Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орт. Есік қаласының маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан. 1969 — 70 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солт-тен оңт-ке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диам. 30 — 90 м, биікт 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді. Сақ ханзадасы диам. 60 м, биікт. 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұның өзі бүйірдегі қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-аяғымен жерленген (қ. Алтын адам). Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазу қазір “Есік жазба ескерткіші” деген атпен белгілі және мұның әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солт.-батысқа таман орналасқан тағы бір обаның диам. 58 м, биікт. 4,5 м. Қазу барысында обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан тұратыны, сондай-ақ, тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аумағы 5,1х2,3 м, тереңд. 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ тостағаннан тұрады. Ғұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Е. о. сақ кезеңінің әлеум.-экон. деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады.
Дереккөздер
- Акишев К.А., Курган Иссык. Искусство саков Казахстана, М., 1978; Максимова А.Г., Еще один курган Иссыкского могильника.//Археологические памятники Казахстана, А.-А., 1978.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Esik obasy b z b 5 4 g lar sak dәuirinen saktalgan eskertkish Almaty oblysy Enbekshikazak audanynyn ort Esik kalasynyn manynda Esik oz nin zhagalauynda ornalaskan 1969 70 zh Zhetisu arheol ekspediciyasy zhetekshisi K Akyshev mүsheleri B Nurmuhanbetov A G Maksimovalar zerttegen Bul mandagy sak dәuirinen saktalgan obalar birneshe topka bolinedi Munyn ishinde en kornektisi үlken Esik korymy Қorym kuramynda solt ten ont ke sozyla audany 3 km zherdi alyp zhatkan 45 topyrak diam 30 90 m biikt 4 15 m oba bar Arasynan alty үlken oba kazyldy bulardyn katty tonalgan үsheuinen zattaj derek kezdespegen Tortinshisinen үlken tortburyshty kabir ishine basyn batyska karata birge zherlengen eki adamnyn mүrdesi temir tүjreuish koptegen altyn zhapsyrmalar tabyldy Al altynshy oba әlemdik manyzy bar Altyn adamnyn tabyluy sebepti gylym men mәdenietke Esik obasy degen atpen endi Sak hanzadasy diam 60 m biikt 6 m obanyn astyndagy shyrsha borenelerden zhasalgan agash kabirge kojylgan Munyn ozi bүjirdegi kosymsha kabir al negizgi kabir tolygynan tonalyp ketkeni anyktaldy Hanzada 4 myn altyn әshekej tagylgan kiimimen karu zharak ydys ayagymen zherlengen k Altyn adam Kүmis tostaganga tүsirilgen 26 tanbaly zhazu kazir Esik zhazba eskertkishi degen atpen belgili zhәne munyn әlipbilik zhazu ekendigine kүmәn keltirilmejdi Budan solt batyska taman ornalaskan tagy bir obanyn diam 58 m biikt 4 5 m Қazu barysynda obanyn birneshe ret kezektesip kalangan tas zhәne topyrak kabattarynan turatyny sondaj ak tonalgandygy da anyktaldy Үlken kabirdin aumagy 5 1h2 3 m terend 1 8 m Tonau kezinde birshama bүlingen kabir ishinen kishirek zhuka altyn zhapsyrmalar kүmis syrga kysh ydystar zhәne koladan kujylgan guryptyk ydys tabyldy Sirek kezdesetin mundaj ydys Zhetisuda tungysh ret kezdesti ol konus pishindes alasa tugyr men zhajpak tostagannan turady Ғuryptyk zhoralardy otkizu kezinde saktar osyndaj ydyska hosh iis shygaratyn zattardy zhagyp tүtindetip koyatyn bolgan E o sak kezeninin әleum ekon dengejin korsetetin erekshe eskertkishterge zhatady DerekkozderAkishev K A Kurgan Issyk Iskusstvo sakov Kazahstana M 1978 Maksimova A G Eshe odin kurgan Issykskogo mogilnika Arheologicheskie pamyatniki Kazahstana A A 1978 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz