Джон Дэвисон Рокфеллер (ағылш. John Davison Rockefeller; 8 шілде 1839 жыл – 23 мамыр 1937 жыл) — америкалық магнат-кәсіпкер әрі филантроп. АҚШ мұнай индустриясында үстемдік құрған әрі ең алғашқы ірі тресттердің бірі Standard Oil компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Компания шарықтау шегіне келген кезде бүкіл өндірістің 90% бақылап отырған.
Джон Дэвисон Рокфеллер | |
ағылш. John Davison Rockefeller | |
Джон Рокфеллер 1885 жылда | |
Туған кездегі есімі | John Davison Rockefeller |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Компаниясы | |
Лауазымы | Standard Oil компаниясының басшысы |
Білімі | Жоқ |
Діні | Христиандық (Баптист) |
Жұбайы | Лаура Спелман |
Ол мұнай индустриясына революциялық өзгерістер енгізді, сонымен қатар Эндрю Карнеги сынды алдыңғы қатарлы өндірісшілермен бірге қазіргі заманғы филонтропия жүйесін құрды. 1870 жылы өзі негізін салған Standard Oil компаниясында 1897 жылы зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарды.
Рокфеллер бұл компанияны бауыры Уильям, сонымен қоса Генри Флаглер, Джабез А. Бостуик, химик Сэмьюэл Эндрюс және дауыс бере алмайтын Стефан Харкенстермен бірге Огайо штатында серіктестік ретінде құрды. Керосин мен бензиннің бағалығы артқан сайын оның да байлығы көбейе түсіп, әлемдегі ең бай адам және алғашқы «долларлық» миллиардер атанады.
Ол қайтыс болған 1937 жылғы оның байлығы $336 млрд (инфляцияны қосқандағы 2007-жылғы эквивалент) немесе АҚШ ІЖӨ-нің 1,54% құрады. Тарихтағы ең бай адам тізімінде 1-орын тиесілі. Қазіргі бірінші бай адам есептелетін Билл Гейтстің дәулеті $81 млрд қана. Оның әулеті Родшильдтер әулетімен бірге Жаңа әлем тәртібі ағылш. New World Order мемлекеттен жоғары әлемдік билікті басқарады. Олар дәулетін жасырып көрсеткендіктен миллирдерлер емес, шындығында триллионерлер деседі.
Өмірінің соңғы 40 жылын Кикуиттегі (Уэстчестер графтығы, Нью-Йорк) иелігінде зейнетте өткізді. Оның байлығы негізінен жүйелі әрі бағытталған филонтропияға жұмсалды: медицина, білім беру және ғылыми зерттеулерді (соның ішінде амарилезз және анкилистомозға қарсы) қолдайтын қорлар ашты.
Сонымен қатар, Чикаго және Рокфеллер университеттерінің негізін қалап, Орталық Филиппин Университетінің құрылысын қаржыландырды. Салауатты өмір салтын ұстанып, темекі және алкогольге толықтай қарсы болған. Солтүстік Баптисттерінің қатарында болғандықтан бұл шіркеулерге қаржылай қолдау көрсеткен. Баптисттік Миссияның Эри-Стрит Шіркеуінде жексенбілік мектепте сабақ берген, оның сенімді әрі діни тұлғасы, тіпті кейде аула сыпырушысына дейін болған. Дін оның өмірінде үлкен рөл атқарды және Рокфеллер дінді өз жетістіктерінің негізі деп білді. Ол социал-дарвинизмге негізделген капитализмді қолдады және "Ірі бизнестің дамуы-жай ғана, күштілердің тірі қалуы" деген сөздерді үнемі айтатын болған.
Өмірбаяны
Алаяқ Уильям Эйвери "Билл" Рокфеллер (13 қараша 1810 – 11 мамыр 1906) және Элайза Дэвисонның (12 қыркүйек 1813 – 28 наурыз 1889) отбасындағы екінші сәби және бірінші ұл. Одан бөлек Люси (1838–1878), Кіші Уильям (1841–1922), Мария (1843–1925), егіздер-Франклин (Фрэнк) (1845-1917) және Фрэнсис (1845-1847) сынды бауырлары болған. Әкесі жағынан ағылшын және неміс, анасы жағынан шотланд және ирланд қаны тарайды. Билл ең алдымен ағаш кесуші, сосын шағын алып-сатарлықпен айналысқан. Алайда өзін "ботаникалық дәрігермін" деп атап эликсирлер сатқан. Жергілікті халық мінезі бір түрлі, бірақ көңілді жүретін оны "Үлкен Билл" не "Шайтан Билл" деп атаған. Көпшілік оны қоғамдық моральға көнбейтін, қаңғыбастық өмір кешетін, үйіне сирек қонатын адам ретінде білген. Бүкіл өмірінде көлеңкелі істермен атағы шыққан. Джонның туылуынан 1 жыл бұрын өз үйіндегі экономкасы/көңілдесі Нэнси Брауннан Клоринда есімді (1838-?, жастай өлген) және 1 жылдан кейін Корнелия (ш. 1840-?) есімді қыздары болады.
Үй шаруашылығын мойнына алған иманды баптист Элайза күйеуі ұзақ уақытқа жоғалып кеткен кездерде үйдің тұрақтылығын сақтауға тырысып оның екінші әйелі мен сансыз "жүрістеріне" де көнеді. Тумысынан үнемшіл Элайза ұлына "Әдейі жасалған шығын қажеттілік болып оралады" деп айтатын болған. Жас Рокфеллер өз ақшасын күнделікті үй шаруаларын жасаумен, сондай-ақ күркетауық бағып, картоп және кәмпит сатып, ең соңында көршісіне азғантай ақшаны несиеге беру арқылы табады. Ол әкесінің "ыдысы бос адамға тамақ сат" деген кеңесіне еріп, үнемі келісімді өз пайдасына шешіп отырды. Бірде Билл "Мен кез келген сәтті пайдаланып балаларымды алдауға тырысамын. Себебі олардың есепшіл болғанын қалаймын." деп мақтаныпты.
Оның кішкентай кезінде, отбасы Моравияға (Нью-Йорк), ал 1851-жылы Овегоға көшеді. Сол жерде Рокфеллер Овего Академиясында оқиды. 1853-жылы оның отбасы Кливлендтің жанындағы Стронгсвильге көшіп келгеннен кейін Кливленд Орталық Орта Мектебінде оқиды. Артынан Фолсом Коммерциялық Колледжінің 10 апталық бизнес-курсында есепшілік негіздерін үйренеді.
Әкесінің алыстығына және жиі көшулерге қарамастан жас Джон өзін сабырлы, тәрбиелі ұстады, сабаққа құлшынысы мол болды. Замандастары оны тұйық, айтқанынан қайтпайтын, иманды, істерін жүйелі атқаратын, ақылды жігіт ретінде сипаттайды. Ол өте жақсы пікірталасшы болды және өз ойын тіке айтатын. Сондай-ақ ол музыканы қатты сүйді және болашақта музыкант болу мүмкіндігін де қарастырды. Ертерек ол аналитикалық қасиеттері мен бухгалтерлік есепке жүйріктігін анық көрсетті.
Standard Oil құрылуына дейінгі мансабы
Есепші ретінде
1855 жылы Қыркүйек айында 16 жасар Рокфеллер өзінің ең алғашқы жұмысын кішкентай Hewitt & Tuttle фирмасында есепшінің көмекшісі ретінде бастады. Ол күніне ұзақ уақыт жұмыс істеп, және кейін өзі еске алғандай, "кеңседегі барлық әдістер мен жүйелерді" үйреніп алғанына қатты қуанады. Әсіресе кейінгі мансабына көп көмегін тигізген транспорттық шығындардың есебін жетік меңгерді. Алғашқы 3 ай жұмысынан $50 (күніне 50 центтен) табады. Жас кезінде Рокфеллердің ең ірі амбициялары $100,000 тауып 100 жасқа дейін жету болыпты.
Кәсіби серіктестік
1859-жылы серіктесі Морис Б. Кларк екеуі $4000 капиталмен өндіріс делдалдығын бастады. Осы кезден бастап Рокфеллер мансабы жыл сайын жоғарылай береді. Азық-түлік тауарларының көтерме саудасынан кейін 1863-жылы серіктестер Кливлендтің дамып келе жатқан "The Flats" өндірістік аймағында мұнай өндеу зауытын (МӨЗ) салады. Зауытты Рокфеллер, Кларк және оның 2 бауыры, химик Эндрюстен тұратын Andrews, Clark & Company тікелей иеленді. Коммерциялық мұнай өндірісі енді ғана пайда болған кез еді. Кит майы қарапайым халық үшін тым қымбат болды, сондықтан жалпы қажеттіліктерге арналған арзан жағармай қажет етілді.
Інісі Фрэнк Азамат Соғысында жүргенде, Рокфеллер кәсібін жалғастырып, ауысқан сарбаздарды жұмысқа алды. Соғысқа бармаған Солтүстік байлары секілді ол да Одаққа ақша берді. Құлдықты жою қозғалысының мүшесі болғандықтан Авраам Линкольнге дауыс берді және сол кезде жаңа құрылған Республикалық Партияны қолдады. Ол "ақшаны маған Құдайдың өзі берді" дейді, және Джон Уэслидің "Қолыңнан келгенше жина, қолыңнан келгенше сақта және қолыңнан келгенше бер" деген сөздерін негізге алып ақшаға келгенде өзін жеңіл сезінді.
1865-жылдың Ақпанында, кейін мұнай өндірісі тарихшысы Дэниель Ерген "түбегейлі өзгеріс әкелген іс" атаған, Рокфеллердің аукционда $72,500 төлеп ағайынды Кларктердің үлесін сатып алуы өтті. Компания атауы Rockefeller & Andrews болып өзгертілді. Өзі "Бұл менің болашақ мансабымды анықтаған күн еді" деп мойындайды. Ол соғыстан кейінгі экономикалық өсімді, теміржол және мұнай арқылы жүргізілген батысқа бағытталған ұлы дамуды жақсы пайдалана білді. Ол табыстың көп бөлігін реинвестициялауға жұмсады, тез өзгергіш нарыққа жақсы бейімделді және жақсы дамып келе жатқан өндірістерге бақылаушылар қойды.
Мұнай кәсіпкерлігін бастау
1866-жылы інісі Кіші Уильям Рокфеллер Кливлендте басқа бір МӨЗ-ын ашып, Джонды серіктестікке қосты. 1867-жылы серіктестікке Генри М. Флаглер кірген соң Rockefeller, Andrews & Flagler фирмасы құрылды. 1868-жылға қарай Рокфеллердің табысты реинвестициялауы, шығындарды бақылап, зауыт қалдықтарын іске жаратуы арқылы фирма Кливлендтегі 2 МӨЗ-ын және Нью-Йорктегі маркетингтік филиалды иеленді; бұл әлемдегі ең ірі МӨЗ-ы болды. Rockefeller, Andrews & Flagler фирмасы Standard Oil компаниясының құрылуының іргетасын қалады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- [1] Мұрағатталған 4 шілденің 2020 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dzhon Devison Rokfeller agylsh John Davison Rockefeller 8 shilde 1839 zhyl 23 mamyr 1937 zhyl amerikalyk magnat kәsipker әri filantrop AҚSh munaj industriyasynda үstemdik kurgan әri en algashky iri trestterdin biri Standard Oil kompaniyasynyn negizin kalaushylardyn biri Kompaniya sharyktau shegine kelgen kezde bүkil ondiristin 90 bakylap otyrgan Dzhon Devison Rokfelleragylsh John Davison RockefellerDzhon Rokfeller 1885 zhyldaTugan kezdegi esimiJohn Davison RockefellerTugan kүni8 shilde 1839 1839 07 08 Tugan zheriRichford Nyu Jork AҚShҚajtys bolgan kүni23 mamyr 1937 1937 05 23 97 zhas Қajtys bolgan zheriOrmond Bich Florida AҚShAzamattygy AҚShKompaniyasyStandard OilLauazymyStandard Oil kompaniyasynyn basshysyBilimiZhokDiniHristiandyk Baptist ZhubajyLaura Spelman Ol munaj industriyasyna revolyuciyalyk ozgerister engizdi sonymen katar Endryu Karnegi syndy aldyngy katarly ondirisshilermen birge kazirgi zamangy filontropiya zhүjesin kurdy 1870 zhyly ozi negizin salgan Standard Oil kompaniyasynda 1897 zhyly zejnetke shykkanga dejin kyzmet atkardy Rokfeller bul kompaniyany bauyry Uilyam sonymen kosa Genri Flagler Dzhabez A Bostuik himik Semyuel Endryus zhәne dauys bere almajtyn Stefan Harkenstermen birge Ogajo shtatynda seriktestik retinde kurdy Kerosin men benzinnin bagalygy artkan sajyn onyn da bajlygy kobeje tүsip әlemdegi en baj adam zhәne algashky dollarlyk milliarder atanady Ol kajtys bolgan 1937 zhylgy onyn bajlygy 336 mlrd inflyaciyany koskandagy 2007 zhylgy ekvivalent nemese AҚSh IZhӨ nin 1 54 kurady Tarihtagy en baj adam tiziminde 1 oryn tiesili Қazirgi birinshi baj adam esepteletin Bill Gejtstin dәuleti 81 mlrd kana Onyn әuleti Rodshildter әuletimen birge Zhana әlem tәrtibi agylsh New World Order memleketten zhogary әlemdik bilikti baskarady Olar dәuletin zhasyryp korsetkendikten millirderler emes shyndygynda trillionerler desedi Өmirinin songy 40 zhylyn Kikuittegi Uestchester graftygy Nyu Jork ieliginde zejnette otkizdi Onyn bajlygy negizinen zhүjeli әri bagyttalgan filontropiyaga zhumsaldy medicina bilim beru zhәne gylymi zertteulerdi sonyn ishinde amarilezz zhәne ankilistomozga karsy koldajtyn korlar ashty Sonymen katar Chikago zhәne Rokfeller universitetterinin negizin kalap Ortalyk Filippin Universitetinin kurylysyn karzhylandyrdy Salauatty omir saltyn ustanyp temeki zhәne alkogolge tolyktaj karsy bolgan Soltүstik Baptistterinin katarynda bolgandyktan bul shirkeulerge karzhylaj koldau korsetken Baptisttik Missiyanyn Eri Strit Shirkeuinde zheksenbilik mektepte sabak bergen onyn senimdi әri dini tulgasy tipti kejde aula sypyrushysyna dejin bolgan Din onyn omirinde үlken rol atkardy zhәne Rokfeller dindi oz zhetistikterinin negizi dep bildi Ol social darvinizmge negizdelgen kapitalizmdi koldady zhәne Iri biznestin damuy zhaj gana kүshtilerdin tiri kaluy degen sozderdi үnemi ajtatyn bolgan ӨmirbayanyAlayak Uilyam Ejveri Bill Rokfeller 13 karasha 1810 11 mamyr 1906 zhәne Elajza Devisonnyn 12 kyrkүjek 1813 28 nauryz 1889 otbasyndagy ekinshi sәbi zhәne birinshi ul Odan bolek Lyusi 1838 1878 Kishi Uilyam 1841 1922 Mariya 1843 1925 egizder Franklin Frenk 1845 1917 zhәne Frensis 1845 1847 syndy bauyrlary bolgan Әkesi zhagynan agylshyn zhәne nemis anasy zhagynan shotland zhәne irland kany tarajdy Bill en aldymen agash kesushi sosyn shagyn alyp satarlykpen ajnalyskan Alajda ozin botanikalyk dәrigermin dep atap eliksirler satkan Zhergilikti halyk minezi bir tүrli birak konildi zhүretin ony Үlken Bill ne Shajtan Bill dep atagan Kopshilik ony kogamdyk moralga konbejtin kangybastyk omir keshetin үjine sirek konatyn adam retinde bilgen Bүkil omirinde kolenkeli istermen atagy shykkan Dzhonnyn tuyluynan 1 zhyl buryn oz үjindegi ekonomkasy konildesi Nensi Braunnan Klorinda esimdi 1838 zhastaj olgen zhәne 1 zhyldan kejin Korneliya sh 1840 esimdi kyzdary bolady Үj sharuashylygyn mojnyna algan imandy baptist Elajza kүjeui uzak uakytka zhogalyp ketken kezderde үjdin turaktylygyn saktauga tyrysyp onyn ekinshi әjeli men sansyz zhүristerine de konedi Tumysynan үnemshil Elajza ulyna Әdeji zhasalgan shygyn kazhettilik bolyp oralady dep ajtatyn bolgan Zhas Rokfeller oz akshasyn kүndelikti үj sharualaryn zhasaumen sondaj ak kүrketauyk bagyp kartop zhәne kәmpit satyp en sonynda korshisine azgantaj akshany nesiege beru arkyly tabady Ol әkesinin ydysy bos adamga tamak sat degen kenesine erip үnemi kelisimdi oz pajdasyna sheship otyrdy Birde Bill Men kez kelgen sәtti pajdalanyp balalarymdy aldauga tyrysamyn Sebebi olardyn esepshil bolganyn kalajmyn dep maktanypty Onyn kishkentaj kezinde otbasy Moraviyaga Nyu Jork al 1851 zhyly Ovegoga koshedi Sol zherde Rokfeller Ovego Akademiyasynda okidy 1853 zhyly onyn otbasy Klivlendtin zhanyndagy Strongsvilge koship kelgennen kejin Klivlend Ortalyk Orta Mektebinde okidy Artynan Folsom Kommerciyalyk Kolledzhinin 10 aptalyk biznes kursynda esepshilik negizderin үjrenedi Әkesinin alystygyna zhәne zhii koshulerge karamastan zhas Dzhon ozin sabyrly tәrbieli ustady sabakka kulshynysy mol boldy Zamandastary ony tujyk ajtkanynan kajtpajtyn imandy isterin zhүjeli atkaratyn akyldy zhigit retinde sipattajdy Ol ote zhaksy pikirtalasshy boldy zhәne oz ojyn tike ajtatyn Sondaj ak ol muzykany katty sүjdi zhәne bolashakta muzykant bolu mүmkindigin de karastyrdy Erterek ol analitikalyk kasietteri men buhgalterlik esepke zhүjriktigin anyk korsetti Standard Oil kuryluyna dejingi mansabyEsepshi retinde 1855 zhyly Қyrkүjek ajynda 16 zhasar Rokfeller ozinin en algashky zhumysyn kishkentaj Hewitt amp Tuttle firmasynda esepshinin komekshisi retinde bastady Ol kүnine uzak uakyt zhumys istep zhәne kejin ozi eske algandaj kensedegi barlyk әdister men zhүjelerdi үjrenip alganyna katty kuanady Әsirese kejingi mansabyna kop komegin tigizgen transporttyk shygyndardyn esebin zhetik mengerdi Algashky 3 aj zhumysynan 50 kүnine 50 centten tabady Zhas kezinde Rokfellerdin en iri ambiciyalary 100 000 tauyp 100 zhaska dejin zhetu bolypty Kәsibi seriktestik 1859 zhyly seriktesi Moris B Klark ekeui 4000 kapitalmen ondiris deldaldygyn bastady Osy kezden bastap Rokfeller mansaby zhyl sajyn zhogarylaj beredi Azyk tүlik tauarlarynyn koterme saudasynan kejin 1863 zhyly seriktester Klivlendtin damyp kele zhatkan The Flats ondiristik ajmagynda munaj ondeu zauytyn MӨZ salady Zauytty Rokfeller Klark zhәne onyn 2 bauyry himik Endryusten turatyn Andrews Clark amp Company tikelej ielendi Kommerciyalyk munaj ondirisi endi gana pajda bolgan kez edi Kit majy karapajym halyk үshin tym kymbat boldy sondyktan zhalpy kazhettilikterge arnalgan arzan zhagarmaj kazhet etildi Inisi Frenk Azamat Sogysynda zhүrgende Rokfeller kәsibin zhalgastyryp auyskan sarbazdardy zhumyska aldy Sogyska barmagan Soltүstik bajlary sekildi ol da Odakka aksha berdi Қuldykty zhoyu kozgalysynyn mүshesi bolgandyktan Avraam Linkolnge dauys berdi zhәne sol kezde zhana kurylgan Respublikalyk Partiyany koldady Ol akshany magan Қudajdyn ozi berdi dejdi zhәne Dzhon Ueslidin Қolynnan kelgenshe zhina kolynnan kelgenshe sakta zhәne kolynnan kelgenshe ber degen sozderin negizge alyp akshaga kelgende ozin zhenil sezindi 1865 zhyldyn Akpanynda kejin munaj ondirisi tarihshysy Deniel Ergen tүbegejli ozgeris әkelgen is atagan Rokfellerdin aukcionda 72 500 tolep agajyndy Klarkterdin үlesin satyp aluy otti Kompaniya atauy Rockefeller amp Andrews bolyp ozgertildi Өzi Bul menin bolashak mansabymdy anyktagan kүn edi dep mojyndajdy Ol sogystan kejingi ekonomikalyk osimdi temirzhol zhәne munaj arkyly zhүrgizilgen batyska bagyttalgan uly damudy zhaksy pajdalana bildi Ol tabystyn kop boligin reinvesticiyalauga zhumsady tez ozgergish narykka zhaksy bejimdeldi zhәne zhaksy damyp kele zhatkan ondiristerge bakylaushylar kojdy Munaj kәsipkerligin bastau 1866 zhyly inisi Kishi Uilyam Rokfeller Klivlendte baska bir MӨZ yn ashyp Dzhondy seriktestikke kosty 1867 zhyly seriktestikke Genri M Flagler kirgen son Rockefeller Andrews amp Flagler firmasy kuryldy 1868 zhylga karaj Rokfellerdin tabysty reinvesticiyalauy shygyndardy bakylap zauyt kaldyktaryn iske zharatuy arkyly firma Klivlendtegi 2 MӨZ yn zhәne Nyu Jorktegi marketingtik filialdy ielendi bul әlemdegi en iri MӨZ y boldy Rockefeller Andrews amp Flagler firmasy Standard Oil kompaniyasynyn kuryluynyn irgetasyn kalady DerekkozderSyrtky siltemeler 1 Muragattalgan 4 shildenin 2020 zhyly