Камералық музыка (лат. camera – бөлме) – музыканың бір жанры; шағын орындаушылар тобына (трио, квартет, квинтет, т.б. ансамбльдерге) арналып жазылған аспаптық немесе вокальдік шығарма.
Оның концерттік, симф. және театр музыкасынан өзіндік айырмашылығы бар. Алғашқыда камералық музыка санаулы тыңдаушыларға ғана (“бөлмелік”, яғни үйде орындалатын музыка ретінде) жазылды. Камералық музыка, көбінесе, адамның көңіл күйі мен лирикалық жан сезімін паш етеді. Музыкалық үнін әшекейлей түсетін көркемдік тәсілдерді ұтымды түрде пайдалану – камералық музыканың негізгі бір ерекшелігі. “камералық музыка” атауы орта ғасырларда пайда болған. Бұл атау 16-шы ғасырдың аяғына дейін тек вокальдік жанрға тән болса, 17-ші ғасырдан аспаптық музыкаға да қолданыла бастады. 16–18-ші ғасырларда шіркеулік музыкадан ажырату үшін камералық музыка термині сарай музыкасына (камералық сонатаны шіркеулік сонатадан ажырату үшін) қолданылды. Камералық ансамбльдердің соната, трио, квартет, квинтет сияқты қазіргі түрлері Й. Гайдн, В.А. Моцарт, Л.В. Бетховен сынды Вена классикикалық мектебі өкілдерінің шығармашылығы арқылы қалыптасты. 18–20-шы ғасырлардағы музыка өнерінің барлық бағыттары камералық музыкадан көрініс тапты. Оған романтиктер де (Ф.Шуберт, Ф.Мендельсон, Р.Шуман), сондай-ақ, кейінгі композиторлар (И.Брамс, А.Дворжак, т.б.) ден қойды. 18-ші ғасырдың аяқ кезіндегі, әсіресе, 19-шы ғасырдағы музыка өнерінен вокальдік камералық музыка елеулі орын алды. Осы кезде аспаптық миниатюра да дамыды. 19-шы ғасырда камералық музыка әуесқойларының ұйымдары құрылып, көпшілікке арналған концерттер ұйымдастырылып отырды. Ресейде ән мен романс жанры (М.И. Глинка, А.С. Даргомыжский, П.И.Чайковский, А.П. Бородин, М.П. Мусоргский, Н.А. Римский-Корсаков, С.В. Рахманинов) кең өріс алды. Орыс композиторларының камералық ансамбль саласындағы үздік дәстүрлерін К.Я. Мясниковский, С.С. Прокофьев, Д.Д. Шостакович сынды композиторлар ілгері дамытты. Қазақстанда кәсіби камералық музыканың қалыптасуына композиторлар М.Төлебаев (“Бесік жыры”, 1942), Е.Г. Брусиловский (“Қазақ тақырыбына жазылған ішекті аспаптар квартеті”, 1946), Б.Г. Ерзакович (“Қшекті аспаптар квартетіне жазған 5 бөлімді сюита”, 1950), т.б. игі еңбек етті. 1965-ші жылы Қазақ телевизиясы мен радиосының камералық оркестрі ұйымдастырылды (көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген арт. М.Б.Серкебай). Осымен байланысты камералық музыканың көптеген жанрлары мен формалары пайда болып, ол Қазақстан композиторлары шығармашылығының негізгі бір саласына айналды. Бұл салада Брусиловский (трио, квартет, камералық-вокальдік шығармалар, фортепьяно мен скрипкаға арналған шығармалар, т.б.), А.К. Жұбан (камералық-вокалдік шығармалар, аспаптық пьесалар), Л.А.Хамид (камералық-вокальдік шығармалар, аспаптық пьесалар, труба мен камералық оркестрге арналған скерцо), М.Төлебай (камералық-вокалдік шығармалар, аспаптық ансамбльдерге арналған шығармалар), С.Мұхамеджанов (камералық-вокалдік шығармалар, жеке аспаптар мен камералық оркестрге арналған шығармалар), Қ.Қожамияров (камералық-вокальдік шығармалар, аспаптық ансамбльдерге арналған шығармалар, камералық оркестрге арналған 2-симфония, “Менің далам” атты поэмасы), Е.Рахмадиев (камералық-вокальдік шығармалар, скрипка мен камералық оркестрге жазған “Күз” поэмасы, т.б.), Ғ.A. Жұбан (камералық-вокальдік шығармалар, аспаптық ансамбльдерге арналған шығармалар, скрипка мен камералық ансамбльге арналған пьеса, т.б.), К.Күмісбек, М.Сағат, К.Дүйсекей, Т.Ш. Қажығалиев, Б.Қыдырбекова, А.Е. Серкебай, Ж. Тұрсынбай, т.б. композиторлар елеулі еңбек етті.