Беттік құбылыстар — шекаралық қабатта артық еркін энергияның (беттік энергияның) болуынан, беттік қабат молекулаларының белсенділігінің жоғарылығынан олардың құрылымы мен құрам ерекшеліктерінен туындайтын құбылыстар. Денелердің физикалық және химиялық әсерлері ең алдымен осы беттік қабатта өтеді. Негізгі беттік құбылыстар бет ауданына пропорционал беттік энергияның кемуіне байланысты болып келеді. Сұйықтық тамшыларының немесе газ көпіршіктерінің, т.б. тепе-тең пішіндерінің түзілуі тұрақты көлемдегі еркін энергияның минимум шамасымен анықталады. Молекулалық күштер (беттік керілу және жұғу) мен сыртқы күштердің (ауырлық күшінің) біріге әсер етуінен пайда болатын және сұйықтықтың бөліну бетін қисайтатын беттік құбылыстарды капиллярлық құбылыстар дейді. Қатты денелерде беттік құбылыстар ең алдымен олардың сыртқы бетінде байқалады. Мұндай құбылыстарға тістесу (когезия), жабысу (адгезия), жұғу және үйкеліс жатады. Беттік құбылыстар дененің ішкі беттерінде де болады. Олар кристалдық тор ақауынан туындайды. Қатты денені кез келген пішінде бұзу да беттік құбылыстарға жатады. Өйткені бұл кезде денеде жаңа бөліну беттері түзіледі. Беттік құбылыстардың едәуір тобын беттік қабаттың химиялық құрамын өзгертетін адсорбтау құбылыстары құрайды. Беттік қабаттардағы жылулық қозғалыстың ерекшелігі салдарынан беттерден жарықтың молекулалық шашырау құбылысы болады.
Беттік құбылыстардың басқа бір тобына термоэлектрондық эмиссия құбылысы, фазалардың бөліну бетінде потенциал секірмесінің пайда болуы және қос электр қабатының түзілуі жатады. Бұл құбылыстар иондар мен дипольді молекулалардың адсорбтануына байланысты. Жылу алмасу және процестерінің (еру, булану, қоюлану, кристалдану, коррозия, т.б.) жылдамдығы бөліну бетінің шамасы мен қасиетіне байланысты анықталады. Сондықтан ол осы беттегі молекулалардың табиғатына және сол беттің құрылысына ерекше тәуелді болады. фазааралық алмасу процестерін тежеп, елеулі өзгерістер енгізе алады. Беттік құбылыстар берілген ортадағы материалдар мен құралымдардың ұзақ уақытқа төзімділігін анықтайды. Бөліну бетінде бір молекулалы қабат түзетін адсорбтаушы заттардың аз мөлшерінің өзі материалдардың көптеген қасиетін өзгертуге мүмкіндік береді. Бір молекулалы беттік қабаттарды зерттеп білу молекулаларды зерттеудің және олардың мөлшерін анықтаудың жаңа тәсілін береді. Беттік құбылыстар тау-кен жыныстарын желдету және топырақ түзілу, ылғалдың булану және қоюлану процестерін, сондай-ақ, тірі организмдерде өтетін көптеген процестерді түсіндіруге көмектеседі. Бірсыпыра технологиялық процестер (майлау, жұғу, т.б.) беттік құбылыстарын пайдалануға негізделген.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bettik kubylystar shekaralyk kabatta artyk erkin energiyanyn bettik energiyanyn boluynan bettik kabat molekulalarynyn belsendiliginin zhogarylygynan olardyn kurylymy men kuram erekshelikterinen tuyndajtyn kubylystar Denelerdin fizikalyk zhәne himiyalyk әserleri en aldymen osy bettik kabatta otedi Negizgi bettik kubylystar bet audanyna proporcional bettik energiyanyn kemuine bajlanysty bolyp keledi Sujyktyk tamshylarynyn nemese gaz kopirshikterinin t b tepe ten pishinderinin tүzilui turakty kolemdegi erkin energiyanyn minimum shamasymen anyktalady Molekulalyk kүshter bettik kerilu zhәne zhugu men syrtky kүshterdin auyrlyk kүshinin birige әser etuinen pajda bolatyn zhәne sujyktyktyn bolinu betin kisajtatyn bettik kubylystardy kapillyarlyk kubylystar dejdi Қatty denelerde bettik kubylystar en aldymen olardyn syrtky betinde bajkalady Mundaj kubylystarga tistesu kogeziya zhabysu adgeziya zhugu zhәne үjkelis zhatady Bettik kubylystar denenin ishki betterinde de bolady Olar kristaldyk tor akauynan tuyndajdy Қatty deneni kez kelgen pishinde buzu da bettik kubylystarga zhatady Өjtkeni bul kezde denede zhana bolinu betteri tүziledi Bettik kubylystardyn edәuir tobyn bettik kabattyn himiyalyk kuramyn ozgertetin adsorbtau kubylystary kurajdy Bettik kabattardagy zhylulyk kozgalystyn ereksheligi saldarynan betterden zharyktyn molekulalyk shashyrau kubylysy bolady Bettik kubylystardyn baska bir tobyna termoelektrondyk emissiya kubylysy fazalardyn bolinu betinde potencial sekirmesinin pajda boluy zhәne kos elektr kabatynyn tүzilui zhatady Bul kubylystar iondar men dipoldi molekulalardyn adsorbtanuyna bajlanysty Zhylu almasu zhәne procesterinin eru bulanu koyulanu kristaldanu korroziya t b zhyldamdygy bolinu betinin shamasy men kasietine bajlanysty anyktalady Sondyktan ol osy bettegi molekulalardyn tabigatyna zhәne sol bettin kurylysyna erekshe tәueldi bolady fazaaralyk almasu procesterin tezhep eleuli ozgerister engize alady Bettik kubylystar berilgen ortadagy materialdar men kuralymdardyn uzak uakytka tozimdiligin anyktajdy Bolinu betinde bir molekulaly kabat tүzetin adsorbtaushy zattardyn az molsherinin ozi materialdardyn koptegen kasietin ozgertuge mүmkindik beredi Bir molekulaly bettik kabattardy zerttep bilu molekulalardy zertteudin zhәne olardyn molsherin anyktaudyn zhana tәsilin beredi Bettik kubylystar tau ken zhynystaryn zheldetu zhәne topyrak tүzilu ylgaldyn bulanu zhәne koyulanu procesterin sondaj ak tiri organizmderde otetin koptegen procesterdi tүsindiruge komektesedi Birsypyra tehnologiyalyk procester majlau zhugu t b bettik kubylystaryn pajdalanuga negizdelgen Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet