Ингаляция (лат. іnhalatіo – дем арқылы жұту, дем тарту) – емдік мақсатта биологиялық активті заттарды не дәрі-дәрмектерді дем арқылы организмге енгізу әдісі.
Ингаляцияның табиғи (ионға және озонға толы тау ауасын, тұзды және ылғалды теңіз ауасын, қылқан жапырақты ормандағы бальзамды және озонды ауаны, т.б. дем арқылы ішке тарту) және жасанды (арнаулы ингаляторлардың көмегімен) түрлері бар (мысалы, аэрозольингаляция, аэроионоингаляция, электраэрозольингаляция, т.б.). Будың екпінімен немесе сығылған ауамен дәрілік заттар ингалятор арқылы ауру адамның тыныс алу жолдарына түседі. Майда бөлшектенген дәрілік заттар тыныс алу жолының сілекейлі (шырышты) қабықшасымен тікелей жанасып, тез қанға сіңеді де, аурудан тезірек айығуға себін тигізеді. Арнайы ингаляциялық ерітінділер мен қоспалар тыныс жолдарынан сілекей (шырыш) мен қақырықты түсіруді жеңілдетеді. Ингаляция емі ринит, гайморит, бронхит, созылмалы өкпе қабынуы, т.б. ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қолданылады. Мұрыннан қан кеткенде, қан түкіргенде, жүрек-қан тамырларының не тыныс алудың тапшылығы сипат алған өкпе және жүрек аурулары кезінде, гипертония ауруларында, т.б. ингаляцияны жасауға болмайды. Жеке пайдалану үшін құрылымы әр түрлі, қалтаға салып жүретін ықшам ингаляторлар шығарылды. Мысалы, “астмопент”, “ингалипт”, “ингакамф”, т.б. ингаляторлар даяр дәрі қоспасымен (камфора, ментол, эвкалипт майы) толтырылған. Ал кейбір түрінде, мысалы, махольда ингаляторында бүріккіш бар, оған пайдаланар алдында қажетті дәрі қоспасын толтырады. Ингаляцияның ұзақтығы 1 – 3 мин, қолдану жиілігі күніне 3 – 5 рет.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ingalyaciya lat inhalatio dem arkyly zhutu dem tartu emdik maksatta biologiyalyk aktivti zattardy ne dәri dәrmekterdi dem arkyly organizmge engizu әdisi Ingalyaciyanyn tabigi ionga zhәne ozonga toly tau auasyn tuzdy zhәne ylgaldy teniz auasyn kylkan zhapyrakty ormandagy balzamdy zhәne ozondy auany t b dem arkyly ishke tartu zhәne zhasandy arnauly ingalyatorlardyn komegimen tүrleri bar mysaly aerozolingalyaciya aeroionoingalyaciya elektraerozolingalyaciya t b Budyn ekpinimen nemese sygylgan auamen dәrilik zattar ingalyator arkyly auru adamnyn tynys alu zholdaryna tүsedi Majda bolshektengen dәrilik zattar tynys alu zholynyn silekejli shyryshty kabykshasymen tikelej zhanasyp tez kanga sinedi de aurudan tezirek ajyguga sebin tigizedi Arnajy ingalyaciyalyk eritindiler men kospalar tynys zholdarynan silekej shyrysh men kakyrykty tүsirudi zhenildetedi Ingalyaciya emi rinit gajmorit bronhit sozylmaly okpe kabynuy t b aurulardy emdeu zhәne olardyn aldyn alu үshin dәrigerdin usynysy bojynsha gana koldanylady Murynnan kan ketkende kan tүkirgende zhүrek kan tamyrlarynyn ne tynys aludyn tapshylygy sipat algan okpe zhәne zhүrek aurulary kezinde gipertoniya aurularynda t b ingalyaciyany zhasauga bolmajdy Zheke pajdalanu үshin kurylymy әr tүrli kaltaga salyp zhүretin yksham ingalyatorlar shygaryldy Mysaly astmopent ingalipt ingakamf t b ingalyatorlar dayar dәri kospasymen kamfora mentol evkalipt majy toltyrylgan Al kejbir tүrinde mysaly maholda ingalyatorynda bүrikkish bar ogan pajdalanar aldynda kazhetti dәri kospasyn toltyrady Ingalyaciyanyn uzaktygy 1 3 min koldanu zhiiligi kүnine 3 5 ret Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tom Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9