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kameralyk muzyka lat camera bolme muzykanyn bir zhanry shagyn oryndaushylar tobyna trio kvartet kvintet t b ansamblderge arnalyp zhazylgan aspaptyk nemese vokaldik shygarma Onyn koncerttik simf zhәne teatr muzykasynan ozindik ajyrmashylygy bar Algashkyda kameralyk muzyka sanauly tyndaushylarga gana bolmelik yagni үjde oryndalatyn muzyka retinde zhazyldy Kameralyk muzyka kobinese adamnyn konil kүji men lirikalyk zhan sezimin pash etedi Muzykalyk үnin әshekejlej tүsetin korkemdik tәsilderdi utymdy tүrde pajdalanu kameralyk muzykanyn negizgi bir ereksheligi kameralyk muzyka atauy orta gasyrlarda pajda bolgan Bul atau 16 shy gasyrdyn ayagyna dejin tek vokaldik zhanrga tәn bolsa 17 shi gasyrdan aspaptyk muzykaga da koldanyla bastady 16 18 shi gasyrlarda shirkeulik muzykadan azhyratu үshin kameralyk muzyka termini saraj muzykasyna kameralyk sonatany shirkeulik sonatadan azhyratu үshin koldanyldy Kameralyk ansamblderdin sonata trio kvartet kvintet siyakty kazirgi tүrleri J Gajdn V A Mocart L V Bethoven syndy Vena klassikikalyk mektebi okilderinin shygarmashylygy arkyly kalyptasty 18 20 shy gasyrlardagy muzyka onerinin barlyk bagyttary kameralyk muzykadan korinis tapty Ogan romantikter de F Shubert F Mendelson R Shuman sondaj ak kejingi kompozitorlar I Brams A Dvorzhak t b den kojdy 18 shi gasyrdyn ayak kezindegi әsirese 19 shy gasyrdagy muzyka onerinen vokaldik kameralyk muzyka eleuli oryn aldy Osy kezde aspaptyk miniatyura da damydy 19 shy gasyrda kameralyk muzyka әueskojlarynyn ujymdary kurylyp kopshilikke arnalgan koncertter ujymdastyrylyp otyrdy Resejde әn men romans zhanry M I Glinka A S Dargomyzhskij P I Chajkovskij A P Borodin M P Musorgskij N A Rimskij Korsakov S V Rahmaninov ken oris aldy Orys kompozitorlarynyn kameralyk ansambl salasyndagy үzdik dәstүrlerin K Ya Myasnikovskij S S Prokofev D D Shostakovich syndy kompozitorlar ilgeri damytty Қazakstanda kәsibi kameralyk muzykanyn kalyptasuyna kompozitorlar M Tolebaev Besik zhyry 1942 E G Brusilovskij Қazak takyrybyna zhazylgan ishekti aspaptar kvarteti 1946 B G Erzakovich Қshekti aspaptar kvartetine zhazgan 5 bolimdi syuita 1950 t b igi enbek etti 1965 shi zhyly Қazak televiziyasy men radiosynyn kameralyk orkestri ujymdastyryldy korkemdik zhetekshisi әri dirizheri Қazakstannyn enbek sinirgen art M B Serkebaj Osymen bajlanysty kameralyk muzykanyn koptegen zhanrlary men formalary pajda bolyp ol Қazakstan kompozitorlary shygarmashylygynyn negizgi bir salasyna ajnaldy Bul salada Brusilovskij trio kvartet kameralyk vokaldik shygarmalar fortepyano men skripkaga arnalgan shygarmalar t b A K Zhuban kameralyk vokaldik shygarmalar aspaptyk pesalar L A Hamid kameralyk vokaldik shygarmalar aspaptyk pesalar truba men kameralyk orkestrge arnalgan skerco M Tolebaj kameralyk vokaldik shygarmalar aspaptyk ansamblderge arnalgan shygarmalar S Muhamedzhanov kameralyk vokaldik shygarmalar zheke aspaptar men kameralyk orkestrge arnalgan shygarmalar Қ Қozhamiyarov kameralyk vokaldik shygarmalar aspaptyk ansamblderge arnalgan shygarmalar kameralyk orkestrge arnalgan 2 simfoniya Menin dalam atty poemasy E Rahmadiev kameralyk vokaldik shygarmalar skripka men kameralyk orkestrge zhazgan Kүz poemasy t b Ғ A Zhuban kameralyk vokaldik shygarmalar aspaptyk ansamblderge arnalgan shygarmalar skripka men kameralyk ansamblge arnalgan pesa t b K Kүmisbek M Sagat K Dүjsekej T Sh Қazhygaliev B Қydyrbekova A E Serkebaj Zh Tursynbaj t b kompozitorlar eleuli enbek etti Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tomBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz