Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:
- жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;
- түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;
- жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі
Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда:
- қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;
- еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;
- қызметкерлерді кәсібі (мамандығы) және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар) бойынша бөлетін кәсіптік-біліктілік еңбек бөлінісі.
Тарихы
Саяси экономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит «Халықтар байлығы» (1776 ж.) атты еңбегінде, тұрмыстық жағдайдың еңбектің бөлінісімен байланысты болатынына көз жеткізіп, мынадай ой айтады: егер әр адам өздерінің жұмыс орындарында әртүрлі еңбек операцияларын орындауға толық маманданса, онда еңбек өнімділігі көтеріліп, оның бөлінісі тиімді түрде жүзеге асады, ал еңбектің бөлінісі дұрыс болуы үшін барлық өндіріс факторлары мен дайын өнім өзара байланыста болуы шарт.
Осы логиканы ұстанатын болсақ, онда еңбек бөлінісінің «тереңдеуі» алға қойылған өндірістік мақсатқа, оған жеткізу үшін қолданылатын материалдық құрал-жабдықтарға байланысты. Басқаша айтқанда, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы пайдалы еңбектің бөлінісіне тікелей байланысты.
Бір топ (, Адам Смит, , Джон Мейнард Кейнс, ) ғалымдар еңбектің өндіргіш күшінің дамуының, жетістігінің және ептілік пен зеректілігінің белгілі бір бағытта болуының өзі оның бөлінісінің нәтижесінде көрінеді деген түйін жасайды.
«Неміс идеологиясы» атты еңбегінде К.Маркс және Ф.Энгельс осы байланысқа анықтама бере отырып, ұлттың өндіргіш күштерінің даму деңгейінің көрнектілігін ондағы еңбектің бөлінісі дәрежесінен білуге болады деп көрсетеді. Осы тұжырымға қоса олар еңбек бөлінісі үрдісінің қоғамдық, салалық және аумақтық астарларын да ғылыми тұрғыдан зерделеген болатын. Сонымен қатар, кез келген қоғамдық-экономикалық жүйенің тауарлы шаруашылық жағдайында қоғамдық еңбек жиынтығы жекелеген іс-әрекет және оның қосалқы түрлеріне, сфераларға бөлінетіні туралы да алғашқы дәлелдемелерді ғылыми еңбектерінде келтірген.
К. Маркстың пікірінше, еңбектің аумақтық бөлінісі аудандардың нақты өндіріс салаларына мамандануы болса, аймақтанушы Н.Н. Баранскийдің ұстанымында ол жалпы, жеке және бірыңғай еңбек бөлінісі түрлерінің кеңістіктегі өзарабайланысы. Ал, профессор И.С.Судеревский еңбектің аумақтық бөлінісі оның тек жалпы және жеке даму үрдісін көрсететін аумақтық астары десе, П.М.Алампиев, В.Е.Комаров, В.М.Москвич және басқалар оны тек жеке еңбек бөлінісінің бір түрі деп ұйғарым жасаған.
Осылайша, еңбек бөлінісінің күрделілігі әртүрлі жағдайлармен түсіндіріледі және олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- адам еңбегінің көптүрлілігі, оның сұранысының жан-жақтылығы және оларды бір технологиялық процесс базасында қанағаттандырудың мүмкін еместігі;
- адам еңбегінің өндірімділігін арттыратын ғылым мен техниканың жоғары деңгейде дамып, шаруашылық субъектілерінің әртүрлі өндіріс өнімін шығаруға мамандануы;
- белгілі бір өнімді шығару үшін бір технологиялық үрдісте көптеген еңбек түрлерінің кооперациялануы.
Қоғамдық өндіріс өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардан тұрады. Өндірістік күштер жұмыс күшінен, өндіріс технологиясынан, өндіріс құралдарынан (өндіріс заты мен құралы) тұрса, өндірістік қатынастар әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық бөліктерден құралады.
Өндірістік қатынастарға кіретін бөліктер еңбектің бөлінісін (қоғамдық, салалық, аймақтық, халықаралық), өндірістің мамандануын (технологиялық, салалық, аймақтық, тораптық және заттық) және өндірістік байланыстардың кооперациясын (қарапайым және күрделі) қалыптастырады.
Соның ішінде еңбектің аумақтық бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің түрлері мен нысандарында ерекше орын алып, оның мәні мен қоғамдық ұдайыөндірістегі рөлі қоғамдық еңбек жиынтығының әралуан түрлерін өзарабайланыста қарастыру арқылы толығырақ ашыла түседі.
Сонымен, еңбектің аумақтық бөлінісі аумақты басқарудың объективті негізі ретінде ондағы шаруашылықтардың мамандануы мен маманданушы аумақтар арасында экономикалық байланыстардың даму дәрежесін білдіреді, яғни бұл үрдіс белгілі бір салаға маманданған ауданды қалыптастырудың басты элементі.
Осыдан келіп пайда болатын «маманданған экономикалық аудан» туралы пікірді аймақтанушы-ғалым Н.Н.Колосовский төрт негізгі топқа бөліп көрсетеді:
- теориялық: экономикалық аудандастырудың қалыптасуының ғылыми негіздері мен заңдылықтары;
- тарихи: экономикалық аудандастырудың даму тарихын ескеріп, ғылыми ойлардың сол мемлекетте дамуы;
- әдістемелік: зерттелетін объектінің ғылыми әдістерін (тәсілдерін) дайындау;
- қолданбалы: экономикалық аудандастыру теориясын тәжірибеде пайдалану.
Сонымен, аудандарда еңбек бөлінісі негізінде экономикалық жүйелердің қалыптасу барысын зерделеудің мақсаты елдің өндіргіш күштерін ұйымдастыруда ең жоғары тиімділікке қол жеткізу болып табылады. Осылайша, еңбектің аумақтық бөлінісі өндірістің жекелеген салаларының белгілі бір аумақтарда болуын және оған тән табиғи, климаттық, экономикалық (географиялық орналасуы, жұмыс күшінің саны мен сапасы, шаруашылықтың қалыптасу тарихы) ерекшеліктерін сипаттайды. Егер осы мәселелерді жергілікті басқару және жергілікті шаруашылықпен байланыстыратын болсақ, онда оның қалыптасу заңдылықтарын еңбектің аумақтық бөлінісімен ұштастыра түсіндіруге тура келеді.
Әрине, еңбектің аумақтық бөлінісін оның салалық бөлінісінен ажырата қарастыру белгілі бір шарттылықты талап етеді. Өйткені еңбек бөлінісінің бұл екі түрі де өзара өте тығыз байланыста өрбитін құбылыс.
Сондықтан жергілікті шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуын зерделегенде аумақтық еңбек бөлінісінің «жетекшілік» рөлін ойда ұстағанмен, оның салалық астарын да есепке алып отыру ләзім. Ол екеуінің кемелдену дәрежесі оның еңбек бөлінісі деңгейімен анықталатындығын әлемдік тәжірибеден айқын көруге болады. Осыдан барып еңбек бөлінісінің аталмыш түрлерінің өзі қандай факторлардан туындайтыны жайлы сөз қозғалуға тиіс.
Факторлары
Бұл факторлардың негізгілері ретінде мыналарды атап көрсету жөн:
- табиғи қазба байлықтар көзінің болуы;
- ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері;
- жергілікті халықтың интеллектуалдық деңгейі.
Осы факторлар жергілікті өндіргіш күштер әлеуетін сипаттап қана қоймай, оған қоса сол аумақтағы шаруашылықтың даму болашағы мен құрылымына да үлкен әсер етеді. Айтылғандарға көрнекілік сипат беретін болсақ, онда оны 1-ші сурет арқылы келтіруге болады.
Қарама-қайшылықтар
Сонымен бірге, еңбек бөлінісінде кездесетін кейбір қарама-қайшылықтар да жоқ емес, олардың бірқатары мыналар:
- аймақтарда табиғат ресурстарының орналасуы мен оның салалық құрылымында;
- халықтың аумақта орналасу ерекшелігі мен жаңа жұмыс орындарының географиялық орналасуында;
- аймақтың салалық мамандануы мен оның аймақтық жүйе ретіндегі кешенді дамуында;
- ұлттық табыстың аумақтық өндірісі мен оның географиялық пайдаланылуында;
- салалардың экономикалық мүдделері мен аймақтардың әлеуметтік сұраныстарында және т.б.
Дамудың басты бағыттары
Осылайша, нарықтық экономикаға көшуге байланысты қоғамдық өндіріс дамуының аумақтық факторларын күшейтпейінше, интенсивті экономикалық өсуге қол жетпейтіні белгілі. Сондықтан еңбектің жоғарыда аталған аумақтық және салалық бөлінісі мынадай басты бағыттарға негізделуі шартты болып табылады:
- салалық өндірісті аумақтың шикізат, энергия және еңбек ресурстарына жақындастыру негізінде өндірістік күштерді орналастыру;
- экономикалық мақсатқа лайық салалық өндіріс сфералары қарым-қатынасы тиімді болуы үшін өндірісті тұтынушыға жақын орналастыру;
- аймақты мамандандыру және олардың алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешудің материалдық негізі ретінде өндірісті және оның жеке салаларын аумақтарға шоғырландыру;
- аймақта (қалада, ауданда, ауылда) шикізатты дайын өнімге дейін жеткізетін өндірісті комбинациялау.
Осыдан келіп, еңбектің аумақтық бөлінісі аймақ өндірісінің басты тетігі ғана емес, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын қуатты фактор болып табылады деп қорытынды жасауға болады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Enbek bolinisi enbek kyzmeti tүrlerinin ara zhigin azhyratu Enbek bolinisi enbekti ujymdastyru zhүjesinde kalyptasady Өndiristin tiimdiligin arttyrudyn turakty koldanystagy faktory bolyp tabylady Negizgi 3 tүrge bolinedi zhalpy kogamdyk ondiris aukymynda kalyptasatyn zhalpy enbek bolinisi tүrli salalar men ondirister arasynda oryn alatyn zheke enbek bolinisi zhekelegen kәsiporyndar men birlestikter kyzmetkerler arasynda oryn alatyn zheke dara enbek bolinisi Sonymen katar aumaktyk halykaralyk enbek bolinisi de bolady Kәsiporyndarda kyzmetkerlerdin ondiristik sharuashylyk kyzmetterge katysuyna oryndalatyn mindetterdin sipatyna ondiristik үderiske katysuyna karaj atkarymdyk enbek bolinisi enbek үderisinin tehnologiyalyk zhagynan bir tekti zhumys tүrleri bojynsha saralanuyna negizdelgen tehnologiyalyk enbek bolinisi kyzmetkerlerdi kәsibi mamandygy zhәne biliktilik dengeji razryadtar sanattar bojynsha boletin kәsiptik biliktilik enbek bolinisi TarihySayasi ekonomiyanyn negizin kalaushylardyn biri Adam Smit Halyktar bajlygy 1776 zh atty enbeginde turmystyk zhagdajdyn enbektin bolinisimen bajlanysty bolatynyna koz zhetkizip mynadaj oj ajtady eger әr adam ozderinin zhumys oryndarynda әrtүrli enbek operaciyalaryn oryndauga tolyk mamandansa onda enbek onimdiligi koterilip onyn bolinisi tiimdi tүrde zhүzege asady al enbektin bolinisi durys boluy үshin barlyk ondiris faktorlary men dajyn onim ozara bajlanysta boluy shart Osy logikany ustanatyn bolsak onda enbek bolinisinin terendeui alga kojylgan ondiristik maksatka ogan zhetkizu үshin koldanylatyn materialdyk kural zhabdyktarga bajlanysty Baskasha ajtkanda kogamnyn ondirgish kүshterinin damuy pajdaly enbektin bolinisine tikelej bajlanysty Bir top Adam Smit Dzhon Mejnard Kejns galymdar enbektin ondirgish kүshinin damuynyn zhetistiginin zhәne eptilik pen zerektiliginin belgili bir bagytta boluynyn ozi onyn bolinisinin nәtizhesinde korinedi degen tүjin zhasajdy Nemis ideologiyasy atty enbeginde K Marks zhәne F Engels osy bajlanyska anyktama bere otyryp ulttyn ondirgish kүshterinin damu dengejinin kornektiligin ondagy enbektin bolinisi dәrezhesinen biluge bolady dep korsetedi Osy tuzhyrymga kosa olar enbek bolinisi үrdisinin kogamdyk salalyk zhәne aumaktyk astarlaryn da gylymi turgydan zerdelegen bolatyn Sonymen katar kez kelgen kogamdyk ekonomikalyk zhүjenin tauarly sharuashylyk zhagdajynda kogamdyk enbek zhiyntygy zhekelegen is әreket zhәne onyn kosalky tүrlerine sferalarga bolinetini turaly da algashky dәleldemelerdi gylymi enbekterinde keltirgen K Markstyn pikirinshe enbektin aumaktyk bolinisi audandardyn nakty ondiris salalaryna mamandanuy bolsa ajmaktanushy N N Baranskijdin ustanymynda ol zhalpy zheke zhәne biryngaj enbek bolinisi tүrlerinin kenistiktegi ozarabajlanysy Al professor I S Suderevskij enbektin aumaktyk bolinisi onyn tek zhalpy zhәne zheke damu үrdisin korsetetin aumaktyk astary dese P M Alampiev V E Komarov V M Moskvich zhәne baskalar ony tek zheke enbek bolinisinin bir tүri dep ujgarym zhasagan Osylajsha enbek bolinisinin kүrdeliligi әrtүrli zhagdajlarmen tүsindiriledi zhәne olardyn kataryna mynalardy zhatkyzuga bolady adam enbeginin koptүrliligi onyn suranysynyn zhan zhaktylygy zhәne olardy bir tehnologiyalyk process bazasynda kanagattandyrudyn mүmkin emestigi adam enbeginin ondirimdiligin arttyratyn gylym men tehnikanyn zhogary dengejde damyp sharuashylyk subektilerinin әrtүrli ondiris onimin shygaruga mamandanuy belgili bir onimdi shygaru үshin bir tehnologiyalyk үrdiste koptegen enbek tүrlerinin kooperaciyalanuy Қogamdyk ondiris ondiristik kүshter men ondiristik katynastardan turady Өndiristik kүshter zhumys kүshinen ondiris tehnologiyasynan ondiris kuraldarynan ondiris zaty men kuraly tursa ondiristik katynastar әleumettik ekonomikalyk ujymdastyrushylyk tehnikalyk bolikterden kuralady Өndiristik katynastarga kiretin bolikter enbektin bolinisin kogamdyk salalyk ajmaktyk halykaralyk ondiristin mamandanuyn tehnologiyalyk salalyk ajmaktyk toraptyk zhәne zattyk zhәne ondiristik bajlanystardyn kooperaciyasyn karapajym zhәne kүrdeli kalyptastyrady Sonyn ishinde enbektin aumaktyk bolinisi kogamdyk enbek bolinisinin tүrleri men nysandarynda erekshe oryn alyp onyn mәni men kogamdyk udajyondiristegi roli kogamdyk enbek zhiyntygynyn әraluan tүrlerin ozarabajlanysta karastyru arkyly tolygyrak ashyla tүsedi Sonymen enbektin aumaktyk bolinisi aumakty baskarudyn obektivti negizi retinde ondagy sharuashylyktardyn mamandanuy men mamandanushy aumaktar arasynda ekonomikalyk bajlanystardyn damu dәrezhesin bildiredi yagni bul үrdis belgili bir salaga mamandangan audandy kalyptastyrudyn basty elementi Osydan kelip pajda bolatyn mamandangan ekonomikalyk audan turaly pikirdi ajmaktanushy galym N N Kolosovskij tort negizgi topka bolip korsetedi teoriyalyk ekonomikalyk audandastyrudyn kalyptasuynyn gylymi negizderi men zandylyktary tarihi ekonomikalyk audandastyrudyn damu tarihyn eskerip gylymi ojlardyn sol memlekette damuy әdistemelik zertteletin obektinin gylymi әdisterin tәsilderin dajyndau koldanbaly ekonomikalyk audandastyru teoriyasyn tәzhiribede pajdalanu Sonymen audandarda enbek bolinisi negizinde ekonomikalyk zhүjelerdin kalyptasu barysyn zerdeleudin maksaty eldin ondirgish kүshterin ujymdastyruda en zhogary tiimdilikke kol zhetkizu bolyp tabylady Osylajsha enbektin aumaktyk bolinisi ondiristin zhekelegen salalarynyn belgili bir aumaktarda boluyn zhәne ogan tәn tabigi klimattyk ekonomikalyk geografiyalyk ornalasuy zhumys kүshinin sany men sapasy sharuashylyktyn kalyptasu tarihy erekshelikterin sipattajdy Eger osy mәselelerdi zhergilikti baskaru zhәne zhergilikti sharuashylykpen bajlanystyratyn bolsak onda onyn kalyptasu zandylyktaryn enbektin aumaktyk bolinisimen ushtastyra tүsindiruge tura keledi Әrine enbektin aumaktyk bolinisin onyn salalyk bolinisinen azhyrata karastyru belgili bir sharttylykty talap etedi Өjtkeni enbek bolinisinin bul eki tүri de ozara ote tygyz bajlanysta orbitin kubylys Sondyktan zhergilikti sharuashylyktyn kalyptasuy men damuyn zerdelegende aumaktyk enbek bolinisinin zhetekshilik rolin ojda ustaganmen onyn salalyk astaryn da esepke alyp otyru lәzim Ol ekeuinin kemeldenu dәrezhesi onyn enbek bolinisi dengejimen anyktalatyndygyn әlemdik tәzhiribeden ajkyn koruge bolady Osydan baryp enbek bolinisinin atalmysh tүrlerinin ozi kandaj faktorlardan tuyndajtyny zhajly soz kozgaluga tiis FaktorlaryBul faktorlardyn negizgileri retinde mynalardy atap korsetu zhon tabigi kazba bajlyktar kozinin boluy auyl sharuashylygyn damytu mүmkindikteri zhergilikti halyktyn intellektualdyk dengeji Osy faktorlar zhergilikti ondirgish kүshter әleuetin sipattap kana kojmaj ogan kosa sol aumaktagy sharuashylyktyn damu bolashagy men kurylymyna da үlken әser etedi Ajtylgandarga kornekilik sipat beretin bolsak onda ony 1 shi suret arkyly keltiruge bolady Қarama kajshylyktarSonymen birge enbek bolinisinde kezdesetin kejbir karama kajshylyktar da zhok emes olardyn birkatary mynalar ajmaktarda tabigat resurstarynyn ornalasuy men onyn salalyk kurylymynda halyktyn aumakta ornalasu ereksheligi men zhana zhumys oryndarynyn geografiyalyk ornalasuynda ajmaktyn salalyk mamandanuy men onyn ajmaktyk zhүje retindegi keshendi damuynda ulttyk tabystyn aumaktyk ondirisi men onyn geografiyalyk pajdalanyluynda salalardyn ekonomikalyk mүddeleri men ajmaktardyn әleumettik suranystarynda zhәne t b Damudyn basty bagyttaryOsylajsha naryktyk ekonomikaga koshuge bajlanysty kogamdyk ondiris damuynyn aumaktyk faktorlaryn kүshejtpejinshe intensivti ekonomikalyk osuge kol zhetpejtini belgili Sondyktan enbektin zhogaryda atalgan aumaktyk zhәne salalyk bolinisi mynadaj basty bagyttarga negizdelui shartty bolyp tabylady salalyk ondiristi aumaktyn shikizat energiya zhәne enbek resurstaryna zhakyndastyru negizinde ondiristik kүshterdi ornalastyru ekonomikalyk maksatka lajyk salalyk ondiris sferalary karym katynasy tiimdi boluy үshin ondiristi tutynushyga zhakyn ornalastyru ajmakty mamandandyru zhәne olardyn aldynda turgan әleumettik mәselelerdi sheshudin materialdyk negizi retinde ondiristi zhәne onyn zheke salalaryn aumaktarga shogyrlandyru ajmakta kalada audanda auylda shikizatty dajyn onimge dejin zhetkizetin ondiristi kombinaciyalau Osydan kelip enbektin aumaktyk bolinisi ajmak ondirisinin basty tetigi gana emes kogamdyk ondiristin tiimdiligin arttyratyn kuatty faktor bolyp tabylady dep korytyndy zhasauga bolady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 X tomBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet