajlanysty Yskakbaj olardy konakka shakyrypty Sarbas akyn kyrgyz Қalmyrza yrshy kastarynda dejdi Rahmet zhigitim kop әngime ajttyn dep bәri duyldasyp kalady Abaj үndemej tyndap otyrady Ertenine Shobden batyr kagazdy alyp aulyna zhүrip ketedi Nogajbaj kaladagy zholdas zhora zhekzhattarymen amandasyp kajtkaly kalady Tanerten Merkasym Nogajbaj men ogan ere kelgen Әselge baryp Abajdyn kelip oz үjinde zhatkanyn ajtady Bastan ayak әngime nobajyn tүsingen Nogajbaj en aldymen bazardan bir tu bie satyp aldyrdy Қunanbajdyn buryn da dabysyn biletin ol Abaj degen akyn da akyldy balasy bar dep esitetin Argynnan Anmajdy algaly tobyktynyn zhagdajyn tolyk bilgen Nogajbaj endi Abajmen didarlasuga bet koyady Merkasym Nogajbajdy Әselimen ertip kelip Abaj otyrgan үjine kirgizedi Үjdegiler zhapyrylyp amandasady Abaj da ornynan turyp Nukanmen zhajyp sәlemdesedi Nogajbaj Abajdan үlken Қunanbajmen katar kisi Esen amandyktan kejin Nogajbaj Abajga burylyp Iya Abaj myrza zhol bolsyn mynau Merkasymnan sizdin osy үjde zhatkanynyzdy estip sәlemdesejin dep keldim Alatau Almatyga kelgen son bizge konaksyz goj kaladan biz de siz de kajtkansha dәm tuz tata tursyn dep sojyska bir tu bie ala kelip em Onan son Abaj shyragym bizdin auyldy korip kajtynyz Mynau otyrgan Әsel bәjbisheden dәm tatyp Akmaj zhengene zholygyp kajtarsyz depti Sonda Abaj Rakmet Nuka ajttynyz Arkadan aua zhajylyp bir asylymyz munda sizben otandasypty sojtip zhesirimiz tenin de zherin de tauypty Ataly zherden shykkan tekti aru edi Nuka Akmaj zhengem tugan zherin osken elin ansap Arkaga baryp kajtamyn dese shauzhajynan kakpanyz dep kүlip koyady Ekeuinin auzyn bagyp otyrgan kopshilik duu kүlip korsetedi Tүrli as tamak kymyz kujylyp saltanatpen Merkasym ekeuine bar ykylas pejil bildiredi Nogajbaj Abajdy Sulutorge shakyrady Sonda Abaj Nuka auylynyz kashyktau eken Akmajdy Almatyga keltirseniz korip kajtajyn dep edi Nogajbajdan buryn Sarbas akyn dereu dombyrasynyn kulagyn burap burap shyrkap zhiberedi Argy atan Өskenbaj men Қunanbajdy Tobykty Yrgyzbajlap urandajdy Қazakta birinshi bop әzhi bargan Өz әken esine alyp bir Қudajdy Mekkede tәnirge arnap үj salgyzgan Tugyzgan kemenger kyp bul Abajdy Nukandy korgen shakta zhesiriniz Ajnalyp akku kazdaj shyga almajdy Shal atyn paluandaj sozi әrli Abajzhan konilin kalaj burandajdy Barmagan shakyrganga zar bolady Қurmetpen bargan konak uyalmajdy dd Otyrgan kopshilik Pәle Sareken tura ajtgy dep kalady Abaj kүlip Sarbaska rahmet barajyn halyk shakyrgan zherden nege kalajyn dejdi Sulutorge bet algan kyryk elu adam Abaj men Nogajbajdy ortaga alyp syrnajlatyp kernejletip sәn saltanatymen keledi Zhajlaudagy kalyn el tanyrkap kәri zhas karap turady Abajdy әueli Әselge tүsiredi Taj sojylyp sary kymyz kujylyp Әsel de Abajdy asa zor yltipatpen kurmettejdi Әsel aru da Abajdyn kermiyk kelbetine kiim kiisine zhүris turysyna sojlesine karap ony Zhetisu adamdarymen ishtej salystyrady Abaj da Әseldin bolekshe әjel ekenin bajkap tanyp Nogajbajga Қudajdyn lajyktap koskanyna sүjsinedi Kelesi kүni Abajdy Argyn apajga tүsirdi Auyly bolek odan da tүrli kyrgyz kazaktyn әdet gurpyn tamashasyn kordi Zhesirinin balasy Iliyastyn betinen sүjedi Қyzdaryn aldyna otyrgyzyp erkeletedi Қyskasy Abajdy Nukannyn balalary agajyn inileri kezek kezek talasyp konak etedi Sulutordin kok zhajlauynda Abaj bir eki zheti zhүrip as tojlardy korip eldin saltymen tanysady Noka zheriniz de eliniz de tamasha Bajlyk ta batyrlyk ta ta halyk arasynda zhok emes birak zhastar okusyz eken Bajlyk kozi oku bilimde olaj bolsa balalardy okytu kunarly zherge eldi konystandyru kerek Sizderde үlgi alarlyk kop Almaty men Bishkek arasynda otyrsyzdar Tүbinde bayandy enbek salgan zhasynan oku okyp bilim algan Bi bolgan bolys bolgan oner emes Enbektin budan ozge bәri zhalgan dep olendete sojlegende Nogajbaj basyn izep makuldapty Abaj Nukannan kajtuga surady Argyn apaj ozi de Almatyga shejin shygaryp salmak bolady Nogajbaj ozi de kalaga zhүrmek bolady Әsel bәjbishe ishik zhapty eki zholdasyna da at shapan berdi Erkebaj aulyna dejin Қaskaraudyn zhaksymyn dep zhүrgen adamdary Abajdy kurmettep shygaryp saldy Zhulkynyp turgan үsh kara argymak kara zholdy burkyratyp Nogajbaj men Abajdy argyn apajdy Merkasymdy Әjelimen Almatyga karaj konyraulatyp ala zhoneledi Қyrgyz kazaktardyn Abajdy korgenderi shirkin aj tuys osy eken desip tandaj kagyp kala beredi Osy kezdesudin ishinde bolgan Nogajbajdyn dosy toksandagy Bugybaj zhәne ustaz agalarym Erkebaj Bazaruly Sarybas Majkotuly Sәrsebaj Bilibajuly Shozhike Ospanuly Token Bajguttyuly Sәlim Tүlkibajuly tagy birkatary osylaj etushi edi Abaj kalaga kelgen son үsh kүnnen kejin Shyngyska kajtty Razy bolgandaj Nogajbaj syjyna konli tolgandaj tүri bar Tagy da sәlem saukattar berip Argyn apaj da Merkasym da onyn әjeli de zhik zhalar bolyp zhatyr Қaladagy argyndar kelip Қunanbajga de dep amanat ajtty Abaj attanarynda Nogajbajdyn kolyn alyp turyp Alatau askar bel eken Үjsin atty el eken ken eken Alma zhemis kop eken Sulutor kutty zher eken Қojny toly ken eken Қonyr zheli Қordajdyn dertke eken Elden eldin kemi zhok Қaskaraudyn kolemi Tobyktydaj ken eken Erden erdin kemi zhok Nogajbaj da er eken bakytty bopsyz Akmajym Kelgen zherin eken Artyk depte keter em El namysy der eken Қosh bolgyn er Noka Kire bersin bereken dd dep takpaktaj zhonelipti Sonda Nogajbaj da Rakmet Abajzhan El bagyna tugan er ekensin akylyn dariya kol ekensin Әri inim әri balam katarsyz Kopke birdej kүn bolyp tugan ul ekensin Bir auylga bolysatyn kisi emes bүkil el kamyn ojlajtyn dana korinesin Oryssha da musylmansha da bilimin zor eken men de Zhetisudagy elge atym bar azdy kopti hatym bar adammyn Birak armanym bar Ol patshamen orys tilinde erkin sojlese almajtynym Abajzhan soge zhamandama Nogajbajdan sәlem de әken Қunanbajga arkadagy elge dedi Өskenbajga as berip at shabamyn dep үsh zhүzge sauyn ajtkanda menin agam Madiyar degen on zholdasymen bul Zhetisudan ozgan Tortobel zhүjrikti alyp barady Sonda әken Қunanbaj bir sayatkerin zhiberip Alataudan kelgen atty synap kel depti Ol synshy Tortobeldi korip Үjsinnin aty bir kүn tynyksa aldymen keledi depti Sonda Қunanbaj uagdaly kүnge karatpaj bir eki kүn buryn atty alyska ajdatyp bәjgeni әdiletsizdikpen ozi alady Alystan sozylyp bargan Tortobel at ekinshi bolyp kalady Onymen turmaj Үjsinder atyn ozbady Alatauga ne dep barasyndar dep әzhualapty Sonda Madiyar Zharygy birdej tүser kүn men ajdyn Әbilez kyzyn algan Zhamantajdyn Balasy shakyryp ap zorlyk kyldy Kozi sokyr dep kajtam Қunanbajdyn Үsh zhүzge әdil bolgan әz Tole bi Otegen tukymy edim Maldybajdyn Tortobeldin bәjgesi erdin kuny Akymyzdy zhegizbes bir kudajym dd depti Madiyardyn sozine Қunanbaj yza bolganmen Alshynbaj Қarataj degen kisiler Қoj Қunanbaj myrza dep Madiyarlardy Өskenbajdyn үjine tүsiripti Қundyz ishik taj tuyak kop maldy Қunanbaj bermej kalypty Sol Madiyar ajtkandaj Abaj shyragym At kunyna nar pulyna degen Akmaj keldi akymyz tүgeldendi dep Nukan әzildep kalzhyn ajtypty Abaj da uәzhdi zhauap kajtaryp ekeui ajkara kushaktasyp kosh ajtysypty Bүkil el bolyp Abajmen kajyr kosh desip zholga shygaryp salypty DerekkozderBaspa bas direktory Әshirbek Kopish Bәjdibek baba Alyp bәjterek urpaktarynyn shezhiresi Zhanys Almaty Izdatelstvo Өner 2004 992 b ISBN 9965 595 78 H Қazak Enciklopediyasy Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz